1-қараша, Тараз қаласы, Бақтыбаев Бағдат, ҚР ҚК 296 б. және 405-бабының ½ бөлігі,ТЖ-158/2 мекемесінде отырған, заңсыз үкімге наразылық ретінде шегелерді жұтып қойды. Бір ай ішінде ол колония әкімшілігінен 8 жаза алды және айып изоляторына орналастырылды [1].
1-қараша, Балқаш қаласы, Сыздықов Айдар, ҚР ҚК 131-бабының 2-бөлігі, судья А.Х. Жанділдина сот отырысын жауапкер А. Сыздықовсыз, оны отырысқа қатысуға шақырмай, заңнаманы бұзумен өткізді. Талапкер А.К.Әбдікәрімова өзінің талап-арызын қайтарып алды және шағым талаптары жоқ [2]. Бірақ, Нұр-Сұлтан қ. ЕЦ-166/1 ТИЗО-ның (бұрын мұнда Дулат Ағәділ өлтірілген болатын) басқа қызметкерлері, қатыгез қарым-қатынас пен азаптау туралы жариялағаны үшін, Айдар Сыздықовты қудалауды жалғастыруда.
1-қараша, Алматы қаласы, бір топ белсенділер мен қоғам қайраткерлері баспасөз мәслихатында Арон Атабекті қорғау комитетін құруды бастады. Комитет, атап айтқанда, халықаралық сотқа шағымдар арқылы диссидент ісін қайта қарауға және Шаңырак оқиғаларын тәуелсіз қайта қарауға қолжеткізуді көксейді[3].
1-қараша, Құрық ауылы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімдігі азаматтық белсенді Бекқали Танашов берген хабарламаға жауап ретінде бейбіт пикет өткізуден бас тартты, белсендінің хабарламасында толық емес мәліметтердің ұсынылуы бас тартуға себеп болды [4].
1 қараша, Нұр-Сұлтан қаласы, Инсенова Дильнар, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын қызметкердің заңды талаптарын орындамағаны үшін, оған сот қаулысы бойынша көлемі 7292,5 теңге айыппұл салынды, Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 57а мекен-жайында А4 парағын жерге қойып, таптап, көтермеу оған негіз болды.
2-қараша, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина, Ғалым Ағелеуов және Елена Семенова оффлайн режимдегі соттарды қайтаруды талап етуде. Қол жинау басталды, құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде онлайн-процестер «айла-шарғы жасау ойындарына айналуда», азаматтар «не үшін сотталатынын түсінбейді» және пандемияға сілтеме іс жүзінде «елдегі қоғамдық-саяси өмірді шектейтін жамылғы» болды[5].
2-қараша, Шымкент қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (қызметкердің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық), белсенділер Нұржан Әбілдаев 10 тәулікке қамауға, Ерлан Файзуллаев пен Жанмұрат Аштаев 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды[6].
2-қараша,Ақтөбе қаласы, Төбетова Айнагүл, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі бойынша, сот шешімімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 204190 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әлеуметтік желілердегі өз парақшасында оның бейбіт наразылыққа шақыруы оған негіз болды[7].
3 –қараша, Павлодар қаласы, Әсет Әбішев полиция оған күш қолданғанын, нәтижесінде ол қолынан жарақат алғанын хабарлады. ол Facebookтегі парақшасындағы эфирде келген жедел жәрдем оны № 1 қалалық ауруханаға жеткізгенін, онда қол мен білекке таңғыш салынғанын айтты. Ауруханада оған сүйектердің зақымданбағаны айтылған[8].
3 -қараша, Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйым «Шекарасыз репортерлар» Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексін ұсынды: 180 елдің ішінде Қазақстан 155-орында тұр. Түркия бір сатыға жоғары 153-орында болса, Өзбекстан және Беларусь Қазақстаннан кейінгі орындарда тұр[9].
