22 қантарда, Атырауда сот белсенді Макс Боқайдың әкімшілік бақылау мерзімін ұзартты. Желіге пікір жазғаны үшін, журналистерге сұхбат бергені үшін тағы алты ай полиция бақылауында жүретін болды. Жер митингінен соң бес жыл түрмеде отырып, 2021 жылы қамаудан шыққанда Боқай бақылауға алынған. Оның мерзімі биыл наурызда аяқталуы керек еді. Бірақ бүгін сот Боқай «тура жолға түспеді» деп тауыпты… Оған қаладан рұқсатсыз шығуға, кешкі оннан таңғы алтыға дейін көшеде жүруге, көпшілік орында қоғамдық-саяси мәселелерді талқылауға, пікір білдіруге тыйым салынды.
Аян Қалмурат
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.