1 сәуір, Алматы қаласы, «Халық Парламентінің» бірінші отырысы өтті, оған Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына бұрынғы көптеген кандидаттар кірді. Олардың көпшілігінде сайлауда жеңіске жеткендігі туралы дәлелдер бар және сайлау және сайлану құқығының жаппай бұзылуы бар, бірақ билік «басқаша» санады деп есептейді отырысқа қатысушылар[1].
1 сәуір, Алматы қаласы, И.Иманбай «Егер Ж.Мамайды, Қ.Нұрпейісовті, Д.Намазбаевты, Е.Нарымбайды және басқаларды босатпаса ше, біз тыныш отырмауымыз керек, бұған барлық тәсілдермен қол жеткізуіміз керек, соның ішінде митингтерге шығу арқылы да», — деп мәлімдеді «Халық Парламентінің» отырысында[2].
1 сәуір, Алматы қаласы, журналист Л. Ахмедьяров «Халық Парламентінің» отырысында өзін-өзі ұсынушылар мен биліктен кандидаттар үшін үгіт-насихаттың көрінеу тең емес шарттары туралы айтты[3].
2 сәуір, Астана қаласы, А. Джахинді, А. Кенжебековті, М. Нұғұмановты, А. Әміреновті полиция ұстады, олар Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау қорытындыларына қарсы митинг өткізуге тырысқан болатын[4].
2 сәуір, Алматы қаласы, Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау қорытындыларына қарсы митинг өткізуге тырысқан Б. Иманғалиевті, А. Әбішевті және А. Красовты полиция қызметкерлері ұстады[5].
4 сәуір, Орал қаласы, счот О.Оқасовтың апелляциялық арызын қанағаттандырмай тастады. Наурыз айында сот оны, 7 тәулікке әкімшілік қамауға «полицейлерге бағынбағаны үшін» жіберді. Сот «мамандандырылған соттың 2023 жылғы 17 наурыздағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылады, адвокаттың шағымы қанағаттандырылмайды»- деп шешті[6].
4 сәуір, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі бюрода Астана қаласының белсенділері Н. Алтынбаевтың, А. Жақыпованың және Ж. Нұркішевтің баспасөз конференциясы өтті, олар қазақстандық жазалау практикасындағы жаңа құбылыс туралы айтты, ол бір мезгілде жиырма шақты адамды, саяси іс бойынша сотта жарияланған үкімге өзінің теріс көзқарасын жария еткені үшін, әкімшілік жазалау[7].
4 сәуір, Астана қаласы, «Масс Медиа» журналисі Айдар Елкеев «иноагенттер» тізіліміне және Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды алатын ұйымдарға қарсы наразылықпен, Қаржы министрлігінің ғимаратына пикетке шықты [8].
4 сәуір, Алматы қаласы, А.Тлеужан, ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, үйқамақта, қаңтар оқиғалары барысында Алматы әуежайын басып алды деген айыппен бірнеше адаммен бірге сотталмақшы, өз ісін саяси уәжді деп атады [9].
4 сәуір, Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласының әкімдігі Е. Байтеміровқа 2023 жылғы 9 сәуірде бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Заңсыз сайлау нәтижелерін жою. Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген спорттық іс-шара[10].
4 сәуір, Қарағанды облысы, соттың апелляциялық алқасы аудандық сот Теміртау қаласының тұрғыны С. Звереваны қорғау құқығынан айырды деген шешім шығарды. Бұған дейін ол Қарағандыда аудандық соттың әрекеттеріне қарсы пикетке шыққан болатын. Сонымен қатар, облыстық сот оның, туындаған зардаптар үшін судьяны «жазалау» туралы, өтінішін қабылдамай тастады[11].
5 сәуір, «Қазақстандағы сайлау нәтижелері тағы да суреттей салынды», — деп есептейді сайлауды бақылау саласындағы сарапшы, «Электоралдық география» жобасын жасаушы Киреев Александр[12].
5 сәуір, «Мәжілісте өткен сайлауға қатысты Еуропалық Одақ (ЕО) Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) миссиясын бағалауға сүйенеді», — деді Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас [13].
