Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«Диктатор Назарбаев», «Қытай экспансиясы», «Шыңжаңдағы геноцид». Сенбі күнгі наразылық қалай өтті?

Алматыда «Демократиялық партия» құру бастамашыл тобының ұйымдастыруымен митинг өтті. Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдындағы алаңда өткен акция 2,5 сағатқа созылып, оған 300-ге жуық адам қатысты. Жиын қатысушылары Қазақстанда Қытай зауыттарын салуға, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым көрсетуді тоқтатуды, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Белгіленген орын митинг басталмай тұрып-ақ қоршалып, ол жерде мобильді интернет өшірілді. Кемі жеті адам акция орнына жетпей ұсталды.

27 наурыздағы митингіге Қазақстанда ресми тіркеуден өтпеген екі ұйым –»Қазақстанның демократиялық партиясының» («Демпартия») жетекшісі Жанболат Мамай мен Қазақстан соты экстремистік деп танып, Еуроодақ бейбіт ұйым деп атаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ)қозғалысының жетекшісі, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов шақырған.

Оппозициялық топ жақтастары Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе қаласында да митинг өткізбек болған. Бірақ полиция акция өтеді деген жерлерді алдын ала қоршап тастап, жергілікті азаматтық белсенділердің біршамасы ұстап әкетті, адамдардың жиналуына жол бермеді. Нұр-Сұлтанда кемі төрт адам, Ақтөбеде алты адам, Шымкентте төрт адам ұсталды. Митинг шақырылмаған Орал қаласында ұстап әкету байқалған. Жергілікті белсенділер Азаттыққа бірнеше адамның ұсталғанын, кейбірінің үйі алдында полиция көлігінің тұрғанын айтты.

Азаттық оппозициялық күштері жариялаған митинг орындарынан суреттер топтамасын ұсынады.

Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов Алматыда Шоқан Уәлиханов алаңын "митинг орны" ретінде белгілеген. 27 наурыз сағат 11-лер шамасында бұл маңда полиция көліктері тұрды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
1Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов Алматыда Шоқан Уәлиханов алаңын «митинг орны» ретінде белгілеген. 27 наурыз сағат 11-лер шамасында бұл маңда полиция көліктері тұрды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Шоқан Уәлиханов алаңын полиция қоршап, жақын көшелерді бекітті. Ары-бері жүрген адамдарға алаңды айналып жүруге кеңес берді. Аумақта интернет өшірілді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
2Шоқан Уәлиханов алаңын полиция қоршап, жақын көшелерді бекітті. Ары-бері жүрген адамдарға алаңды айналып жүруге кеңес берді. Аумақта интернет өшірілді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Дауыс ұлғайтқыш құралдар тиелген көлік. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
3Дауыс ұлғайтқыш құралдар тиелген көлік. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Азаттық тілшісі байланысты өшіруге ұқсайтын құралдармен жабдықталған осындай екі көлікті байқады. Митингіге келген белсенділер интернеттің бұғатталғанына шағымданды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
4Азаттық тілшісі байланысты өшіруге ұқсайтын құралдармен жабдықталған осындай екі көлікті байқады. Митингіге келген белсенділер интернеттің бұғатталғанына шағымданды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Тұрғын үйлер арасында терезелері қараңғы ірі автобустар да тұрды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
5Тұрғын үйлер арасында терезелері қараңғы ірі автобустар да тұрды. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Азаттық тілшісі газельдердің бірінде балаклава киген қара формалы адамдардың толып отырғанын байқады. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
6Азаттық тілшісі газельдердің бірінде балаклава киген қара формалы адамдардың толып отырғанын байқады. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Полиция кемінде 7 адамды ұстап әкетті. Олардың кейбірі туыстарына полицияның күш қолданып, телефондарын да тартып алғанын айтқан. Полицияның баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме бермеді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
7Полиция кемінде 7 адамды ұстап әкетті. Олардың кейбірі туыстарына полицияның күш қолданып, телефондарын да тартып алғанын айтқан. Полицияның баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме бермеді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" жетекшісі Жанболат Мамай "митинг жайлы әкімдікті ескертсек те, полиция бізге кедергі жасап жатыр" деді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
8Тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық партиясының» жетекшісі Жанболат Мамай «митинг жайлы әкімдікті ескертсек те, полиция бізге кедергі жасап жатыр» деді. Алматы, 27 наурыз 2021 жыл.
Полиция кедергісіне қарамастан Шоқан Уәлиханов алаңында сағат 12-ден өте бері "Қытай экспансиясына" қарсы митинг басталды. Жиналғандардың саны 300-ге жуықтады. 
9Полиция кедергісіне қарамастан Шоқан Уәлиханов алаңында сағат 12-ден өте бері «Қытай экспансиясына» қарсы митинг басталды. Жиналғандардың саны 300-ге жуықтады. 
Жиында жастар да сөйледі
10Жиында жастар да сөйледі
Жиналғандар арасында "Демпартия" өкілдерімен қатар ҚДТ жақтастары да болды. Олар митинг кезінде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа санкция салуды, саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, плакат ұстап тұрды. 
11Жиналғандар арасында «Демпартия» өкілдерімен қатар ҚДТ жақтастары да болды. Олар митинг кезінде бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа санкция салуды, саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, плакат ұстап тұрды. 
Митингіге журналист Гүлжан Ерғалиева, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы, оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсынбай, журналист Ермұрат Бапи де қатысқан. Олар Қытай қатерінің жәй сөз емес екенін, Қазақстандағы жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын айтты. 
12Митингіге журналист Гүлжан Ерғалиева, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы, оппозициялық саясаткер Балташ Тұрсынбай, журналист Ермұрат Бапи де қатысқан. Олар Қытай қатерінің жәй сөз емес екенін, Қазақстандағы жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырғанын айтты. 
Шамамен 2,5 сағат созылған митинг кезінде кей азаматтар қытайлық вакцинаға да қарсылық білдірген. Белсенді Ырысбек Тоқтасын жақын арада Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның 3 млн дозасы әкелінеді деген ақпаратқа алаңдап, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап еткен. (Суретте плакат ұстап тұрған адам).  
13Шамамен 2,5 сағат созылған митинг кезінде кей азаматтар қытайлық вакцинаға да қарсылық білдірген. Белсенді Ырысбек Тоқтасын жақын арада Қазақстанға коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның 3 млн дозасы әкелінеді деген ақпаратқа алаңдап, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап еткен. (Суретте плакат ұстап тұрған адам).  
"Қытай, геноцидті тоқтат!" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған белсенді Марат Құрбанов. Ол бірнеше жылдан бері Шыңжаңда із-түзсіз жоғалған туыстарын іздеп, Қытай билігінен ақпарат талап етіп келеді. 
14″Қытай, геноцидті тоқтат!» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған белсенді Марат Құрбанов. Ол бірнеше жылдан бері Шыңжаңда із-түзсіз жоғалған туыстарын іздеп, Қытай билігінен ақпарат талап етіп келеді. 
Қытайдан қарыз алудың қауіпті екенін айтып тұрған адам.  "Қазақтың бүкіл байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Осыған мүмкіндік беріп отырған бүгінгі Назарбаев - Тоқаев билігі. Біз Назарбаев билігіне қарсы тұрамыз. Қытай экспансиясына қарсы тұрамыз. Өйткені біз үндемесек, Қытайға жұтылып кетеміз" деді Демпартия белсендісі Абзал Достияров. 
15Қытайдан қарыз алудың қауіпті екенін айтып тұрған адам. 

