1 шілде, Қонаев қаласы, ҚР ҚК-нің 371-бабы бойынша Алматы облысы ІІД-нің лауазымды тұлғаларына қатысты қаңтар оқиғасындағы абайсыздық туралы қылмыстық іс тергелуде. Таратылған ақпаратта мұндай фактілер орын алған ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінен қазір жауап алынып жатқаны айтылған[1].
1 шілде, Алматы қаласы, азаптауға қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобы және «Азаматтық ынтымақтастық» платформасы посткеңестік жеті мемлекеті – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украина үшін азаптауға тыйым салу индексінің жылдық өлшемінің бесіншісін таныстырды. Бір ерекшелікті байқау қиын емес: азаптау тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттердің маңызды құрамдас бөлігі болды және болып қала береді [2].
2 шілде, Алматы қаласы, «Оян Қазақстан» қозғалысының белсендісі Б.Әділханды, 2 шілдеде сағат 17:40-та Алматы әуежайында, рейске тіркелу кезінде ұстады. Ол және оның серіктері бұдан саяси астарлық көреді [3].
2 шілде, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 20 маусымы мен 2 шілдесі аралығындағы жағдайына шолу[4].
2 шілде, Астана қаласы, белсенді Орынбасар Жәнібек, өзінің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Оны «профилактикалық әңгіме» өткізгеннен кейін босатқан. Ол Қазақстан президентінен қазақстандық журналист А.Садықовтың сүйегін, Украинадан туған жері Ақтөбеге құрмет көрсету үшін, жеткізуді талап етпекші болған[5].
2 шілде, Алматы қаласы, саясаттанушы Д. Әлжанов, үйінің кіреберісінде белгісіз біреулер оған шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Оқиға 2 шілдеге қараған түні сағат 00:30 шамасында болған. Екі белгісіз біреу көлікпен келіп, оның үйіне ауладан шығатын жолды жауып тоқтаған. Содан кейін, оның айтуынша, олар әрі қарай оның артынан жүгіріп, қуған. Ол Достық даңғылына жүгіріп шығып, өз адвокатына хабарласып үлгерген [6].
2 шілде, Киев қаласы, қастандық жасалғаннан кейін 14-ші күні оппозиция белсендісі және YouTube-тегі «Бәсе» арнасының негізін қалаушы журналист А.Садықов қайтыс болды[7].
2 шілде, Киев қаласы, Украинаның Бас прокуратурасы А.Садықовтың өліміне байланысты оның өміріне қастандық жасады деген күдіктілерге қатысты бапты кісі өлтіруге оқталудан, адамдар тобының тапсырысы бойынша және алдын ала сөз байласуымен жасалған қасақана кісі өлтіру (Украина Қылмыстық кодексінің 115-бабының 2 бөлігінің 11, 12 тармақтары) бойынша қайта жіктейтінін хабарлады. Тергеуді Украина Ұлттық полициясының бас басқармасы жүргізуде[8].
3 шілде, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында А.Садықовтың өліміне «қатты күйзеліспен қарайтынын» жазды. «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін өлтіру – бұл БАҚ бостандығына жасалған шабуыл. Әділдік жеңіске жетуі керек», — деп жазды ол жазбасын # NoImpunity (Жазасыздыққа жол жоқ) хештегімен сүйемелдеп[9].
3 шілде, Астана қаласы, Назгүл Маханова ұсталды. Бұл заңсыз ұстау Астанада өтіп жатқан ШЫҰ-а қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ белсенділердің үстінен тәулік бойы заңсыз бейнебақылау және үйлердің ауласына сыртқы бақылау жүргізілуде[10].
3 шілде, Астана қаласы, Көпеев Жаслан ұсталды, оның қабырғасы сынған болуы мүмкін. Бұл заңсыз ұстау Астанадағы ШЫҰ-ға қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ белсенділердің үстінен 24/7 заңсыз бейнебақылау және үйлердің ауласында сыртқы бақылау жүргізілуде[11].
3 шілде, Астана қаласы, қаңтар оқиғасына байланысты ұзақ мерзімге сотталған Қазыбек Құдайбергеновтің, ұлына тағылған айыптарды алып, үкімнің күшін жоюды сұрап Қызылорда облысынан Астанаға келген анасына, таңертең 3 шілдеде, сәрсенбі күні полиция қызметкері келді[12].
3 шілде, Шымкент қаласы, Қалалық полиция басқармасының М.В.Низовкинаны елден Ресейге шығару туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешіміне қатысты апелляциялық шағымын сот қарады. Бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ. Шымкент қалалық ІІБ-нен өкілдік шығындарды өтеу үшін 300 000 теңге өндірілсін[13][14].
4 шілде, Алматы қаласы, А.Достияров, Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Ол қаланың орталық бөлігіндегі «Қарағайлы» алаңына баруды жоспарлағанын айтты, онда белсенділер А.Садықовтың өліміне байланысты гүл шоқтарын қоюды жоспарлаған. Көп ұзамай белсендіні босатты. Полиция қызметкері белсендіге «профилактикалық әңгімелесуге» шақырылғанын айтты[15].
4 шілде, Алматы қаласы, 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылған «Қарағайлы» алаңы қоршауға алынды. Кіре берісте полицейлер тұр, аумақ қызыл-ақ таспамен қоршалған. Сағат 11-де осы саябақта журналист А.Садықовты еске алу үшін гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсету жоспарланған болатын. Белсенділерге еске алу акциясын өткізуге жол бермеді[16].
4 шілде, Ақмола облысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының Астанада өткен саммитіне байланысты қудалаулар. Құрылғалы жатқан «Алға Қазақстан» партиясының төрағасы А.Джахинді сырттан бақылау[17].
4 шілде, «Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық ұйымы Украина мен Қазақстан билігін А.Садықовтың өліміне кінәлілерді тез арада тауып, оларды жауапқа тартуға шақырды [18].