5 сәуір, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі бюрода «Халық Парламентінің» қатысушылары Ж.Мамайды қолдаумен сөз сөйледі. 4 сәуірде № 2 Бостандық сотында сот процесі өтті, онда айып тағушы тарап Мамай үшін 6 жыл 6 ай шартты мерзімді сұрады. Мамайдың жақтастары істі ойдан шығарылған деп санайды және оған журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуға қарсы[14].
5 сәуір, Алматы қаласы, қала әкімдігі белсенділерге 2023 жылғы 9 сәуірде «Ш. Уәлиханов атындағы алаңда митинг өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Адал емес сайлау нәтижелеріне қарсы. Бас тартудың себебі бұрын жоспарланған мәдени-бұқаралық іс-шара[15].
5 сәуір, Астана қаласы, қала әкімдігі М. Жыланбаевқа 2023 жылғы 9 сәуірде бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Заңсыз сайлау нәтижелерін жою. Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген іс-шара[16].
5 сәуір, Орал қаласы, қала әкімдігі Е. Байтеміровтан 2023 жылғы 9 сәуірде бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Заңсыз сайлау нәтижелерін жою. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген спорттық іс-шара[17].
6 сәуір, Қазақстан билігі әлеуметтік қақтығыстарды ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде қарастыра бастады, сондықтан ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) оларға араласуға және «іс-шаралар жүргізуге» құқық беріледі. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Президенттің Жарлығына тиісті түзетулер пакеті 6 сәуірде «Ашық НҚА» порталына, жариялы талқылау үшін орналастырылды, талқылау мерзімі 20 сәуірде аяқталады[18].
6 сәуір, Алматы қаласы, «Әділ сөз» қорымен ұсынылған, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 30 наурыздан 06 сәуірге дейінгі жағдайына шолу[19].
7 сәуір, «Қазақстан түрмелердегі немесе полиция учаскелерінде және тергеу изоляторларында ұсталған тұтқындарды азаптау және оларға қатыгездікпен қарау тәжірибесін жоя алмады»- деді Қазақстанға екінші сапармен келіп және Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарына барған, БҰҰ-ның азаптаудың алдын алу жөніндегі кіші комитетінің мүшелері[20].
8 сәуір, Астана қаласы., саябақта өткен митингіде әйелдердің құқықтары үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату және қудалауды қылмыстық жауапкершілікке тарту талап етілді. Олар ұрып-соғуды және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстар санатына ауыстыруға, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы Стамбул конвенциясын ратификациялауға шақырды[21].
8 сәуір, Астана қаласы, «Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайтын болады. Мәселен, заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3 — баптың 3-тармағы) заңсыз болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша қамауға алудың 25 тәулігіне дейін жауаптылыққа әкеп соғады», — деді Бас прокуратураның өкілі Ж .Өміралиев, 9 сәуірдегі митинг қарсаңында[22].
8 сәуір, Қарағанды қаласы, полиция қызметкерлері Аманжолов Төрегелдінің үйіне кіріп, заңсыз тінту жүргізді. Аманжоловтың өзін полиция қызметкерлері жауап алу үшін ұстады (жауап алу адвокатсыз жүргізілді). Билік оған қатысты ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша саяси негізделген қылмыстық іс ашты. Мәртебесі: қорғауға құқығы бар куәгер [23].
8 сәуір, Қарағанды қаласы, полиция қызметкерлері Аманжолов Төрегелдінің үйіне кіріп, заңсыз тінту жүргізді. Полиция қызметкерлері Аманжоловтың өзін жауап алу үшін ұстады (жауап алу адвокатсыз жүргізілді). Билік оған қатысты ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша саяси негізделген қылмыстық іс ашты. Мәртебесі: қорғауға құқығы бар куәгер [24].
9 сәуір, Орал қаласы, К. Байбұлова, митинг күні алаңда, «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткішінің жанында ұсталды. Сол жерде журналист Лұқпан Ахмедьяров наразылық акциясын өткізді [25].
