СУРЕТТЕ: Жыланбаевтың пластилиннен жасаған мүсіндері. Бірінде өзі мен отбасын, енді біріне Ахмет Байтұрсыновты есіне түскенше бейнелепті.
Марат Жыланбаев 14 мамыр күні әйеліне қоңырау шалған. Ұзақ сөйлесе алмаған, бірақ өзінің ахуалына қатысты маңызды деректерді хабарлап үлгеріпті.
Бұған дейін сәуір, наурыз айларында оның 40 күндік аштық жариялағанын білесіздер. Әйелі оның аштығын 4 мамырда тура 40 күн болғанда тоқтатқанын айтты.
14 мамыр күні ол жатқан тәртіптік изоляторға бір топ офицер кіріп тексеріс (шмон) жасаған. Оның көптеген жеке заттарын, төсек -жаймасы мен бет сүртетін сүлгісін алып кеткен. Себебін айтпаған. Кейбір заттарын Жыланбаев үлкен күреспен өзіне алып қалған.
Оның әйелі Ақмаралдың айтуынша, 40 күндік аштықтан соң Маратта диарея басталған. Дәрігер оған Линекс пен Фестал дәрілерін жазып берген. Бірақ ішектің микрофлорасын қалпына келтіру үшін бұл дәрілер мүлде жеткіліксіз. Оған ұзақ емделу, ағзаға қажетті минералдар, тұздармен толықтыру, асқазан бездерінің жұмысын жақсарту үшін толық ем алуы қажет.
• 6 мамырда Марат Жыланбаевты түрме бастығы Қанат Тұлақовтың орынбасары, полковник Боранбай Алмаз Сағынбайұлы өзіне шақырған. Бірақ онымен сөйлеспей құдайға мінәжат етіп, намазын оқыған соң Маратқа «барлық адамдар бірдеңеден қорқады, сен неден қорқасың» деген сауал қойған. Бірақ оған Марат «мен ештеңеден қорықпаймын, егер маған қысым жасауды тоқтатпасаңыз мен тағы да аштық жариялап, аяғымның башпайын кесемін» деп жауап беріпті. Мен Маратты қатты уайымдап отырмын, — деді Ақмарал телефон арқылы.
Алдымен журналист ретінде КУИС-ке сауал жолдап, түрмеге қоңырау шалдық. Бірақ өзгермейтін бір жауап алдым «айтылған заттар расталдмады».
Тағы бір маңызды мәселе, Жыланбаевқа құқық қорғаушы Бахытжан Торегожина тұрақты түрде газет -журналдар салып тұрады. Бірақ екі айдан бері оның бірде бірін Марат алмаған. Өзі де не хат жібере алмайды, не арыз жаза алмайды, себебі арыз жолдайтын түрмедегі терминалдар жұмыс істемейді және Жыланбаевқа қойылған шектеу бар. Сондықтан Жыланбаев енді өзіне газеттер жібермеуді сұрап жатыр.
— Біз 5 мамырда барған кезде, түрме басшылығы бізден Мараттың құрал-саймандарын алып кетуді сұрады. Бірақ Марат «оларды алып кетпеңдер, мен жұмыс істегім келеді» деген. Түрме басшылығы оған жүгіруге және сурет салуға рұқсат береміз деп уәде берген, бірақ ол орындалған жоқ. Олар Маратты қатаң қысыммен, басып-жаншып, қорлап ұстағысы келеді, — дейді Мараттың әйелі.
СТЕПНОГОРСКДЕГІ №4 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ ҚАНАТ ТҰЛАҚОВ ҚАНДАЙ ЗАҢДАРДЫ БҰЗЫП ОТЫР? ТАЛДАП ЖАЗАЙЫН
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сотталғандардың белгілі бір құқықтары бар және олар бас бостандығынан айыру жағдайында да сақталуы тиіс. Бұл құқықтарды шектеу тек заң негізінде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде (ҚАК) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сотталғандардың негізгі құқықтары
ҚАК-ке сәйкес, сотталғандар мынадай құқықтарға ие:
• Жеке заттарға: Сотталғандарға ішкі тәртіп ережелерінде тыйым салынбаған белгілі бір жеке заттарды сақтауға рұқсат етіледі.
• Хат-хабар алмасуға: Сотталғандардың хаттар, газеттер және басқа да баспа өнімдерін алу және жіберу құқығы бар.
• Дене шынықтыруға: Күнделікті серуендеу және спорттық іс-шараларға қатысу құқығы қарастырылған.
• Шығармашылықпен айналысуға: Сотталғандар сурет салу, жазу және басқа да шығармашылық түрлерімен айналыса алады, егер бұл белгіленген ережелерге қайшы келмесе.
⚖️ Әкімшілік тарапынан болған құқық бұзушылықтар
Егер мекеме қызметкерлері:
• Заңсыз негізсіз жеке заттарды алып қойса,
• Хат-хабар алмасуға қол жеткізуді шектесе,
• Медициналық немесе тәртіптік себептерсіз дене шынықтыруға тыйым салса,
• Шығармашылықпен айналысуға негізсіз тыйым салса,
бұл әрекеттер қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану немесе сотталғандардың құқықтарын бұзу деп саналады.
️ Сотталғандардың құқықтарын қорғау
Сотталғандар құқықтарын қорғау үшін мынадай әрекеттерді жүзеге асыра алады:
• Мекеме әкімшілігінің әрекеттеріне шағымдану үшін жоғары тұрған ҚАЖ органдарына жүгіну.
• Прокуратураға құқық бұзушылық туралы шағыммен жүгіну.
• Сотқа әрекеттерді заңсыз деп тану туралы өтініш беру.
ӨКІНІШКЕ ОРАЙ, МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ ТА БҰЛ ҚҰҚЫҚТАР ЖОҚ! ОНЫҢ АРЫЗЫ ЕШҚАЙДА ШЫҚПАЙДЫ ЖӘНЕ ОҒАН ЕШҚАНДАЙ ХАТ ТА КЕЛМЕЙДІ.
Сания Тойкен
Обсуждение закрыто.