Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚАМАҚТАҒЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚАМАҚТАҒЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ

Сараптамалық кеңестің 2025 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен мыналар саяси тұтқын деп танылды:

  1. Әділбеков Данияр, журналист, «Жабайы Орда» Telegram арнасының авторы. 2024 жылғы 18 қазанда Астана қалалық соты Д.Әділбековке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігі, 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Қылмыстық іс қозғауға «Ел медиа» басылымының бас редакторы Г.Ерғалиеваның, Энергетика вице-министрі Е.Ақкенженовтің және Астана әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Рашеде Альжавдердің мәлімдемелері негіз болды, ол туралы Д.Әділбеков «Жабайы Орда» телеграм-арнасында жарияланым жасаған. 29.01.2025 Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
  2. Сыздықов Айдар -Қазақстандағы саяси тұтқындарды босатуды талап еткен бейбіт шерулерде бірнеше рет сөз сөйлеген астаналық азаматтық белсенді. Ол – «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құрушылардың бірі. 2024 жылдың 16 мамырында А.Сыздықов ұсталып, пәтеріне тінту жүргізілді. 2024 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз өндіру, қайта өңдеу немесе өткізу») бойынша әрекетті саралау туралы шешім қабылданды. 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қалалық соты оны 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 2024 жылдың 12 қарашасында апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Айдар Сыздықов бұл істі ойдан шығарылған деп есептейді. Бұған дейін 2021 жылы А.Сыздықов тыйым салынған ДВК «экстремистік» бірлестігінің қызметіне қатысқаны үшін (ҚР ҚК 405-бабы) 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған болатын.
  3. Анафина Лазат, Астана қаласынан азаматтық белсенді. 2024 жылғы 6 қарашада Анафина Лазат қамауға алынып, пробация қызметінің бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын сот қанағаттандырды. Өтелмеген 1,2 жыл жаза сол мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. 2023 жылдың мамыр айында Л.Анафина ҚР Қылмыстық кодексінің 379 және 380-баптары бойынша 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. 2020 жылы Талапкер ауылында Д.Ағаділді жерлеуге қатысқаны үшін Л.Анафина 7 тәулікке сотталған. 2022 жылы «Алға, Қазақстан!» партиясын құру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы бойынша жауапқа тартылды.

 «5 БЕЛСЕНДІНІҢ АЭС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ІСІ»

  1. Мүбараков Айдар, 56 жаста, Алматы қаласынан азаматтық белсенді. 2024 жылдың 29 қыркүйегінде А.Мүбараков атом электр станциясын салу жөніндегі референдум алдында ұсталды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 272-бабының 1-бөлігі бойынша дәрежеленді. Қамауда. А.Мүбарақов Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ұстанымын достарының ортасында білдірген. 2029 жылдың 29 қарашасында Айдар Мүбараков аштық жариялап, 2024 жылдың 24 желтоқсанында оны тоқтатты.
  2. Нұрлан Жауылбаев, 66 жаста, азаматтық белсенді, Алматы қаласынан. 2024 жылғы 29 қарашада Н.Жауылбаев қамауға алынды, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 272-бабының 1-бөлігімен дәрежеленді. Қамауда отыр. Нұрлан Жауылбаев достарының арасында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ұстанымын білдірген.
  3. Фазылжан Сыдықов, 64 жаста, алматылық азаматтық белсенді. 2024 жылғы 29 қарашада қамауға алынды, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігімен дәрежеленді. Қамауда. Сыдықов Фазылжан достарының арасында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ұстанымын білдірген.
  4. Нұрлан Темірғалиев, 55 жаста, Алматы қаласынан азаматтық белсенді. 2024 жылғы 29 қарашада қамауға алынды, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігімен дәрежеленді. Қамауда отыр. Темірғалиев Нұрлан достарының арасында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ұстанымын білдірді. Н.Темірғалиевтің денсаулығында күрделі мәселе бар.
  5. Қазақбай Жанат, 67 жаста, азаматтық белсенді, Алматы қаласы. 2024 жылғы 29 қарашада қамауға алынды, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 1-бөлігімен дәрежеленді. Қамауда. Қазақбай Жанат достарының арасында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты өз ұстанымын білдірген.

Мамандық кеңес:
Ғалым Ағелеуов
Лұқпан Ахмедьяров
Зәуреш Батталова
Гүлмира Біржанова
Анара Ибраева
Евгений Жовтис
Ерлан Қалиев
Бақытжан Төреғожина
2025 жылғы 23 сәуір, Алматы қ.

 

 

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.