9 сәуір, Орал қаласы, парламенттік сайлаудағы бұрмалануларға байланысты наразылық акциясына қатысуға ниет білдірген Ж. Башановты полиция ұстады. Ол Абай полиция бөліміне жеткізілді[26].
9 сәуір. Астана қаласы, мәлімделген митинг күні полиция А. Сыздықовты ұстады, Алматы полиция басқармасында 4 сағат ұстап, босатты[27].
9 сәуір, Жаңаөзен қаласы, 4 сәуірден бастап әкімдік ғимаратының алдында, тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етумен тұрғындар тобы, жексенбі күні кешке оларға белгісіз адамдардың шабуыл жасағаны туралы хабарлады. Тарап кетпейтін және ашық аспан астында түнейтін митингшілердің айтуынша, оларға шабуыл жасаған жастар бірнеше адамға қол жұмсаған, және жиналғандардың матрастары мен көрпелерін тартып алуға тырысқан[28].
9 сәуір, Астана қаласы, полиция Э.Бекзадинаны, парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы жарияланған митинг күні ұстады. Бірнеше полиция қызметкері, оны үйден шыққан кезде ұстап алып, күшпен көлікке итеріп кіргізді. Оның телефонын, ол бейне түсірілім жасамас үшін тартып алған. 10 сағаттан астам уақыт бойы Э.Бекзадинаны Астана қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінде ұстаған[29].
9 сәуір, Орал қаласы, полиция парламенттік сайлаудағы бұрмалануларға байланысты наразылық акциясына қатысуға ниет білдірген Ж. Башановты ұстады. Полиция қызметкері Ж. Башановты Абай полиция бөліміне жеткізді. Жауап алу кезінде тергеуші Ж.Тоқсанов Ж. Башановтың ҚДТидеяларын қолдайтындығына қызығушылық танытқан[30].
9 сәуір, Алматы қаласы, Республика алаңында сайлау нәтижелеріне қарсы митингшілер жиналды. 60-қа жуық адам жиналды, олардың талаптары: 1. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына сайлауды заңсыз деп тану. 2. Республика алаңын митингілер үшін бөлінген алаңдар тізіміне қосу. 3. Елдегі сепаратизмнің кез-келген түріне қатаң тыйым салу. 4. Саяси тұтқындар босатылсын. Интернет кейбір жерлерде қол жетімді болмады, периметр бойынша полиция қызметкерлері кезекшілік етті [31].
10 сәуір, Орал қаласы, Лұқпан Ахмедьяровке, 19 наурызда Қазақстанда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауда, бюллетеньдер лақтыру туралы бейнероликтің ізімен қылмыстық іс қозғаудан полицияда бас тартты. «Сайлау комиссиясы мүшелерінің әрекеттерінде қылмыс құрамы табылған жоқ», — деп хабарлады полиция подполковнигі М .Ізтелеуов, журналиске жазған хатында [32].
10 сәуір, Астана қаласы, дүйсенбіде «БерАлы Маңғыстау Company» мұнай сервистік компаниясының кемінде 82 бұрынғы қызметкері Астанаға пойызбен келіп, теміржол вокзалынан Энергетика министрлігінің ғимаратына барды. Олардың айтуынша, олар «ҚазМұнайГаз» компаниясының шенеуніктері мен өкілдеріне өз сұрақтарын қойғысы келеді. Үкімет ғимаратының жанына жиналған жұмысшылар, тарауға ниеті жоғын айтады[33].
10 сәуір, Астана қаласы, Ж.Мамай, ҚР ҚК 272-бабының ½ бөлігі, 378, 274-баптары, Бостандық ауданының № 2 сотында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деп айыпталушыға шартты түрде 6 жыл үкім шығарды, қоғамдық-саяси қызметпен, журналистикамен, жарияланым жасаумен айналысуға, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысуға тыйым салды[34].
