Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Думан Мұхаммедкәрім қауіпсіздігін талап етеді

 
17-18.09.2025ж. адвокат Думан Мұхаммедкәрімге Қызылорда қаласындағы №60 мекемеге барды.
Д.Мұхаммедкәрім 29.08.2025ж. күні аштық жариялады. Содан бері 12 килограмм салмақ тастапты. Мекеменің журналындағы жабаға сәйкес қазіргі таңда Думан 57 киллограм тартады. Денсаулығы медициналық іс-шара мен емдеуді қажет етеді (белінің ауырғаны басылмаған, бауыры да сыр бере бастаған). 06.08.2025ж. күні “Түрмеде атылған оқ”- деп Думан атаған оқиға — №2 қапаста жарылыс болған. Мекеме әкімшілігі қажетті тергеу жүргізбеген. Думанның айтуынша оның өміріне қауіп төніп тұр, сондықтан өзін шұғыл түрде Алматы маңына ауыстыруды талап етеді.
Сонымен қатар, №60 мекеме Думанның арыз-шағымдарын шығармай жатыр. Думанмен кездесіп, мекемеден шығыр кезінде адвокатты мекеме қызметкерлері тексеріп, оның құқық қорғаушы Б.Торегожына мен адвокаттын атына жазған арыз-шағымдарын алып қойған.
 
 
 
 
Бақытжан Төрегожина
 
 
 
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.