5 шілде, Астана қаласы, А.Тоқпаева, қамауға алынған А.Сыздықовтың әйелі, ол өзін қорғаушы етіп тағайындау туралы жарлық алғанын хабарлады. Шілденің 1-і күні прокуратура тергеушінің 13 маусымда қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуына рұқсат бермеген шешімін бұзды. Саяси тұтқын Сыздықов А. аштық жариялауды тоқтатты[19].
5 шілде, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылғы 27 маусым мен 5 шілде аралығындағы жағдайына шолу [20].
5 шілде, Ақтөбе қаласы, жергілікті «Асату» мейрамханасында марқұм А.Садықовты еске алуға бірнеше ондаған адам жиналды. Жиналғандар, оның ішінде бұрынғы әріптестері мен қоғам мүшелері құран бағыштап, дұға оқыды[21].
5 шілде, Киев облысы, Чайка ауылында қазақ журналисі А.Садықовпен қоштасу рәсімі мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша өтті[22].
5 шілде, Алматы қаласы, Әскери сотының сот алқасы ақтау үкімін бұзып, жаңа үкім шығарды, оған сәйкес, А. Мелдеханның өліміне қатысты ісі бойынша сотталған Жұман Арман Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді[23].
5 шілде, Астанада өтетін ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитіне байланысты белсенділерді қудалау мониторингі [24].
5 шілде, Астана қаласы, белсенді Жаслан Көпеев, 30 күн қамауға алынды [25].
5 шілде, Астана қаласы, назарларыңызға Қазақстандағы сөз бостандығы, жалған ақпарат пен үгіт-насихатпен күрес және журналистердің құқықтарын қорғау жағдайы туралы шолуды ұсынамыз. Соңғы үш айда Қазақстанның медиа саласында маңызды оқиғалар орын алды [26].
6 шілде, Астана қаласы, бірнеше белсенді Киевте қастандықтан қаза тапқан А.Садықовты еске алды. «Нұр Астана» мешітіне жиналғандар дұға оқыды[27].
6 шілде, Жаңаөзен қаласы, полиция қызметкерлері А.Садықовты еске алуды көздеген он шақты адамды ұстады. Полиция белсенді Ж.Досекееваны күш қолданумен ұстады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша хаттама толтырылды, сот отырысының күні белгіленді. Сондай-ақ, полицейлер ұсталғандар М.Жұмағазиевты, А.Өтегенованы, Ж.Сейловты, А.Қарашаеваны, Ш.Өтекешеваны Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылындағы полиция бөлімшесіне жеткізді, үш сағаттан кейін оларды, ескерту жасаумен босатты[28].
7 шілде, «Журналист А.Садықовтың өлімін айыптаймын және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін жан-жақты тергеу жүргізуге шақырамын. Журналистер қай жерде жұмыс істесе де, олардың кәсіби міндеттерін орындауы үшін олардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі керек», — деп мәлімдеді ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле[29].
8 шілде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, белсенділер, Киевте өміріне қастандық жасалып қайтыс болғаннан кейінгі жетінші күні, А.Садықовты еске алу шарасын өткізді. Ақтау қаласы, Шетпе станциясы мен Жетібай ауылынан келген бірнеше ондаған адам марқұмды еске алып, құран бағыштады[30].
8 шілде, АҚШ, БҰҰ-ның жұмыс тобына, негізсіз қамау бойынша жіберілген мәлімдемеде «TrialWatch және Covington & Burling LLP» М.Жыланбаевты соттау іргелі заң қағидасын бұзды деп санайды, оған сәйкес адам өз іс-әрекетінің қылмыстық болуы мүмкін екенін алдын ала көре білуге мүмкіндігі болуы қажет [31].
9 шілде, Ақтау қаласы Ж.Досекеева, Н.Өскенбаева, және Бота есімді жергілікті тұрғын ұсталды. Олар полицияға жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін босатылды. Олар «тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң» деп аталатын заң және халықтың әлеуметтік жағдайы, атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бағаның өсуіне қарсы тұру туралы айтпақ болған. Досекееваның айтуынша, олар акция өткізу туралы хабарлама жібермеген[32].
9 шілде, Ақтау қаласы, 19-ықшамауданның тұрғындары пәтерлерінде су болмағандықтан жолды жауып тастамақ болған. Жарияланған кадрларға қарағанда, оқиға орнына мемлекеттік қызметкерлер және қара киім мен бетперде киген қауіпсіздік күштері келген. Тұрғындардың бірі келген жергілікті билік өкілдеріне «бес күннен бері сусыз отырмыз» деп хабарлады[33].
10 шілде, «Human Rights Watch» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «Біз Қазақстандағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!» петициясын қараудан бас тартуға шақырады. Құқық қорғаушылар петицияны «кемсітушілік» және «іргелі бостандықтарға қауіпті» деп атайды[34].
10 шілде, АҚШ, АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2023 жылға арналған әлемдегі діни еркіндік туралы жарияланған жылдық есебінде Қазақстанға қатысты түбегейлі ештеңе өзгермеген. Ондағылар Қазақстанда шектеушілік заңнама мен дәл осындай тәжірибе берік орын алған деп санайды [35].
10 шілде, Алматы қаласы, «Ластаев мырза! Неліктен Сіз үнемі мені жеке кездесуге шақырасыз? Не үшін? Бір жылдан астам уақыт бойы көңіл аудару мен ізгі ықылас көрсеткендей болып жеке кездесуге шақырудасыз. Мен тағы да қайталаймын, біз сізбен сұрақты онлайн шеше аламыз және бірінші сұрайтыным — сұрақтарыма және хаттарыма мәні бойынша жауап беру», — деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина[36].
