Бұл жігіттің есімі — Елдос Досанов. Семейлік белсенді азамат. 4 қазанда «Оян, қазақ» фильміне барып, «қатты рухтанады». Фильмнен соң бәрінің алдына шығып сөйлейді. «Қазақтың жүз жыл бұрынғы тарихы қайталанып жатыр. Билік қазір де қудалап жатыр. Сахараны жүгіріп өткен Марат Жыланбаевты бес айдан бері түрмеде ұстап отыр» дейді. Екі аптадан соң, 17 қазанда үйіне полицейлер келіп, Елдостың үстінен әлдекім «митингіге шақырды» деп арыз жазғанын айтады. Кинозалдағы сөзі үшін түсініктеме жазып беруді талап етеді. Елдос оған келіспей, жазудан бас тартқан. Енді оны «құқық қорғау орган қызметкерінің заңды талабына бағынбады» деп айыптап, әкімшілік сотқа тартып жатыр. Елдос айыпты полиция «ойдан құрастырған» дейді. Соты 20 қазанда өтеді. Белсендіге 103 500 теңге айыппұл салынуы не 15 тәулікке қамалуы мүмкін.
Аян Калмурат
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.