1 маусым, Алматы қаласы, оннан астам адам, негізінен 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан немесе ұсталғандардың туыстары қалалық прокуратура ғимаратына келді. Олар кінәлілердің жауапқа тартылуын және ұсталғандарға тағылған айыптардың алынып тасталуын талап етті. Азаматтар қайтыс болған туыстарының мәйіттерінің эксгумациялануына шағымданып, билік марқұмдарды лаңкес етіп көрсетуге тырысып жатқанын айтты [1].
1 маусым, Алматы қаласы, қаңтар оқиғасы кезінде азаптауды бастан кешкен Дүйсебаев Дархан, Маханбай Қосай, Қаранеев Нұртас және Қисымбаев Ақылжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесіне жеткізілді. Азаптаушылардың жауапқа тартылуын талап етіп, прокуратураға келгеннен кейін 4-еуі де ұсталған еді, кейінірек олар босатылды [2].
1 маусым, Алматы қаласы, Қосай Маханбай және Ақылжан Қисымбаев қайтадан ұсталды және Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді, оларға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша қалалық прокуратура ғимаратының жанында рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деген айып тағылды [3].
1 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Жалпы республика бойынша қаңтар оқиғасына қатысты 5065 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Сот қаулысымен 514 күдікті қамауда отыр. Бүгінгі таңда сотқа 337 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде 331 тұлға түрлі жазаға кесілді», — деп мәлімдеді Бас прокуратураның өкілі Қилымжанов [4].
1 маусым, Шымкент қаласы, 2022 жылдың қаңтарында зорлық-зомбылыққа, жойқындаумен және өрт қоюға ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктерге бес айыпталушының қатысқанын Әл-Фараби аудандық соты анықтады. Сот оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2/3-бөлігімен кінәлі деп танып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады [5].
1 маусым, «Тарату кеңесі қаңтардағы оқиғаның кездейсоқ құрбандарына ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бізге азаматтардан және зардап шеккендердің туыстарынан өтініштер түсіп жатыр. Біз ұйымдардан, омбудсмендерден барлық ақпаратты құзырлы органдарға жіберудеміз және жауап күтеміз. Бізге 19 адамның тізімі келді. Барлығымен хабарластық, көмек көрсеттік», – деп хабарлады «Қазақстан халықына» қорының басшысы Болат Жәмішев [6].
1 маусым, «Азаттық» радиосы қанды қаңтар құрбандарына арналған шағын сайтты ұсынды. 5 ай өтсе де билік қаза болғандардың ресми тізімін жарияламады. Азаттық 2022 жылдың 5-8 қаңтарында Қазақстан қалаларында шерулер кезінде оққа ұшқан немесе кейін жарақаттан қайтыс болған ондаған адамдар туралы ақпарат жинады[7].
1 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Сембай Асқар, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, Қазақстан Жоғарғы соты ғимаратының жанында 2021 жылғы 28 желтоқсандағы заңсыз митингіге «Саяси тұтқындарға бостандық!» деген талаппен қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды [8].
1 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді. Бұл бейбіт митингті өткізер алдында белсенділерді қудалау, митингті 5 маусымда «референдум»өткізетін күні «ҚДТ » қозғалысы жариялаған болатын [9].
2 маусым, Семей қаласы, Райгүл Садырбаева, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы, Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігінен белсендіні дереу босатуды, полиция қызметкерлерін азаптады деген айыппен жауапқа тартуды талап етті [10].
2 маусым, Қарағанды қаласы, Геннадий Надырбеков, президентке «Twitter»-де сұрақтар қойғаннан кейін ол полиция бөліміне шақыртылды. Ол полиция бөлімшесінің бастығына, оның қарамағындағылардың іс-әрекетіне шағымданып арыз жолдады, өзіне, адвокатқа қатысты қандай жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, неліктен полицияға шақыру қағазынсыз шақырылғанын түсіндіруді талап етті [11].
2 маусым, Алматы қаласы, Маханбай Қосай, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша, «Instagram» желісінде 2022 жылдың 1 маусымында прокуратураның жанында өтетін «2022 жылдының қантар айында болған оқыс оқиғаларына байланысты» тақырыптағы бейбіт митингі өткізу туралы үндеу жариялағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды [12].
3 маусым, Алматы қаласы, Демократиялық партия белсенділері әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінің үстіне президент Тоқаевқа Мамай Жанболатты босатуға шақырған баннер іліп қойды. Полицейлер Нұрбол Байтереков, Гүлнәр Мирмамбетова, Аружан Дүйсебаева және Инга Иманбайды ұстады [13].
3 маусым, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, саяси тұтқын Кибиров Шухрат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабының 1-бөлігі және 233-бабының 2-бөлігімен 6 жыл 8 ай мерзімге сотталған. Оның мерзімінен бұрын босатылуына мүмкіндік болдырмау үшін барлық жағдайылар колонияда жасалып жатыр [14].
3 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Ғалия Тамабаева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, 3 наурызда «Facebook» әлеуметтік желісінде Қазақстан бойынша қала әкімдіктерінің алдында 6 наурызда сағат 1200 өтетін митингке шақырған пост жариялағаны үшін [15].
3 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, қалалық прокуратура тергеу изоляторында қаза тапқан Дулат Ағаділдің анасы — Жолмұхамбетова Гүлбарашқа ұлының өмірінің соңғы сағаттары туралы бейнежазбаны беруден бас тартты. Шешімде Дулат Ағаділ бейнеленген видеода тағыда 4 ұсталғанның жеке мәліметтері бар екені және отбасы мүшелерінің бейнежазбаны әлеуметтік желілерде/БАҚ-та жариялауы мүмкін екені, осылайша «жеке өмір мен құпиялылық» бұзылуы мүмкін екендігі айтылған» [16].
3 маусым, Алматы қаласы, «Жабайы Арман» лақап аты бар, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Жұмагелдиев Арманның қамауға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды. Оған қаңтар оқиғасы кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады [17].
4 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының президенті Джейми Флай ақпарат министрі Умаровпен және басқа да ресми тұлғалармен кездесіп, биліктің Қазақстандағы БАҚ туралы заңнамасын реформалау жоспарын талқылады [18].
4 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған 4 маусымдағы Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуының мониторингі [19].
5 маусым, Алматы қаласы, Шәріпов Дархан «Жібек-Жолы» көшесінде референдумға қарсы пикетке шықты, қолына «Конституцияны қайта құру», «Qandy Qantar ұмытылмас» («Қанды қаңтар ұмытылмайды») деген ұрандар жазылған плакаттар ұстаған. Ол ұсталып, Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді, 3 сағаттан кейін босатылды [20].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Жастар» сарайының маңында митинг өтуі мүмкін орынға жақын жерде полиция көліктерінің шоғыры байқалды. Аумақ қоршауға алынды, жақын маңдағы көшелерде полиция қызметкерлері мен азаматтық киім киген адамдар болды [21].
5 маусым, Шымкент қаласы, полиция қызметкерлері митинг болуы мүмкін Әл-Фараби алаңында, «Shymkent Plaza» сауда орталығының алдында және «Қызғалдақ» субұрқағы маңындағы алаңқайда кезекшілікте тұрды [22].
5 маусым, Ақтөбе қаласы, референдумға байланысты митинг өтетін орын ретінде көрсетілген орталық стадион маңындағы алаңқайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді [23].
5 маусым, Алматы қаласы, «Астана» алаңында референдумға байланысты митингі өтетін жерде полиция көліктері мен автозактар тұрды. Бір күн бұрын полиция қызметкерлерінің шағын автобусы Сейфуллин даңғылы бойындағы «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығында болған [24].
5 маусым, саясаткер Мамай Жанболатты қолдау акциясы Алматыда өтті. «Бізге демократия уәде етілген, ал Назарбаев кезінде екі рет түрмеге жабылған Жанболат қазір Назарбаевтан кейінгі Қазақстанда тағы да түрмеде отыр. Жаңа Қазақстан саяси қуғын-сүргіннен басталмайды», — дейді Мамайдың жары- журналист Инга Иманбай [25].
5 маусым, Алматы қаласы, «Полиция департаментінің Терроризм және экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кейбір үйлердің жанында кезекшілік етуде». Абзал мен Дәурен Достияровтардың үйінің маңында Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан кезекшілік етуде», — деп хабарлады Инга Иманбай [26].
5- маусым, Алматы қаласы, №257 сайлау учаскесі, сайлау учаскесінің төрағасы Иманбай Инганың дауыс беру кезінде журналистер үшін фото және бейне түсірілімге тыйым салды. Белсенді Аружан Дүйсебаеваны талоны болғанына қарамастан, дауыс беру құқығынан шеттетті, сонымен бірге оны сайлау учаскесінен физикалық түрде шығарып тастауға тырысты [27].
5 маусым, Алматы қаласы, сұр киім киген әйел алдымен бюллетеньдері бар жәшікке жақындап, бірнеше секундтан кейін көгілдір күрте мен қара белдемше киген әйелдің жақындағаны, содан кейін олар қайтадан комиссия мүшелерінің орындарына жайғасқаны бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Бейнежазба авторы, бақылаушы, Назарова Арайлым Тәжікская көшесі, 5Б үйінің бойында орналасқан №2 сайлау учаскесіндегі бақылаушы қысқа уақытқа бөлімшеден шығып кеткен кезде комиссия мүшелері бюллетеньдерді жәшікке лақтырып жібергенін айтады [28].