10 шілде, Қызылорда қаласы, белсенділер Г.Серікбаева және Ы.Бекмағамбетов, Қытайдан келген этникалық қазақ Кастер Мұсаханұлының қайда екенін білу үшін полиция басқармасына келді. Сот шешімімен, Кастер жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ деген айыппен, 2024 жылдың 4 шілдесінде Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына, заңсыз түрде бір ай мерзімге әкімшілік қамауға алынғанын, белсенділер таныстарынан білген[37].
10 шілде, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, «Елімай» қозғалысының құқық қорғаушысы А.Сәдуақасова колония басшылығымен кездесіп, М.Жыланбаевтың қамауда ұстау жағдайын талқыламақ болған, бірақ колония басшылығы онымен кездесуді қаламаған сияқты, сондықтан ол колония бастығы Қ.Тулақовпен де, оның орынбасары Қ.Байқадамовпен де кездесе алмады [38].
10 шілде, Қонаев қаласы, Қ.Клышев, ҚР ҚК 405-бабының 1/2-бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот 2022 жылы сот оған «сенім» беріп, жазаны бас бостандығынан айырудан бас бостандығын шектеуге ауыстырғанын, бірақ Клышев Қ., оны «ақтамағанын» айтып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты[39].
10 шілде, Қонаев қаласы, Д.Намазбаев, ҚР ҚК-нің 174-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылған, қалалық сот бас бостандығынан айыру кезінде екі ескертудің болуына байланысты, жазаны жеңілдету туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты [40].
10 шілде, Астана қаласы, жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, онда Қазақстандағы ЛГБТ+ насихатына тыйым салу туралы петиция талқыланды. Іс-шараға журналистер жіберілмеді, бірақ белсенділер мен петиция авторы тікелей эфирде болды. Жабық есік жағдайында өткен кездесудің жай-жапсарын айтудамыз. Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі петицияны қолдады[41].
11 шілде, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, елді мекен маңында салынып жатқан алтын өндіруші фабриканың аумағына «басып кіріп», компания қызметкерлеріне «күш қолданды» және «мүлікке зиян келтірді» деген айып тағылған Маралды ауылының алты тұрғынына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мұндай шешімді Самара аудандық соты шығарды[42].
11 шілде, Талдықорған қаласы, полиция ардагері С.Ақтымбаев, ол Талдықорған қалалық ІІБ-ның бұрынғы бастығы Асқар Нұрсапаның әкесі, оның айтуынша ұлын қылмыстық қудалауға бастамашы болғандарды, бұрынғы Алматы облысының басшылығын және қаңтар оқиғасы кезінде «қашып кеткен» облыстың негізгі құқық қорғау органдарын бірінші кезекте іске тарту қажет деп санайды[43].
11 шілдеде Алматы қаласы, Ш.Уалиханов атындағы саябақты қалпына келтіру, автотұрақ, көлік аралдары, дабыл бағандары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін Шевченко көшесі тарылып қалды. Алматы полиция департаменті әкімдікке ұсыныстар жолдап, билік оның негізінде бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу орындарын өзгерту туралы шешім қабылдады[44].
11 шілде, Алматы қаласы, «Базардағы саудагерлердің құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің» белсендісі және мүшесі Е.В.Садвакасова ұсталғаны белгілі болды. Алатау аудандық полиция бөлімінде, оның өтінімімен ҚР ҚК 147-бабының 4-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әшкерелегені үшін, оған қатысты қылмыстық құқық бұзу факті тіркелді[45].
12 шілде, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 5 шілдесі мен 12 шілдесі аралығындағы жағдайына шолу[46].
12 шілде, Шымкент қаласы, Қ.Джапарова, ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі, 2 жылға бас бостандығын шектеу, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған зейнеткерге шыққан үкімді өзгерткен жоқ. Алқа сотталушының кінәсі толық дәлелденді деп есептеді. Сот оның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды[47].
12 шілде, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар шеруді өткізу орындарын ауыстыруды халықаралық құжаттарды бұзу деп санайды,ал депутаттар әріптестерінен шерулер мен бейбіт жиындар өткізу орындарын ауыстыру туралы шешім қабылдауға қоғамды тартуды сұрайды[48].
12 шілде, Батыс Қазақстан облысы, бес ауданның фермерлеріне 19 шілдеде Сайхин ауылында митинг өткізуге рұқсат бермеді, олар құрғақшылық мәселесін көтермекші болған, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлердің айтуынша, құрғақшылық малдың жаппай шығынына әкеп соқтыруы ықтимал. Олар азық-түлік тапшылығына байланысты төтенше жағдай енгізуді талап етпек болған [49].
12 шілде, Алматықаласы, қалалық сот Түркісіб аудандық сотының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы адвокат Г. Жуаспаеваның адвокаттық лицензиясын айыру туралы жеке қаулысының күшін жойды[50].
12 шілде, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №4 мекеме, адвокат М. Досқараев, тәртіптік ұстау изоляторындағы М.Жыланбаевқа барды. Онда толық антисанитарлық жағдай, дәретхана дәл камерада орналасқан және жабуға келмейді. М.Жыланбаев «қауіпсіз орын» бағдарламасы бойынша тәртіптік ұстау изоляторына орналастырылғандықтан, оған наразылық белгісі ретінде 22-ші күннен бері аштық жариялап отыр, негізі оны медициналық бөлімшеге жіберулері керек болғанын адвокаты хабарлады[51].
12 шілде, Астана қаласы, ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғау үшін сотқа тартылған жағдайда не істеу керек. Заңсыз қамауға алынғандар, кәсіби, конституциялық құқықтары бұзылған жағдайда немесе сұрақтарыңыз болса, mediaqoldau@gmail.com электрондық поштасы арқылы «Media Qoldau» компаниясына хабарласуыңызға немесе +7 7172 424 432 телефонына қоңырау шалуға болады[52].
