Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«ЕҚЫҰ өңіріндегі атқарушы билікке парламенттік бақылау»

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (БДИПЧ) салыстырмалы зерттеуін ұсынамыз — «ЕҚЫҰ өңіріндегі атқарушы билікке парламенттік бақылау».
Бұл жарияланымда ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекетте атқарушы билікке парламенттік бақылаудың конституциялық және рәсімдік тұрғыдан қалай бекітілгені жүйелі түрде талданады.
Құжатта:
• парламенттік қадағалаудың негізгі түрлері жүйеленген;
• пленарлық бақылау мен комитеттік тергеу тетіктері қарастырылған;
• тежеу және теңгерім жүйесіндегі оппозицияның рөлі талданған;
• бюджеттік және мамандандырылған бақылау құралдары зерттелген;
• тиімді бақылауды іске асырудағы негізгі қиындықтар айқындалған.
Бұл материал атқарушы биліктің күшеюі жағдайында билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау қажеттілігі тұрғысынан ерекше өзекті.
Зерттеу депутаттар, сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, азаматтық қоғам институттары және парламентаризм мен институционалдық есептілікті дамыту мәселелерімен айналысатын барлық мүдделі тараптар үшін пайдалы.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады: https://drive.google.com/…/1o…/view…
 
 
 
 
 
 «Қоғамдық жұмыс тобы «Ашық парламент.kz»
 
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.