3- қарашадан, 2021 жылдың басынан бері «Әділсөз»Қазақстандық баспасөз ұйымы журналистердің жұмысына кедергі келтірудің 77 жағдайын, БАҚ қызметкерлерінің жеті ұсталуын, 16 шабуылды, 2 Бақылау жағдайын және 30 қауіп-қатерді тіркеді [10].
3-қараша, Алматы қаласы, Шегебекұлы Нұртай, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі, 15 тәулікке қамау. 5 -қазандағы рұқсат етілмеген пикетке қатысу негіз болды. Белсенді «Интерконтиненталь» қонақ үйінің алдындағы саяси тұтқындардың суреттері бейнеленген қағаздар мен « Бостандық! Свабода!» сөздері бар плакаттарды қолдарына ұстаған адамдар тобының құрамында болды[11].
4 -қараша, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар Төреғожин мен Ағелеуов 20- қарашада Алматыда бейбіт шеру өткізуден бас тартқаны үшін әкімдікті сотқа берді. Әкімдікпен бас тартуға Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Бекшиннің тыйым салуы негіз болды[12].
4-қараша, Нұр-Сұлтан қаласы, Айбек Сәбитов, Есіл сотының ҚДТ және «Көше партиясы» -на тыйым салу туралы 2 шешімін ұсыну бойынша Бас прокуратураға талапарыз берді. Бас прокуратураға жария-құқықтық дауларға қатысты (олардың қорытындысы бойынша Әкімшілік акт қабылданбайтын) талапарыз беру құқықтық салдарға әкеп соқтырмайтынына байланысты, сол арқылы Бас прокуратура ӘПК -ен реттелетін қатынастардың қатысушысы болып табылмайтындықтан, оның арызынан бас тартты/ қабылданбады .
4- қараша, Алматы қаласы, Темірлан Еңсебек «Амнести Интернешнл» ұсынған «Хаттар марафоны» жаһандық құқық қорғау акциясының қатысушысы болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар Қазақстанның ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа Темірланға қатысты істі тоқтатуды талап етіп мыңдаған хат жазады. Хаттар марафоны — бұл әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдар ІІМ басшысының атына және ел билігіне құқықтары бұзылған адамдарды босатуды немесе қудалауды тоқтатуды талап ететін хаттар жазатын акция[13].
5- қараша, Алматы қаласы, Есіл аудандық сотының «Көше партиясы»қозғалысына тыйым салу туралы шешімін жою туралы талаппен белсенділер тобы сотқа жүгінді. Шағым, азаматтық белсенділер — Н. Жұманиязова, Д. Аспаниярова, Г. Жәукерова, Д. Баймағамбетова, К. Қылышев, А. Бегімбетов, және Н. Рахымжановтың сенімхаты негізінде, адвокат -Шынқуат Байжановпен берілді [14].
6-қараша, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар Төреғожин мен Ағелеуов 11- желтоқсанда шеру өткізуге тағы да өтінім берді. Тақырыбы: «Баршаңызға құқықтар және бостандықтар! Кемсітушілік жоқ/болмасын!». Шеру 10- желтоқсан Дүниежүзілік адам құқықтары күніне арналған[15].
7-қараша, Шымкент қаласы, Әштаев Жанмұрат, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік қамауға алу мерзімі өткеннен кейін, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі бойынша (билік өкіліне күш қолдану) саяси қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын таңдағанға дейін 72 сағатқа қайта ұсталды[16].
7- қараша, Алматы қаласы, Алматы полиция департаменті, азаматтық белсенді М. Тұрымбетовтың хабарламасы бейбіт жиындар туралы Заңға сәйкес болғандықтан, «Қоқыс жинау жоқ»автошеруін өткізуге тыйым салды[17].
