Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫНДАУДЫҢ 2025 жылғы 1-31 шілде аралығындағы ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ

1 шілде, Алматы қаласы, С.Көпбаева, 27 маусымда  «Отбасы банк» АҚ ғимараты жанында 8 шілде күні жекеше пикет өткізу туралы хабарлама жіберді. Әкімдік қызметкерлері телефон соғып, жекеше пикет өткізуге рұқсат болмайтынымен алдын ала хабардар етті[1].

1 шілде, Степногорск қаласы, №4 мекеме, М.Жыланбаев, 1-бап. ҚР ҚК 405-баптың 2-бөлігі, 258-баптың 2-бөлігі, 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Аштық акциясының 35-ші күні! Аты аңызға айналған адам Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандардың негізгі құқықтары үшін күресуде[2].

1шілде, Атырау қаласы, «Ақ Жайық» газетінің бас редакторы ҚР ӘҚБтК-нің 456-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған іспен танысу үшін полиция бөліміне шақырылды. 2 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінген блогер Қ.Ыдырысованың және оның сыбайласының Атырауда ұсталғаны туралы 2025 жылдың 7 маусымындағы «Ақ Жайық» сайтындағы мақаласы оған себеп болды[3].

1 шілде, Петропавл қаласы, Ж. Көпеев, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174-бабы «Араздықты қоздыру» бойынша кінәлі деп танып, бас бостандығынан 3,5 жылға айыру және сот шығындары ретінде 1,78 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарды[4].

2 шілде, Атырау қаласы, «Қалалық тергеу изоляторында толық тәртіпсіздік және ашықтықтың болмауы орын алған. №75 мекеменің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде, өз орындарында жоқ, қызмет көрсету аудиториясында ешкім жоқ, және қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкін емес», — деп хабарлады журналист О.Вертинская [5].

2 шілде, сотталғандар адвокатпен және дәрігермен байланысқа шаға алады, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің Ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер енгізді. Адвокатпен телефон арқылы сөйлесу арқылы білікті заң көмегін алу үшін сотталушы мекеме әкімшілігіне жазбаша немесе ауызша өтініш береді[6].

2 шілде, Киевте қастандықтан бір жыл бұрын қайтыс болған YouTube желісіндегі «Бәсе» арнасының авторы журналист А.Садықовтың өлімі туралы істі тергеуге Қазақстан кедергі келтіруде, деп хабарлайды «Шекарасыз репортерлар» (RSF) халықаралық ұйымы[7].

2 шілде, Қазақстан орган саудасының жаһандық желісінің құрсауына түсті. Гарвард университетінің, Джордж Мейсон университетінің және Токио университетінің ғалымдары бірлесіп жүргізген жаңа зерттеу International Journal of Health Geographics ғылыми журналында (Q1 қоғамдық денсаулық және информатика санаттарында) жарияланды. Қазақстан 2 онжылдық бойы тұрақты түрде сатушы елдер тізімінде тұр[8].

2 шілде, Астана қаласы, Үкімет талап қоюға жауап дайындап, ұсынды, деп мәлімдеді белсенді Әлнұр Ілияшев. Жауаптан алғашқы қазақстандық АЭС-тің қолданыстағы Ресейлік Сары-Шаған зымыран полигонына әлеуетті қауіпті жақындығын олардың мойындайтыны көрінеді [9].

3 шілде, Астана қаласы, бір топ сенатор Премьер-министр Ө.Бектеновке жеткілікті негізсіз қылмыстық істі қозғаған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жеке жауапкершілік тетігін енгізуді талап етіп, үндеу жолдаған болатын, бірақ үкімет басшысы «қызметтік және тәртіптік іс жүргізуге» сілтеме жасаумен шектеліп, бастаманы қолдаған жоқ[10].

3 шілде, Ақтөбе облысында жеке сот орындаушыларының (ЖСО) атқарушылық істері бойынша азаматтардың жеке деректері бар құжаттарды лақтыру фактісі бойынша әкімшілік және қылмыстық іс қозғауды белсенділер талап етті[11].

3 шілде, Астана қаласы, Бас прокуратура: «2025 жылғы 3 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.Татубаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағында (Азаптау) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды[12].

3 шілде, Астана қаласы, белсенді А.Тоқпаеваға ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігі бойынша «Билік өкіліне өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану» бойынша айып тағылуда. Бұл 25 жылдың 10 сәуіріндегі Жоғарғы Сотта болған оқиғаға байланысты, онда оны баласымен бірге кіргізбей қойған[13]

3 шілде, Атырау қаласы, блогер Құндызды кәмелетке толмаған балаларының көзінше пәтерінде ұстады. Әйел жүкті болған, ешкімді қорқытпаған, қауіп төндірмеген – бірақ ұстау күш қолдану арқылы, шақырусыз, хабарламасыз, бетперде киген адамдардың қатысуымен өткен. Мұның бәрі балалардың көзінше орын алған[14].

4 шілде, CPJ соңғы кибершабуылдар сериясын және «Республика.kz» тәуелсіз басылымының журналистеріне жала жабу және қорқыту әрекеттерін айыптайды[15].

4 шілде, Ақтөбе қаласы, бүйрегін сатпақ болған қарағандылық тұрғын Ахтаев ҚР ҚК 116-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұндай шешімді Ақтөбе соты шығарды, 27 жастағы ер адам рақымшылыққа ілінді. Ол, өз бүйрегі үшін 20 миллион теңге сұраған[16].

4 шілде, Астана қаласы, апелляциялық соты бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, Жамбыл облысында шегірткенің таралуы туралы ақпаратты жариялағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған блогер К.Павловқа қатысты істі қарады. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды[17]

4 шілде, Астана қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы шешен белсендісі М.Мовлаевқа қатысты жағдайды түсіндірді. Ол Қазақстан билігінен баспана сұраған. Сондай-ақ олар оның өтініші қаралып жатқанда ол экстрадицияланбайды деп сендірді[18].

4 шілде, журналист А.Матаев 2016 жылы әкесі С.Матаев екеуіне айып тағылған атышулы істі тағы да еске алды. Әсеттің айтуынша, сол кездегі қаржы полициясы бастығының орынбасары Т.Татубаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша кінәсін мойындауды талап еткен, «қызмет көрсету арқылы бостандыққа шығару»-ға уәде берген. «Ол бұйрық бар екенін және олар «бізді бәрібір басып қысатынын» түсіндіруге тырысты[19].

4 шілде, Ақтөбе қаласы, 1 топ мүгедегі М.Дауылов көптеген бас тартулардан кейін плакат пен дыбыс күшейткішпен пикетке шықты. Қала әкімдігі белсендіге сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Әбілхаирхан ескерткіші маңында жалғыз пикетке шығуға рұқсат берді. Тақырыбы: Мүгедектерге мемлекеттік қызметтердің көрсетілмеуіне назар аударту. Белгісіз қыз  пикетке қалай рұқсат алғанын сұрастырғанымен, онда болған әкімдік қызметкерлері оған ешкімнің араласуға болмайтынын айтты [20].

4 шілде, Астана қаласы, «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы басшысының бұрынғы орынбасары О.И.Кексельді 146-баптың 2-бөлігінің 1.2 тармағы (азаптау) бойынша күдікті деп таныды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда[21].

4 шілде, 28 жастағы Қазақстан тұрғыны А.Мартыновқа Ресейде теракт жасауға әрекеттенді, лаңкестікке көмектесті, тыңшылық жасады, диверсия жасады және осы мақсатта дайындық жасады деген айыптар тағылуда. Тергеу мәліметтері бойынша, А.Мартынов оқудан өтіп, өрт қою туралы нұсқау алып, мессенджер арқылы нысаналардың орналасқан жерін зерттеген[22].

4 шілде, Астана қаласы, Қадір-Қасиет: Құқық қорғаушылардың қауіпсіздігіне қатысты нақты істер. Үкімет өкілдері құқық қорғаушыларды, белсенділерді, журналистерді қорғау тетіктері азаматтардікі сияқты тиімді жұмыс істейді деп мәлімдегенде, бұл — жаңылу (теріс пікір) [23].

4 шілде, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті телекоммуникация құралдарына қойылатын талаптарды реттейтін техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді ұсынды. Түзетулер іс жүзінде телекоммуникациялық ортаны – жалпыға ортақ және жабық түрдегілерді техникалық толық қамтудың негізін қалайды. Енді тіпті ішкі корпоративтік желілер де Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзырында болуы мүмкін[24].

5 маусым, Орал қаласы, қоғам қайраткері А.Өтепов, ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігімен 7 жыл бас бостандығынан айырылған, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеп жатқан, «қауіпсіз орындағы» камераға ауыстыруды сұрады. Туыстарының айтуынша, ол өз қауіпсіздігі үшін алаңдайды[25].

5 шілде, «Біз Адам құқықтары жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігі; 218-бабы 2,3-бөлігінің 3-тармағы; 262-бабының 2-бөлігі бойынша, бас бостандығынан айыру мерзімі 5 жыл 1 айға дейін, саяси кепілге алынған Б.Меңдіғазиевті босатуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге шақырамыз. Авторитарлық режимдер сенімге негізделген халықаралық өзара әрекеттесулер механизмдерін пайдалануда. Осы олқылықтарды жабудың уақыты келді», — деп мәлімдеді Л.Козловская АҚШ Конгресінде[26].

5 шілде, ұлытаулық белсенді А.Айтмағамбетованың үстінен әкімді сынағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. «Психологиялық-филологиялық сараптама әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Сот ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша, TikTok желісінде жалған ақпарат таратқаны үшін, оған 495 432 теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды» [27].

5 шілде, Көкшетау қаласы, полиция белсенді Н.Жүсіпованы ұстады. Ол әкімдіктің 6 шілде күні халықтың жиналып, митинг өткізуіне жол бермеу үшін жаңа алаңды «жөндеу» деген сылтаумен қалай жауып тастағанын видеоға түсірген. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алу жазасын шешті[28].

6 шілде, Астана қаласы, Э.Бекзадина концертте болды, шара барысында ол: «Тоқаев, кет!», «Бағаның өсуіне жол жоқ!», «АЭС тоқталсын!» және «Ресей агрессор» деген ұстанымын білдірді. 13.01.25 жылы Степногорск қаласына келіп М.Жыланбаевты қолдауға шақырғаны үшін оны қамауға алды, сот ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігімен 196 600 теңге айыппұл белгіледі[29].

6 шілде, Астана қаласы, белсенді В.Жанбаева ұсталды, оны полиция фургонына итеріп кіргізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Полиция агрессивті әрекет етті, қарапайым азаматтық құқықтарды бұзып, бейне түсіру әрекеттерінің жолын кесті. Кейін оны үйіне жіберді[30].