12 шілде, «Ашық диалог» қоры «Белсенділер Экстремисттер Емес» коалициясының адам құқықтары жөніндегі сарапшыларымен бірлесіп, Б.Меңдіғазиевтің трансұлттық саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы есеп дайындады. Баяндамада құқық қорғаушы және экобелсендіні қуғындау үшін, әлем бойынша ең ірі энергетикалық компаниялардың бірі АҚШ-та орналасқан, «Шеврон» корпорациясы қалай пайдаланылғаны туралы деректер келтірілген[53].
12 шілде, Алматы қаласы, саяси тұтқын А. Жамұратовтың әйелі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1/2 бөлігі, Жамұратова Светлана денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жансақтау бөліміне түсті. Ол ауруханада 5 күн жатты, одан кейін дәрігер болашақта ауыр сырқаттану ықтималдығын азайту үшін оған дәрі-дәрмектерді тағайындады[54].
13 шілде, Алматы қаласы, YouTube желісіндегі «Бәсе» арнасының негізін құраушы және авторы А.Садықовтың өліміне қатысты жеке журналистік тергеуді жалғастырудамыз. Біз Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына екі журналистік сауал жолдадық. 13 шілдеде біз жауаптар алдық – мағынасыз жауаптар. Біздің нақты сұрақтарымызға — мағынасыз жауаптар[55].
14 шілде, Алматы қаласы, тергеу соты белсенді Елена Сәдуақасованы үйқамаққа шығарды. Оның үстінен Алматы қаласы Алатау ауданының полициясында оның өтініші бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі (Жеке мәліметтерді тарату) бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әшкерелегені үшін қылмыстық іс тіркелген[56].
14 шілде, Алматы облысы, өткен көктемде ҚР ҚК-нің 146, 451-бабы бойынша, музыкант В. Рузахунов пен Өзбекстанның 23 азаматын азаптауға айыпталушы мәртебесіне ие болған полиция қызметкерлері: С.Тұрпанбаев, Б.Сопақов, Н.Хамитов және А.Шойбеков, ешқайда кетпеу туралы жазылым бойынша, тергеу изоляторынан босатылды[57].
15 шілде, Астана қаласы, утильжинауға қарсы шыққан белсенділер қысым туралы мәлімдейді, Қазақстанның Құрылыс және индустрия министрлігінің ғимаратына еліміздің әр өңірінен келген 20-ға жуық адам келген. Дүйсенбіде министрлік ғимаратының жанында полицияның саны артты, қауіпсіздік күштері мен тұрақта тұрған полиция көліктері мен шағын автобустар көрінді[58].
15 шілде, Алматы қаласы, соғысқа қарсы рэп — фристайлға қатысып, «Йоу, орыстар» әнін орындаған бейнеролик әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін, Мария Кочневаны Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне шақырды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған қоғамдық орында әдепсіз сөздер айту себеп болды[59].
15 шілде, Астана қаласы, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаев бірінші президенттік мерзімнің алғашқы жылдарында Қ.Тоқаев пен оның жақтастарына ескі билік элитасының қарсылығын еңсеруге тура келгенін мәлімдеді [60].
2024 жылғы 15 шілде, Қонаев қаласындағы сот, ҚРҚК 405-бабының 2-бөлігі, 258-бабының 1-бөлігі бойынша Д.Мұхамедкәрімге қатысты жабық сот отырысы жалғасты. Д.Мұхамедкәрімнің туыстары және азаматтық белсенділер, оған қолдау көрсетуге келді. Сот ғимаратына әкімдік, прокуратура және полиция өкілдері де келді, олар жиынды заңсыз митинг деп мәлімдеді[61].
15 шілде, Алматы қаласы, «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытында «Утиль жинау мен бастапқы тіркеуге қарсы петицияны қарауға арналған қоғамдық тыңдаулар» өтті. Тырнақшада — өйткені ол ешқандай да қоғамдық болған жоқ және көпшіліктің қатысуы көзделмеген де. Тыңдауларға қатысуға әрекеттенген алаңдаушы азаматтарды жай ғана кіргізбей қойды. Зауыт жанында кезекші полиция көліктері көп тұрды, онда бір ШЫҰ саммиті өтіп жатқандай көрінді[62].
16 шілде, Жаңаөзен қаласы, Ж.Досекеева, бір жыл ішінде қайталап жасаған құқық бұзушылық үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі бойынша 180 908 теңге (айырбас бағамы бойынша 380 АҚШ доллары) айыппұл салды. Сот қаулысында Ж.Досекееваның TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы қала тұрғындарын жинап, заңсыз митинг ұйымдастырмақ болғаны айтылған[63].
16 шілде, Алматы қаласы, белсенді Мария Кочнева соғысқа қарсы рэп- фристайлға қатысып, «Йоу, орыстар», («Йоу, русские») әнін орындаған бейнебаяны шыққаннан бірнеше күн өткеннен кейін балағаттап, қорқытқан хабарламалар ала бастағанын хабарлады. Ол полицияға арыз жазуға ниетті екенін қосып айтты[64].
17 шілде, Астана қаласы, журналист Д.Әділбековтің ісі, ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотына қарауға жіберілді. «Сонымен қатар, маған ауыстыру туралы ресми хабарлама мен айыптау актісі келген жоқ, бұл прокурор тарапынан өрескел заң бұзушылық», — деді оның адвокаты Маутқанов [65].
17 шілде, Түркістан облысы, Төлеби аудандық соты белсенді Татаев Нұрлыбайға қатысты қылмыстық істі қарай бастады, оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасау айыбы тағылған. Айыпталуға үш жыл бұрын М.Әбіләзовпен интернет арқылы сөйлесуі себеп болған. Ол ешқайда кетпеу өтінімін толтырған[66].