10 сәуір, Алматы қаласы, Адам құқықтары жөніндегі бюрода құқық пен заң тұрғысынан еліміздің басты құқық қорғаушыларының бірі басты құқықтық қағидаттардың бірін, атап айтқанда кінәсіздік презумпциясын кезекті бұзуына байланысты баспасөз конференциясы өтті. Бас прокурор Б. Асылов, сот үкімі әлі шығарылмаған екі қазақстандықты экстремистер мен террористер деп атады[35].
9 сәуір, Маңғыстау облысы, Бейнеу кенті, Қорбақов Мерей, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 12-бөлігі 10 тәулік қамауға алу, өзінің Фейсбуктегі парақшасында 01.04.23 ж. митингке шақырғаны үшін [36].
11 сәуір, Алматы қаласы, Алматыда желтоқсаншылар- Г. Құлсұлтанова мен Қ. Біткенбаевтың қаза болуы туралы істі тергеу тоқтады –2022 жылғы 7 қаңтардағы кеште, олар отырған көлікке қауіпсіздік күштері оқ жаудырып, толығымен өртеніп кеткен болатын[37].
11 сәуір, Астана қаласы, ҚазМұнайГаз кеңсес жанындағы наразылық акциясын жариялау кезінде Vlast.kz фотографы Ж. Кәрімованы полиция ұстап алды. Ол бөлімге жеткізілді, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның камерасын тәркіледі. Vlast.kz журналисі Б. Молдағалиеваға екі рет бейне түсіруге кедергі жасауға тырысып, камераны құлатып түсірді. Басылым өзінің Жеделхат- арнасында болған оқиға туралы хабарлағаннан кейін Ж .Кәрімова босатылды[38].
11 сәуір, Астана қаласы, ІІМ ЖҚАЖ қызметкері Астана қ. Энергетика министрлігінің ғимаратында бір тәулік өткізген Маңғыстаудан келген барлық жұмысшыларды дөрекі ұстады. Наразылық білдірушілер автобекеттерге отырғызылып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Жиналғандарға кеттлинг қолдану мақсатында, олар алдымен сақинаға алынды. Содан кейін қара киім киген адамдар қатысушыларды ұрып-соғып, оларды жүк көліктеріне апара бастады[39].
11 сәуір, Астана қаласы, полиция Жаңаөзеннен келген наразылық білдіруші мұнайшыларды ұстау себебін түсіндіретін баспасөз релизін шығарды. Жергілікті БАҚ таратқан релизде «кеше елордада мұнай саласының сервистік компаниясының бір топ қызметкерлері алдын ала ескертусіз рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды» делінген[40].
11 сәуір, Жаңаөзен қаласы, бір топ тұрғындар әкімдіктің алдына жиналып, ереуіл кезінде бірнеше сағат бұрын Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті. «Егер Астана қаласындағы әріптестерімізді босатпаса, онда барлық Жаңаөзенді көтереміз!»,- деді жиналғандардың бірі, жиылғандар мақұлдауын дыбыстап білдірді [41].
11 сәуір, Астана қаласы, А. Жақыбаева, өткен аптада әйелдер шеруін ұйымдастырған ол, ұсталғандармен бірге Сарыарқа полиция бөлімінде. Белсендіні ұсталғаннан кейін бес сағаттан кейін полициядан босатты[42].
11 сәуір, Атырау қаласы, М. Бақаев Астана қаласында ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті. «Олар елдің басты қаласына әділдік іздеп келді және оларды күшпен бетперде киген полицейлер жүк көліктеріне итеріп кіргізді. Бұл Тоқаев Үкіметінің үлкен қателігі», — деп санайды Макс Бақаев [43].
11 сәуір, Астана қаласы, полиция еріктілерге Энергетика министрлігінің алдына үстелдер орнатуға, ыстық ішімдік пен тамақ таратуға тыйым салды, онда 2 тәулік бойы Жаңаөзен қаласынан келген мұнайшылар наразылық білдіруде. Белсенділер полицияны наразылық білдірушілерге су мен тамақты өткізіп жіберуге көндіре алды, бірақ полиция шені үстел орнатуға рұқсат бермеді. Ол әкімдіктен рұқсат алу қажеттілігіне сілтеме жасады. Ол заңнаманың қай тармағында мұндай талап қойылғанын айтпады[44].
