2022 жылғы 9 тамыз Алматы қаласы
Сараптамалық кеңестің 2022 жылғы 3 тамыздағы шешімімен саяси тұтқын болып танылғандар:
- Сәдібеков Молдабай, Шымкент қаласының азаматтық белсендісі, белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше реет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 06.06.2022 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабымен «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» бойынша М.Сәдібеков кінәлі деп танылып, 3 жылға орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге бас бостандығынан айырылды.
- Байсағатов Айдар, Өскемен қаласынан азаматтық белсенді. 2022 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша қаңтардағы митингі өтетін жерде болғаны үшін 1 жыл 4 айға ең төменгі қауіпсіздіктегі колонияда өтеуге бас бостандығынан айырылды. Алаңда митинг өткен күні ол« Facebook » әлеуметтік желісі үшін онлайн-трансляция жүргізіп, елде болып жатқан жағдай туралы өз ойын білдірген. Қаңтардың 5-і күні тікелей эфир жүргізу кезінде А.Байсағатовты қара киім мен бетперде киген белгісіз біреулер, кенеттен ұстап алған, және ол қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілген.
- Аблайхан Бекеев, 27 жастағы ақтөбелік азаматтық белсенді. 2022 жылғы 12 қаңтарда А.Бекеев ұсталып, оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы «жаппай тәртіпсіздіктер» бойынша сараланды. 2022 жылдың 5 қаңтарында А.Бекеев өзінің конституциялық бейбіт жиналыстар құқығын пайдаланып, жаңаөзендіктердің талаптарын қолдау мақсатында митингке шыққан.
- Әзиз Жолатов, студент, Семей қаласының азаматтық белсендісі -Анар Қалиеваның ұлы. Анасы мен әпкесінің белсенді азаматтық ұстанымдары үшін, оған бірнеше рет қоқан-лоқы жасалған. 2022 жылдың 6 қаңтарындағы бейбіт митинг кезінде А.Жолатов анасымен бірге ұсталып, Семей қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. 2022 жылғы 8 қаңтарда А.Жолатовтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы, 269-бабымен сараланған. Ұстау кезінде Азиз қатты соққыға жығылғын, оны ес-түссіз күйде полиция бөліміне жеткізген. ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы «Азаптау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сараптамалық кеңес:
Ғалым Ағелеуов
Лұқпан Ахмедьяров
Зәуреш Батталова
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис
Ерлан Қалиев
Бақытжан Төреғожина
Амангелді Шорманбаев
2022 жылғы 9 тамыз , Алматы қаласы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.