18 шілде, Алматы қаласы, «Омбудсмен А.Ластаев, саяси тұтқындардың өзі оған баруын өтінбегендіктен, біздің барлық шағымдарымызды қабылдамай отыр. Біздің барлық хаттарымызға, саяси тұтқындардың мүддесін мемлекеттік органдарда қорғау үшін менде саяси тұтқындардың өз атынан берілген сенімхат болуы қажет деп жазуда. Бұл омбудсменнен кезекті маразм. Адамдар түрмеде, тергеу изоляторында және уақытша ұстау изоляторында отыр, ал А.Ластаевқа нотариустан сенімхат ұсыну қажет», – деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина[67].
18 шілде, Астана қаласы, журналист Тамара Вааль А.Балаеваның жетекшілігімен Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген «Журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ереже жобасы Конституцияны бұзады деп мәлімдеді. , тікелей цензура болып табылады және кәсіпке тыйым салуды белгілейді[68].
18 шілде, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Д.Мұхаммедкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405 баптары, медициналық мекемеге ауыстырылды. «Стресс пен ұзақ уақыт аштық жариялағандықтан, оның бауыры, бүйрегі, асқазаны ауырған. Буындарында ақау бар. Онда көптеген сырқаттар бар, емделуіне орташа есеппен 10 күн қажет дейді»,- деп хабарлады адвокат Ғ.Нұрпейісов[69].
18-і шілде, Алматы қаласы, қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары өз қорғауындағылардың ісін Жоғарғы соттың қараудан бас тартуымен келіспейді. Олар одан әрі қайта қарауды талап етуге ниетті[70].
18 шілде, Ақтөбе қаласы, облыстық соты М.Қ.Дауыловтың «Ақтөбе қаласы әкімі аппараты»МК шығарған қаулының күшін жою және қаулыларын заңсыз деп тану туралы облыстық әкімшілік сотының қаулысына шағымын қарады. Ол соттың назарын Қазақстан Республикасының Конституциясына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес пикет түрінде пікір білдіру құқығына аударды. Сот 2024 жылғы 13 ақпандағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарып, апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ[71][72].
19 шілде, Астана қаласы, бұрынғы ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген тақырыппен сотқа түсті, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі[73].
19 шілде, Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген «Журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредитациялаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына журналистер арасында наразылық жалғасуда, олар өз пікірлерін Басқарма басшысы А.Балаеваның жазбаларының астына қалдыруда[74].
19 шілде, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қоры журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын реттейтін ережелер ақпаратқа қол жеткізуді қиындатпай, жеңілдетуі керек деп санайды. Ал ережелерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы қабылдаған сөз бостандығы саласындағы халықаралық міндеттемелердің нормалары, Конституция мен қолданыстағы заңнамалар қатаң сақталуы тиіс[75].
19 шілде, Астана қаласы, Индустрия және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев утиль жинау мәселелері бойынша петицияны қарау қорытындысы бойынша бас тарту туралы шешім қабылдады. Электрондық үкімет» порталында сағат 17.00-де жарияланған құжат шағын шрифттегі 24 бет мәтінді қамтиды[76].
19 шілде, Алматы қаласы, қоқыс өңдеу жинағына қарсы қозғалысқа қатысушылар митинг өткізуге ниетті екендіктерін Индустрия министрлігі түстен кейін қайта өңдеу төлемінен бас тартпайтынын мәлімдеген соң мәлімдеді. Белсенділер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында хабарлама жолдаған. Басқа қалаларда да әкімдікке құжаттар тапсырылатыны хабарланды[77].
19 шілде, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 11 шілдесі мен 19 шілдесі аралығындағы жағдайына шолу[78].
20 шілде, Қонаев қаласы, уақытша ұстау изоляторына Азаптаудың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының Қонаевтағы УҰИ баруы іске аспады, ол мекеме күзетшілерінің келушілерді сенімді және аса сенімді емес деп бөлуге заңсыз әрекет жасауына, сондай ақ соңғысының полиция қызметкерлерінің заңсыз талабын орындаудан бас тартуына байланысты болды[79].
22 шілде, Көкшетау қаласы, Атбасар қаласындағы №1 колония (ЕЦ-166/4) мекемесіндегі азаптаулар туралы іске қатысты сот отырысы басталды, оның видеосы өткен жылдың қыркүйегінде тарап кеткен болатын. Істе 41 жәбірленуші, айыпталушы орында 12 адам отыр. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша айыпталып отыр. Сот ашық деп жарияланып, алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр[80].
22 шілде, Қонаев қаласы, сот отырысында Д. Мұхаммедкәрімнен жауап алынды. ҚРҚК-ң 258, 405 баптары. Адвокаттарының айтуынша, Д. Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыпты мойындамады, ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдеді[81].
22 шілде, Петропавл қаласы, С.Измайловқа полициядан практикант қоңырау шалып, мерзімі әлі аяқталмаған айыппұлды төлеу керек екенін айтты. С.Измайлов одан, өзін таныстыруды өтінді, бірақ ол бас тартты. Мәселе мынада, практикадан өтуші тағылымдамашы емес, бірақ жеке деректерге қол жеткізе алады және мемлекеттік қызметшінің этикасы бойынша жауапкершілікке тартылмайды [82].
23 шілде, Алматы қаласы, М.Кочнева, әкімшілік істер бойынша сот белсендіні, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша, 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Музыка фестивалінде «Йоу, орыстар»(«Йоу, русские») әнін орындағаны үшін оны, бұдан бұрын полиция қызметкерлері басқармаға шақырған[83].
23 шілде, Алматы қаласы, Мәскеудің экстрадициялау туралы өтінішінен кейін бір жыл қамауда отырған ресейлік Наталья Нарская Алматыдағы тергеу изоляторынан босатылды. Оған «экстремизмге шақырды» деген айып тағылып отыр [84].