5 маусым, Алматы қаласы, Алматы қалалық Референдум өткізу жөніндегі аумақтық комиссиясының (ТҚР) төрағасы Асанова Жанна №2 сайлау учаскесінде дауыс беру жәшігіне бюллетеньдерді салу фактісін жазып алған бақылаушының бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бюллетеньдерді жәшікке лақтырып жатқан видеоға түсіп қалған комиссия мүшелері «мән-жайлар анықталғанша» уақытша қызметінен босатылған [29].
5 маусым, Алматы қаласы, «…референдумда дауыс беру күні біздің екі бақылаушымыз Алатау аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олар кофе ішіп, өз ара сөйлесіп отырғанын, бұл комиссияның жұмысына кедергі келтіргені белгілі болды. Оларды жарты сағат бойы РОП-та ұстады», — деді «Тәуелсіз бақылаушылар» қауымдастығының төрайымы Арайлым Назарова» [30].
5 маусым, Алматы қаласы, бақылаушылар мен БАҚ референдум кезінде басқа да заң бұзушылықтар туралы хабарлайды. Азаттықтың Алматыдағы тілшісі № 529 сайлау учаскесінде заңбұзушылық орын алғанына куә болда. Ол учаскедегі дауыс беру кабинасында екі адам бірдей кірген. Мұны олар бюллетендегі мәтінді бірінің «көзілдіріксіз» оқи алмайтындығымен түсіндірді. Осыдан кейін әйел басқа кабинаға кіріп кеткен. Ұсынылған түзетулердің мазмұнын біле ме деген тілшінің сұрағына, ол жауап бермеген [31].
5 маусым, Алматы қаласы, басқа да тіркелген бұзушылықтардың қатарында: байқаушылардың жүріп-тұруына шектеу қою, фото және бейне түсіруге тыйым салу, дауыс беру құпиясын бұзу, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын бермей бюллетень беру, туыстарына дауыс беру, сайлаушыны екі учаскеге екі рет дауыс беруге жіберу. Сондай-ақ байқаушылар мен журналистер сайлаушылардың «жұмыс туралы есеп беру үшін» суретке түскендерін, белгісіз біреулермен аңдуда болғандарын байқағандарын айтты [32].
5 маусым, Алматы қаласы, MISK Жас сайлаушылар лигасының байқаушылары сайлау учаскелерінде сайлаушылардың «жұмыс туралы есеп беру үшін» өзін суретке түсіру жағдайларын тіркегенін хабарлады. Сондай-ақ байқаушылар жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбай (телефондағы фотосуреттен) бюллетеньдерді беру және туыстарына дауыс беру жағдайларын тіркеген [33].
5 маусым, Алматы қаласы, MISK (Қазақстан жастары ақпарат қызметі) журналистері № 55, 57 және 257 сайлау учаскелерінің маңында аңдып жүргенін байқағандарын айтты. Қараңғы көлікпен келген белгісіз біреулер оны видеоға түсіре бастаған [34].
5 маусым, Алматы қаласы, Алатау ауданы, №532 сайлау учаскесі, «Байқаушылар сайлау учаскесін ашу туралы хаттаманы күні бойы ала алмай жүр, бұл туралы акт жасалды. Кабинеттерде шымылдық жоқ, құжаттарымыз тексеріліп жатыр», – дее хабарлады «Мұқалмас» тәуелсіз бақылаушылар бірлестігінен Шүкүр Абдуллаев [35].
5 маусым, Қарағанды қаласы №47 сайлау учаскесінде Азаттық тілшісі екі адамның дауыс беру кабиналарына бірден бірнеше рет кіргеніне куә болды. Тек тілші бұл фактілерді бейнетаспаға түсіре бастағаннан кейін ғана учаскелік комиссия мүшелері халықтан бірінен соң бірі, дауыс беруін талап етті. Біреулер кабинаны босатуға келісті, енді біреулер талапты елемей, екі адам болып кабинада дауыс беруді жалғастыра берді [36].
5 маусым, Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы №313 сайлау учаскесінде де кабинаға екі сайлаушы бірге кірді. Бұл ретте қарсы отырған төрт бақылаушы бұған мән бермеді. Журналистің сауалдарынан кейін учаскелік комиссия төрағасының өзі, келген сайлаушыларды кабиналарға бағыттап, процесті бақылай бастады [37].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Олар сайлау учаскесінде бес және одан жоғары байқаушылардан тұратын бір топ ұйымдарды құрды, олар комиссия мүшесі немесе төраға беретін кез келген актіге қол қояды, бұл байқаушылардың қандай да бір түрде мемлекеттік органдармен байланысы бар учаскелік комиссиялар», — дейді «Еркіндік қанаты» қорының жетекшісі Елена Швецова [38].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Дауыс беру басталғалы 4 сағат ішінде қор байқаушыларына сайлау учаскесінен шығару туралы 4-ші акт жазылды. Қор мұны «бақылаушыларды мақсатты түрде қудалау» деп санайды. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіндегі №1 учаскеден, екіншісі №88 учаскеде. Тағы біреуі №104 сайлау учаскесінен шығарылды», — дейді «Еркіндік қанаты» мекемесінің басшысы Елена Швецова [39].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Еркіндік Қанаты» тәуелсіз бақылаушыларды алып тастаудың айтылмаған схемасы бар деп санайды: сырттан келген бақылаушылар «Еркіндік қанаты» байқаушылары учаскелік комиссиялардың «үнсіз келісімімен» сайлау заңнамасын бұзып отыр деп мәлімдеп, «Еркіндік Қанатына» қарсы бірнеше арыз жазады, одан кейін референдумның учаскелік комиссиялары шығару актілерін жасайды [40].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Мен сайлау учаскесіне сағат 8:23-те келіп, дауыс беру барысын бақылап отырдым. Барлығы өте тыныш өтіп жатты. Бір кездері комиссия мүшелері маған байқаушыға арналған орынды қалдыруға тыйым салды, бұл бүкіл процесті қарауыма кедергі келтірді, бірақ мен сайлаушыларға ешқандай кедергі жасамасам да, бірақ соған қарамастан олар мені сайлау учаскесінен шығару туралы шешім қабылдады. Шығару актісіне басқа да көптеген бақылаушылар қол қойды», — дейді «Еркіндік Қанаты» байқаушысы Мая Сағым [41].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Мені бірінші сайлау учаскесінен шығарып тастады, алдымен алып тастады, содан кейін менің мониторинг тобының үйлестірушісі куәлігімді сұрады. Мен бердім. Содан кейін олар маған тіркеуде болмасам да, мені алып тастайтындығы туралы акт берді, мен біздің бақылаушымыз үшін келдім, ол маған, оны алып тастағалы жатқанын жазған еді», — деп хабарлады «Еркіндік Қанаты»ның жетекшісі Елена Швецова [42].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, № 2 сайлау учаскесінде комиссия төрағасы Өтенов Алдажар Көшербайұлы Жас сайлаушылар лигасының байқаушысы сайлау учаскесінің айналасында жүріп-тұруына кедергі келтіріп, жәшіктерді кабиналар мен бюллетеньдер салынған үстелді тексеруге мүмкіндік бермеді. Батырбекова Арайлымның айтуынша, оған комиссия төрағасы тарапынан қысым көрсетіліп отыр: оны сайлау учаскесінен шығарамыз деп қорқытты [43].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан президенті Қ.Тоқаев референдумға дауыс беруге келген Оқушылар сарайындағы №59 сайлау учаскесіне «Азаттық» журналистері кіргізілмеді. Полиция қызметкерлері мен президенттің қауіпсіздік қызметкерлері оларға «тізімде жоқ» деп мәлімдеді [44].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, №125-мектептегі №300 сайлау учаскесінде «Arbat.media» журналисі Ғұмарова Әсемге референдумда дауыс беру туралы ақпаратты ашуға рұқсат бермеді. Комиссия мүшелері құжаттар мен редакциялық тапсырманың болуына қарамастан, шығыс редакциялық тапсырма нөмірі болмаған деген себеппен оны аккредиттеуден бас тартты [45].
5 маусым, Ақмола облысы, Талапкер кенті, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Сламбекова Сақыпжамал № 685 сайлау учаскесіне келген Азаттық тілшісі Тойкен Сәния мен бейнеоператор Ақсейітов Кенжетайдан дауыс беру барысын бейнекамераға түсірмеуін және сайлау бөлімшесінен кетулерін талап етті [46].
5 маусым, Ақмола облысы, Талапкер елді мекені, комиссия төрағасы Сламбекова БАҚ өкілдері кетпесе, полиция шақыруға мәжбүр болатынын мәлімдеді. Түсіру тобы сайлау учаскесінің жанында екі сағаттай болған, бірақ полиция келмеді. Журналистер Орталық сайлау комиссиясына хабарласты, өзін заңгермін деп таныстырған қызметкер комиссияға телефон соғуға уәде беріп, журналистердің дауыс беру барысын көрсетуге мүмкіндік беретініне сендірді. Алайда журналистерді өткізуге рұқсат берілмеді [47].
5 маусым, Семей қаласы, № 249 сайлау учаскесінде дауыс берген егде қария, дауыс бергеннен кейін оны екі учаскеге жібергенін айтты, және «ол үшін басқа адам дауыс бермеу үшін» ол екінші рет дауыс беруге келген екен. Жас сайлаушылар лигасының бақылаушысы заң бұзушылықты тіркеп, акт жасады. Учаскелік комиссия бұзушылық туралы актіге қол қойды, содан кейін сайлаушының екінші дауысын жою туралы акт жасалды [48].
5 маусым, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының №92 сайлау учаскесі, байқаушы Сражанов Бекнұр сайлау учаскесі әлі ашылмаған уақытта, сайлау жәшігінде жатқан бірнеше бюллетеньдерді видеоға түсіріп алды. «Жария» (Jaria) қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Сражанов прокуратураға шағым түсіргенін айтты [49].
