Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Марат Жыланбаев Арон Атабектің тағдырын қайталай ма?

 
Степногорск түрмесіндегі Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр. Ол әйелінің сөзінше, 25 наурыздан бері 7 мәрте аштық жариялаған. Осыдан бірнеше күн бұрын ол аузын да тіккен. Адвокаты прокурор барған соң аузының тігісін алып тастағанын айтады.
Степногорск прокуратурасына, Бас прокуратураға Жыланбаевтың құқығының бұзылғаны, оған спортшы ретінде жүгіруге, суретші ретінде сурет салуына кедергі мен тиым бар екенін білмеуі мүмкін бе? Меніңше, жоқ.
Жыланбаевтың наразылық акцияларының салдары неге алып келуі мүмкін? Оған жауапты интернеттен жинақтадым.
Жыланбаевтың түрмеде өлуі кімге тиімді?
«Қазақстанда азаптау болмайды, біз мұндай өткен ғасырлық үрдістерден тиылуымыз кере»к деді Тоқаев. Ал мына жағдай азаптау емес пе?
Ауызды тігіп, аштық жариялау — бұл қандай наразылық?
Марат Жыланбаевтың ауызын тігіп, аштық жариялауы — бұл адам құқықтарының өрескел бұзылуына назар аудартудың амалы әрі үмітсіздіктің, шарасыздықтың белгісі.
✂️ Ауыз тігу нені білдіреді?
Ауыз тігу — бұл мәжбүрлі үнсіздіктің символы. Яғни адам ашық айтқысы келгенімен, ешкім оның дауысын естімей отыр дегенді білдіреді. Бұл — қоғам мен билікті селт еткізіп, назар аударту үшін жасалатын өткір әрі ауыр символдық акт.
⚠️ Денсаулыққа әсері — ескерусіз қалдыруға болмайды:
Марат Жыланбаев 2 жыл ішінде 7 рет, әрқайсысы 10–40 күнге созылған аштық акциясын өткізген. Мұндай қайталанатын аштық денсаулыққа орасан зор зиян келтіреді:
1. Ішкі ағзаларға зиян:
• Жүрекке салмақ түсіп, аритмия, инфаркт қаупі артады.
• Бауыр мен бүйрек зақымдалып, олардың жұмыс істеу қабілеті әлсірейді.
• Асқазан мен ішек қызметі бұзылады.
2. Дәрумен және минерал жетіспеушілігі:
• Витамин B, A, D, темір, калий, кальций жетіспеушілігі — қан аздыққа, бұлшық ет құрысуына, көру мен есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
3. Жүйке жүйесі мен психикаға әсері:
• Жадының нашарлауы, ұйқышылдық, депрессия.
• Суицидтік ойлар туындауы мүмкін.
4. Иммундық жүйенің әлсіреуі:
• Адам түрлі ауруларға жиі шалдығып, емделуі қиын болады.
5. Аштықтан кейін қалпына келу:
• Егер аштықтар жиі қайталанса, ағза толық қалпына келмей қалуы мүмкін.
• Тамақ іше бастағанда рефидинг-синдром қаупі бар — бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Суретте:Марат Жыланбаевтың балалары. Бұл постың жалғасы бар @актуальное ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл / Уполномоченный по правам человека в РК.
 
 
Возможно, это изображение 5 человек
 
 
Сания Тойкен
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.