23 шілде, Маңғыстау облысы, Жаббасова Амангүл, маусым айының соңында ШЫҰ саммиті кезінде Астанаға бармақ болғанында көліктен шығарып алған болатын. Ол, Жаңаөзен қаласынан Астанаға келді, әділдік іздеп президент әкімшілігінің ғимаратына баруды жоспарлап отыр[85].
23 шілде, Қонаев қаласы, адвокат А.Жамұратовтың өтінішін қарау бойынша сот отырысы өтті. ҚР ҚК-нің 258, 405 бабымен, оның ісі бойынша ашық сот отырыстарын өткізу туралы. Сот өз өмірі мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ отбасының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіптенетін белгілі бір куәгердің бар екендігі туралы прокурордың мәлімдемесіне сілтеме жасаумен өтінішті қанағаттандырудан бас тартты[86].
24 шілде, Жаңаөзен қаласы, полиция әлеуметтік желідегі жазбаларға байланысты белсенді Ж.Досекееваға қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабымен, араздық тудыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның ісі бойынша сот 25 шілдеге белгіленді[87].
24 шілде, Алматы қаласы, қаңтар оқиғасы кезінде басынан оқ алған дәрігер қалыпты өмір сүру үшін күресін жалғастыруда. Ер адам мүгедек болып қалған, бала сүйе алмайды. Сонымен бірге оған тіпті ипотека алу құқығынан бас тартқан! Отбасы мен достары бұған наразы: басқаларды құтқару үшін өмірін қатерге тіккен адам, үлкен құрметке лайықты[88].
25 шілде, Қонаев қаласы, қалалық аурухана, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405-бабы: «…Мен ешқашан сынбаймын. Мен соңына дейін тұрамын. Мен кешірім немесе кешірім сұрамаймын. Оның үстіне мен олардың жалған айыптарын ешқашан мойындамаймын. Мен әлі де жеңімпаз болатыныма сенімдімін. Тек мен емес. Бүкіл халық жеңеді. Қазір ұрылар жүйесі тығырыққа тірелді. Олар онда өз еріктерімен жетті. Ал олардың басқа амалы жоқ…» [89].
25 шілде, Астана қалассы, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс сұхбатында былай деді: «Ресми деректер бойынша өлгендердің саны 238 – бұл көп сұрақтарды тудырады. Олардың көбісі, өкінішке орай жауапсыз қалуда. Азаптаулардың ауқымы мені таң қалдырды. Талдықорғанда темірмен азапталған құрбандардың мәйіттері менің жадымда мәңгі қалды. Жабық есік артында өтіп жатқан сот процесстері де менің көңілімді қалдырды. Неліктен Қазақстан халқын «Қаңтар оқиғасы» туралы толық шындықты білуге лайықты емес деп санайды?»[90].
25 шілде, Түркістан облысы, Азаттық радиосының Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса, Жібек жолы ауылындағы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алу үшін, Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды[91].
25 шілде, Алматы қалассы, А.Жамұратовтың жұбайы, ҚР ҚК-нің 258, 405баптары, Светлана Жамұратова, Асылбектің оған телефон соғып, сот процестерінің жабық өтуіне және Светлана мен олардың туыстарын саяси қылмыстық қудалауға наразылық ретінде аузын тігіп тастайтынын айтқанын. Әйелі оның өмірі мен денсаулығы үшін алаңдаулы[92].
25 шілде, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2024 жылдың 18 шілдесі мен 25 шілдесі аралығындағы жағдайына шолу [93].
26 шілде, Алматы қаласы, Адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында Рузахуновтың ата-анасы ұлының ұсталғаны туралы айтты. Осыдан тура бір ай бұрын ҰҚК қызметкерлері Түркістан облысы Кентау қаласының 27 жастағы тұрғынын тінтуден кейін ұстады, оның барысында айыпты ештеңе табылмады. Тінту жүргізген комитет қызметкерлері ресми құжатта қандай факт тіркегені белгісіз, ол құжатқа ұсталғанның ата-анасынан қол қоюды сұраған[94].
26 шілде, Астана қаласы, А.Меркуль, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу тағайындалды. Әлеуметтік желіде А. Меркуль өзінің сөйлеген сөзінің видеосын жариялаған, онда балағат сөздер қолданған. Осы әзілкешті жауапқа тартуға себеп болған[95].
29 шілде, Қонаев қаласы, Д.Мұхамедкәрім, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258, 405 -баптары, журналистің ісі бойынша жарыссөз басталды. Прокурор айыпталушы журналисті 7 жылға бас бостандығынан айыруды және 3 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметке тыйым салуды сұрады[96].
30 шілде, Қарағанды қаласы, екі инстанцияның соттары бұрын жұмыстан босатылған «Қармет» компаниясының (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ) кеншісі Н.Девяткинді жұмысқа қайта алудан бас тартты, оның айтуынша, жұмыс істеген «Шахтинск» кенішіндегі заң бұзушылықтар туралы шағымданғаннан кейін жұмысынан айырылған[97].
30 шілде, Жаңаөзен қаласы, Ж.Досекеева, оның үстінен ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Белсенді қорғаушысымен бірге іс материалдарымен, сарапшы Мирзаходжаевтың қорытындысымен танысты, ол оның жазбаларында әлеуметтік алауыздықты қоздыру және қоздыру белгілері бар екенін атап өткен. Жазбасы зерттеу тақырыбы болған [98].
30 шілде, Алматы қаласы, Айгүл Ахметжанова, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Руслан Қуаттың әйелі мемлекетті сотқа берді. Ол қайтыс болған күйеуінің екі жылдық жалақысы көлемінде өтемақы және жерлеуге кеткен шығынды өтеуді сұрады. Сот жесір әйелдің арызын қанағаттандырмады[99].