5 маусым, Орал қаласы, «Надежда» газетінің тілшісі Роман Дроздов қаладағы бірнеше сайлау учаскелерінде референдумның қалай өтіп жатқаны туралы ақпарат таратуға оған рұқсат беруден бас тартқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, №7, 21, 24 мектептерде орналасқан сайлау бөлімшелерінде «аккредитацияның жоқтығына» сілтеме жасаумен, оған түсініктеме беруден бас тартқан [50].
5 маусым, Орал қаласы, №45 мектептегі № 478 сайлау учаскесі, Ғалия Темрешева референдумға дауыс беру үшін сайлау учаскесіне жабылар кезге қарай барғанын хабарлады. Оның айтуынша, ол бюллетеньді алып, бланкіге қол қойғысы келген кезде фамилиясының қарама-қарсы бағанынан басқа біреудің қолы қойылғанын көрген, Темрешеваның айтуынша, оның ұлы мен немересінің дауыс беруге бармағанымен, ер адамдар есімдеріне қарама-қарсы бағандардан да қойылған қолды байқаған [51].
5 маусым, Батыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізген «Жария» қоғамдық ұйымының тәуелсіз бақылаушылары Бөрлі ауданындағы екі сайлау учаскесіне кіргізілмеді. Олардың байқаулары бойынша сайлаушылардың қатысуы 30-35 пайызды құрады, бұл БҚО бойынша «60 пайызға жуық» деп ресми жарияланған деректерден өзгешелеу [52].
5 маусым, Батыс Қазақстан облысы, «Бөрлі ауданында бақылаушылар Қарашығанақ кен орнындағы жұмысшылардың қалай дауыс бергенін бақылау мүмкін еместігін байқады, кен орнына кіруге арнайы рұқсат керек. «Келеді, 500 бюллетеньді алып кетеді, бұл жобада жүрген жұмысшылар үшін дейді, бірақ 500 адам шынымен дауыс берді ме, жоқ па, тексере алмаймыз», — деп хабарлады бақылаушы Бекнұр Сражанов [53].
5 маусым, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, №91 сайлау учаскесі бойынша мәліметтер: Дауыс беруге қатысу 28,3%, жалпы дауыс беретін адам саны – 2435 адам [54].
5 маусым, Батыс Қазақстан облысы, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан кейін наразылық білдірушілер ең көп дауыс берген өңірлердің қатарында. Референдумға келген сайлаушылардың 24,16 пайызы Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы дауыс берді [55].
5 маусым, Қостанай қаласы, полиция «Партиясыз бақылау» ұйымына олардың пікірінше, «ҚДТ» қозғалысына қатысы бар деген адамдардың тізімін берді. Полицейлер Рыспаева Гүлжаннан, Кетебаева Жұмабикеден референдумға бақылаушылар мандатын алып тастауды талап етті. Сондай-ақ полиция «Мұқалмас» бақылау ұйымынан «ҚДТ» қозғалысына жататын адамдарға бақылаушы куәлігін бермеуді талап етті [56].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Еуразия университетінің №1 сайлау учаскесінде байқаушы Бейсембаев Серік сайлау комиссиясы мүшелерінің үстелдеріндегі үгіт кітапшаларын байқап, оларды алып тастауды талап етті. Бақылаушылардың бірі дауыс беру процесіне неге кедергі келтіріп жатырсыз деп қатты айқайлай бастады. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін заңбұзушылық актісі жасалып, Бейсембаев шеттетілді [57].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейсембаев Серік келген №2 сайлау учаскесінде сағат 16.00 шамасында сайлаушылардың бірі өзін тізімнен таба алмады, ал комиссия мүшелері оны бір жерге жаза бастады. Үстелге жақындап, не болып жатқанын анықтамақ болған оның әрекеті, комиссияның бақылаушыны бөлімшеден шығару туралы шешімімен аяқталды [58].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, №65 мектеп-гимназиядағы №155 сайлау учаскесінде «Еркіндік Қанаты» қорының мониторингтік тобының үйлестірушісі Мәліков Ақжолға шабуыл жасалды. Маликов сайлаушының қосымша тізімге заңсыз енгізілгенін тіркеген, бірақ комиссия төрағасы бұзушылық актісіне қол қоюдан бас тартқан оқиға орын алған. Артынша бейтаныс ер адам үйлестірушіге шабуыл жасап, оны сайлау учаскесінен қуып жібермек болған [59].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Еркіндік Қанаты» үкіметтік емес ұйымы референдумда комиссия мүшелерінің сайлау учаскелерінен өз бақылаушыларын алып тастауының 16 оқиғасы туралы хабарлады. Атқарушы директор Елена Швецова дауыстарды санау кезінде бес бақылаушы сайлау учаскелерінен шығарылғанын хабарлады [60].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Еркіндік қанаты» партиясының бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет референдум кезінде мынадай заң бұзушылықтар орын алғанын хабарлады: артық бюллетеньдерді толтыру, арандатушылықтар және тәуелсіз бақылаушыларды бейтараптандыру үшін қисынсыз себептермен полиция шақыру, кейбір бақылаушыларға басымдық беру. басқалары, референдумның қорытынды хаттамасын мөрмен ұсынбау [61].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Еркіндік Қанаты» жұмыс істеген барлық сайлау учаскелерінде 5-6 бақылаушы болды, олар сырттай отырды. Ал кейбіреулері нағыз бақылаушыларды арандатумен айналысты. Олар шынымен бақылап отырғандарды анықтады, оларды сөзбен қағыстыруға тырысты немесе ашық шабуыл жасады. Маған шабуыл жасаған әйел оқиғадан жарты сағат бұрын келіп, мені шығару актісі толтырылған кезде полиция бөлімшесінен жоқ болып кетті», — дейді бақылаушы Серік Бейсембаев [62].
5 маусым, Жамбыл облысы, Бестөбе ауылы, №162 сайлау учаскесінде бір уақытта бірнеше сайлаушы кабинаға кірді. Олар ұйымдасқан түрде сап түзеп дауыс берді, кейбірі дауыс берсе, басқалары жұп болып кабинаға кірді, бұл тәртіп бұзушылыққа жатады. Orda.kz тілшісі барлығын видеоға түсіріп алды [63].
5 маусым, Шымкент қаласы, учаскелік комиссия төрағасы Әділбаев Мелдебек «Азаттық» тілшісі Дилара Исадан №77 сайлау учаскесіне қабылдау туралы «түпнұсқа» редакциялық тапсырманы талап етті, бірақ бұл сайлау туралы заңда қарастырылмаған. Тілші комиссия мүшелеріне редакциялық тапсырманың электронды көшірмесін және журналистің аккредитациядан өткендігі туралы куәлікті көрсетті, сәл үзілістен кейін ол бөлімшеге жіберілді [64].
5 маусым, Қазақстандағы референдумға қатысушылар көп бюллетеньді бүлдірді. Ресми мәлімет бойынша, Алматыда бюллетеньдердің 4,6 пайызы жарамсыз деп танылған. Бұзылған бюллетеньдердің фотосуреттеріне қарағанда, жұрт дауыс берудің орнына бюллетеньдерге қаңтар оқиғасын әділ тергеу және қаза болғандардың тізімін жариялау туралы талаптарды жазғаны наразылық акциясының бір түріндей болды [65].
5 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді.кз» [66].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қайтыс болғандардың тізіміне келетін болсақ, ол әрине жарияланады, ол біздің бүкіл жұртшылыққа белгілі болады. Ол жерде, мен айтқандай, террористік тараптың өкілі болған өлілер көп», – деді референдум күні Қазақстан Президенті Тоқаев [67].
5 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, референдумда Қазақстан президенті Тоқаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып, «20 мың лаңкес» туралы цифрды құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтіргенін айтты. Елдегі көпшілік мұны Тоқаевтың бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартуы деп қабылдады [68].
6 маусым, Өскемен қаласы, Байсағатов Айдар, ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігі бойынша №2 қалалық сотында сот отырысы басталды. 2022 жылдың 3 қаңтарында Байсағатов қаланың орталық алаңында болып, «Facebook» желісінде онлайн хабар таратқан. Оған «билік өкіліне күш қолданды» деген айып тағылып отыр [69].
6 маусым, Қостанай қаласы, Нұрмағамбетов Диас, ҚР ҚК 272-бабы 2-бөлім, 255-бабы 4-бөлімі, 380-бабы 3-бөлімнің, 4, 8-тармақшасы, 380-1-бабы, 2-бөлімінің, 1,6 -тармақшасы. №2 қалалық сотта «Telegram» арнасы арқылы «полиция қызметкерлері халық жағына шықты» деген жалған ақпарат таратты деп айыпталған белсендіге қатысты сот отырысы өтті. Нұрмағамбетов тергеу изоляторында полицияның азаптағанын айтты [70].
6 маусым, Шымкент қаласы, Сәдібеков Молдабай, ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі, 293-бабы 2-бөлігі, Әл-Фараби аудандық соты белсендіні 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, орта қауіпсіздік ережесіндегі мекемеге, 3 жылға бас бостандығынан айырды, ол «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыпталуда [71].
7 маусым, Шымкент қаласы, Шымкенттегі қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 19 жастағы Нұрболат Алпамысты прокуратура іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша «күдікті» ретінде таныды. Қалалық прокуратураның арнайы прокурорлары басқармасы Нұрболаттың жаппай тәртіпсіздікке қатысуы туралы қаулы шығарды [72].