6 шілде, Алматы қаласы, белсенді Н.Айтеленовті бірнеше рет қорқыту оның мопедін және жақын жерде тұрған тағы бір мопед пен көлікті өртеп жіберумен аяқталды. Қазір сараптама жүргізілуде. Бұл белсенділерге қысым жасау әрекетінің көп және одан сайын қалай күшейе түскеннің тағы бір факті[31].

6 шілде, Астана қаласы, Құқықтық медиа орталығы 2025 жыл қазірдің өзінде қазақстандық журналистерге қарсы қуғын-сүргін жылына айналды деп хабарлайды. Түрме мерзімдерінен айыппұлдар мен қудалауға дейін: журналистер шындықты айту құқығы үшін жоғары баға төлейді. Кімге және не үшін қысым жасалды? [32].

6 шілде, Орал қаласы, митинг болатын күні белсенділер Б.Өтебаев пен М.Ескендіроваға полиция бақылау жүргізуде. Белсенділер бақылаудан қашып құтылып, тікелей эфирге шықты[33].

7 шілде, Ақмола облысы, Бірсуат ауылы, тұрғындар президент Қ.Тоқаевтан ауылды тас жолдан бөліп тұрған 15 шақырымдық жол мәселесін шешуге көмек сұрады. «Жоспарға енгіземіз», «жобаны қарастырып жатырмыз», «келесі жылы» деген баяғы уәделер жылдар бойы билік тарапынан естіліп келеді. Бірақ нақты шешім жоқ[34].

7 шілде, Астана қаласы, Л.Ахмедьяров, журналист Украинаға қарсы Ресей жағында соғысып жатқан 600 қазақстандықтың тізімін жариялағаны үшін оның үстінен Қостанай тұрғыны шағым түсіргенін хабарлады. Тергеуші оның статусын хабарламады және оны жауап алуға емес, сауалнамаға шақырды[35].

7 шілде, Астана қаласы, Л.Ахмедьяров Instagram желісіндегі «Просто журналистика» аккаунты жойылып, оның орнына дәл осындай логотипі бар justjournalism.official («Просто журналистика») деген жалған аккаунт пайда болғанын хабарлады[36].

8 шілде, Атырау қаласы, апелляциялық соты Ж. Қаршыгеноваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтағаны үшін, 3 жылға бас бостандығынан айыру бойынша айыптаулардың бәрін жойды және тергеушіге жеке қаулы шығарды. Іс 5 айға созылған тергеумен қатар, азаптау фактілері туралы арыздардан тұрады, олар Президент Әкімшілігі мен Бас прокуратураға жолданды[37].

8 шілде, Степногорск қаласы, ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі, 258-бабының 2-бөлігі, 7 жылға бас бостандығынан айырылған М.Жыланбаевқа адвокат Д.Малюга барды, М.Жыланбаев оны моншада «жоюды» жоспарлап жатқанын білгенін оған хабарлады. «Биліктің приказымен екі тұтқын оның басын плиткалы еденге соғуы керек. Егер, ол аман қалса, бәрі жай ғана оқыс оқиға сияқты құжатталады. Ал олар — жай ғана «куәгерлер» [38].

8 шілде, Қазақстан, Qaharman.kz 2025 жылдың 6 шілдесіне жарияланған бейбіт шерулер алдында саяси қудалаулардың тізімін жариялады [39].

8 шілде, Астана қаласы, сотта экс-сенатор Қ.Қожамжаров туралы ашық айғақтар тыңдалды. Азаптаулар ісі бойынша Т.Татубаев 3 шілдеде ұсталды, тергеуді Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық тергеу тобы жүргізуде [40].

8 шілде, Астана қаласы, Бас прокуратура Шешенстан тумасы М.Мовлаевты Ресейге экстрадициялау процесін тоқтатты. Шешенстан билігі оны бопсалаудың екі эпизоды бойынша іздеп жатыр. Алайда экстрадициялауға тыйым салу уақытша және Қазақстан М.Мовлаевқа босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдағанға дейін ғана тоқтатылды[41].

8 шілде, Ақмола облысы, Ақтасты ауылы, тұрғындар Президент әкімшілігіне ауылдың нақты мұң-мұқтажына назар аударып, тұрғындарды қолдауды сұрап жүгінді, оларда: жарық, таза су, қауіпсіздік және құрметтеу қарым-қатынасы жоқ[42].

8 шілде, Степногорск қаласы, № 4 мекеме, М.Жыланбаев, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258, 405-баптары, 7 жыл бас бостандығынан айырылған, өзінің жақтастарына қысқа, бірақ маңызды хат жолдады: «Мен мында таймай тұрамын  және ешқашан берілмеймін. Мен үшін алаңдамаңыз — менің денсаулығым жақсы. Мақалаларды жазып, «Дат» және «Новая газета» газеттеріне жіберіңіз. Біздің барша қолдаушыларға сәлем айтыңыз» [43].

8 шілде, Семей қаласы, ұл баланы аяусыз соққыға жығу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Абай облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Е.Жүнісова хабарлады[44].

9 шілде, Алматы қаласы, әскеріне шақырылған А.Арықбай военкоматта Әлішер есімді әскери қызметкердің соққыға жыққанын айтты. Оны сауда орталығынан ұстап алып, алдымен Қонаевқа, кейін Таразға жіберген. Ол есінен танып қалғанын айтады. Құрысып қалғаннан кейін психикалық денсаулық орталығына жіберген. Әскери комиссариат жігіттің әскерге шақырылмай тұрып басынан жарақат алғанын мәлімдейді[45]

9 шілде, Алматы қаласы, Orda.kz сайтының бас редакторы Г.Бәжкенова өзіне қарсы қатты қысым, қысым, бопсалау, жеке аккаунттарды бұзу және қоқан-лоққыларға тап болды. Мәселелер Orda.kz сайтын «Сана» орталығының квазимемлекеттік құрылымының бақылауына беруден бас тартқаннан кейін басталған[46].

9 шілде, Астана қаласы, Қазақстанда спортшыларға діни наным-сенімдерін көрсетуге тыйым салынады. 2025 жылдың 19 шілдесінен бастап Қазақстанда спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін міндетті спорттық этиканың жаңартылған стандарттары күшіне енеді. Құжатта спорт қауымдастығы өкілдерінің қоғамдық кеңістікте және жарыстарда өзін қалай ұстауы керектігі егжей-тегжейлі көрсетілген[47].

9 шілде, Алматы қаласы, С.Боқаевқа БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің сессиясына қатысуға тыйым салынды. Қоғам қайраткері сайлаушылардың дауысын қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Оның айтуынша, бұл БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінен шақыру алумен тұспа-тұс келді, оның отырысында ол Парламент Мәжілісіне сайлау тақырыбы бойынша баяндама жасамақшы болған[48].

9 шілде, Көкшетау қаласы, адвокат М.Досқараев Н.Жүсіпова уақытша ұстау изоляторы қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне наразылық ретінде тамырын кесіп тастағанын хабарлады. Сот оған, ҰҚК ғимаратының қақпасына және плакатқа «Тоқаев, кет» деп жазғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Ол қамауға алынғанның бірінші күні аштық жариялады, өйткені оған жеке гигиеналық құралдар, шайға қайнаған су, төсек-орын жабдығы берілмеген [49].

10 шілде, Қостанай қаласы, әкімдікке 1-топтағы мүгедек Андрей Лоба тұрғын үйдің оның мұқтаждықтарына сәйкес келмейтініне шағымданды. Қажетті жөндеу және бейімдеу жұмыстары 20 миллион теңгеге бағаланып отыр [50].

10 шілде, Алматы қаласы, қаланың Алмалы аудандық сотында Ж. Қазақбай, Ф.Сыдықов, Н.Жауылбаев, Ә.Мүбараков және Н.Темірғалиев, Қазақстан Республикасы ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі, АЭС референдумына дейін ұсталған 5 белсендінің ісі бойынша сот отырысы басталды. Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, айыпталушылар Балқашта жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған[51].

10 шілде, Астана қаласы, А.Ильяшев, сот жоспарланған АЭС-тің орналасқан жерін қайта қарауды талап еткен  А.Ильяшевтің шағымын қараудан бас тарту туралы шешім жариялады. Өтініш беруші МАГАТЭ ұсынымдарына сілтеме жасай отырып, әскери полигон мен зымырандық базаның жанында АЭС салуға жол берілмейтіндігін көрсеткен болатын [52].

10 шілде, Петропавл қаласы, Измайлов С. прокуратураға шағым түсірді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабына сәйкес Петропавл қаласы УПИ ЖПҚБ бастығы К.В.Ищенконың, тексеру материалын ұйғарымға мерзімінен бұрын есептен шығару туралы заңсыз әрекеттеріне қатысты[53].

10 шілде, Едилов.онлайн (yedilov.online) ресурсы ауқымды цифрлық шабуылға ұшырады. Бір уақытта екі әдіс қолданылды: сайтқа DDoS шабуылы және Telegram арнасына бот шабуылы. Нәтижесінде сайт уақытша қолжетімсіз болды[54].

11 шілде, «Азаттық Азия» радиосының өкілдігі басылымның 7 қызметкерінің аккредитациясын ұзартудан бас тартуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігін (СІМ) сотқа берді[55].

11 шілде, Степногорск қаласы, №7 мекеме, заңгер Д.Малюга А.Сыздықовқа барды, ҚР ҚК 297-бабымен 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Адвокаттың айтуынша, Сыздықов 2024 жылдың желтоқсан айынан бері әкімшілік тарапынан психологиялық қысымға ұшыраған, оның ішінде А.М.Рахимов пен мекеме басшысы Т.С.Бикеев бар. Сыздықов арыз-шағымдарын жолдаған, бірақ олар қабылданбады[56].

11 шілде, Астана қаласы, «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры: Қазақстанда шетелдік БАҚ пен олардың журналистерін аккредиттеу туралы жаңа Ереженің қабылданғанына бір жылдан аз уақыт өтті. Өкінішке орай, Сыртқы істер министрлігі біздің ұсыныстарымызды естімеді, министрдің атына бір жыл бұрын жолданған хатты жіберіп отыр [57].

11 шілде, Article 19 өзінің жыл сайынғы Global Expression Report 2025 жаһандық баяндамасын жариялады. Қазақстан мүмкін болатын 100 ұпайдан 19 ұпай жинады және «сөз бостандығы дағдарысы» бар (In Crisis)— рейтингі ең төменгі елдер қатарына  жіктелді [58].