31 шілде, Көкшетау қаласы, Ақмола сотында Атбасар қаласындағы түзеу колониясының 12 қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды. Олардың үшеуі қамауда, қалғандары кепілмен босатылды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылып отыр. Т.Дәнебаев, колониядағы сотталғандардың ерікті жасақтарын тарату туралы өтініш жасады. Қылмысты жасырғаны үшін келесі әскери қызметшілер жауапқа тартылсын: Жұматаев, Рымжанов, Әбілдин қылмыстық жауапкершілікке тартылсын, № 5510 әскери бөлімі таратылсын[100].
31 шілде, Алматы қаласы, сот үкіміне қатысты баспасөз мәслихатында қоғам қайраткері Р. Сәрсенбай мәлімдеме жасады. Азаматтық белсенділер атынан Р.Сәрсенбай Д. Мұхаметкәрімге қатысты сот шешімі оның ғана емес, бүкіл тәуелсіз журналистиканың тағдырына әсер ететінін, мәлімдеді [101].
[1] https://kaztag.kz/ru/news/delo-o-khalatnosti-rassleduyut-po-yanvarskim-sobytiyam-protiv-politseyskikh-almatinskoy-oblasti
[2] https://bureau.kz/novosti/rezhimnaya-atributika/
[3] https://rus.azattyq.org/a/33020573.html
[4] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-20-iyunya-po-2-iyulya-2024-g-.html
[5] https://rus.azattyq.org/a/33018913.html
[6] https://rus.azattyq.org/a/33018881.html
[7] https://rus.azattyq.org/a/33018096.html
[8] https://rus.azattyq.org/a/33018544.html
[9]https://x.com/OSCE_RFoM/status/1808497235480420568?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1808497235480420568%7Ctwgr%5Eb6bc83732adb0c9540405b9d1bb2061d91f10e08%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Frus.azattyq.org%2Fa%2Fv-kieve-pohoronili-zhurnalista-aydosa-sadykova%2F33021870.html
[10]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02bo3Jzt7iRPeYdKETopMABehx7jsmWm3hz7PdPGTPzGiK8LiNq2Jxs7h2r97hDmhAl&id=100022710849711
[11]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0Ns6YBctcaMJejYuNNp5Jy8MoMHokBH4DigAXKkwtgZCfr7tHVXbN54X6JAmbSbH1l&id=100077124002517
[12] https://rus.azattyq.org/a/33019829.html
[13] https://t.me/AdalSotKz/1913
[14] https://t.me/AdalSotKz/1914
[15] https://rus.azattyq.org/a/33021674.html
[16] https://rus.azattyq.org/a/33021417.html
[17] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3846700062315915/
[18] https://rus.azattyq.org/a/33021263.html
[19] https://rus.azattyq.org/a/33023461.html
[20] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-27-iyunya-po-05-iyulya-2024-g.html
[21] https://rus.azattyq.org/a/33023153.html
[22] https://rus.azattyq.org/a/33023019.html
[23] https://kaztag.kz/ru/news/eks-voennosluzhashchemu-po-delu-o-gibeli-chetyrekhletney-aykorkem-vnov-vynesli-prigovor
[24] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3846639755655279/
[25]https://www.facebook.com/100054554466918/posts/991265326035274/?mibextid=WC7FNe&rdid=YlyuPOK2RyhngroD
[26]https://www.facebook.com/lmc.kz/posts/pfbid02N8WGbXqrH3u35xAm4a8xVf42e1mqnNFAhH1swAUS2x6c4MEbnGFd4FUibYJuQ5ujl
[27] https://rus.azattyq.org/a/33024425.html
[28] https://rus.azattyq.org/a/33024425.html
[29] https://kaztag.kz/ru/news/gendirektor-yunesko-osudila-ubiystvo-zhurnalista-aydosa-sadykova
[30] https://rus.azattyq.org/a/33027671.html
[31] https://cfj.org/news/trialwatch-and-covington-challenge-kazakh-opposition-figures-conviction-in-petition-to-un/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR2pWCgKqV13YS_h8ms_ACRCd9_Paz0Stf_oYGrm2IMUE3A5q_t92ECzLdM_aem_rfZ5HUHcrCWB55ikZf7yvg
[32] https://rus.azattyq.org/a/33028024.html
[33] https://rus.azattyq.org/a/33029043.html
[34] https://rus.azattyq.org/a/33029754.html
[35] https://bureau.kz/novosti/polosa-prepyatstvij-dlya-veruyushhih/
[36]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0RR5ZN7g3EY1oXS2jo4A7SQmSuTstrjFsjrR2TxAgk1d6QjrhY6gvFy6NHsWHKSLul?_rdc=1&_rdr
[37] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3851625858490002/
[38] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3851905441795377/
[39] https://rus.azattyq.org/a/33030746.html
[40] https://rus.azattyq.org/a/33030746.html
[41] https://bes.media/news/video-pro-pedofiliyu-konstitutsiya-v-podarok-i-ohota-na-vedm-kak-proshlo-zasedanie-rabochey-gruppi-po-zapretu-propagandi-lgbtik-v-kazahstane
[42] https://rus.azattyq.org/a/33032700.html
[43] https://kaztag.kz/ru/news/veteran-politsii-iz-taldykorgana-o-a-tare-pochemu-ne-privlekayut-sbezhavshikh-top-chinovnikov
[44] https://bes.media/news/v-almati-pomenyali-mesto-dlya-provedeniya-mirnih-sobraniy-na-bolee-malenkoe-9465e7/
[45]https://www.facebook.com/murat.adam.1614/posts/pfbid0BUhxiSQT89G1DyDVjYYUb4jF3FMeB2aG2RoPrbxCFMjg2MK64qv3ThCgmPpVxM3Zl
[46] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-5-po-12-iyulya-2024-g.html
