Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына Қазақстанның әр түкпірінен келген мүмкіндігі шектеулі оннан астам жиналып, наразылық білдірді. Бұл жөнінде Азаттық тілшісі хабарлады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар «негізгі талабымыз әлеуметтік жәрдемақыны көбейтіп, баспана мәселесін шешу» дейді.
Солтүстк Қазақстан облысы Кішкенекөл кентінен келген Нұрлан Смағұлов еңбекке жарамсыз екенін, 65 мың теңге жәрдемақы жетпейтінін айтады.
— Жәрдемақыны көбейтпесе күнкөрісіміз қиындап барады. Азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр. Баспана кезегінде тұрғаныма 6 жыл болды. Бірақ біздің ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған үй салынбағанына 30 жыл болды. Сондықтан кезегім келеріне сенбеймін,-дейді ол.
Наразыларға Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілі келіп, «заңсыз жиын» деп ескерту жасады. Ал наразылар жиын өткізетіні жайында әкімдікке бір апта бұрын хабар бергенін, бірақ әкімдік жауапсыз қалдырғанын айтады.
Жиналғандарға Еңбек министрінің кеңесшісі Шыңғысбек Сұлтанбеков шығып, әркімнің мәселесі жеке қаралатынын айтты және министрлік ғимаратының ішіндегі «Адалдық алаңына» шақырды.
Бірақ наразылар оған көнбей, «министрлік қызметкерлерінің жалған сөздеріне мамыр айынан бері тойдық, бізге министрдің өзі шықсын» деп талап қойып тұр.
Әсемгүл Мүхитқызы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.