12 шілде, Маңғыстау облысы, Бейнеу стансасы, теміржолшылар басшылық пен Премьер-Министрге жұмысына кедергі келтіріп отырған цехтарының өзекті мәселелеріне назар аударуды сұрап, видеоүндеу түсірді. «Егер бұл мәселелер жақын арада шешімін таппаса, жұмысты тоқтатуға мәжбүр боламыз. Шара қолдануыңызды сұраймыз», — деп түйіндеді хабарламаны депо қызметкерлері[59].

12 шілде, Алматы қаласы, Бағанашылдағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Президент Қ.Тоқаевтан көмек сұрады. Жетім балалар Қонаевқа көшіріп тастай ма деп алаңдаулы[60].

13 шілде, Алматы қаласы, Түрксіб ауданының 6-шы орамы тұрғындарының атынан Қазақстан Президентіне шұғыл араласуды сұрап жүгінді. Жөндеу деген желеумен халықты баспанасынан, құқығынан, дауысынан айыруда[61].

14 шілде, Алматы қаласы, «Adaldyq Alany RJO» Заңды тұлғалар бірлестігіҚазақстанға сайлаушылар алдындағы міндеттерін орындамайтын Мәслихат депутаттарын кері шақыру мысалдары қажет деп хабарлайды. Бұл, әсіресе, жылдар бойы су, кәріз, экология, жол, жарықтандыру және басқа да өмірлік маңызы бар мәселелер шешімін таппай келе жатқан аудандар мен елді мекендерге қатысты[62].

14 шілде, Қарағанды қаласы, полициясы газеттерде, сайттарда, Instagram және WhatsApp мессенджерінде жарияланған хабарландырулар арқылы полиция қызметкерлерін жұмысқа алатынын ресми түрде хабарлады. Іріктеуден өткеннен кейін ішкі істер органдарында жұмыс істегісі келетіндер қатардағы полиция қызметкері немесе орта басшы құрамдағы лауазымдарға орналаса алады[63].

14 шілде, Алматы қаласы, CIVICUS Monitor үшін Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (Бельгия) және АҚЗСҚХБ  үшін дайындалған Қазақстан туралы жаңа баяндама жарияланды: шетелден қаржыландырылатын ҮЕҰ-ға шабуылдардың қайталануы, Конституциялық Соттың шешіміне қарамастан наразылық шерулеріне шектеу қою және сыншыларды қудалаудың жалғасуы[64].

14 шілде, Астана қласы, журналист Р.Упоров «Әділ журналистиканың» редакциясының пошта жәшігін бұзу әрекеттері болып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, топ мүшелерінің жеке поштасына зиянды файлдар жүктелген хаттар келді [65].

14 шілде, Ақмола облысы, Дубовка ауылының тұрғындары президент Қ.Тоқаевқа өтініш білдірді. Айтуларынша, ауыл әкімі тікелей зиян келтірумен, белсенді ұстанымы үшін азаматтарды жазалаумен айналысуда. Ауыл кәріз жүйесі тозығы жеткен. Адамдардың ауыз су құбырларынан кәріз суларды еске түсіретін өткір, сасық иісі бар су ағады[66].

15 шілде, Астана қаласы, өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ө.Бектенов журналист Қ.Кенжебектің Қантар туралы сұрағына және Премьер-Министрдің жауабына жауап берді. Енді оны PrimeMinister_kz YouTube арнасынан таба алмайсыз. Бұл эпизод ағын аяқталғаннан кейін мұқият кесімделген[67]

15 шілде, Алматы қаласы, С.Боқаевтың Facebook-тегі аккаунты тағы да бұғатталды. Себептері әлі белгісіз. С.Боқаев мұны #нетутилсбору қозғалысының қарсыластары жасағанын айтты. Бірақ, аккаунтты қалпына келтіру тек уақыт мәселесі екеніне сенімді[68].

15 шілде, Батыс Қазақстан облысы, «Жария» ҮЕҰ Казталов ауылдық округі әкімін сайлау кезінде заң бұзушылық тіркелді, «Сайлау туралы» заңның 41-бабы бұзылды. Сайлаушылардың жалпы саны 3750 адамды құрады. «Жария» үкіметтік емес ұйымы заң бұзушылықтар үшін сотқа шағым түсірді, бірақ жергілікті АСК «Жария» байқауының нәтижесімен келісіп, сайлау нәтижесін жойды[69].

15 шілде, Астана қаласы, Премьер-Министр Ө.Бектенов биылғы жылдың көктемінен бастап азаматтар заңға тәуелді актілердің толық мәтінімен толық таныса алмайтынын, олардың тек қысқаша сипаттамасымен қанағаттанатындарын хабарлады[70].

15 шілде, Астана қаласы, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосының тағы 9 қызметкерінің мерзімін ұзартудан бас тартты. Бұл туралы ведомство жолдаған хаттан белгілі болды[71].

15 шілде, Көкшетау қаласы, әкімшілік қамауға алынған Н.Жүсіпованың сотта берген айғағын әлеуметтік желіде қайталап айтып бергені үшін, адвокат М.Досқараевты ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабымен («жалған ақпарат жариялау») әкімшілік жауапкершілікке тартты[72].

15 шілде, Астана қаласы, Қазақстанның бұрынғы Президенті Н.Назарбаевтың отбасы мүшелерінің мүлкін қайтару бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектенов[73].

15 шілде, Алматы қаласы, билік басқа қалаға көшіруді ұйғарған облыстық балалар үйінің белсенділері мен тәрбиеленушілері Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бұл қадамға тағы да қарсылық білдірді [74].

16 шілде, Алматы қаласы, Б.Иманғалиева хабарлады: Біз, тіркелмеген «Алға Қазақстан» партиясының мүшелері, 7 сәуірде Степногорск қаласының №4 мекемесіне М.Жыланбаевқа (ҚР ҚК 258, 405-бап,7 жыл) халін білу үшін бардық. Бейнежазба түсірді, оған ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен айып тағылды[75].

16 шілде, Шымкент қаласы, «өз жалақысымен» 4000 ш.м. үй құрып алған Шымкент ҚІІБ бастығының орынбасары, полковник Құрманбек Сахов TikTok желісінде жалған ақпарат жариялады дегендей қылып Б.Сәйкеновті сотқа бермекші[76].

16 шілде, Алматы қаласы, Г.Бәжкенованың Instagram аккаунты қалпына келтірілді. Facebook пен Instagram желісінде де Орда қалпына келтірілді[77].

15 шілде, Шығыс Қазақстан облысы, Аблакетка ауылы, № 16 мекеме, сотталған В.Нетунаев 3 шілдеде аяғы мен қолының зақымдануымен тәртіптік камераға түсті. Ол болған оқиғаға басшының орынбасарын кінәласа, басшылық мұны жәбірленушінің өз жайсыздығынан деп отыр. Оқиғаның бейнекамералардың бақылауында орын алғаны хабарланады[78].

16 шілде, жаңаөзендік кәсіпкерлер сауда нүктелеріндегі электр жарығына байланысты мәселеге байланысты пикетке шықты, олар «Шаңырақ» базары мен «Заңғар» сауда орталығында жарықтың жоқтығына наразылық ретінде жолды жауып тастады[79].

17 шілде, Астана қаласы, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі басылым қызметкерлеріне аккредитация беруден бас тартуына байланысты «Азаттық» радиосының осы бөлімге қарсы шағымы аясында татуластыру рәсімінен бас тартты. Татуласу рәсімі Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды[80].

17 шілде, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауылы, Қайырбек Құрметов сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 2-бөлігі, 378-2-бөлігімен кінәлі деп танып, М.Жыланбаевқа қатысты мақаланы қайта жариялағаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан шектеу және 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту туралы үкім шығарды[81].

17 шілде, Алматы қаласы, Алмалы сотында А.Мүбараков, Ж. Қазақбай, Н.Темірғалиев, Ф.Сыдықов, Н.Жауылбаев ҚР ҚК 272-бабымен қозғалған ісі бойынша сот процесін бақылауға АҚШ Бас консулдығының өкілдері Дейжа Джуди Холмс пен әріптесі қатысты[82].

17 июля, БДИПЧ ОБСЕ опубликовал отчет, где «право на справедливый суд является краеугольным камнем демократии после мониторинга более 400 судебных заседаний, связанных с протестами в январе 2022 года»

17 шілде, ЕҚЫҰ-ң АҚДИБ 2022 жылғы қаңтардағы наразылық акцияларына қатысты 400-ден астам сот тыңдауын бақылаған соң, «әділ сот талқылауы құқығы демократияның негізгі бұрыштасы болып табылады» деген есебін жариялады[83].

17 шілде, Э.Штейнерте, БҰҰ азаптауды болдырмау жөніндегі кіші комитетінің ҰПМ мәселелері бойынша вице-төрағасы және делегация басшысы: «Бүгінгі күні Орталық Азия аймағындағы Қазақстан мен Қырғызстан ғана Азаптауларға қарсы факультативтік хаттаманы ратификациялады және ұлттық алдын алу тетіктерін құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету міндетін алды», — деді[84].

17 шілде, Ақмола облысы, Бурабай ауданында екі жетім Мария мен Илья Радионовтарға заңды түрде тиесілі тұрғын үй, жер учаскесі және автокөлік үшінші тұлғалардың пайдалануына берілген. Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізіп, оны заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу шараларын қамтамасыз етті[85].

17 шілде, Қостанай қаласы, «№5 емханадағы жалақының кешіктіріліп жатқан мәселесін түсіндіріп беріңізші. Қазірдің өзінде 15-і болды, жалақы әлі түскен жоқ, олар еңбек шартын бұзуда», — деп хабарлады емхананың медицина қызметкерлері[86].

16 шілде, Семей қаласы, құқықтық мәртебесі белгісіз тұлғаларды анықтау және құжаттандыру мәселесі көші-қонды бақылау мен халықты толық тіркеудің маңызды бағыты болып қала береді. Абай ауданында құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен тұратын 24 адам анықталды[87].

17 шілде, Астана қаласы, президент Қ.Тоқаев заңнамаға аңду және күштеп некеге тұру үшін жауапкершілікті қарастыратын түзетулерге қол қойды. Айыппұлдан бастап 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған[88].

17 шілде, Алматы қаласы, «Ар.Рух.Хак» қоғамдық қоры сотталған М.Жыланбаевтың құқықтарының бұзылуына қатысты (ҚР ҚК 258, 405-бап, 7 жыл) омбудсмен А.Ластаевқа хабарласты. Бұған жауап ретінде қор Ақмола облысы бойынша омбудсмен өкілінен кезекті бір ресми жауап алды[89].

