Бүгін Қазақтың Аружаны Аружан Дүйсебаеваға полиция қызметкерлері ізінен аңдып жүріп, ертеңге полиция учаскесіне келуге бұйырып, шақырту тастап кетіпті. Сылтаулары: Алматыда 19 қыркүйек күні өткен Әуежай ісі бойынша сотты түсіруге барғанын “заңсыз жиынға қатысу” деп бағалап тұр екен. Сонда сотты түсіру де заңға қайшы болғаны ма? Бұл не масқара? Аружан ол жерде плакат ұстаған жоқ, ұран тастаған жоқ. Тек қана болған оқиғаны қалай бар, солай түсірді. Енді ертең оны сол үшін қамауға алса бұл нағыз масқара?
Еске сала кетейік, соңғы рет Аружанды Алматы әкімі Досаевтың халықпен кездесуіне барған кезде полиция ұстаған. Сондықтан, Аружан осы жолы қамалса, әкім Досаевтың тапсырысы болуы әбден мүмкін.
Инга Иманбай
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.