8-қараша, Алматы қаласы, саяси тұтқындар Ноян Рахымжанов, Ұласбек Ақметов және Асқат Жексебаев Еуропа Парламентінің Президентіне, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкіліне, сондай-ақ Еуропарламенттің Сыртқы істер комитеті мен Адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің басшыларына Қазақстанда саяси қудаланғандарға қатысты Нұр-Сұлтан қаласында ЕО дипломаттары тарапынан жасалған кемсітушілік туралы жолдама –хат жазды[18].
10- қараша, Павлодар қаласы, полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы ұйғыр тамыры бар қытай азаматы Смайыл Әбілқасымның тұруға ықтиярхатын алып қойды, енді оған Қытайға жер аудару қаупі төніп тұр. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының «мерзімі өткен виза негізінде» Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат бергені оған негіз болды [19].
11-қараша, Алматы қаласы, саяси белсендісі Жанболат Мамайдың және оның жұбайы, журналист Инга Иманбайдың сот шешімін орындамағаны үшін өсімпұлды алып тастау туралы жеке шағымын қалалық соттың сот алқасы қанағаттандырмай тастады. Бұған дейін сот ерлі-зайыптылардан «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің пайдасына сот шығындарын өтеу үшін әрқайсысынан 438 201 теңге, сондай-ақ сот психологиялық-филологиялық сараптамасы үшін 75 114 теңге өндіріп алу туралы қаулы шығарған болатын [20].
12- қараша, Алматы қаласы, Әбішев Әсет Қазақстанның Жоғарғы Сотына Есіл сотының 2018 жылғы 13 наурыздағы «ҚДТ» оппозициялық қозғалысына тыйым салу туралы құпия және саяси уәжді шешімін ұсыну туралы өтініш берді, өйткені өзі бұрын ҚДТ-ға «қатысқаны» үшін сотталған болатын[21].
13-қараша, Қызылорда облысы, қыркүйек айында ереуіл нәтижесінде жалақының өсуіне қол жеткізген «Аралтұз» компаниясының жұмысшылары наразылықтардан кейін басшылық респрессия бастағанын және біртіндеп «жарқыраған» қызметкерлерден арыла бастағанын хабарлады[22].
15- қараша, Алматы қаласы, ҚР СІМ, құқық қорғаушының: «Қазақстанның Еуропа кеңесіне кіруге ниеті бар ма?» деген сұрағына, «Жоқ» деген жауап алынды [23].
15- қараша, Ақтау қаласы, әкімдік Ұлболсын Тұрдиеваға ақпараттың толық болмауына байланысты 2021 жылғы 20 қарашада бейбіт наразылық білдіруге рұқсаттан бас тартты[24].
16-қараша, Алматы қаласы, Әуезов ауданының № 2 соты жеке сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырып, Жанболат Мамайдың жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатты және Инга Иманбайға жаңа жүргізуші куәлігін беруге уақытша тыйым салды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б. Байбекке қатысты талапарыз бойынша сот шешімін орындаудан бас тарту негіз болды [25].
16-қараша, «Активистер- экстремистер емес» мониторингтік тобының құқық қорғаушылары өткен жылдың 30 шілдесінен бастап Қазақстанның 22 қаласы мен елді мекендерінде бейбіт наразылықтар, шерулер мен жеке пикеттер өткізуден 148 бас тартуды тіркеді, оның ішінде 118-і биылғы жылы, деп хабарлады топ модераторы Дәнияр Хасенов[26].
17 –қараша, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Алматы әкімі Б .Сағынтаевқа саяси себептермен бейбіт шеру өткізуден бірнеше рет бас тартқаны үшін талап арыз берді [27].
17-қараша, Алматы қаласы, Әлнұр Ильяшев — ҚР Әділет министрлігінен жауап алды, онда олар Еуропарламент депутаты Róża Thun ұсынған саяси қудаланғандардың тізімін алғанын растады. Бұл тізім азаматтарды қылмыстық қудалауды тікелей жүзеге асыратын органдарға жіберілді. Оған стандартты тұжырым-бас тарту: «Сізге қатысты сот шешімі шығарылды»[28].