18 шілде, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Н.Болатбеков жүгінді. Ол инспекция басшыларын бопсалау, қорғау, пара алу және беру, жемқорлық фактілері бойынша айыптады. Болатбеков бірнеше жыл бойы сыбайлас жемқорлық схемалары мен бопсалауларға қатысудан бас тартқаны үшін қысымға ұшырағанын мәлімдеді[90].

18 шілде, Астана қаласы, сот  әйелін азаптады деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы «Азаптау» бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды[91].

18 шілде, Степногорск қаласы, «№4 мекеме маған алты айдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258, 405-бабтары, 7 жылға бас бостандығынан айырылған М.Жыланбаевтың атынан маған сенімхат бермей отыр», — деп хабарлады Б.Төреғожина[92].

18 шілде, Халықаралық Нельсон Мандела күні, қазақстандық құқық қорғаушылар «қазақстандық Мандела» атағына үміткерлерді ұсынды: А.Атабек, Ж. Қуанышәлин, М.Жыланбаев, Ә.Тілеужан, Д.Мұхаммедкәрім, М.Боқаев, Е.Жовтис[93].

18 шілде, YouTube сайты Orda.kz бас редакторы Г.Бажкенованың журналист В.Дергачевқа берген сұхбатын үндістердің шағымына байланысты өшіріп тастады. В.Дергачевтің Facebook парақшасы да бұғатталған. Журналист атап өткендей, эпизодта музыка, бейне дәйексөз, поэзия немесе басқа мәтін болмаған[94].

18 шілде, Алматы қаласы, «Бір жылдан астам уақыт бойы Степногорск қаласының №4 мекемесінен сотталған М.Жыланбаевтың Қылмыстық-атқару кодексінің 108-бабына сәйкес хат алмасу құқығын сақтауды қамтамасыз ете алмай келеміз: «сотталғандар хаттарды олардың санын шектемей алуға және жіберуге құқылы», — деп хабарлады Б. Төреғожина [95].

18 шілде, Астана қаласы, журналист Л.Ахмедьяров YouTube әкімшілігі «Просто журналистика» арнасын музыкаға авторлық құқықты бұзғаны үшін алып тастағанын хабарлады, оған еркін қолжетімділікте болған музыка себеп болған. Бұған дейін де арна кибершабуылдарға ұшыраған[96]

18 шілде, Ақмола облысы, А.Тоқпаева А.Сыздықовқа ҚР ҚК-нің 297-бабы, 5 жылға бас бостандығынан айыру, №7 мекеме әкімшілігі тарапынан қысым көрсету туралы айтып берді. Колония әкімшілігі әйелі мен кәмелеттік жасқа толмаған қызын онымен кездесуге жібермейміз деп қорқытып қамауда ұстау жағдайларын бұзу және басқа да заң бұзушылықтар туралы оның мәлімдемелерін өткізбей отыр [97].

18 шілде, Атырау облысы, 2025 жылдың басынан бері 300-ден астам киберқылмыс тіркелді, оның басым бөлігі интернет-алаяқтыққа қатысты. Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді — WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook-ті, сондай-ақ шетелдік нөмірлер мен жалған аккаунттарды белсенді пайдаланады. Бүгінгі таңда 50-ге жуық күдікті қамауға алынды, 133 қылмыстық іс сотқа жіберілді[98].

19 шілдеде www.dw.com сайты Қазақстанда суррогат аналарға Қытайдан тапсырыс беретін заңсыз бизнестің өркендеп жатқанын хабарлады. Денсаулық сақтау саласының мамандары бұл трансплантация қажеттілігі үшін балаларды өсіру нарығын құру мақсатында болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды[99].

20 шілде, Алматы қаласы, Иаков әкей (Владимир Воронцов) Қазақстанда Әлемдік православ шіркеуінің өкілдігін құруға тырысып, «орыс әлемінің» идеяларына қарсы шықты. Бұл кремльшіл блогерлерге ұнамайды: В.Воронцов туралы фейктердің легі күрт көбейді. Ресейшіл блогерлер оны украин сценарийі бойынша «жікке бөлді» деп айыптайды[100].

20 шілде, Алматы қаласы, «Жанұя» кешені жетім балаларға қамқорлық пен қауіпсіздік аралына айналуы тиіс еді. Бірақ, бұрынғы оқушы А.Қамышеваның айтуынша, бұл жер кәмелетке толмағандардың колониясынан да нашар. Прокуратура заңбұзушылықтарды тіркеумен айналысып жатқанда, құқық қорғаушылар балалардың зардап шегіп жатқанын мәлімдейді[101].

20 шілде, Қостанай қаласы, Қостанай облысының Құқық қорғау орталығына Қарасу аудандық ауруханасының дәрігерлерінен бас дәрігер Владимир Голубевтің үстінен: бағыныстылықты сақтамау, жалақыны кешіктіру, түнгі ауысымға төлем жасамау, күзетшінің болмауына байланысты шағым түскен[102].

21 шілде, Астана қаласы, да БАҚ өкілдеріне өз құқықтарын сенімді қорғауға көмектесу болып табылатын заң қызметі – «Медиа Қолдау» компаниясының 2023–2025 жылдарға арналған жұмысының қорытындысы шығарылды[103].

21 шілде, Алматы қаласы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек президент Қ.Тоқаевтан «Бағанашыл» балалар үйіндегі жағдайға байланысты Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиевті қызметінен босатуды сұрады[104]

21 шілде, Астана қаласы, Конституциялық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 319-бабы 5-бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін қарап, оны Конституцияға қайшы деп тапты. «Қолданыстағы заңнаманы басшылыққа ала отырып, қамауда ұстау мерзімін ұзарту негізді қажеттілікке негізделуі және сотпен расталуы тиіс», — деп атап көрсетеді Конституциялық сот[105].

21 шілде, Алматы қаласы, В.Воронцов (әкей Иаков) ресейшіл блогер А.Будановтың үстінен полицияға арыз берді. Блогер А.Буданов В.Воронцовқа қатысты өтірік, жала жапқан материалдарды жариялай бастады[106]

21 шілде, Алматы қаласы, әлеуметтік желілерде Қонаевтағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін күштеп көшірмек болған видео пайда болды. Видеода полиция қызметкерлері балаларды ұстап алып, тасымалдауға дайындалған көлікке сүйреп апарады. Балалар қарсылық танытып, Бағанашылдағы балалар үйінен шыққысы келмейтіндері туралы мәлімдейді[107].

21 шілде, Алматы қаласы, сот С.Боқаев пен М.Адам -ның Алматы қаласы әкімдігіне қарсы митинг өткізуден бас тарту жөніндегі әкімдіктің әрекетін және 2025 жылғы 15 мамырдағы № 2/389 және 2/390 қаулыларын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша ұйғарым шығарды. Қаулы: Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады [108]

22 шілде, «Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Азаттық журналистеріне аккредитация беруден бас тартуы «тәуелсіз БАҚ-қа жасалған ашық шабуыл» деп мәлімдеді Human Rights Watch[109].

22 шілде, Көкшетау қаласы, А.Тоқпаева Ақмола облысы, Гранитный кентіндегі А.Сыздықов (ҚР ҚК 297-бабы, 5 жылға бас бостандығынан айырылған) отырған, 7 мекемедегі қамауда ұстаудың қолайсыз жағдайлары туралы прокурорға хабарлауға бара жатқанын хабарлады. Бейнебайланыспен хабарласу барысында Көкшетау қаласының прокуроры қамауда ұстау жағдайлары стандартқа сай екенін және №7 мекеменің шипажай емес екенін ескертіп айтты [110].

22 шілде, Қостанай қаласы, блогер М.Сәрсенбаевтың қамауда ұстау мерзімі ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша бесінші рет ұзартылды. «Қамау мерзімін ұзартуды заңсыз деп есептейміз және оны қамаудан босатуды талап етеміз», — деп мәлімдеді адвокат Э.Санкаева[111].

22 шілде, Алматы қаласы, «Құқық қорғаушы Т.Бақытжан журналистер Л.Ахмедьяров пен Д.Егеубаевамен бірге М.Жыланбаевпен жеке кездесуді талап етті (ҚР ҚК 258,405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылған). Сондай-ақ омбудсмен А.Ластаев үшін М.Жыланбаевтың мүдделерін білдіруге берген сенімхатын дереу куәландыруды талап етті» [112].

22 шілде, Қарағанды қаласы,  қазақтарды балағаттаған А.Мұхамадиева тергеу мерзіміне қамауға алынды. Тергеу анықтағандай, 22 жастағы қарағандылық Theads әлеуметтік желісінде «ұлттық араздық» белгілері бар басылым жариялаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды[113]

22 шілде, Алматы қаласы, журналист Д.Мұхаммедкәрімнің ісіне (ҚР Қылмыстық кодексінің 258, 405-бабы, 7 жыл бас бостандығынан айыру) арналған баспасөз мәслихаты өтті. Р.Сәрсенбайұлы Думанның хатын оқып, онда журналист оның Қызылордадағы №60 абақтыға қалай ауыстырылғаны және түрме формасын киюден неліктен бас тартатыны туралы баяндады. Сондай-ақ, адвокат істі тексеруді лицензиясы жоқ маман жүргізгенін хабарлады[114].

22 шілде, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының әкімдігі балалар үйінің түлектерін баспана құқығынан негізсіз айырды. Зардап шеккендердің бірі Вадим Артюнин сотқа арыз беріп, әділдікке қол жеткізді — оның тұрғын үй кезегі қайтарылды. Сотта әкімдіктің қаулысы  құқық бұзушылықпен  қабылданған деп  танылды[115]

23 шілде, Батыс Қазақстан облысында тәуелсіз бақылаушылар Казталовкадағы сайлау комиссиясын түгелдей таратуға қол жеткізді. Бұл «Жария» ҚБ -ң тәуелсіз бақылаушылары сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тану және бүкіл комиссияны жауапқа тарту туралы сотқа шағымданғаннан кейін орын алды[116].

23 шілде, Шығыс Қазақстан облысы, жетім балалардың құқықтарын қорғау қорының басшысы Александра Исмаилова Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Р.Қарабалиновтың жетім балаларға баспана беру мәселесін қалай жаңылыстырғанын анық көрсетті. Елордадан тексеріс жүргізу қажет болады[117].

23 шілде, Алматы облысы, Заречный кенті, адвокат саяси тұтқындар Д.Макинге (ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігі, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген) барды, оның айтуынша, тәртіптік жазасы жоқ, бірақ денсаулығында ақау бар. А.Қисымбаев (ҚР ҚК-нің 272-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігі, 5 жыл бас бостандығынан айыру), барған күні денсаулығына, оның ішінде аяғының жарақатына шағымы жоқ. Ақылжан қарым-қатынасқа өте белсенді, ақжарқын, жақсы мінезбен сипатталды[118].