7 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы. Бақжанова Камила Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты Қазақстанның экс-президенті Назарбаев пен оның мұрагері Тоқаевты сотқа беруге шақырды. «Назарбаев сотқа тартылады» деген қазақ және ағылшын тілдерінде жазылған плакат ұстаған әйел Қазақстандағы АҚШ елшілігі ғимаратының жанында жарты сағаттай тұрды [73].
7 маусым, Алматы қаласы, кем дегенде 238 адамның өмірін қиған жыл басындағы қаңтар оқиғасы Қазақстанның экс-президентінің мұрагерінің дарабасшылыққа көшу мақсатын жеңілдетті — Президент Тоқаев референдум арқылы Назарбаев дәуірінің ресми түрде аяқталғанын атап өтті. Құқық қорғаушы Евгений Жовтис 5 маусымда өткен референдумды осылай сипаттайды [74].
7 маусым, Степногорск қаласы, Сочнев Артём, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы, экобелсендіге қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Сараптама оның алауыздық тудырмағанын және заңсыз әрекетке шақырмағанын растады. Бұл үшін құқық қорғау органдарына 3 ай қажет болды, ал шешімнің тергеу нысанына жетуіне тағы 2 ай қажет болды [75].
7 маусым, Ақтөбе қаласының мамандандырылған сотының судьясы құқық қорғаушы Әбдірованың соғысқа қарсы пикет өткізуден бас тартудың заңсыздығы туралы Ақтөбе әкімдігіне қарсы шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Шешімді жариялаған кезде судья «бірыңғай бейбіт пикет өткізуден әкімдіктің 26 бас тартуын заңды» деп көрсетті [76].
7 маусым, Батыс Қазақстан облысы, референдумда дауыс беру кезінде тәуелсіз бақылаушылар анықтаған көптеген заң бұзушылықтар фото және бейнетаспаға түсірілген. «Олардың ең дөрекісі сотқа себеп болады», — дейді «Жария» («Jaria») қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Сражанов Бекнұр [77].
7 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Ғалия Тамабаева ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен 10 тәулікке қамауға алынды. Қалалық сот белсендінің төменгі соттың оны қамауға алу туралы шешіміне шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Тұтқындауға «Facebook» желісінде: «6 наурыз күні сағат 12:00-де Қазақстан бойынша барлық қала әкімдіктерінің алдында өтетін митингке «Соғысқа жол жоқ!» деген жазуы бар суреттің жариялануы себеп болды [78].
7 маусым, Алматы қаласы, ЛА-155/18 мекемесі, Мамай Жанболат, билікпен белсендіге екі жаңа айып тағылды . ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі бойынша «жаппай тәртіпсіздікке» және 274-бабының 4-бөлігі бойынша қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде «көрінеу жалған ақпарат тарату» [79].
7 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы ұсынған адам құқықтарының бұзылуының мониторингі [80].
7 маусым, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 1 маусым мен 7 маусым аралығында Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына зерттеу жүргізді [81].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Парламентінің Мәжілісі билік өкіліне бағынбау, оған күш қолдану, төтенше жағдайдағы және антитеррорлық операция аймағындағы жаппай тәртіпсіздіктер және терроризмге қарсы операциялар жүргізу аймағында қызметкердің өміріне қол сұғушылық үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады [82].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Умаров Асқар президент Тоқаев референдумда дауыс берген сайлау учаскесіне тек отандық БАҚ журналистері кіргізілгенін айтты. Азаттық тілшілері, оның айтуынша, «шетелдік БАҚ өкілдері» болғандықтан, ішке кіргізілмеді [83].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Бұрынғы президент Назарбаевтың ең жақын туыстары Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін қылмыстық қудалау иммунитетінен айырылды», — деді Әділет вице-министрі Алма Мұқанова. Ол референдумда «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күшін жойғанын айтты [84].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Әділет вице-министрі Мұқанова Назарбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес деп түсіндірді, өйткені «Президент туралы» заңда бұрынғы президенттерді президенттік басқару мерзімінде жасаған әрекеттері үшін жауапқа тартуға болмайды деген норма бар. «Өйткені ол саяси тұлға және мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдайды» [85].
8 маусым, Алматы облысы, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Рахымжанов Ноян, ҚР ҚК 405- бабының ½-бөлігімен 2021 жылдың қазан айында «тыйым салынған қозғалыстар қызметіне қатысқаны үшін» деген айыппен 5 жылға сотталған, бас бостандығынан айыруға тағайындалған мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы сот үкімімен бостандыққа шықты [86].
8 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И. -дің ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлерінің назарын өздерінің талаптарына аударамыз деген үмітпен, 6 адамнан тұратын топ Қытай елшілігінің ғимаратына наразылық акциясына шықты [87].
8 маусым, Алматы қаласы, заңгер Дәулет Жұмабеков, қалалық сотқа осы мекеменің судьялары Азаматтық іс жүргізу кодексін бұзғаны үшін пикетке шықты. Қазақстандықтардың сот процестерінің сапасы мен әділдігі туралы үнемі шағымдануына үйреніп қалған Фемида қызметкерлерінің назары пикетке аумады [88].
8 маусым, Тараз қаласы, №2 сот оқ-дәрілер мен атыс қаруын ұрлады, мүлікті жасырын жымқырды, заңсыз кірді деп айыпталған13 сотталушыға қатысты, қаңтар оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 291-бабы 1-бөлігі, 287-бабы 2,3,4-бөлігі 188-бабы 3-бөлігімен қаралған қылмыстық іс бойынша үкім жариялады. Сот екі сотталушыға 4 жыл шартты мерзім, қалғандарына 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады [89].
8 маусым, Шымкент қаласы, «Азаттық» радиосы қаңтарда қаза тапқандардың кім екенін анықтады. Бұл Нұрислам Ағатай, Абылай Ергеш, Жүсіпбаев Самандар, Көпжанов Асқар, Орал Қали, Бекжан Төленбек және Бағлан Шәріпбай. Олардың ең үлкені 37 жаста болса, ең кішісі 18 жаста. Олардың деректері тергеу органы мен прокуратураның адамдардың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы құжатында көрсетілген [90].
8 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді[91].
9 маусым, Алматы қаласы, өлтірілген 4 жасар Айкөркемнің әкесі Мелдехан Айдос, оған ҰҚК қызметкерлері келіп, бірнеше рет қорқытқанын айтады. Оның белсенді ұстанымы, БАҚ-қа берген сұхбаттары мен сөйлеген сөздері оларға ұнамады. Ол бізге отбасын шетелге алып кетуге мәжбүр болғанын айтты, бірақ қауіпсіздік мақсатында қай елге апарғанын айтудан бас тартты [92].
9 маусым, Жаңаөзен қаласы, қала орталығында жұмысқа орналасуды талап еткен ондаған жерлестердің қатарында тұрған екі жұмыссыз жаңаөзендік тұрғын бүгін «Өзенмұнайгаз» компаниясы ғимаратының алдында өз-өзін тіліп, ауруханаға жеткізілді [93].
10 маусым, Алматы қаласы, Мамай Жанболат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі, 378-бабы, 272-бабының 1-бөлігі бойынша сот белсендіні қамауда ұстау мерзімін 9 шілдеге дейін ұзартты. Сотқа бұлтартпау шарасын ұзарту туралы өтінішті тергеуші берген [94].
10 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Бақытхан Ақылбай, Кербұлақ ауылының 66 жастағы тұрғыны 31 мамырдан бері Қазақстан президенті резиденциясының алдында аштық жариялап жатқанын айтты. Ол Ақорда ғимаратына Қазақстан президенті Тоқаевтың қабылдауына кірем деген үмітпен келгенін айтады. Ақылбай азаматтарға жерді сату немесе жалға беру құқығынсыз беруді талап етеді [95].
10 маусым, Өскемен қаласы, №2 қалалық соты, Байсағатов Айдар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі, адвокат Толымханов бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгерту туралы өтініш берді, себебі бап орташа ауырлықтағы қылмысқа жатады, сонымен қатар оның бұрын істі болмаған. Сот өтінішті қанағаттандырып, Байсағатов сот залында босатылды [96].
10 маусым, Алматы қаласы, Қожаев Азаматтың анасы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігі, 126-бабы 3-бөлігі, Қожаева Гүлнәр Еуропарламентке, АҚШ Мемлекеттік департаментіне, халықаралық құқық қорғау ұйымдарына қаңтар оқиғасы бойынша халықаралық тергеу жүргізіп, қылмыстық баптар бойынша заңсыз айыпталған ұлын босатуға жәрдемдесуді сұрап жүгінеді [97].
10 маусым, Алматы қаласы, Ташимова Салтанат, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1баптың, 1 -бөлігімен 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл салуға Ташимованың 2022 жылғы 7 мамырда ауызша жанжалдасу кезінде А.З.Нұрсейітованың денсаулығына жеңіл зиян келтіруі негіз болды.
10 маусым, «Freedom House» ұйымы Жанболат Мамайға қарсы жаңа айыптар тағылғанына алаңдап, Қазақстан үкіметінің елдегі негізгі құқықтарды құрметтейтін «жаңа Қазақстан» құру жөніндегі міндеттемесіне күмән келтіреді. «Біз Мамайды босатуға және оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырамыз», — делінген «Freedom House» хабарламасында [98].
11 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, елорда әкімдігі 25 маусымда сағат 14:00-де цирк алдындағы алаңда Украинаны қолдау митингісін өткізуге келісті. Жергілікті билік азаматтық белсенді Шәдеева Әйгерімнің хабарламасын мақұлдады [99].
12 маусым, Шығыс Қазақстан облысы, Үштөбе қаласы, жаңа әкімнің сайлауы өтті, оның барысында сайлаушы заңбұзушылықты тіркеді: ол шақпақтан шыққан от қаламның сиясын қалай өшіріп тастағанын түсіріп алды. Бұл факті бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады [100].
