Ақорда. 6 қыркүйек күні сағат 10-ның шамасында қаңтарда атып өлтірілгендердің туыстарын омондықтар қоршап алды. Олар бар болғаны 20 шақты адам еді. Келгендер Қазақстанның әр өңірінен. Олар әділдік іздеп, соған деген үміттерін арқалап келгендер болатын.
Барлығын да автозакқа тыққыштап полицияның түрлі бөлімшелеріне таратып алып кетті. Олар бар болғаны тоқаев өлтірткен марқұмдардың әйелдері, аналары мен зайыптары, балалары еді. Оларды ұстаған кезде полиция орктары күш қолданды: қолдарын соққылап, телефондарын тартып алды. Ұсталғандардың ішінде тіпті емізулі сәбиі бар ана да болды. Олардан әзірге ешбір хабар жоқ.
Тоқаев өзінің екі айдан соң болатын «мерзімнен тыс» сайлауын жария етті. Президент сайлауы – екі айлық мерзім үміткерлерді сайлауға ұсынуға да, сайлауалды науқанын жүргізуге де берілген мерзім. Ызалы күлкі.Қазақстан қоғамының есі кірген бөлігі кезекті кемсітуге ұшыратылды.
Тоқаевтың сайлауалды науқанының стартынан кейін келесі күні – Қостанай облысын шарпыған сұмдық өрт мыңдаған гектар орманды жалмады, бүтін бір ауылдар мен кенттерді, он мыңдаған адамдар қасыретін жайлады… ал әп-әдемі тоқаев беті жылтырап, балаларға аялай күлімсіреді. Сталин мен путин секілді – оған дейінгілер ғой…
Қаңтар 2022 – Қазақстан тарихының әділет орнамайынша парақтамалмайтын беттері. Жүздеген адамдар тоқаевтың «ескертусіз тікелей атуға» деген бұйрығымен қырылды. Сосын мыңдаған адамдар қамалып, соққыға жығылып, спортзалдарда ұрып-соғылды, түрме камераларында азапталды… Сосын өлген марқұмдардың әділдік талап еткен туыстарына масқара қысым көрсетілді… Ол әлі де жалғасуда.
Қаңтардағы қасырет үшін өз кінәсін мойындаудың орнына, тоқаев президент ретінде бір топ ҰҚК мен қылмыскер мародерлардың арандатуына қарсы тұра алмағаны үшін, жиырма мың лаңкес турасында шылғи өтірік айтқанын мойындаудың орнына, қорқақтығынан адамдарды қыруға жауыздықпен бұйрық бергені үшін өз кінәсін мойындаудың орнына – ол, тоқаев елді тағы да көп жыл бойы қан қақсату үшін мерзімнен бұрын аяр сайлау өткізуді жария етті.
Түрмелердегі мыңдаған азаптаулар үшін, мүгедек етіп, өлімге дейін азаптағаны үшін, ҚР ІІМ ҚАЖК да жауаптан жалтарды. Оның түрмелері мен абақтыларында құқық аяққа тапталып, азаптау мен кісі өлтіру жалғасуда. Қандай да бір жауапкерліктің орнына тоқаев бұл жуындыға мемлекеттік бюджеттің майлы кесегін тастауды да жалғастыруда.
Жуырда ғана ҚР ІІМ ҚАЖК өз мекемелерінің атауын өзгертуді қозғады. ҚАЖК өзінің сексен мекемесінің атауымен бірге бланкаларын, мөрлерін, маңдайшалары мен мыңдаған құжаттарын өзгертеді… Оған бюджеттен миллиондар мен миллиардтар шығындалады, оны ҚАЖК қалай бөлшектеп жымқыруды жақсы біледі. Бұдан басқа – шартты сотталғандарға тағылатын білезік әзірлеу туралы да кезекті хабарландыруы шықты; Миллиардтаған бюджет ақшасын боршалаудың бұл түрі соңғы сегіз жыл бойы жалғасып келеді… Бұл иттерді жемдеген Назарбаев еді, енді тоқаевқа да олар соншалықты қажет болып шықты…
Мерзімнен бұрын сайлау өткізу – қоғамның бетіне қақыру деген сөз. Қанды қаңтар үшін биліктің жауапкерлігін ұмытқан әр саясатшы, сол сайлауға жармасқандар, итке тастаған сүйекке таласқандар – сатқындар. Қаңтарда құрбан болғандардың, өлгендердің, азап шеккендердің, бас бостандығынан айырылғандардың ішінде – ондаған белгілі белсенді азаматтар, жүздеген және мыңдаған тізесін бүкпеген жігерлі азаматтар бар. Олар мен олардың жендеттерін ұмыту – демек бәрін сатып, әлгілердің жағына шығумен бірдей. Басқа нұсқа жоқ.
Біздің KURESKER аталатын жобамыз бас бостандығынан айырылған белсенді азаматтар мен абақтыдағы жандардың құқығын қолдайды.
Бас бостандығынан айырылған туыстарыңыз жайында ақпарат жөнелтіңіз. Біздің бағыт – белсенді азаматтарды қолдау мен қамаудағы адам құқығын сүйемелдеу.
Бізбен байланысу оп-оңай: оң жақтағы фото астындағы WhatsApp иконкасын бассаңыз, әпсәтте байланысамыз. Ниет танытыңыз, материал жөнелтіңіз, видео жіберіңіз, барлық ақпаратшыларға толық кепіл боламыз. Бізге хабар жетсе болды — жәрдемдесеміз.
Курескер.орг
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.