26 ақпан, Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, полиция қызметкерлері Қарағанды қаласына алып кеткен. Жігіттің аты-жөні Болатбек Зейнелхан. Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы, Сарыөзек ауылының тұрғыны. Ауылда тұрса да Қарағандылық белсенділермен етене араласып, еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайларға қатысты пікірін білдіріп жүрген азамат. Өткен жаз айында Қонаев қаласында өткен журналист Думан Мұхамедкәрімнің сотына сонау Қарағандыдан арнайы қолдап келген еді, мына видео сол күні түсірілген. Осы азаматты 26-шы ақпан күні полиция тұтқындаған, әйелінің сөзінше жиырмадан аса полиция қызметкерлері үйіне баса-көктеп кіріп, үй ішін толық тінтіп, Болатбектің өзін Қарағанды қаласына алып кеткен, әйелінің ноутбугын,телефонын, мал сатып тапқан ақшасында тәркілеп алып кеткен.Жұбайымен болған сұқбатты ютуб арнадан көре аласыздар.
Думан Мұхамедкәрімді қолдаған жігітті түрмеге қамап тастады!Әйелі қалай ұстағанын айтты.
Абзал Достияр
https://www.youtube.com/watch?v=Cj69Y7cUeBc
Обсуждение закрыто.