13 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, бір топ жұмыссыз мұнайшылар Ақорда ғимаратының алдына жиналды. Президент әкімшілігінің ұжымымен кездесуден кейін олар Қазақстанның бас еңбек инспекторы Оспанқұловпен және Еңбек министрлігінің өкілдерімен кездесті. Олар Жаңаөзен қаласының әкімі Қосуақовтың олардың сауалдарына «жеткілікті назар аудармайтынын» және жұмыспен қамту жоспары өздеріне түсініксіз екенін айтты [101].
13 маусым, «Қазақстан билігі Мамай Жанболатты бейбіт саяси қызметі үшін қудалауды тоқтатуы керек», — деп мәлімдеді Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы, Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры және Норвегиялық Хельсинки комитеті. Бұл ұйымдар Мамайға тағылған бірқатар қылмыстық айыптарды алып тастауды және оны дереу босатуды талап етті [102].
13 маусым, Human Rights Watch Халықаралық құқық қорғау ұйымы өз мәлімдемесінде Нұр-Сұлтанды Мамай Жанболатқа қатысты қылмыстық істі тоқтатып, оны қамаудан босатуға шақырды [103].
13 маусым, Атырау қаласы, «Полиция бірнеше рет есікті бұзып, ата-анамның мекен-жайына кірді. Туыстарыма олар болмаған кезде полицияның белгісіз мақсатпен тұрғын үйдің ауласына кіргенін хабарлады. Бұған дейін олар көршілерінен сұхбат алып, туыстарына барып қысым көрсеткен. Бұл жолы бейнебақылау орнатылып, белгісіз полицейлер мен учаскелік полиция қызметкерінің кіріп кеткені тіркелді», — деп хабарлады белсенді Сергей Шутов [104].
14 маусым, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Ермек Нарымбаев, ҚР ҚК-нің 174-бабы, қамауда ұстау жағдайлары туралы айтты. «Бұл колонияда жазасын өтеген менің қорғаушыларымның ішінде Нарымбаев жалғыз емес. Алайда, біздің заманда мұндай жағдайлар болуы мүмкін екенін бірінші рет естіп тұрмын», – дейді адвокат Жанара Балғабаева [105].
13 маусым, Алматы қаласы, Иманбеков Әлібек, ҚР ҚК-нің 291-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Оған «қару ұрлау немесе бопсалау» (3 жылдан 8 жылға дейін) деген айып тағылып отыр, 5 қаңтарда ол қару-жарақ дүкенін тонап, сол жерден екі жұмыс қаруын алып кеткен сияқты [106].
14 маусым, Ақтау қаласы, белсенді Жеңіс Бисенғазиевтің хабарлауынша, Бекзат есімді ҰҚК/полиция қызметкері көлігіне мініп, Жеңістің өзін таныстыру талабын елемей, «егер ол ҰҚК-де жұмыс істемесе (белсенділер туралы ақпаратты ҰҚК-ге беру) оның жеке (интимдік) өмірі жайлы бейнелерін/фотоларын әлеуметтік желіде жариялаймын»- деп Жеңісті қорқыта бастаған [107].
15 маусым, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Катчиев Николай, ҚР ҚК-нің 174 б., Бестөбелік экобелсенділерге қатысты онлайн сот процесі кезінде Катчиев ауырып, есінен танып қалды. Процесті судья тоқтатты [108].
15 маусым, Страсбург қаласы, Еуропа Кеңесінің арнайы органы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (GRECO) Қазақстанға қатысты алғашқы бағалау баяндамасында елде тамыр жайған сыбайлас жемқорлыққа тоқталып, түбегейлі реформалар қажеттігін айтады. «Биліктердің бөлінуі және қажетті тежеу мен тепе-теңдік қағидатына негізделген мемлекеттік құрылым» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресте принципті маңызы бар [109].
15 маусым, Страсбург қаласы, өз баяндамасында GRECO Қазақстанға 27 ұсыным жіберіп, билікті осы ұсынымдарды алдағы 15 айда – 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін орындау туралы есеп беруге шақырады. Бұл ұсыныстардың негізгі бөлігі прокурорлар мен судьяларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша оқыту және мамандандыру [110].
15 маусым, Жаңаөзен қаласы, 6 мұнай кәсіпшілігінің жұмысшылары наразылық білдіріп Жаңаөзен әкімдігіне келді, олардың жұмыс жағдайына және техниканың тозуына назар аударуды талап етуде. Митингке өткен түнде Жаңаөзенде болған қайғылы оқиға себеп болды — «Кезби» ЖШС-де жұмыс істеген 43 жастағы жүк тиегіш жүргізуші тірідей өртеніп кеткен [111].
16 маусым, Алматы қаласы, Ташимова Салтанат, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен, 9 сәуірде Алматыда Минина саябағында «Dream», «Prestige», «Tengiz Towers» тұрғын үй кешендері тұрғындарымен заңсыз митингіге қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды[112].
16 маусым, Алматы қаласы, белгілі ақын, әрі диссидент Арон Атабектің қызы Алма Нутушеваға әкесін ақтау туралы өтініш беруге құқығы жоқ екенін мәлімдеді. «Сотталушының сізді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына қорғаушы ретінде қабылдау туралы өтініші сотқа келмегені анықталды. Қылмыстық процесті жүргізетін орган (тергеуші немесе сот) сізді қорғаушы ретінде тану туралы шешім қабылдаған жоқ», — делінген Бас прокуратураның жауабында [113].
16 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Конституцияға сәйкес, Қазақстан Президенті мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауап береді, ал басқа қылмыстары үшін емес», — деді Әділет министрі Мусин Қанат [114].
16 маусым, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 7-16 маусым аралығында Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына зерттеу жүргізді [115].
17 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының екі мұнайшысы Қазақстан президенті Тоқаевтың әкімшілігіне 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы бойынша жаңа тергеу жүргізуді талап еткен хат жолдады. Жаңаөзендік мұнайшылар ел президентіне үшінші рет үндеу жолдады [116].
17 маусым, Жаңаөзен қаласы, жұмыссыздар мен еңбек жағдайына наразы жұмысшылардың наразылығы жалғасуда. Жұмыссыздар мұнай-газ секторына жұмысқа орналасуды, ал осы салада жұмыс істейтіндер жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. 50-ден астам адам әкімдік алдында түнеп жүр [117].
17 маусым, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, қаңтардағы наразылықтың азаптауынан зардап шеккен Маханбаев Қосай 15 тәулік әкімшілік қамауға алу мерзімі өткеннен кейін қайтадан ЛА-155/18 мекемесіне, ешбір себепсіз 2 айға жіберілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабымен қылмыстық іс бойынша, оған қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға өзгертілді[118].
17 маусым, Алматы қаласы, қала әкімдігі оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясын құру туралы топ мүшелерінің хабарламасына жауап ретінде 25 маусымда Украинаны қолдау мақсатында бейбіт жиын өткізуден бас тартты. Бас тарту себебі: «көрсетілген тақырып бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу қаупі бар» [119].
17 маусым, Алматы қаласы, «Тергеу соты прокуратураның мәслихат депутаты Құдайберген Қайратты қамауда ұстау мерзімін 3 айға 21 шілдеге дейін ұзарту туралы өтінішін қанағаттандырды», — деп хабарлады Қалалық соттың баспасөз қызметі [120].
17 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізді[121].
19 маусым, Қызылорда қаласы, Әділхан Беденбаев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігі, №2 сот қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деп айыпталған адвокатқа бас бостандығын бір жарым жылға шектеу түріндегі үкім шығарды. Тергеу барысында Беденбаев прокурормен процессуалдық келісім жасасқан [122].
20 маусым, Батырбаев Азамат, Талдықорған қаласы, қаңтарда «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деген күдікпен қамауға алынған Азамат Батырбаев кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге келген. Процессуалдық келісімнің шарттарына сәйкес, сот отырысында прокурор оны шартты түрде жазалауды сұрайды деп күтілуде, — деп хабарлады оның адвокаты Бауыржан Азанов [123].
20 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Бас прокуратура еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі 27 адамды қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылар деп санайды, 40 адам ұрлап, ұрып-соққыға жықты деген күдікке ілінді. Жалпы, мекеменің мәліметінше, бүгінгі күні қаңтар оқиғасы бойынша бес мыңнан астам қылмыстық іс тергелу өндірісінде», — деді Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев [124].
20 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы облысындағы қаңтар оқиғасын тергеу барысында 25 адам қызып тұрған үтіктегі бумен азаптаудың құрбаны деп танылды», — деді Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев [125].
20 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Арнайы прокурорлар азаптауға 5 полиция қызметкерінің қатысы барын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындап, ең атышулы 8 іс бойынша арнайы және құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікті деп танылды. Оның 9-ы қамауда отыр. Алматы облысы ҰҚК департаментінің 2 қызметкеріне қатысты тергеу амалдары аяқталды, олар ұсталған адамды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды деген күдікке ілінді», — деді Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев [126].
20 маусым, «Біз Қазақстанның «Хэрмит» (Hermit) шпиондық бағдарламасын жасаушы итальяндық «RCS Lab S.p.A. and Tykelab Srl», компаниясының қазіргі ықтимал клиенті екенін растай алдық. Шпиондық бағдарламамен қамтамасыз ету жеткізушісінің клиенттерін анықтау жиі мүмкін бола бермейді», — деді Джастин Альбрехт, «Threat Intelligence в Lookout» компаниясының қауіп-қатерді барлау зерттеушісі [127].