17-қараша, Орал қаласы, әкімдік ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған осы күні жоспарланған мәдени іс-шаралар себебінен 2021 жылғы 20 қарашаға митинг пен пикет өткізуге рұқсаттан бас тартты[29].
18-қараша, Орал қаласы, Оқасов Орынбай, ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлімі, 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған, 1 жылға қоғамдық-саяси қызметке тыйым салу және 3 жылға әлеуметтік желілерді пайдалануға үкім шығарылған. Жәбірленушілердің өтемақы қорына 10 АЕК (29 170 теңге) төленді, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған. Шешім үшін «ҚДТ» және «Көше» өткізетін митингілер мен акцияларға жеке қатысу және әлеуметтік желілерде наразылық акцияларына қатысуға шақыруды орналастыру негіз болды[30].
18-қараша, Нұр-Сұлтан қаласы, Тастаев Нұрсұлтан, WhatsApp мессенджерінде «құқықтарды бұзатын және болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын әрекеттерге тыйым салу» туралы және Фэйсбуктегі сыни посттарды одан әрі жою туралы «Ар-Бедел» ҚҚ-ан талапарыз алды [31].
19-қараша, Алматы қаласы, Әлнұр Ильяшев митингті келісуден тағы да бас тарту алды. Түсіндіруде «бейбіт жиналыстар әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте басталып, 20-дан кеш аяқталуы мүмкін емес»делінген. Бас тартудың тағы бір себебі, соттың 2020 жылғы 22 маусымдағы үкіміне сәйкес, Ильяшевке қоғамдық қызметпен айналысуға 5 жылға дейінгі мерзімге тыйым салумен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған[32].
19 –қарашада, HRW халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуропалық Одақты Орталық Азия үкіметтеріне адам құқықтарының бұзылуын тоқтатып, сындарлы реформаларға көшу үшін қысым көрсетуге шақырады[33].
19-қарашада, Аружан Абылқас, Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) оқушысы Қазақстанның саяси тұтқындарына арналған көрме өткізді. Көрме өткізгенге дейін мектеп оқушысы қорқыту мен қудалауға ұшырады [34].
20- қараша, 20 қарашадағы жалпы республикалық митинг қарсаңында және сол күні азаматтық белсенділерді саяси негізделген қудалау. Жергілікті полиция бөлімдерінде ұстау және заңсыз ұстау, бұл ретте белсенділерге мемлекеттік адвокат, кезекші прокурормен кездесу, бір қоңырау шалу құқығы берілмеді [35].
20 –қараша, 2021 жылғы 20 қарашадағы бейбіт наразылықтарға байланысты саяси қудалауға ұшыраған азаматтық белсенділердің толық тегі бойынша тізімі [36].
22 –қараша, Алматы қаласы. Әміров Ерұланды сот-психиатриялық сараптама жүргізуге қамауға алу тағы ұзартылды. Ерұлан ТИ-18-де отыр, онда оны тексеру үшін аптасына екі рет 5-6 психиатр-дәрігер құрылған консилиум келеді, емдеу жүргізілмейді (адвокаттың ақпараты бойынша). Ол 7 айдан астам уақыт қамауда, сондай-ақ осы қылмыстық іс аясында 2,5 айдан астам Ақтас кентінің (Талғар қ.) психикалық ауруханасында болды[37].
23-қараша, Алматы қаласы, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның ақпараты бойынша, Қазақстанда 525-тен астам адам демократиялық өзгерістерге шақырғаны үшін әртүрлі баптар бойынша қудаланады, 76 адам ҚР ҚК 405-бабы бойынша сотталған, 12 адам қамауда отыр [38].