23 шілде, Ақтөбе қаласы, сот М.Дауыловтың «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «әлеуметтік қызметтер порталына кіру әрекеттерін заңсыз деп тану, сондай-ақ курорттық емдеу және Брайль шрифтімен жазу үшін қағазды бермеу туралы» талап арызын қанағаттандырды[119].

23 шілде, Астана қаласы, жануарлар құқығын қорғайтын бір топ адам Бас прокуратураға «Мәжіліс депутаты Жаңбыршиннің мақалалары астарында зорлық-зомбылық пен қатыгездікке шақыру, кез келген алауыздықты қоздыру. Пікірлерінде тікелей қоқан-лоққы, соның ішінде адамдарды «ату» туралы ұсыныстар» фактілері бойынша шағым түсірді[120].

23 шілде, Атырау қаласы, Уәкіл А.Ластаев жұмыс сапарымен әйелдерге арналған орта қауіпсіздіктегі №79 мекемесіне келді. Сапардың мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуын және оларды ұстау жағдайларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеру болды[121].

23 шілде, Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық прокуратурасы «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің жұмысында заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесі мекемеде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілмегенін, оларға қажетті қолдау көрсетілмегенін көрсетті[122].

23 шілде, Қостанай қаласы, Полиция департаменті С.Зинченконың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-бабы бойынша психиатр-дәрігерлер Дмитрий мен Екатерина Карауловтарды жауапкершілікке тарту туралы арызын қарап, олардың азамат С.Зинченконы «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» ауруханасына сот шешімінсіз,  дәрігерлердің мәліметтері бойынша мәжбүрлеп 65 тәулікке  жатқызған  іс-әрекеттерінен қылмыс құрамын таппағанын хабарлады [123].

24 шілде, Астана қаласы, «Қазақстанда медицина қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлеріне теңестіріліп, оларға шабуыл жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл бас бостандығын шектеу мен айыруды көздейтін жаңа 158-1 бап болмақ», — деді Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарова [124].

24 шілде, 2024 жылға арналған азаптауларға тыйым салу индексі 7 елде өлшенді. Еліміздің қорытынды көрсеткіші 12,14 тармаққа көтеріліп, әлі де көшбасшылар қатарындамыз. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Молдова, Украина, Беларусь және Ресейдің профильдерін бағалауға болады[125].

24 шілде, Женева қаласы, (Швейцария) БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінде 2025 жылғы маусымда қаралған Қазақстанның 3-ші мерзімді баяндамасының қоғамдық талқылауы өтті. 2 күн ішінде қатысушылар арасында кең ауқымды диалог өтті[126].

24 шілде, Тараз қаласы, сот 4 сағатқа кешігіп келгені үшін жұмыстан шығарылған «Қазфосфат ЖТК» ЖШС жұмысшы операторын жақтады. Талап арыз ішінара қанағаттандырылды: жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылды, талапкер өз қызметіне тұрды. Сондай-ақ олар мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған кезең үшін 1,4 млн теңге көлемінде жалақы мен 500 мың теңге моральдық шығын өндірілді[127].

24 шілде, Астана қаласы, журналистер Мәдениет және ақпарат министріне, Жоғарғы сот кеңесіне, Жоғарғы сотқа және қалалық сотқа Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша соттың баспасөз қызметіне және төрағалық етуші судья С.Кәрімовтің әрекетіне шағым түсірді. Судья С.Кәрімовтің шешімімен журналистер сот залына кіргізілмеді, сонымен қатар тікелей эфир жүргізуге тыйым салынды [128]

24 шілде, Алматы қаласы, саясаттанушы Д.Көшім жолдастарымен бірге Алматы облысындағы Тауқұм құмымен серуендеп, осы саяхатын М.Жыланбаевқа (ҚР ҚК 258, 405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылған) арнады [129].

24 шілде, Қостанай облыстық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген блогер М.Сәрсенбаевтың қамауда ұстау мерзімін 6 айға ұзартты [130][131].

25 шілде, Нью-Йорк,  Экономика вице-министрі А.Дарбаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі И.Живковичпен кездесіп, Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) өңірлік орталығын құру және тиімді жұмыс істеу мәселесін талқылады[132].

25 шілде, Алматы қаласы, АҚЗСҚХБ кеңсесінде «Қазақстанның саяси тұтқындары қалай отыр?» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті. өтті. Спикерлер – құқық қорғаушылар Б.Төреғожина, А.Әбішев және сотталған А.Сыздықовтың әйелі А.Тоқпаева онлайн режимде. М.Жыланбаевтың, Т.Дәнебаев пен А.Сыздықовтың және басқа да саяси тұтқындардың істері талқыланды[133].

25 шілде, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, белсенділер Н.Жүсіпова мен Д.Бейсембаеваға М.Жыланбаевтың бейнебақылау камерасынан түсірілген жазба көрсетілді. Белсенділер Жыланбаевтың сырт келбетінен шошып кетті: «Ол тері мен сүйек болып қалған, қазылған мумияға ұқсайды. Бет-әлпеті сұр-қара. Арықтап жүдеген. Білегі өте арық. Ол мүшкіл жағдайда» [134].

25 шілде, Астана қаласы, «Украина арнайы қызметінің мәліметінше, тегі мен аты-жөні Украинада Ресей жағында соғысқан 661 Қазақстан азаматының тізімінде болған Тараз қаласының тұрғынының арызы бойынша мені қайтадан полицияға шақырып жатыр. Сотқа шақыру қағазында менің мәртебем жоқ, өйткені процессуалдық шешім қабылданбаған», — деді Л. Ахмедьяров. Кейінірек полицияға шақыртудың күші жойылғаны белгілі болды[135].

25 шілде, Қарағанды облысы, Центральное ауылы тұрғындары президент Қ.Тоқаевқа өтініш білдірді, өйткені олар қираудың аз-ақ алдында тұр, жолдар бұзылып, су берудің үзілуі, көше жарықтарының жоқтығы және басқа да күнделікті мәселелер күнделікті өмірге айналған[136].

18 шілде, БҰҰ сарапшылары Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы проблемалардың тұтастай қабатын анықтады. 24 маусымда ресми Астанадан келген делегаттар АСҚХП шеңберіндегі міндеттемелерді орындау комитетінде Қазақстандағы адам құқықтары туралы айтты. 25 адамнан тұратын Астанадан келген үкіметтік делегацияның сөйлеген сөздері, азаматтық қоғамның баламалы баяндамалары, сұрақ-жауаптар негізінде 18 шілдеде БҰҰ сарапшылары Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз қорытындыларын ұсынды[137].

26 шілде, Қостанай облысы, Қарабалық ауылы, Шарбану (блогер М. Сәрсенбаевтың әйелі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы) Президент Қ.Тоқаевтан құқықтық мемлекет құрудың негіздеріне нұқсан келтіретін жағдайға араласуды сұрайды. Сонымен бірге, блогердің әйелі  олардың отбасына балалары арқылы қысым жасалып жатқанын хабарлады[138].

26 шілде, Алматы қаласы, Рустам Жыланбаев, атақты супермарафоншы М.Жыланбаевтың (ҚР ҚК 258, 405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылған) ұлы. Ол жұртшылық алдында сөз сөйлеп, колониядағы 62 жастағы әкесінің  қазіргі өте ауыр халін  және жүре алмайтындай халде екенін айтты[139].

26 шілде, Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің «Азаттық» пен «Азаттық Азия» -ның 16 журналисін аккредиттеуден бас тартуын айыптады[140].

26 шілде, Астана қаласы, ҚАЖК -де М.Жыланбаевтың (ҚР ҚК 258, 405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылған) жағдайы туралы хабарлады: «Алаңдауға негіз жоқ. Медицина қызметкерлері үнемі келіп тұрады», — деп жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті ескертіп, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады[141].

26 шілде, Алматы қаласы, «Біз тез арада М.Жыланбаевқа медициналық көмек көрсетуді және оны тамақтандыруды талап етеміз! ҚАЖК шындықты айтып жатқанына және оның жағдайы қанағаттанарлық екеніне сенімді болу үшін Мараттың суреттері жедел түрде жариялансын», — деді Б.Төреғожина[142].

26 шілде, Қостанай қаласы, «Қостанай облысының құқық қорғау орталығының» азаматтық белсенді Сергей Зинченконы психиатриялық стационарға заңсыз жатқызып, онда 65 тәулікке қамауда ұстауға қатысты талап арызы сот өндірісіне қабылданды[143].

27 шілде, Семей қаласы, «Түнгі қаладағы балалар» республикалық акциясы аясында Абай облысында полиция қызметкерлерімен 84 жасөспірім бөлімшеге жеткізілді. Оның 81-і әкімшілік құқық бұзушылық үшін, 3-і қараусыз қалғаны үшін. Бейімдеу орталығына кәмелетке толмаған үш бала орналастырылды[144].

28 шілде, Степногорск қаласы, №4 мекеме, адвокат Денис Малюга М.Жыланбаевқа (ҚР ҚК 258, 405-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылған) барды.  Адвокат 18 шілдедегі соңғы сапарынан бері Мараттың салмағын жоғалтқанын, бірақ аштық жариялап, өз құқықтары үшін күресуді жалғастырып жатқанын хабарлайды. Марат колония әкімшілігі мен ҚАЖК-ің қамауда ұстаудың барлық жағдайлары заң нормаларына сәйкес келетінін және ешқандай бұзушылықтар жоқ деп мәлімдеуінің өтірік екенін айтады: камера қорқынышты антисанитарлық жағдайда, көгеру, ылғал, шірік еден, егеуқұйрықтар/тышқандар жүгіріп жүр[145].

28 шілде, «А.Ластаев мырза да М.Жыланбаевқа бірде бір барған емес. Менде рұқсат жоқ, ол М.Жыланбаевқа баруға көнбейді де» деп жауап берді құқық қорғаушы Б.Төреғожина А.Ластаевтың М.Жыланбаевқа қатысты мәлімдемесіне [146].

28 шілде, Алматы қаласы, Б.Төреғожина, Полиция басқармасына келу қажеттілігі туралы хабарлама жолдады. Келу мақсаты —  ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі «Жалған ақпарат жариялау, тарату» бойынша құқық бұзушылықты жасау фактісі бойынша әкімшілік материалды қарау[147].