20 маусым, «Хэрмит» (Hermit) шпиондық бағдарламасы Android операциялық жүйелеріндегі осалдықтарды пайдаланады және бұзылған құрылғыға дыбыс жазуға, телефон қоңырауларын жасауға және қайта бағыттауға, сондай-ақ қоңыраулар, контактілер, фотосуреттер, орын және SMS хабарламалары сияқты деректерді жинауға мүмкіндік береді. Lookout Inc компаниясының мәліметінше, шпиондық бағдарламаны Қазақстан үкіметі белсенді азаматтарға тыңшылық жасау үшін енгізген [128].
20 маусым, Бүгін CIVICUS Monitor (197 ел мен аумақта негізгі бостандықтардың сақталуын бағалайтын және бақылайтын бірлескен құрал) Қазақстанды «кедергі» деңгейінен «репрессиялық» деңгейге дейін төмендетті. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (Бельгия) және Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның қатысуымен [129].
20 маусым, Алматы қаласы, Байсейітова Ақмарал Еуропалық одаққа, АҚШ, құқық қорғау ұйымдарына халықаралық тергеу жүргізіп, ұлы Оңтай Бақытқа көмектесуге шақырды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 3- бөлігі 4 -тармағымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Анасы оның азаптаумен кейбір құжаттарға қол қоюға мәжбүр болғанын айтады [130].
20 маусым, Алматы қаласы, Арон Атабектің қызы Алма Нутушева Шаңырақ оқиғасы бойынша істі қайта қарауды және әкесін, қайтыс болғаннан кейін, ақтауды талап етуде. Ол Президент Әкімшілігіне хат жолдады, ол жерден Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жолданды, содан кейін СІМС-ке сұраныс жіберілді. Алайда көптен күткен жауапта Арон Атабектің саяси тұтқын ретінде қайтыс болғаннан кейін ақталуы туралы ештеңе де жоқ [131].
20 маусым, Степногорск қаласы, Сәдуақасова Айя, ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі және 405-бабының 2-бөлігі, полиция тергеушісі, полиция капитаны Шәкенов М.С., Астана қаласы Есіл сотының «ҚДТ» және «Көше партиясы» қозғалысының қызметіне тыйым салу туралы шешіміне сілтеме жасай отырып, құқық қорғаушының адвокатының қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты [132].
20 маусым, Алматы қаласы, референдумда «бұзушылықтар» орын алған сайлау учаскелері бойынша арыздармен сотқа жүгінген «Тәуелсіз бақылаушылар» бірлестігі бас тартулар алды. Олар сот шешіміне шағым түсіруге дайындалып жатыр [133].
21 маусым, Алматы қаласы, Ташимова Салтанат, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот қамауға алу мерзімін 5 тәулікке дейін қысқартып, шағымды қанағаттандырды, — деп хабарлады белсендінің адвокаты Руслан Қожахмет [134].
21 маусым, Шымкент қаласы, әкімдік азаматтық белсенділердің екі хабарламасына жауап ретінде Украинаны қолдау мақсатында 25 маусымда бейбіт жиын өткізуден бас тартты. Бас тартудың себебі – бейбіт жиынды өткізу тәртібінің жоқтығы және бейбіт жиналыстарды өткізуге қажетті құжаттар мен мәліметтердің сәйкес келмеуі [135].
21 маусым, Алматы облысы, Талғар қаласы, Хасанова Клара мемлекет басшысы және Алматы облысының экс-әкімі Бозымбаевқа хат жазып, онда аудан басшысы Әбдіханов Қайдардың үстінен шағым түсірген. Әкім бұл өтінішті қорлау деп тауып, сотқа шағым түсірді. Ол хатта көрсетілген мәліметтерді теріске шығаруды талап етеді. Әбдіханов арыздан келген шығынды жарты миллион теңгеге бағалаған [136].
21 маусым, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, 23 мамырдан бері ереуілге шыққан шыны талшықты құбырлар зауытының жұмысшыларына, олардың әйелдері қосылды. Кейбіреулер сәбилерін қолдарына ұстаған. Зауыт жұмысшылары бір айдан бері келісім-шарт талаптарын қайта қарауды, жалақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша талап қоюды талап етіп отыр [137].
21 маусым, Ақтөбе қаласы, Шахкозов Нұралы, Мәди Жұмабек, Қосыбаев Елхат, ҚР ҚК 269-бабының 1-бөлігі, сот қылмыстық істі қарауды бастады, оларға қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алды» деген айып тағылуда [138].
21 маусым, Ақтау қаласы, Маңғыстау облыстық әкімдігі ғимаратының жанында наразылық акциясы басталды. Акцияға Ақтау шыны талшықты құбырлар зауытының, Ақтау мұнай сервистік компаниясының, сондай-ақ «БатысГеофизСервис» ЖШС және «ТеңгеОйлГаз» ЖШС Жаңаөзен кәсіпорындарының өкілдері қатысуда. Жалақы жоғарлату және еңбек жағдайын жақсарту, жұмыстан шығарылғандарды қайтару және кәсіпорынды мемлекеттік меншікке қайтару талаптарын қойып отыр [139].
21 маусым, Тараз қаласы, «Время» газетінің журналисі Әуелбекова Айжан «Ежелгі Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында орналасқан Арбаттағы сауда туралы баяндама жасады. Бұл саудагерлерге ұнамай, журналистің телефонын тартып алмақ болып, айып тағып, кейін оны сауда нүктелерінің біріне қамап тастаған. Айжан полицияға хабарласып, шабуыл мен заңсыз ұсталғаны туралы хабарлаған соң ғана босатылған [140].
22 маусым, Орал қаласы, Оразбаев Амангелді, Ескендірова Мәруа ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігімен тергеу соты белсенділердің үйқамаққа алу мерзімін тағы бір айға ұзартты. Тергеуші бұлтартпау шарасын ұзарту туралы сотқа арызданған. Тергеу мерзімнің ұзартылуына тергеуге қосымша уақыт қажеттілігімен негіздеді [141].
22 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Мәсімов Кәрімге қатысты сот жабық түрде өтуі мүмкін. Іс материалдары құпия, бірақ оны сот анықтайды, өйткені ол жерде мемлекеттік құпиялар бар», — деді ҰҚК өкілі Әмерханов [142].
22 маусым, Алматы қаласы, жүзге жуық алматылық газ қызметкері жалақыны көтеруді талап етіп жиналды. Олардың талаптары ереуілге шығамыз деп қорқытумен қатар жүрді. Жұмысшылар оларға қажетті құрал-саймандар мен арнайы киімдер берілмейтінін, барлығын өз қаражатына сатып алуға мәжбүр екендерін атап өтті [143].
22 маусым, Шымкент қаласы, саяси тұтқын Әміров Ерұлан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 405 бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған белсендінің шағымын сот қанағаттандырусыз қалдырды [144].
22 маусым, Алматы қаласы, Шыңжаңдағы туыстарымен қауышуды талап еткен бір топ адам Қытай консулдығы алдына тағы да наразылық акциясына жиналды. Қазақстандағы алғашқы наразылық акциясынан бері 500 наразылық акциясы өтіп жатыр [145].
23 маусым, Алматы қаласы, Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстан активтерін қалпына келтіру қоры (Елге Қайтару) (Asset Recovery Fund of Kazakhstan, Elge Qaitaru) баспасөз мәслихаты өтті. Отырыстың тақырыбы: «Заңсыз жекешелендіру мен Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтару фактілерін тексеру қажеттілігі» [146].
23 маусым, Ақтау қаласы, сол күні құрылыс-монтаждау жұмыстары мен мәдени-спорттық іс-шаралардың басталуына байланысты азаматтық белсенділердің үш хабарламасына жауап ретінде қала әкімдігі Украинаны қолдау мақсатында 25 маусымда бейбіт жиын өткізуден бас тартты [147].
23 маусым, Страсбург қаласы(Франция), Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында (ПАСЕ) құқық қорғаушылар Жардемали Бота мен Людмила Козловская Еуропа Кеңесіне мүше елдердің депутаттарымен кездесулер өткізуде. Құқық қорғаушылар депутаттарға Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы жаңа баяндама мен қылмыстық істер бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, азаптау құрбандары болған саяси тұтқындардың тізімін ұсынды [148].
23 маусым, Тараз қаласы, ЖД-158/2 мекемесі, Ахметов Ұласбек, ҚР ҚК-нің 405- бабының 1/2 бөлігі, мерзімі 2 жыл 2 ай, бас бостандығынан айыру мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды [149].
23 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп Еңбек министрлігінің ғимаратында екі аптаға жуық түнеген Жаңаөзен қаласының 19 тұрғынын полиция ұстады, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес, 15 мың теңге айыппұл салынды [150].
23 маусым, Алматы қаласы, «Әділ Сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 16-23 маусым аралығында Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына зерттеу жүргізді [151].
24 маусым, Қостанай қаласы, Нұрмағамбетов Диас, ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, № 2 қалалық сот белсендіні «Қостанай наразылығы» телеграмм каналында ЖӘАО(SOBR) халық жағына көшті деген «жалған заттарды таратқан» деген айыппен бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесті [152].
24 маусым, Шыңжаңдағы мұсылмандардың қысымынан Қазақстанға қашып келген 5 этникалық қазақ әлі күнге дейін азаматтық алған жоқ. 4 -і бір жыл мерзімге босқын мәртебесіне ие болса, біреуі — пана іздеуші куәлігіне ие. Азаматтығы жоқ болғандықтан ешкім жұмысқа алмай, медициналық көмектен қағылғанын айтады [153].
24 маусым, Өскемен қаласы, Байсағатов Айдар, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі, №2 қалалық соты белсендіні «билік өкіліне күш қолдану» бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған 1 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды [154].