[47] https://rus.azattyq.org/a/33034040.html
[48] https://bes.media/news/pochemu-ne-kalkaman-ili-boraldaychto-govoryat-pravozashitniki-i-deputati-o-perenose-mest-dlya-mitingov-v-almati/?fbclid=IwZXh0bgNhZW0CMTEAAR2knoqleKPwo9k5eH-q_2xAD2Ju-5cJti191wuiuvSFnBrQYzHPpfAnl0M_aem_0-8ybcnjE8Hab0BzaY9Q0w
[49] https://rus.azattyq.org/a/33034744.html
[50] https://kaztag.kz/ru/news/sud-almaty-otmenil-postanovlenie-raysuda-o-lishenii-gulnary-zhuaspaevoy-advokatskoy-litsenzii
[51] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3852874108365177/
[52] https://www.facebook.com/watch/?v=502963482153210
[53]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02qeiw9cAc3XSWLLYLQREkcZevrH5Drnw7iuy9HMGavs1ANW67iUWBV9f6u3rwJbQRl
[54] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3862492580736663/
[55] https://respublika.kz.media/archives/128365
[56]https://www.facebook.com/murat.adam.1614/posts/pfbid0urbHHrfiCoPc74uDHJLzjRUWjBwhffJ16KL3aJGPjp6gxQBCr6Mh3RqG9p8oJDUxl
[57] https://respublika.kz.media/archives/128167
[58] https://rus.azattyq.org/a/33036896.html
[59] https://rus.azattyq.org/a/33036515.html
[60] https://time.kz/fresh/aktualno/2024/07/15/logika-reform
[61] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3855054584813796/
[62]https://web.facebook.com/vadim.boreiko/posts/pfbid02AXmxJgiFkvaYbBWWJkgnG6jiny7z73Jwhdu35GFD4Xb13Qy4aHqe4gRuXUHrgMvrl?_rdc=1&_rdr
[63] https://rus.azattyq.org/a/33039672.html
[64] https://rus.azattyq.org/a/33037959.html
[65] https://press.kz/novosti/ugolovnoe-delo-daniyara-adilbekova-peredano-v-sud-162bc6
[66] https://rus.azattyq.org/a/33040972.html
[67]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02Mh4j4NJft7mNrGkkwnGSnm8GVjzhHV9Q8mozQZ5yFMKc7sWWGzE9tPZzLNssTCZhl
[68] https://kaztag.kz/ru/news/zhurnalist-balaeva-vashi-pravila-eto-narushenie-konstitutsii-tsenzura-i-zapret-na-professiyu
[69] https://rus.azattyq.org/a/33041626.html
[70] https://vlast.kz/novosti/61069-advokaty-osuzdennyh-po-delu-o-zahvate-aeroporta-nesoglasny-s-otkazom-verhovnogo-suda-v-peresmotre-dela.html
[71] https://t.me/AdalSotKz/1925
[72] https://t.me/AdalSotKz/1926
[73] https://kaztag.kz/ru/news/ugolovnoe-delo-eks-ministra-turgumbaeva-postupilo-v-sud-pod-grifom-sovershenno-sekretno
[74] https://kaztag.kz/ru/news/kakie-to-lyudoedskie-pravila-vozmushchenie-rastet-sredi-zhurnalistov-kazakhstana
[75] https://adilsoz.kz/news/svobodu-slova-ne-dolzhny-ogranichivat-pravila-akkreditacii-zhurnalisto.html
[76] https://respublika.kz.media/archives/128531
[77] https://bes.media/news/uvedomlenie-o-mitingah-podali-uchastniki-dvizheniya-protiv-utilsbora-posle-resheniya-minproma-d9ebfc/
[78] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-11-po-19-iyulya-2024-g-.html
[79] https://bureau.kz/novosti/pravozashhitniki-blagonadyozhnye-i-neblagonadyozhnye/
[80] https://rus.azattyq.org/a/33045795.html
[81] https://bureau.kz/kk/bakylau/qonaevtaghy-sotta-duman-muhammedkaermnen-zhauap-alyndy/
[82] https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid033i16mpL3zEgU4f5t9fEmzNLJTxyps8vRBPiJuwjSt7ysBxinr2HxPmXYh8UFJfEFl&id=100004407332296
[83] https://rus.azattyq.org/a/33047005.html
[84] https://bureau.kz/novosti/rossiyanka-osvobodilas-v-almaty/
[85] https://rus.azattyq.org/a/33047475.html
[86] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3863230853996169/
[87]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02NAGAHwzTby2vjPjA9j3T1KbVrrJ2XWigS64ooZ7t9pM14Gbw7nAudktR2wZ1So9Cl&id=100081240692814
[88] https://orda.kz/vracha-skoroj-vo-vremja-kantara-ranili-v-golovu-on-chudom-vyzhil-no-teper-dazhe-ne-mozhet-vzjat-ipoteku-389328/
[89] https://respublika.kz.media/archives/128833
[90] https://respublika.kz.media/archives/128769
[91] https://rus.azattyq.org/a/33050786.html
[92] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3863230853996169/
[93] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-18-po-25-iyulya-2024-g-.html
[94] https://bureau.kz/novosti/said-voskres/
[95] https://orda.kz/slishkom-bedno-zhivem-kazahstanskogo-komika-arestovali-na-10-sutok-389605/
[96] https://rus.azattyq.org/a/33054564.html
[97] https://rus.azattyq.org/a/33056870.html
[98]https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/permalink/3643842579277899/?mibextid=K35XfP&rdid=989O1nzmyczYJIrp&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2FXSdudRMy8HviVH5h%2F%3Fmibextid%3DK35XfP
[99] https://rus.azattyq.org/a/33055868.html
[100] https://kaztag.kz/ru/news/nachalsya-sud-nad-12-sotrudnikami-kolonii-atbasara-po-delu-o-pytkakh
[101] https://web.facebook.com/watch/live/?ref=watch_permalink&v=2802385776605083
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.