28 шілде, Астана қаласы, Ішкі істер министрлігі жеке деректерді қорғауға және қаржылық қызметтер секторындағы қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған заңнамадағы маңызды өзгеріс туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа 232-1 бабында банктік деректемелерді үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді[148].

28 шілде, Астана қаласы, 24kz порталы хабарлайды: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 17-бабының 3-тармағында: «Жеке және заңды тұлғалардың жалпы су пайдалану үшін су объектілеріне халықтың кіруіне тосқауылдар, күзет нүктелері, тыйым салатын белгілер орнату арқылы шектеуге тыйым салынады. Ерекше жағдайларда жеке меншік иесі емес, мемлекет ғана өтуге тыйым сала алады» делінген[149].

28 шілде, Подгорица (Черногория), тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін қазақстандық NeMolchiKZ қорының жетекшісі Д.Смаилова мен оның күйеуі А.Мұхамеджановқа Черногориядан пана берілді – өтініш бергеннен кейін 2 жылға жуық уақыт өткенде[150].

29 шілде, Астана қаласы, А.Әбішев хабарлады: « А.Тоқпаеваның ісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы  сот отырысы өтіп жатқан ғимаратта маған арандатушылық сипаттағы хабарламалар түсе бастады. Олардың мақсаты мені тұрақсыздандыру, мені тепе-теңдіктен шығару, заңсыз әрекеттерге итермелеу болды»[151].

29 шілде, Алматы қаласы, учаскелік полиция қызметкері М.Т. Тойбаевпен ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі «Жалған ақпарат жариялау және тарату» бойынша құқық қорғаушы Б.Төреғожинаға хаттама толтырылды[152].

29 шілде, Степногорск қаласы, №4 мекемеде Раиса Шер М.Жыланбаевқа барды: « Ол өзін жақсы сезінеді, денсаулығына шағымы жоқ, үнемі спортпен шұғылданады, соның ішінде жүгіреді, кітапханаға барады, әдебиеттер оқиды. Ұстау жағдайына, тамаққа, азаптауларға, қызметкерлердің оған физикалық күш көрсетуіне, моральдық қысым көрсетуіне шағымдары жоқ»,- деп хабарлады[153]

29 шілде, БҰҰ-ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы М.Жыланбаевты ұстау туралы 18/2025 қорытындысын шығарды. Жұмыс тобы оның бас бостандығынан айыруын озбырлық деп тауып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жеті бабы мен АСҚХП-ің алты бабы бұзылды деп анықтады, Қазақстанды М.Жыланбаевты босатуға шақырды[154].

29 шілде, Астана қаласы, Н.Жүсіпова билік М.Жыланбаевтың адвокаттарын қалай қудалап жатқанын хабарлады. 25 шілдеде ол Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қабылдауда болған, онда оны бопсалаумен М.Досқараев пен Д.Малюгиге қарсы жалған ақпарат таратып жатыр деген арыз жазуды талап еткен, орнына М.Жыланбаевтың бейнежазбасын көрсететінін айтқан, бірақ олар арыз жазудан бас тартқан [155].

29 шілде, Семей қаласы, облыстық әкімдік ғимаратына бір топ көп балалы аналар жиналып, әкім Б.Уәлимен кездесуді  талап етті.  Басты себебі – күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай; баспананың жоқтығы, табысының төмендігі, сапалы әлеуметтік қызметке қолжетімсіздігі және жұмыспен қамту және медициналық көмек көрсету мәселелерінде қолдаудың жоқтығы[156].

30 шілде, Астана қаласы, А.Тоқпаева, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі, сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Іс қозғауға оның 25 жылдың 10 сәуірінде Жоғарғы Сотқа сот процесін бақылауға  барып, оның барысында мемлекеттік қызметкердің бас пен мойын аймағына оң қолымен дене жарақатын салғаны негіз болды» [157].

30 шілде, Алматы қаласы, «М.Жыланбаев мерзімсіз аштық жариялауда! Маратқа бірдеңе болса, оның өлімі үшін жауапкершілік омбудсмен А.Ластаевқа жүктеледі. Дәл соның кеңсесі Марат өз эксперименттері үшін аштық жариялауда және онда ешқандай талаптар жоқ деп, бүкіл халықты сендіруге тырысуда!», — деп мәлімдеді құқық қорғаушы Б.Төреғожина[158].

30 шілде, Factcheck.kz сайтының қазақ тіліндегі нұсқасының бас редакторы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі Думан Смақов «Азаттық» радиосына 2022 жылдан бері жалғасып келе жатқан қысым, 2023 және 2024 жылдары қабылданған «Онлайн платформалар және онлайн-жарнама туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдар, сондай-ақ аккредиттеудің жаңа ережелері тек «Азаттыққа» ғана емес, басқа да журналистерге қалай зиян тигізетініне  талдау жасайды[159].

30 шілде, Алматы қаласы, Бостандық аудандық соты С.Боқаевтың блогер А.Бударовқа қарсы С.Боқаевқа қатысты таратылған ақпараттарды орынсыз деп тану, 500 мың теңге моральдық және сот шығындарын өндіру туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды [160].

30 шілде, Алматы қаласы, өткен баспасөз мәслихатында адвокаттар «Тарих көзімен» арнасының авторы А.Абдурахмановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды талап етті. Қорғаушылар іс материалдарымен әлі таныспағандарын айтты. Сондай-ақ олар арызданушының кім екенін, бұл істің қандай негізде, не себепті қозғалғанын білмейді[161].

30 шілде, Көкшетау қаласы, Н.Жүсіпова ұсталды, оны полиция бөліміне жеткізді, оған әлеуметтік желіде жарияланған видео себеп болды, полицейлердің нұсқасында, ол «қызметкерлерді балағаттады» делінген. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алуға үкім шығарды[162].

30 шілде, Астанада ЛГБТ насихаты бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша пікірталас өтті. Қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы да ұсыныстар айтылды. ЛГБТ насихатының балалар мен жасөспірімдерге әсері туралы зерттеу нәтижелері ұсынылды. Нәтижесін «Өркендеуге жәрдемдесу ұлттық қорының» басшысы Үсен Сүлеймен баяндап, сөзін өзіндік «дәстүрлілігіне» сендірумен бастады[163].

30 шілде, Астана қаласы, «Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды биыл күзде әзірлеуді жоспарлап отыр», — деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин. «Бізде ЛГБТ-ға шынымен тыйым салу керек деген ғылыми дәлелдер бар, өйткені ол балалардың психологиясына белгілі бір әсер етеді», — деп мәлімдеді ол[164].

30 шілде, Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылының су қабылдағыш аймағында бірнеше ондаған адам билік өкілдерімен дауласып қалды. Шарасызданған ауыл тұрғындары, судың жоқтығынан жолды жауып тастады[165]

31 шілде, Алматы қаласы, «Бағанашыл» балалар үйінің жұмысшылары видео түсірген, онда президенттің бұл іске араласуынан кейін не болып жатқаны айтылады. Жоспардан тыс жиналыс өткізілген, олардан өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды талап етіп отыр. Жұмысшылар жетім балалардың құқығын қорғағандарды әдейі шығарып жатыр деп есептейді[166].

31 шілде, Алматы қаласы, Б.Төреғожина, ҚР ӘҚБтК-нің 452-2-бабының 3 бөлігі, құқық қорғаушыға қатысты сот отырысы өтті. Оған М.Жыланбаевтың денсаулығының ауыр жағдайы туралы жазба себеп болды. Сот процесінде қорғаушы тарап оның үстінен іс қозғалған рапорт пен хаттамаға жол бермеу туралы өтініш білдіріп, «олар болжамдарға негізделгендіктен» оларды алып тастауды талап етті. Судья Б.Шамшаева қаулы шығарды: Б.Төреғожина кінәлі деп танылып, 20 АЕК өлшемінде айыппұл салды, ол 78 640 теңгені құрайды[167].

31 шілде, Степногорск қаласы, №4 мекеме, заңгер М.Досқараев М.Жыланбаевқа барды. Адвокатты 3 сағат бойы Маратпен кездесуге рұқсат бермеді, олар оның жұмыс құжаттарын, адвокат Маратпен талқыламақшы болған кассациялық шағымның жобасын алып қойған. Р.Шер мен А.Ластаевтың жалған мәлімдемелерін білген М.Жыланбаев Ақмола облысының прокурорының атына олардың жалған ақпарат таратқаны туралы арыз жазып, оны адвокатқа берген, бірақ колония қызметкерлері арызды алып, өздері тіркейтіндерін айтқан, бұл да заң бұзушылық болып табылады[168]

31 шілде, Көкшетау қаласы, №65 мекеме, Т.Дәнебаев, ҚР ҚК 174-бабы, 3 жылға бас бостандығынан айырылған. «Тимур құқықтарының бұзылғаны туралы телефон арқылы айтты: 3 аптадан астам уақыт бойы қоңырау шалуға рұқсат берілмеген! Оның қоңырау туралы өтініштері тіркелмеген», — деді Б.Төреғожина[169].

31 шілде, Астана қаласы, Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: жыл басынан бері көрінеу жалған ақпарат жариялау бойынша 47 және ұлттық, діни немесе әлеуметтік араздықты қоздыру бойынша 64 қылмыстық іс тіркелді. Барлығы да жауапқа тартылды, оның ішінде бірнеше тәулікке әкімшілік қамауға алынды[170]

31 шілде, Ақмола облысы, «Гранитный» кенті, №7 мекемесі, М.Ахметқалиев, ҚР ҚК 296-бабы, 4,6 жыл бас бостандығынан айырылған. Зеренді аудандық соты белсендінің, 2025 жылғы 23 маусымда ел президенті жариялаған, рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырды, содан кейін ол №7 ЕС-166/25 түзеу мекемесінен босатылды[171]

[1]https://www.facebook.com/skopbayeva/posts/pfbid034eUMGFdySJWoGptuA74hT9ncTw1AuHo3TyPooyx8LLqcwynTzkJicKWB2Svjvipxl

[2]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0BMUpKNARKCYh9Dix2bXXVEPRredUSjhzAdDkpFaFHHb6korsNLpVUTiJH5kfADQVl

[3] https://azh.kz/ru/news/view/117013

[4]https://web.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid022ozZ4e2msHvw3gDiqw6ajzrsHkcLimK4LkgiNgHCtaogjt9qeGErAywKgnotxiTDl

[5] https://www.instagram.com/reel/DLnQJnCq6BA/?igsh=MW9mcHh6a2U4dDZxcQ%3D%3D

[6] https://www.inform.kz/ru/v-kazahstane-osuzhdennie-smogut-sozvanivatsya-s-advokatom-i-vrachom-64c620