24 маусым, Алматы қаласы, Азаптау құрбандарын халықаралық қолдау күні қарсаңында Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы «Freedom House» – Қазақстанмен бірлесіп, полиция және комитет мүшелерінің қатыгездігінен зардап шеккендермен кездесу ұйымдастырды. Физикалық және моральдық жағынан күйзеліске ұшыраған адамдар көрген сұмдық қорлықтары туралы бірінші рет айтып отырған жоқ, жылағандар да болды, олар мемлекет қылмыскерлерді жазалайды деген өз үміттерін жоғалтқан сияқты [155].
24 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, жұмысқа орналасуды талап етіп, жалдамалы пәтерде түнеп жүрген Жаңаөзен тұрғындарына полиция қызметкерлері, елордалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары келіп, елордадан тез арада кетуді талап етті. Жаңаөзен тұрғындары билік тарапынан үздіксіз жасалып жатқан қысымға шағымдануда [156].
25 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, Украинаны қолдау митингі өткен жоқ. Қабанбай-Батыр даңғылы бойындағы цирк ғимаратының алдындағы алаңның периметрі бойынша темір қоршаулар орнатылып, полицейлер кезекшілікте тұр, коммуналдық қызмет көрсетушілер акция болған жерде жұмыс жасап жатыр [157].
25 маусым, Алматы қаласы, Ганди атындағы алаңда түрлі БАҚ өкілдері мен белсенділер сөз бостандығын қолдау мақсатында акция өткізді. Оған қатысушылардың қолында мына сөздер жазылған плакаттар болды: «Сөз бостандығы– өз бостандығың» («Свобода слова — это твоя свобода»), «Цензураға жол жоқ» («Нет цензуре»)[158].
26 маусым, «Kakharman.kz» құқық қорғау қозғалысы жүргізген 20-26 маусымдағы адам құқықтарының бұзылуы мониторингі [159].
27 маусым, Алматы қаласы, «Билік қымбат итальяндық шпиондық бағдарлама арқылы мені аңдып жүр. Шпионға қарсы бағдарлама телефонымда Hermit вирусын анықтады. Өйткені, сіз біздің қылмыскер емес екенімізге қазір көз жеткізген шығарсыз, солай ма? Біздің артымыздан бес көлік аңдығаны аздай, телефонды 24 сағат қадағалаудасыз, қылмыскер емес екенімізді мойындаңыз, Жанболатты босатыңыз!», – деп мәлімдеді Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында [160].
27 маусым, Алматы қаласы, қала сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Конституцияға билік ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулар бойынша референдум өткізу кезінде сайлау учаскелеріндегі заң бұзушылықтарды жариялаған «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігінің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды, — деп хабарлады ұйым басшысы Арайлым Назарова [161].
27 маусым, Степногорск қаласы, Николай Катчиев, Александра Назаренко, ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігі 1,3 тармағы бойынша сот экобелсенділерді «көрінеу жалған ақпарат таратқаны» үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 1 жыл бас бостандығын шектеуге сот үкімін шығарды. Бірақ жарияланған рақымшылыққа байланысты, сот оларды қылмыстық жазадан босату туралы шешім қабылдады [162].
28 маусым, Заречный кенті, ЛА-155/14 мекемесі, Нарымбаев Ермек, ҚР ҚК-нің 174-бабы: «21 маусымда сағат 22-00, № 8 казарманың ішінде офицерлер тобы тоқтатып алып, тінту жүргізді, соның барысында маған телефонның SIM-картасын салып кетті, содан кейін мені 7 тәулікке тәртіптік камераға қамады, азаптады. 23 маусымнан бастап мен аштық жариялаудамын»[163].
29 маусым, Ақтөбе қаласы, қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қамауға алынған Абылайхан Бекеевтің туыстары облыстық прокуратураның алдына жиналып, тергеу барысына көңілі толмайтынын және қамауда ұстау мерзімін ай сайын ұзартуға наразы болды. Бекеев бес айдан астам уақыт тергеу изоляторында отыр [164].
29 маусым, Маңғыстау облысы, Жетібай және Мұнайшы ауылдарынан келген 30-ға жуық жұмыссыз мұнай саласына жұмысқа орналасуды талап етіп, жолды жауып тастады [165].
29 маусым, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 23-29 маусымдағы сөз бостандығының бұзылуына қатысты мониторингті жариялады [166].
29 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қаңтар оқиғасында 232 адам қаза тапты, азаптаудан тағы 6 адам, қаза тапқандардың жалпы саны 238. 15 адам азаптауда күдікке ілінген. 9 қызметкер қамауға алынған: ҰҚК-нің 8 қызметкері және Ішкі істер министрлігінің бір өкілі», — деп хабарлады ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев [167].
29 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқан 230 адамның барлығының жеке басы анықталды, бірақ тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады», — деп хабарлады ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев [168].
30 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «жаппай тәртіпсіздік» бойынша 58 және «терроризм актісі» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, қаңтар оқиғасы бойынша 392 қылмыстық іс сотқа жолданды, 445 адам сотталды, ауыр қылмыстар жасаған 46 адам нақты мерзімге сотталды, 514 адам қамауда отыр, 284 адамға бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемеге ауыстырылды», — деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Елдос Қилымжанов [169].
30 маусым, Семей қаласы, Айдос Серікқалиұлы, ҚР ҚК 274-бабының 3-бөлігі, Гусейнова Офелия, ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі, 274-бабының 3-бөлігі, облыстың әкімі Даниал Ахметовты сынаған блогерлерге №2 қалалық соты «көрінеу жалған ақпарат таратқаны және алаяқтық жасағаны үшін» үкім шығарды: Серікқалиға 1 жылға бас бостандығынан айыру, Гусейноваға 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды [170].
30 маусым, Алматы қаласы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы маусымдағы сөз бостандығының бұзылуына қатысты мониторингті жариялады
[1] https://rus.azattyq.org/a/31878590.html
[2] https://rus.azattyq.org/a/31878590.html
[3] https://orda.kz/soobshhivshie-o-pytkah-vo-vremja-zaderzhanij-krovavogo-janvarja-zaderzhany-v-almaty/
[4] https://kaztag.kz/ru/news/514-chelovek-soderzhatsya-pod-strazhey-po-5-tys-delam-o-yanvarskikh-sobytiyakh-v-kazakhstane
[5] https://kaztag.kz/ru/news/za-uchastie-v-yanvarskikh-sobytiyakh-osudili-pyaterykh-chelovek-v-shymkente
[6] https://orda.kz/semi-19-sluchajnyh-zhertv-janvarskih-sobytij-poluchili-vyplaty-iz-fonda-aza-stan-hal-yna/
[7] https://rus.azattyq.org/a/azattyq-project-pogibshie-vremya-sobytii-yanvarya-2022/31878333.html
[8] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3283192665333327/
[9] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3282123115440282/
[10] https://rus.azattyq.org/a/31879655.html
[11] https://rus.azattyq.org/a/31880656.html
[12] https://rus.azattyq.org/a/31879705.html
[13] https://bureau.kz/goryachee/chetvero-zaderzhano-za-banner/
[14] https://bureau.kz/novosti/eshhe-on-kushat-ne-hotel/
[15] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3283186522000608/
[16] https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=583845925853004&id=100026828062397
[17] https://kaztag.kz/ru/news/dikomu-armanu-prodlili-arest-gorodskoy-sud-almaty\
[18] https://rus.azattyq.org/a/31883007.html
[19] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3284391055213488/
[20] https://rus.azattyq.org/a/31884348.html
[21] https://rus.azattyq.org/a/31884379.html
[22] https://rus.azattyq.org/a/31884379.html
[23] https://rus.azattyq.org/a/31884379.html
[24] https://rus.azattyq.org/a/31884379.html
[25] https://kaztag.kz/ru/news/aktsiya-v-podderzhku-zhanbolata-mamaya-proshla-v-almaty
[26] https://orda.kz/po-mestu-propiski-aktivistov-demokraticheskoj-partii-dezhurit-policija-imanbaj/#part=1
[27] https://orda.kz/po-mestu-propiski-aktivistov-demokraticheskoj-partii-dezhurit-policija-imanbaj/
[28] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[29] https://rus.azattyq.org/a/31884270.html
[30] https://rus.azattyq.org/a/31885266.html
[31] https://rus.azattyq.org/a/31884270.html
[32] https://rus.azattyq.org/a/31884270.html
[33] https://rus.azattyq.org/a/31883983.html
[34] https://rus.azattyq.org/a/31883983.html
[35] https://orda.kz/ne-dajut-protokol-i-net-shtorok-nabljudateli-v-almaty-zajavljajut-o-narushenijah/
[36] https://rus.azattyq.org/a/31884162.html
[37] https://rus.azattyq.org/a/31884162.html
[38] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[39] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[40] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[41] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[42] https://rus.azattyq.org/a/31884041.html
[43] https://misk.org.kz/ru/events/e31ac724-842a-4978-8b61-1a4a8e0f03ed/
[44] https://rus.azattyq.org/a/31883951.html
[45] https://rus.azattyq.org/a/31884401.html
[46] https://rus.azattyq.org/a/31884242.html
[47] https://rus.azattyq.org/a/31884242.html
[48] https://rus.azattyq.org/a/31883983.html
[49] https://rus.azattyq.org/a/31883998.html
[50] https://rus.azattyq.org/a/31884401.html
[51] https://rus.azattyq.org/a/31885967.html