23-қараша, Нұр-Сұлтан қаласы, Айбек Сәбитов, Есіл аудандық сотының судьясы Р.Мәжитов 13.03.2018 жылғы және 19.05.2020 ж. ҚДТ мен Көше партиясына тыйым салу туралы өз шешімдерін беруден бас тартты, себебі 2021 жылы сотталған А. Сәбитов 2018 және 2020 жылдардағы іс бойынша тарапқа жатқызылған емес [39].
24- қараша, Алматы қаласы, Әлнұр Ильяшев, Әлнұр Ильяшевтің саяси қуғын-сүргінге тікелей ұшыраған адам деп тану туралы арызы бойынша оны саяси тұтқын атаудан сот бас тартты[40].
24 — қараша, Алматы қаласы, Әлнұр Ильяшев 2021 жылғы 1 желтоқсанда бейбіт наразылық өткізуге берген 34 хабарламасына әкімдік рұқсат бермеді. Себебі, Ильяшев 22.06.2020 жылы сотталған және митинг ұйымдастырушысы бола алмайды[41].
24 -қарашада, Алматы қаласы, диссидент және адам құқығы үшін күрескер ақын Арон Атабек (Едігеев) 68 жасында қайтыс болды. ҚР ҚК 96 — бабы және 241-бабы бойынша кесілген 18 жылдың 15 жылын түрмеде өткізгеннен кейін, ол 2021 жылғы 1 қазанда соттың шешімімен «денсаулық жағдайы бойынша» — ҚР ҚК 75-бабы негізінде «емделмейтін сырқатының» болуына байланысты босатылған болатын. Жазаның өтелмеген бөлігі оған бір жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған [42].
25- қараша, Қызылорда қаласы, Мұратбек Баймағамбетов, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі, пробация қызметі мен полиция департаменті қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін, олардың қызметтік міндеттеріне кедергі келтіргені үшін 5 тәулік қамауға алынды.
25 — қарашада, Батыс құқық қорғаушылары мен зерттеушілері Атабек қайтыс болғаннан кейін Нұр-Сұлтаннан «түсініктеме беруді» талап етті және халықаралық тергеуге шақырды[43].
25- қарашада, Алматы қаласы, Ильшат Кенжин, «ҚР сот төрелігінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету. ҚР сот жүйесін түбегейлі реформалаудың қажеттілігі туралы» тақырыптағы 27 қарашада өткізуге келісілген митингті ұйымдастырушы ретінде тоқтатты, ол Мұхтар Аблязовтың осы митингті қолдауға өзінің жақтастарын шақыруына байланысты шешілді[44].
26 — қарашада, Шымкент қаласы, жергілікті билік азаматтарға «Қасірет» мемориалының жанында қайтыс болған Арон Атабекті еске алу іс-шарасын өткізуге мүмкіндік бермеді. Кейбір қатысушыларды Қаратау ауданының полиция бөлімшесіне жеткізді, саусақ іздерін алды, суретке түсірді, түсіндірме алды. Адамдарды спирттік ішімдіктерді теріс пайдалануға айыптап, наркологиялық диспансерге сараптама жасауға апарды [45].
26 қараша, Маңғыстау облысы, Құрық кенті, Бекқали Танашовқа Қарақия ауданының әкімдігі 2021 жылғы 1 желтоқсанда бейбіт наразылық өткізуге берілген хабарламаға бас тартумен жауап берді. Бас тартуға белсенділердің бейбіт митинг өткізу орны ретінде мәлімдеген «Ынтымақ» алаңын абаттандыру жұмыстарын жүргізу негіз болды [46].
28- қараша, Алматы қаласы, сағат 12-00, Абай ескерткіші жанында Oyan, Qazaqstan! ұйымдастырған Арон Атабекті еске алу акциясы өтті Әкімдік өкілі, қаланың ішкі саясат басқармасының қызметкері Асхат Өтегенов жиналысты заңсыз деп жариялап, барлығынан тарауды өтінді. Акция өтті, ешкім ұсталған жоқ[47]. Белсенділерге қауіп келесі күні басталды.
