7 тамыз, Өз жұмысына 100% берілген мемлекеттік қызметкермін!
Менің мемлекетім жүзеге асырылмайтын заңдарды неге шығаратынын білгім келеді.
Қызметкерлерге сағат 18:30-дан кейін жұмыс жасатуға тыйым салынады деп әлеуметтік желілер жар салды, заң қабылданды. Алайда вацап желісінде тапсырма түсуі тоқтамайды, 18:30-ың не, түнгі сағат 23-терде де тапсырма түсіреді де жатады басшылар.
Жұма күні ЖМББДҚ жазғы лагерьге баратын балалардың мәліметін жинап түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыста отырдық.
Облыстық білім басқармасынан арнайы үлгі не шаблон берілмеді, әріптесімізбен түс ауғанша 1469 баланың мәліметін жинап өткіздік аудан бойынша.
Ол ақпаратымызға білім басқармасынан қанағат болмай кеш түскенде сол тапсырманы қайта жасатты баланың ЖСН, ата-анасы туралы мәлімет, телефон номерін қосытырып.
Түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс жасатты.
Не бізге маза жоқ, не мектеп қызметкерлерінде маза болмады.
Ертеңгі күні ауырып ауруханаға түстім. Утомление + стресс.
Құрсағымдағы сәбиге әсер еткен.
Жүрегі тоқтап қалды.
Айырылып қалдым сәбиімнен.
Мен жұмыс режимін көрмеген мемлекеттік қызметкермін!
Мен сенбі/жексенбінің демалысын білмейтін мемлекеттік қызметкермін!
Маған ҚР Еңбек кодексінің баптарының қатысы жоқ мемлекеттік қызметкермін!
Неге біздің елде заңнамада көрсетілген жұмыс уақытының регламенті сақталмайды?
@tokayev_life
@tokayev_online
@marat.suleimenov81 @jasulan_beitek @enbek.zhetisuobl @prokuratura.zhetysu @aksu_shagimi
Қазір операцияға кіргізеді. Құрсағымдағы өлген сәбиімді кесіп алады.
Әр қызметкердің жұмыс уақыты регламенті сақталсын, нагрузкасы қайта қарастырылсын, жетпейтін штаттардың орны толтырылсын, бізге бөлініп беріліп отыр олардың жұмысы, қызметкерлерге құлдықтағы жан емес, қызмет көрсетуші ретінде сыйлы қарым-қатынас жасалуын, жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыс жүктелмеуін талап етемін!!!
Бізді қанағандарыңызды тоқтатыңыздар, басшылар!!!
Отпусксіз, сенбі-жексенбісіз, күндіз-түні жұмыс жасаудамыз, физиологиялық та, психологиялық та тұрғыда қажыдық! Ағзамыз әлсіреді! Баламыз өлді!
Айнұр Өтеген
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.