[7] https://rus.azattyq.org/a/reportery-bez-granits-kazahstan-prepyatstvuet-rassledovaniyu-ubiystva-zhurnalista-aydosa-sadykova/33461997.html

[8]https://www.facebook.com/Olzhik/posts/pfbid0JoqtGxoGa16aptvmQEFWQqfT93r2DNkLxtUEY3XixoU1ju4BRusKhLPHvYLio2rEl

[9]https://www.facebook.com/alnur.ilyashev/posts/pfbid0cceMmJFDgEJSZQJoLiGgxGAiuvV45sXUxSVznVTt1Ji8tYoxAzpUbwWn5HrK5GF9l

[10]https://www.facebook.com/ExclusiveJournal/posts/pfbid02WJa8Zy7cC3QTLvKQadbYNMMFfPJyXiV2q9uNa7kKEchFJvahwHXoQuA9vvYVugB2l

[11] https://kaztag.kz/ru/news/aktivisty-trebuyut-vozbuzhdeniya-ugolovnogo-dela-na-chastnogo-sudoispolnitelya-v-aktobe

[12] https://kaztag.kz/ru/news/genprokuratura-podtverdila-zaderzhanie-eks-glavy-finpola-tatubaeva

[13] https://www.facebook.com/reel/708815425262154

[14] https://www.instagram.com/reel/DLpzS1bMTQT/?igsh=MXJqazN6eTI5Nm5yMw%3D%3D

[15]https://www.facebook.com/ir.petrushova/posts/pfbid02qZnqE2Qwa7bwtNCVxFUcpxWeFWDK6C1nKZPvzMiAUo8euMnWCSYYDYhrsJTwmAxWl

[16] https://astanatv.kz/ru/news/147927/

[17] https://kz.kursiv.media/kk/2025-07-04/grtb-shegirtke-sot/

[18] https://surl.li/exginn

[19] https://ulysmedia.kz/news/54665-zhurnalist-mataev-obvinil-chinovnikov-v-davlenii-i-lzhi/

[20] https://www.instagram.com/reel/DLwpQYVyYut/?igsh=NWk1bDUxY2xlYW5s

[21] https://kaztag.kz/ru/news/ugolovnoe-delo-vozbuzhdeno-na-eks-glavu-sluzhbu-spetsprokurorov-kazakhstana-olesyu-keksel

[22] https://surl.li/lqkxqm

[23]https://www.facebook.com/qadyrqasyet1/posts/pfbid02LMHbdRwpzHyk61TXKBUMupYhtzYD8MC3mu4SHpsA23qPJdrXWuoBHkMk8Nf7z7Pml

[24]https://www.facebook.com/ExclusiveJournal/posts/pfbid0B1PRd1rHrKT1uHWfVrdRxGBG7WLFfSB59m3NNCR3LboScpKFy239o9m69pDYSfPzl

[25] https://www.instagram.com/p/DLvEsb6tZzP/?img_index=7&igsh=cGp1YmlhaHM5NjUz

[26] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4210275839291667/

[27] https://orda.kz/obidelsja-akim-oblasti-ulytau-otsudil-u-mnogodetnoj-materi-495-tysjach-tenge-za-to-chto-ona-snimala-video-404143/

[28] https://www.facebook.com/groups/2048552712029983/posts/4118478245037409/

[29] https://www.facebook.com/reel/741653225233987

[30] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4212162155769702/

[31] https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02e6NytTmYmep3xwL8xDiTnSkHKXfsuk1NQHfHRG1PHqEbcB2vYDMQzCHfuMv3hbDJl

[32]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0VDtRBL5LR96ic2npWNL4v4VF6yC3tww2hmEhrJ6T7aWTPonuT6EjuC3uhw5vyBv1l

[33] https://www.facebook.com/bekbulat.utebaev/videos/1537542457215729/

[34] https://kmsu.kz/tpost/ahm4ip7111-selo-brsuat-akmolinskaya-oblast-15-kilom

[35]https://www.facebook.com/LukpanAkhmedyarov/posts/pfbid02ANh9qQHA1TgguNEsqEGcfW3qM6Ak1C75H83Emdtm1sMKcdVMC2miinUaLB1bM5hTl

[36] https://rus.azattyq.org/a/akkaunty-kazahstanskih-zhurnalistov-ischezli-v-sotssetyah/33469413.html

[37] https://azh.kz/ru/news/view/117283

[38] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4214974985488419/

[39] https://www.facebook.com/watch/?v=1426730035307559

[40] https://kaztag.kz/ru/news/intsident-s-zhertvami-pytok-v-kabinete-kozhamzharova-podtverdilsya-v-sude

[41] https://surl.lu/kscfqr

[42] https://kmsu.kz/tpost/gxb0dcih31-selo-aktasti-kogda-obeschaniya-ne-prevra

[43]https://www.facebook.com/algaQzt/posts/pfbid071sFJBVHnRh1AMm97B5behxm37e4hPQUZ1oYkqh2bFXV2G9XEDLBheFaaoGXBcHTl

[44] https://semeyainasy.media/2025/07/08/malchika-izbili-podrostki-v-semee-vozbuzhdeno-ugolovnoe-delo/

[45] https://rus.azattyq.org/a/prizyvnika-otpravili-v-psihushku-posle-ego-zayavleniya-ob-izbienii-v-armii-v-kazahstane/33469135.html

[46] https://orda.kz/leviafan-protiv-ordy-gulnara-bazhkenova-rasskazala-kak-u-nee-pytajutsja-otnjat-smi-i-ugrozhajut-ee-zhizni-404081/

[47] https://bes.media/news/sportsmenam-v-kazahstane-zapretyat-demonstrirovat-religioznie-ubezhdeniya/

[48] https://exclusive.kz/sanzharu-bokaevu-vosprepjatstvovali-v-uchastii-v-sessii-komiteta-oon-po-pravam-cheloveka/

[49] https://www.facebook.com/watch/?v=1286029869735089

[50] https://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=56561

[51] https://vlast.kz/novosti/65648-sud-otkazal-v-perevode-pod-domasnij-arest-aktivistov-zaderzannyh-pered-referendumom-aes.html

[52] https://t.me/AdalSotKz/2338

[53]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=3230625147094365&id=100004407332296&mibextid=wwXIfr&rdid=gkL3bKBLE2LysQrt#

[54] https://surl.li/mzpvgu

[55] https://rus.azattyq.org/a/33471505.html

[56] https://www.facebook.com/watch/?v=1302010121500373

[57] https://surl.lu/vjlmpo

[58] https://surl.li/oghdkt

[59] https://www.lada.kz/aktau_news/society/140878-sotrudniki-depo-v-beineu-trebuiut-ot-pravitelstva-reshit-zastarelye-problemy.html

[60] https://www.instagram.com/p/DL9yauGSxpb/?igsh=MXVheWZ0NWdyZnppMA%3D%3D

[61] https://www.facebook.com/watch/?v=707592878857241

[62]https://www.facebook.com/bulat.kasymov.2025/posts/pfbid0baFsjHCACj72RQ3ciEMM9PmPDqh47NRN1KwBLm4WqEjE5YfDT3bcdaDn2375aBy9l

[63]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02yP22X9sxDoDyToJjkzYrhs1gDTYqM8wnAv9f6RnAFwyCsUvbNbmBi7Liot73pVUkl

[64]https://www.facebook.com/100064363434730/posts/1155371099951660/?mibextid=wwXIfr&rdid=JVwNaYOepJmmM2lt#

[65]https://www.facebook.com/RaulUporov/posts/pfbid02moA7WLkStjDW38av2cye2rZRdrQu87ZwTW3wQhLuCi5CNkUzxc7f6p5dsjuo4TLml

[66] https://kmsu.kz/tpost/uej386aah1-selo-dubovka-vozmuscheno-zhiteli-zapisal

[67] https://surli.cc/ddppsi

[68] https://surl.li/dvllxg

[69] https://www.facebook.com/watch/?mibextid=wwXIfr&v=1443118916741478&rdid=1urwqiPZisn7YeeC

[70] https://bes.media/news/informatsionnuyu-zakritost-otkritih-npa-odobril-premer-ministr-bektenov/

[71] https://rus.azattyq.org/a/33474598.html

[72] https://www.facebook.com/watch/?v=2471361969892566

[73] https://kaztag.kz/ru/news/bektenov-o-vozvrate-aktivov-ot-chlenov-semi-nazarbaeva-sistemnaya-rabota-prodolzhaetsya

[74] https://kaztag.kz/ru/news/vospitanniki-detdoma-v-almaty-vnov-podnyali-vopros-o-nezhelatelnosti-pereezda

[75] https://www.facebook.com/watch/?v=1730095517619920

[76]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=2564262897256438&id=100010182581728&mibextid=wwXIfr&rdid=cqmIRDEyXYITfjrE#

[77] https://surl.lu/jqpudq

[78] https://bureau.kz/novosti/bog-velel-delitsya/

[79] https://www.lada.kz/aktau_news/society/141015-predprinimateli-zhanaozena-perekryli-dorogu-iz-za-problem-s-elektrichestvom.html

[80] https://rus.azattyq.org/a/mid-kazahstana-otkazalsya-ot-primireniya-s-azattykom-po-teme-akkreditatsii/33476830.html

[81]https://www.facebook.com/100077124002517/posts/746466024600858/?mibextid=wwXIfr&rdid=a8gX2sJoqivlxr5s#

[82]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0TA6BmXj5b9uyapmLorQ4Sg4AZrDHbAyBQo9TiaGafbgiug67TFttFvVHGKgAemKQl

[83]https://www.facebook.com/osce.odihr/posts/pfbid0YwZaDSprWoU1s31ahFHsfwx4g41AcPSm7BSZL11EkP23bmZgw4vhCQ1MNEqQKXdl

[84] https://www.facebook.com/watch/?v=769941125472228

[85] https://kaztag.kz/ru/news/nezakonno-otnyatoe-nasledstvo-vernuli-detyam-sirotam-v-akmolinskoy-oblasti

[86] https://www.instagram.com/p/DMM8Ke2tq8o/?igsh=NWhnOHRpdmRrbjF6

[87] https://semeyainasy.media/2025/07/16/v-oblasti-abaj-prodolzhaetsya-rabota-po-dokumentirovaniyu-licz-s-neopredelennym-pravovym-statusom/

[88] https://rus.azattyq.org/a/v-kazahstane-vveli-ugolovnuyu-otvetstvennost-za-stalking-i-prinuzhdenie-k-braku/33476602.html

[89]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0313tYortT3XRAow1NxuFMGSpDU5SvN5QQt2QbBfsXhzgmNYJovrggR4tdD79nknW9l