«Қазақтың бүкіл байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Осыған мүмкіндік беріп отырған бүгінгі Назарбаев — Тоқаев билігі. Біз Назарбаев билігіне қарсы тұрамыз. Қытай экспансиясына қарсы тұрамыз. Өйткені біз үндемесек, Қытайға жұтылып кетеміз» деді Демпартия белсендісі Абзал Достияров. 
Ал Нұр-Сұлтанда митинг өтпей қалды. Бірақ арнайы жасақ кем дегенде төрт адамды ұстады. Олардың бәрі митингіге келгендерін айтқан. Кейбірі талаптарын айтып үлгерді. Нұр-Сұлтан, 27 наурыз 2021 жыл.
16Ал Нұр-Сұлтанда митинг өтпей қалды. Бірақ арнайы жасақ кем дегенде төрт адамды ұстады. Олардың бәрі митингіге келгендерін айтқан. Кейбірі талаптарын айтып үлгерді. Нұр-Сұлтан, 27 наурыз 2021 жыл.
Митингі жоспарланған орталық цирк маңы белгіленген уақыттан бұрын темір қоршаумен жабылды. Полиция цирк ғимаратының аумағына ешкімді кіргізбеді. Айналадағы адамдардың да қозғалысына кедергі келтіріп, тоқтатып қайда баратынын сұрап жатты. "Митингіге келдім" деп, цирк ғимаратының аумағына өткісі келген екі тұрғынды полиция ұстады.   
17Митингі жоспарланған орталық цирк маңы белгіленген уақыттан бұрын темір қоршаумен жабылды. Полиция цирк ғимаратының аумағына ешкімді кіргізбеді. Айналадағы адамдардың да қозғалысына кедергі келтіріп, тоқтатып қайда баратынын сұрап жатты. «Митингіге келдім» деп, цирк ғимаратының аумағына өткісі келген екі тұрғынды полиция ұстады. 
 
Цирк маңындағы автобустар. Цирк аумағына кіре алмаған соң бірнеше белсенді ғимараттың көлік тұрағына жиналған. Олар Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсылық білдіріп, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Осы кезде полиция мен арнайы жасақ келіп жиналғандардың екеуін күштеп ұстады. Қалған белсенділер тарап кетті. Нұр-Сұлтан, 27 наурыз 2021 жыл.
18Цирк маңындағы автобустар. Цирк аумағына кіре алмаған соң бірнеше белсенді ғимараттың көлік тұрағына жиналған. Олар Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсылық білдіріп, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. Осы кезде полиция мен арнайы жасақ келіп жиналғандардың екеуін күштеп ұстады. Қалған белсенділер тарап кетті. Нұр-Сұлтан, 27 наурыз 2021 жыл.
Шымкентте оппозициялық ұйымдардың митингісі өтеді деген күні орталық саябақ пен "Отбасы аллеясы" маңында полиция қаптап кеткен. Таңертең кейбір белсенділердің үйіне полиция барған, кейбірі митинг орнына келе жатқан жолда ұсталған. Шымкент, 27 наурыз 2021 жыл.
19Шымкентте оппозициялық ұйымдардың митингісі өтеді деген күні орталық саябақ пен «Отбасы аллеясы» маңында полиция қаптап кеткен. Таңертең кейбір белсенділердің үйіне полиция барған, кейбірі митинг орнына келе жатқан жолда ұсталған. Шымкент, 27 наурыз 2021 жыл.
Орталық саябаққа келген төрт әйел билікке талабын айтып тұр. Орталық саябаққа жиналуға қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов шақырған. Төрт әйел елде саяси себеппен қудаланғандарды босатуды, Қазақстандағы Қытай инвестициямен істеп жатқан жобаларды жабуды талап етті. Шымкент, 27 наурыз 2021 жыл.
20Орталық саябаққа келген төрт әйел билікке талабын айтып тұр. Орталық саябаққа жиналуға қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов шақырған. Төрт әйел елде саяси себеппен қудаланғандарды босатуды, Қазақстандағы Қытай инвестициямен істеп жатқан жобаларды жабуды талап етті. Шымкент, 27 наурыз 2021 жыл.
Ақтөбеде митинг орны ретінде белгіленген орталық базар маңынан полиция 5-6 адамды ұстап әкетті. Олар талаптарын да айтып үлгермеді. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
21Ақтөбеде митинг орны ретінде белгіленген орталық базар маңынан полиция 5-6 адамды ұстап әкетті. Олар талаптарын да айтып үлгермеді. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
Полиция базар маңында адамдарды ұстап жатыр. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
22Полиция базар маңында адамдарды ұстап жатыр. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
Полиция автобусы. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
23Полиция автобусы. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
Митинг өтеді деген күні көше тазалығына жауапты мекемелердің де белсенділігі артып кетті. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.
24Митинг өтеді деген күні көше тазалығына жауапты мекемелердің де белсенділігі артып кетті. Ақтөбе, 27 наурыз 2021 жыл.

Радио Азаттык

https://www.azattyq.org

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
.