28- қараша, Алматы мен Нұрсұлтан қалаларында екі түрлі құрылтай өтті, онда саяси тұтқындарды дереу босату талаптары айтылды [48][49].
29- қарашада, Алматы қаласы, Шыңжаңдағы түрмелер мен «қайта тәрбиелеу лагерлерінен» туыстарын босатуды талап етіп, мерзімсіз акцияға қатысу үшін Қытай консулдығына келген Гүлпия Қазыбек, Халида Ақытхан, Жәмилә Мәкен, Гаухар Құрманалиева, Нұрзат Ермекбай және Байболат Күнболатұлы ұсталды[50].
29 — қараша, Алматы қаласы, белсенділер ИнсеноваДильнар, Имарғалиева Қаипжамал, Валеева Асылтас, ӘҚБтК-нің 488-бабының 6- бөлігі бойынша, әрқайсысына 87510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Негізі ҚР Ұлттық банкінің Қаржылық реттеу агенттігі ғимаратының жанында рұқсат етілмеген пикетке заңсыз қатысу болды.
29 — қараша, Орал қаласы, әкімдік азаматтық белсенділер С. Мұқамбетжанова, Б. Өтебаев, М. Ескендірова, И. Әзбергенов берген үш хабарламаға 2021 жылғы 10, 17 және 19 желтоқсанда бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартты. Бас тартуға аталған күндері мәдени, спорттық іс-шараларды өткізу негіз болды[51].
29 қараша, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы, ДосекееваЖадыра, ҚР ӘҚБтК 488-бабының 3-бөлігі, 61257 теңге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Фэйсбук әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінде бейбіт наразылық білдіруге шақыру осы шешімге негіз болды[52].
30 — қараша, Алматы қаласының әкімдігі феминистер қозғалысының белсенділері — Ф.Оспан, М. Албан және М. Оңғароваға 2022 жылғы 8 наурызға жоспарланған әйелдер маршын өткізуден бас тартты. Бас тартуға Ш.Уәлиханов атындағы алаңда өткізуге Медеу ауданы әкімдігімен жоспарланған «мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шаралары» негіз болды[53].
30- қараша, Алматы қаласы, ҚР ӘҚБтК 669- бабы, Жанболат Мамай, Инга Иманбай, YouTube-те «Нұр— Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек туралы фильмді жоюдан бас тарту негізінде әкімшілік іс қозғалды[54].
30- қараша, Тұңғыш Президентті сынағаны үшін азаматтық белсенділер- Нұрсұлтан Тастаев, Айдар Мүбараков, Марат Жыланбаев және Айжан Ақышева «Ар-Бедел» қоғамдық қорымен саяси уәжді қудалауда[55].
30- қараша, Орал қаласы, Оразбаев Амангелді және Ескендірова Мәруа, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 11-бөлігі, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бір жыл ішінде «заңсыз акцияға» қайта қатысу сот үшін негіз болды[56].
6 желтоқсан, Күрескер.орг сайты 2021 жылдың 05 қараша мен бастап 06 желтоқсан аралығындағы превентивті репрессиялар мен азаматтық белсенділерді қудалаудың инфографикасын құрастырды[57].