[52] https://www.uralskweek.kz/2022/06/06/naibolshee-kolichestvo-narushenij-nezavisimye-nablyudateli-zafiksirovali-v-burlinskom-rajone-zko/?fbclid=IwAR2T1-mWPrbku0DWgxsLO0Y7MNulUMBGJwuHtQxLflyg2SFm_5vjjYbtS-g
[53] https://www.uralskweek.kz/2022/06/06/naibolshee-kolichestvo-narushenij-nezavisimye-nablyudateli-zafiksirovali-v-burlinskom-rajone-zko/?fbclid=IwAR2T1-mWPrbku0DWgxsLO0Y7MNulUMBGJwuHtQxLflyg2SFm_5vjjYbtS-g
[54] https://www.facebook.com/tamara.eslamova1/posts/5294752967234980
[55] https://www.facebook.com/tamara.eslamova1/posts/5297053723671571
[56] //www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3284418145210779/
[57] https://orda.kz/hronologija-dvuh-udalenij-i-sinie-meshki-nabljudateli-deljatsja-vpechatlenijami-o-referendume
[58] https://orda.kz/hronologija-dvuh-udalenij-i-sinie-meshki-nabljudateli-deljatsja-vpechatlenijami-o-referendume/
[59] https://orda.kz/itogi-referenduma-narushenija-vbrosy-i-krovavyj-janvar/
[60] https://rus.azattyq.org/a/31885266.html
[61] https://rus.azattyq.org/a/31890117.html
[62] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-independetn-observers-referemdum/31887732.html
[63] https://orda.kz/korrespondent-orda-kz-zafiksiroval-pervye-narushenija-na-referendume/
[64] https://rus.azattyq.org/a/31884401.html
[65] https://rus.azattyq.org/a/31885768.html
[66] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3285199185132675/
[67] https://kaztag.kz/ru/news/tokaev-poobeshchal-obnarodovat-spisok-pogibshikh-v-khode-yanvarskikh-sobytiy
[68] https://rus.azattyq.org/a/31889073.htm
[69] https://bureau.kz/novosti/pervye-lastochki-poleteli-v-vko/
[70] https://bureau.kz/novosti/policziya-s-narodom-takogo-nikogda/
[71] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-shymkent-prigovor-aktivistu-janvarskim-protestam-zaverishila-turemnym-srokom/31886791.html
[72] https://rus.azattyq.org/a/31887381.html
[73] https://rus.azattyq.org/a/31887191.html
[74] https://rus.azattyq.org/a/31886668.html
[75] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3624
[76] https://www.facebook.com/toregozhina/posts/5492909810721559
[77] https://orda.kz/nezavisimye-nabljudateli-zko-namereny-obratitsja-v-sud/
[78] https://rus.azattyq.org/a/31889307.html
[79] https://rus.azattyq.org/a/31888989.html
[80] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3286755128310414/
[81] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3625
[82] https://rus.azattyq.org/a/31888624.html
[83] https://rus.azattyq.org/a/31888862.html
[84] https://rus.azattyq.org/a/31889349.html
[85] https://rus.azattyq.org/a/31889349.html
[86] https://rus.azattyq.org/a/31888786.html
[87] https://rus.azattyq.org/a/31888743.html
[88] https://bureau.kz/novosti/femida-snyala-povyazku/
[89] https://orda.kz/krovavyj-janvar-v-taraze-osudili-13-chelovek/
[90] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-shymkent-january-events-twenty-victims/31889445.html
[91] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/328750807490178
[92] https://orda.kz/semja-pogibshej-vo-vremja-sobytij-krovavogo-janvarja-devochki-uehala-za-granicu/
[93] https://rus.azattyq.org/a/31891052.html
[94] https://rus.azattyq.org/a/31892804.html
[95] https://rus.azattyq.org/a/31892446.html
[96] https://bureau.kz/novosti/zhdat-uchasti-v-krugu-semi/
[97] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3288480684804525/
[98] https://kaztag.kz/ru/news/freedom-house-prizvala-osvobodit-mamaya
[99] https://rus.azattyq.org/a/31893385.html
[100] https://orda.kz/video-s-ischezajushhimi-chernilami-na-vyborah-akima-v-ushtobe-proverit-prokuratura/
[101] https://rus.azattyq.org/a/31896160.html
[102] https://www.iphronline.org/kazahstan-snyat-sfabrikovannye-obvineniya-osvobodit-deyatelya-oppozitsii.html
[103] https://rus.azattyq.org/a/31897586.html
[104] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3290849374567656/
[105] https://www.facebook.com/erzakovna/posts/5215810805150986
[106] https://bureau.kz/novosti/alibek-i-dva-stvola/
[107] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3292244551094805/
[108] https://rus.azattyq.org/a/31899840.html
[109] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-first-greko-country-report-points-out-of-the-principle-of-separation-of-powers/31899537.html
[110] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-first-greko-country-report-points-out-of-the-principle-of-separation-of-powers/31899537.html
[111] https://orda.kz/v-zhanaozene-mitingujut-rabochie-shesti-kompanij/
[112] https://rus.azattyq.org/a/31901304.html
[113] https://kaztag.kz/ru/news/docheri-arona-atabeka-zayavili-ob-otsutstvii-u-nee-prava-dobivatsya-reabilitatsii-ee-ottsa
[114] https://orda.kz/za-chto-mozhno-prilech-nazarbaeva-k-otvetstvennosti/
[115] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3630
[116] https://rus.azattyq.org/a/31902938.html
[117] https://tirek.info/wp-admin/post.php?post=23267&action=edit
118 https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3293848420934418/
[119] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3296531067332820/
[120] https://rus.azattyq.org/a/31906558.html
[121] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3294680784184515/
[122] https://rus.azattyq.org/a/31907660.html
[123] https://rus.azattyq.org/a/31906685.html
[124] https://rus.azattyq.org/a/31906435.html
[125] https://rus.azattyq.org/a/31906326.html
[126] https://rus.azattyq.org/a/31906326.html
[127] https://bureau.kz/novosti/novyj-kazahstan-prodolzhaet-sledit/
[128] https://bureau.kz/novosti/novyj-kazahstan-prodolzhaet-sledit/
[129] https://bureau.kz/novosti/s-ponizheniem/
[130] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3296438837342043/
[131] https://orda.kz/prishel-otvet-na-zapros-o-posmertnoj-reabilitacii-arona-atabeka/
[132] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3297214170597843/
[133] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-zafiksirovavshie-narusheniya-na-referendume-nezavisimye-nablyudateli-proigraliv-sude/31909353.html
[134] https://kaztag.kz/ru/news/aktivistke-saltanat-tashimovoy-sokratili-arest-na-pyat-sutok
[135] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3297163753936218/
[136] https://orda.kz/akim-talgarskogo-rajona-podal-v-sud-na-pensionerku-za-obrashhenie-k-tokaevu/
[137] https://rus.azattyq.org/a/31909400.html
[138] https://rus.azattyq.org/a/31909362.html
[139] https://bureau.kz/novosti/opyat-bastuyut-i-mitinguyut/
[140] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3636
[141] https://rus.azattyq.org/a/31910012.html
[142] https://kaztag.kz/ru/news/sud-nad-karimom-masimovym-skoree-vsego-budet-zakrytym-zampred-knb
[143] https://orda.kz/povysit-zarplatu-v-dva-raza-trebujut-gazoviki-v-almaty/
[144] https://rus.azattyq.org/a/31910327.html
[145] https://rus.azattyq.org/a/31910153.html
[146]https://www.facebook.com/vadim.boreiko/posts/pfbid02ZuXJubPYkfdkJRxqX6bNomAQFqdrL8HqfF8485iScTKfLd9tvghG6UAFZ6qjHtZdl
[147] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3298839870435273/
[148] https://www.facebook.com/bota.jardemalie.1/posts/pfbid02Hb7E63DXfV51NrX1swXt5z93gT5AC19xz3TQ4EjiFTEZ3bf6T1bbjcVKTbZzMi8ul
[149] https://www.youtube.com/watch?v=kF8YhWbUkAg
[150] https://rus.azattyq.org/a/31911710.html
[151] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3638
[152] https://rus.azattyq.org/a/31913296.html
[153] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-ne-vydaet-bezhentsam-iz-sintszyana-grazhdanstvo-proezdnye-dokumenty/31912873.html
[154] https://rus.azattyq.org/a/31913398.html
[155] https://bureau.kz/goryachee/perestrojka-na-krovi/
[156] https://rus.azattyq.org/a/31913689.html
[157] https://rus.azattyq.org/a/31914778.html
[158] https://rus.azattyq.org/a/31914684.html
[159] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3301644210154839/
[160] https://kaztag.kz/ru/news/supruga-mamaya-zayavila-o-zarazhenii-svoego-telefona-virusom-shpionom-hermit-
[161] https://rus.azattyq.org/a/31917222.html
[162] https://rus.azattyq.org/a/31917075.html
[163]https://www.facebook.com/YermekNarymbai/posts/pfbid0cMzxJRiwSNeqwCNXW1TcNS9YbDMEKQPRb3KLBRZQm6cmzmghPxPAzerSR2MYu33l
[164] https://rus.azattyq.org/a/31922354.html
[165] https://www.lada.kz/aktau_news/society/102724-bezrabotnye-perekryli-dorogu-k-mestorozhdeniyu-mangistaumunaygaz.html
[166] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3646
[167] https://orda.kz/krovavyj-janvar-vosem-sotrudnikov-knb-arestovany/
[168] https://rus.azattyq.org/a/31921671.html
[169] https://rus.azattyq.org/a/31922999.html
[170] https://kaztag.kz/ru/news/kritikovavshikh-daniala-akhmetova-osudili-po-delu-o-zavedomo-lozhnoy-informatsii-v-semee
[171] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3669
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.