[90] https://www.facebook.com/groups/351918308658444/posts/2306686526514936/

[91] https://rus.azattyq.org/a/eks-diplomat-saken-mamash-obvinyonnyy-v-istyazanii-suprugi-poluchil-6-let-tyurmy/33477722.html

[92]https://tirek.info/uchrezhdenie-4-bolee-polugoda-ne-mozhet-oformit-doverennost-ot-zhylanbaeva/

[93] https://bureau.kz/novosti/den-mandely-i-ten-mandely/

[94] https://surl.li/qedgpt

[95]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02oL4GHVJVnL7GJYm755WEFrttnjJmW1JTY4zjfUqLnAcz133Mm9qWZHqMsJAsZ6Jhl

[96] https://www.facebook.com/watch/live/?ref=watch_permalink&v=1194090436092254

[97] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4224428237876427/

[98] https://azh.kz/ru/news/view/117534

[99] https://surl.li/zohkfx

[100] https://www.currenttime.tv/a/prorossiyskie-blogery-atakuyut-byvshego-svyaschennika-rpts-v-kazahstane-i-obvinyayut-ego-v-raskole-po-ukrainskomu-stsenariyu/33475733.html

[101] https://orda.kz/izbienija-iznasilovanija-i-oskorblenija-ispoved-vypusknicy-speckompleksa-zhanuja-dlja-detej-sirot-404348/

[102] https://www.instagram.com/reel/DMVoS1yxogv/?igsh=MW5wMXh3dXgyNDRtYg%3D%3D

[103]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid0QQ6j8oEkj1WwjoM6jCyebpCf4cXTy9tCy6osVU7NYUiVYDXagfS89VzXWGzqJLfDl

[104] https://bes.media/news/otstavki-akima-almatinskoy-oblasti-potreboval-deputat-bazarbek-iz-za-nasilstvennogo-pereseleniya-sirot-iz-detdoma-v-baganashile-dafed6/

[105] https://vlast.kz/novosti/65758-konstitucionnyj-sud-priznal-nekonstitucionnoj-normu-ugolovno-processualnogo-kodeksa-o-mere-presecenia.html

[106]https://www.facebook.com/iakov.voroncov/posts/pfbid0YGAKANehSLGSgyJoKDxy9yotfcggP1dEPCapk55m8CCYryQPaL82yxMqgVbRmhpcl

[107] https://rus.azattyq.org/a/prezident-kazahstana-poruchil-ostavit-detey-detdoma-v-almaty-posle-video-s-popytkoy-ih-prinuditelnogo-pereezda/33479674.html

[108] https://t.me/AdalSotKz/2347

[109] https://surli.cc/zmnxvs

[110] https://www.facebook.com/reel/1370302340703316

[111] https://www.instagram.com/p/DMX2Pj1tFKO/?img_index=2&igsh=Y2hjY2MwejkzODZi

[112]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02yXm2vxJ2j6SnoCEpA2NqeidR74PUULyGmb6jxRNrjguq5NazsauLe7bTt5ysAkhKl

[113] https://kaztag.kz/ru/news/oskorblyavshuyu-kazakhov-aliku-mukhamadievu-vzyali-pod-strazhu-na-vremya-sledstviya-v-karagande

[114] https://orda.kz/duman-muhammedkarim-pishet-iz-tjurmy-ja-chest-na-trjapku-ne-promenjaju-404562/

[115] https://www.instagram.com/p/DMXwiKPtxty/?igsh=bHNtdHpoa3N2YmVj

[116]https://www.facebook.com/tamara.eslamova1/posts/pfbid026aCyXPYQ6kUj6LpdLGqsvsgnMS66uzM3QcLGUnzspFRaSFdSgLTU7MBFK9Dzy4cCl

[117] https://www.instagram.com/p/DMZ5H9sI_32/?img_index=1&igsh=dXkxM3BwcjZtOHU4

[118]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0A8weeG9vwCbzx7XWaDMkkVy5MjyUEjc4TmioTYvZYnDVCy1Xuwc9L1vZ8bdTXDzTl

[119] https://t.me/AdalSotKz/2348

[120]https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=10103318827545229&id=43809297&mibextid=wwXIfr&rdid=Wsf3O0rhx77ttT68#

[121] https://azh.kz/ru/news/view/117654

[122] https://www.lada.kz/aktau_news/society/141308-v-beineu-vyiavleny-narusheniia-prav-detei-s-osobymi-obrazovatelnymi-potrebnostiami.html

[123] https://ok.ru/sor1113/topic/156579514670431

[124] https://vlast.kz/novosti/65803-do-15-let-lisenia-svobody-budet-grozit-za-napadenie-na-medikov-alnazarova.html

[125] https://www.facebook.com/reel/1236047197789545

[126] https://ccprcentre.org/ccprpages/kazakhstan-impunity-for-january-2022-crackdown-at-the-center-of-committees-dialogue

[127] https://www.instagram.com/reel/DMdB4FhhJLx/?igsh=aXd1dml4ajlzeXF5

[128] https://kaztag.kz/ru/news/zhurnalisty-podali-zhalobu-na-press-sluzhbu-suda-i-sudyu-po-delu-perizat-kayrat

[129] https://surl.lu/bhbtad

[130] https://t.me/AdalSotKz/2353

[131] https://t.me/AdalSotKz/2354

[132] https://exclusive.kz/v-almaty-planirujut-sozdat-regionalnyj-centr-oon-po-cur-dlja-centralnoj-azii-i-afganistana/

[133] https://surl.li/ujmqbu

[134] https://rus.azattyq.org/a/pohozh-na-zhivogo-mertvetsa-aktivistki-shokirovany-sostoyaniem-zhylanbaeva-kuis-schitaet-ego-udovletvoritelnym/33484523.html

[135]https://www.facebook.com/LukpanAkhmedyarov/posts/pfbid03jCBKKbW85nhPa2bymcpTvbMocjRtCaqQYJXxAvm7yPDmSfYYJXPprTbLLXLcbEyl

[136] https://kmsu.kz/tpost/j8eghfeop1-zhiteli-sela-tsentralnoe-prosyat-pomosch

[137] https://bureau.kz/goryachee/ochevidnoe-i-neveroyatnoe/

[138] https://www.instagram.com/reel/DMhQyMmIxYD/?igsh=OW90aXdvczg5dDBz

[139] https://www.instagram.com/reel/DMkJIqrzlmE/?igsh=bXB1ZWN3MXFubXZ6

[140] https://rus.azattyq.org/a/mezhdunarodnaya-federatsiya-zhurnalistov-osuzhdaet-nepredostavlenie-akkreditatsiy-zhurnalistam-azattyka/33484411.html

[141] https://surl.li/mgzyhx

[142]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0uUR2CNJGssESJghqEhEdbg1HG87yRtDAntuYcs5HfWDSCmXCnmsDzGoeoyHgj1WJl

[143] https://ok.ru/sor1113/topic/156583636557151

[144] https://semeyainasy.media/2025/07/28/v-oblasti-abaj-za-sutki-vyyavili-84-podrostka-narushivshih-nochnoj-rezhim/

[145] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4235183996800851/

[146]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0N3bDYaaNpTkUyiTPpotEt6MbvvcdSx1BXMCKuxwdo9LH3whYGHaTTwYX7DHALbXHl

[147]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0rkwDw4XfXbf4Nh8HtssJWdGrFyBMAieXfFWjsfunSbQon8M4XYff2Uw9hAskuvBsl

[148] https://polisia.kz/ru/mvd-informiruet-vvedena-otvetstvennost-za-peredachu-bankovskoj-karty/

[149] https://www.facebook.com/watch/?v=1007513531309179

[150] https://rus.azattyq.org/a/glava-fonda-nemolchikz-poluchila-ubezhische-v-chernogorii/33485968.html

[151] https://www.facebook.com/watch/?v=2746467672210191

[152]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02AphRzh6Y9UcHNTGKHyEuzYFpY2QujbzsKGqrXQ5SuWed8xKUFxe5snP5rLhsirKGl

[153]https://www.facebook.com/sher.raisa.2025/posts/pfbid0okXZ2drgmCyvRtFLqishHFkn7CwCKAfayvgyFQn2AFkfhBiZkQvNDcbtVWtuj1Aal

[154]https://www.facebook.com/ohchr.roca/posts/pfbid0kDsHeqV2zkdfkbhaoBCQHQqv5ZJ1N5Cd89Vae6LDkzNdhqTHXbmT35HCw4bTaoBHl

[155] https://surli.cc/roqvsj

[156] https://semeyainasy.media/2025/07/30/mnogodetnye-materi-v-semee-potrebovali-vstrechi-s-akimom-oblasti-abaj/

[157] https://www.facebook.com/reel/604227912481216

[158]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02R9TcRd1E6M13qpVGPQgcNLJHGtjVEp97KRQSKb4dadTWZkSihHmX1E5TuEAi2ZL1l

[159] https://surl.lt/rrmraw

[160]https://www.facebook.com/murat.adam.1614/posts/pfbid02unYatCXJbWSSTDgu5WKaysxRqUbh1syADhmLmg1PsWusraeSXLe9wmwYEgRMgMBRl

[161] https://vlast.kz/novosti/65869-advokaty-trebuut-prekrasenia-ugolovnogo-dela-v-otnosenii-avtora-kanala-glazami-istorii.html

[162] https://www.instagram.com/p/DMuPT8lN6GF/?img_index=2&igsh=MmE1dXRoNGk5aDY0

[163] https://ulysmedia.kz/news/56216-vlasti-i-eksperty-v-astane-vnov-zagovorili-o-gei-propagande/

[164] https://informburo.kz/novosti/v-kazaxstane-planiruiut-razrabotat-zakon-o-zaprete-lgbt-propagandy-uze-etoi-oseniu-deputat-zanbyrsin

[165] https://orda.kz/po-dokumentam-my-pem-artezianskuju-zhiteli-sela-pod-almaty-perekryli-dorogu-iz-za-otsutstvija-vody-404871/

[166] https://www.instagram.com/p/DMzgE_tC9n5/?img_index=1

[167] https://surl.lu/dpmojd

[168] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/4238562069796377/

[169]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02sN6sU3DLPV7LBtaLEScpFWiEJmapafqPqrr2heGsSPggBwENKK9EzKDRTEuVRwPhl

[170] https://kaztag.kz/ru/news/bolee-100-ugolovnykh-del-vozbudili-za-feyki-i-razzhiganie-rozni-za-polgoda-v-kazakhstane

[171] https://www.instagram.com/adil_tulepbergenov/p/DM7pONCIXNR/

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в казмониторингБольше записей в казмониторинг »
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »

Обсуждение закрыто.

.