—————-
[1]https://bureau.kz/novosti/gvozdi-glotal-no-problem-s-etim-net/
[2]https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/posts/2930859037242927/
[3]https://rus.azattyq.org/a/31539750.html
[4]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3117774051875190/
[5]https://rus.azattyq.org/a/31541295.html
[6]https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/posts/2931773967151434/
[7]https://rus.azattyq.org/a/31543105.html
[8]https://rus.azattyq.org/a/31542722.html
[9]https://www.exclusive.kz/expertiza/daily/126169/?fbclid=IwAR1q7gGkVpJ9k-t1ZsLxzmMssTtSIbJsHuqPHtT7KEboD7ZMVMzOL_8cgJA
[10]https://rus.azattyq.org/a/31542026.html?fbclid=IwAR2Fx01gU1YIgCvCITGHJrcej25eTu-KoOPweV2-w0OvJi0Vn0gXG5ZGD9E
[11]https://rus.azattyq.org/a/31545855.html
[12]https://rus.azattyq.org/a/31545621.html
[13]https://orda.kz/kazahstanec-vpervye-uchastvuet-v-pravozashhitnoj-akcii-marafon-pisem/
[14]https://rus.azattyq.org/a/31554970.html
[15]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4819377361408144
[16]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3121644094821519/
[17]https://www.facebook.com/groups/netutilsboru/posts/1362356117495809/
[18]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3122505581402037/
[19]https://rus.azattyq.org/a/31556393.html
[20]https://orda.kz/mamaj-vs-bajbek-s-aktivista-vzyshhut-penju-za-neispolnenie-reshenija-suda/
[21]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3125436137775648/
[22]https://rus.azattyq.org/a/31559715.html
[23]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4847957018550178
[24]https://t.me/NotExtremists/5635
[25]https://rus.azattyq.org/a/31565394.html
[26]https://rus.azattyq.org/a/31565623.html
[27]https://www.youtube.com/watch?v=umHW1boMdjE
[28]https://www.facebook.com/alnur.ilyashev/posts/10159675749202748
[29]https://t.me/NotExtremists/5665?fbclid=IwAR0_oHzndk87C_WyPBT1IqvfzJkn-KykRlNILTJtCiOTorpG4MknIN6ppt8
[30]https://rus.azattyq.org/a/31567726.html
[31]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3130379883947940/
[32]https://rus.azattyq.org/a/31570066.html
[33]https://rus.azattyq.org/a/eu-urged-to-address-central-asian-rights-abuses-at-upcoming-ministers-meeting/31569340.html?fbclid=IwAR2YddkDELd8zA2d5zmjvYvpSdVuy4gLOWCTxE10OGJ0SjpAXkl-6uBIJtM
[34]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-pavlodar-political-prisoners-article/31568861.html?fbclid=IwAR3lVDGSRmp8EklQxKFf8fjMjXEVOrXUhyVfhh4hsfObG2Yt2P6gOyRu2m4
[35]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3138198916499370/
[36]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3134038316915430/
[37]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4871088839570329
[38]https://rus.azattyq.org/a/31574450.html
[39]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/4874213392591207
[40]https://rus.azattyq.org/a/31578002.html
[41]https://t.me/NotExtremists/5850?fbclid=IwAR3aN3YcEHg9IB_lih9XEwRNSEpo4vHtEZSHlHl5yo9prLLjvn2y_N7-Tfo
[42]https://rus.azattyq.org/a/31577257.html
[43]https://rus.ozodlik.org/a/31578064.html?fbclid=IwAR36s82tXLS0y9YcD5_6oeRxRtm5FddJfgQV3eSsIK6GtiZQecibCHSkehk
[44]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1277825592641172&id=100012412308303
[45]https://rus.azattyq.org/a/31580417.html
[46]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3139538873032041
[47]https://www.facebook.com/watch/?v=333119988152960
[48]https://www.youtube.com/watch?v=YfIomnXhND8
[49]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=939183863671793&id=100027405638705
[50]https://rus.azattyq.org/a/31584706.html
[51]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3139445676374694/
[52]https://www.facebook.com/groups/808593333258423/user/100052825281606/
[53]https://orda.kz/feministkam-otkazali-v-provedenii-marsha-i-mitinga-za-prava-zhenshhin-8-marta-v-almaty/
[54]https://orda.kz/na-zhanbolata-mamaja-i-ego-suprugu-zaveli-administrativnye-dela/
[55]https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-ar-bedel-gongo—the-honor-and-dignity-of-the-ex-president/31587975.html
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.