Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен әрекетсіз әкімдермен күресіп жүріп, солардың тұзағына түсіп, жағылған жаланың құрбаны болып жауапқа тартылып жатқан қоғам белсенділері.
Солардың бірі Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан Динара Дастенова мен Анара Анар Ұзақбаевалар.
Екеуі де адам бопсалау бабымен қылмысқа тартылыпьы. Сот болып Динара 2 айға санкциямен қамалса, Анара кішкене баласы болғандықтан үй қамаққа қалдырыпты.
Екі қызды жекелей танымасамды әлеуметтік желі арқылы постарын оқып біліп отыратынмын.
Динара жеке кішігірім кәсібі бар, 1 жылқының еті үшін сатылатын әйел емес.
Айтуларынша Қазалыдан қашықтау бір ауылда тұрмыс төмен отбасы хабарласады осында видеосында салыпты. Әйел адам балаларымен қабырғасы сөгіліп, қара сылақпен тұрған ескі үйге ауыл әкімі отырғызған. Үй өте салқын жане тұруға жарамсыз екнн. Соны бұл екі кісі барып көздерімен көріп видео ға түсіріп әкімді тегеттеп пост жазады. Содан кейін әкім мырза екі қоғам белсенділеріне жылқы етін жібереді, Динара алмаймын дегеніне қоймай бұл етті жағдайы төмен отбасына таратып берсеңіз де болады деген ба белгісіз??. Содан бір жігіт келіп Динараның телефон номерін сұрап алып ватсабына 20 мың бересің деп жазады да, ақшаны Динараның қалтасына салама не қойып қойған ба ??. Сол сәтті собр шақыртып бопсалады деген жаламен ұстатып жібереді.
Сонда халық арасынан шығып халықтың тұрмыс тіршілігін көріп көмектесіп, әкімдерге жеткізіп талап етіп жүрген жандарды бәлемен, жаламен аузын жабу деген сорақылық емеспе.
Еркек басымен әкім бола тұрып астындағы креслоны қатты бағалайтын азаматты азамат, еркек деп айтуға бола ма?! Қызмет қолдың кірі. Әкімдер ауданының,ауылының әлеуметтік жағдайын көріп жұмыстарын адал атқарса, несі бар басқа адам араласып. Уақыты жоқ қарбалас заманда.
Қызылорда жаққа барып әкімдер сайлауында бақылаушы болған Ергалиларды да бопсалап жаламен қаматты. Былтыр Сандуғаш деген көп балалы ананы қаматып, әрең шығарды.
Әділетті шешім шығарып екі белсендіні ақтап шығар деген сенімдемін.
Қызылорда абайлаңыздар. Жала жабудың құрбаны болып кетпеңіздер
Гульзада Дунгенбаева







Обсуждение закрыто.