Шұғыл ақпарат!
Дабыл қағатын жағдай!
Қайсар қыз түрмеде өле ме?
Қазір ғана түрмедегі Әйгерім Тілеужанның анасы Шекерхан анамыз қоңырау шалды.
Әйгерім хабарласып елден араша сұрапты. Жағдай былай, анасының айтуынша осыдан біраз бұрын Әйгерімнің жамбасына түсініксіз жара шыққан, оны ауруханаға жатқызбай түрме ішіндегі медициналық бөлімде емдеп, жараны кесіп тастаған, бірақ араға уақыт салып жамбасқа жара қайта шыққан, ауру асқынып, жамбасы іріңдеп кеткен. Бүгін Алматы облысы, Іле ауданынының орталық ауруханасына апарған екен, Әйгерімді жатқызуға шешім қабылданған, бірақ түрмеге апарған қызметкерлер Әйгерімді ауруханаға қалдырмай қайтадан дәл қазір Жауғашты түрмесіне алып бара жатыр екен. Осы уақытқа дейін шулатпай-ақ қояйын деген Әйгерім анасы арқылы қоғамнан араша түсуді өтініпті.
Әйгерімнің анасына айтқан өз сөзі: “Мама бұлар мені түрмеде өлтірейін деп отыр”.
Осы жазбаны жаппай таратып, бөлісулеріңізді сұраймын!
Қаңтаршы қызды аман алып қалуға атсалысыңыздар!
Әр аурухана ішінде темір тормен қоршалған арнайы палаталар болады, Әйгерімді солай емдеуін талап етейік!
Abzal Dostiyar
Обсуждение закрыто.