Думан Мұхамедкәрімнің жалғыз отырғанына 365 күн!
Өткен 2024-ші жылдың 31-ші желтоқсан күні кешке Думанның әкесі Алмас аға қоңырау шалды, дауысында мерекелік көңіл-күй жоқ, сөйтсем жайсыз хабар алған екен, жаңа жылмен құттықтаған соң шаруаға көшті. Думанды 29-шы желтоқсан күні Қызылорда түрмесіне жеткізгені туралы бір кісіден естіпті, естіген сәтте маған қоңырау шалған екен. 4-ші қаңтар күні Алмас аға екеуіміз жолға шығып Қызылордаға 5-ші қаңтарда жеттік. Думанды әкесіне көрсетпеді, түрме тәртібін бұзғаны үшін карцерге қамағандарын айтты, әкесі телефон арқылы ғана тілдесті, тамақты кіргізбеді.
Одан бері анасы да екі рет барып қайтты, жаз ортасында және жақында желтоқсан айының басында.
Екі ретте де жалғыз ұлын көре алмады, құшағыма бассам деген ойы орындалмады.
Бүгін міне 2025-ші жылдың 29-шы желтоқсаны, Думанның жалғыз отырғанына тура 1 жыл болды.
Бұл адам құқығын аяққа таптау, азаптау. Кеше ғана адвокат кіріп шықты, Думанның сәлемін жеткізді, ол мерзімсіз аштық жариялапты, талабы — өзі тұратын Алматы төңірегіне ауыстыру.
Сілтемеден көре аласыздар.

Абзал Достияр






Обсуждение закрыто.