11 сәуір, Вашингтонда орналасқан Freedom Now үкіметтік емес ұйымы Ж.Мамайға шығарылған үкімді айыптады, Қазақстан билігін сот шешімінің күшін жоюға және одан барлық шектеулерді алып тастауға шақырды[45].
11 сәуір, Алматы облысы, Қаскелең кенті, Еркін Қазиев, ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлігі, 405-бабының 2-бөлігі, қоныс-колониясында 2 жыл бас бостандығынан айыру. Тергеу изоляторында болу мерзімін шегеруді ескергенде, оған 1 жыл 1 ай қалады[46].
12 сәуір, Семей қаласы, қалалық сотта 5 адамның біріккен талаптары қаралған отырыс өтті. Олар бірнеше ай бойы тергеу изоляторында ұсталды, содан кейін кінә дәлелделмегені үшін босатылды. Олар ұсталғаннан кейінгі ұрып-соғулар, азаптаулар, қатыгездіктер, қудалаулар туралы мәлімдейді. Талапкерлер жазбаша кешірім сұрауды және келтірілген моральдық және физикалық зиян үшін төлемдерді талап етеді. Мемлекеттік органдар өтемақы төлеу қажет екенін жоққа шығармайды, алайда талап етілетін соманы төмендетуді талап етуде[47].
12 сәуір, Астана қаласы, полиция Астана қаласындағы Энергетика министрлігінің алдындағы 11 сәуірдегі ереуіл кезінде ұсталған барлық 126 мұнайшыны босатты. Олардың бесеуін ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты[48].
12 сәуір, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен қаласында интернет пен ұялы байланыстың ажыратылғаны туралы хабарланды. «Жаңаөзен қаласында интернет жоғалып кетті, байланыс жоқ», — деп хабарлады жергілікті тұрғындар[49].
12 сәуір, Степногорск қаласы, А. Сочнев, Жаңаөзен тұрғындарына бейне және қолдау сөздері үшін полицияға шақырылды. «Менен бұл бейнені жоясың ба деп сұрады? Мен бас тарттым. Прокуратура өкілі осы постым үшін заң бұзушылық қарастырылған баптарды оқыды. Атап айтқанда, бейбіт жиналыстар туралы заң, яғни бұл ролик үгіттеу болып табылады, ұстамады, үйге оралдым», — деп хабарлады Артем Сочнев [50].
12 сәуір, Шымкент қаласы, Ақлима Пернеева «Аманат» билік партиясының қалалық филиалы ғимаратының жанында жеке пикет өткізді. Ол қала әкімі М.Әйтенов пен аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы К. Құнанбаевтың отставкаға кетуін талап етті, олар белсендінің пікірінше, «дауыс беру қорытындыларын бұрмалауға» жол берген. Белсенді шамамен бір сағат тұрды, содан кейін үйіне оралды. Акция барысында оны әкімдік пен полиция қызметкерлері бақылап отырды[51].
12 сәуір, Жаңаөзен қаласы, Астана қаласында ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға шыққандарды қатаң ұстай бастады. Видеода қара киім киген ЖҚАЖ адамдары «адамдарды қатты ұстап, оларды жүк көлігіне салғанын көруге болады». Кейін барлығы босатылды[52].
12 сәуір, Астана қаласы, Н. Әлтаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488 — бабының 6-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды — 9 сәуірде Алматы қ. Тәуелсіздік алаңында өткен рұқсат етілмеген іс-шараға қатысқаны үшін. Сот оған «заңсыз митингке шақырулар» айыбын тақты[53].
12 сәуір, Алматы қаласы, белсенділер тобы Республика алаңына шықты. Жиналғандар билікке бірқатар талаптар қойды: тұрақты жұмысты талап ететін жаңаөзендіктердің талаптарын орындау; 15 тәулікке қамауға алынған белсенді Н. Әлтаевты босату; мұнайшылармен диалогқа шықпаған және «олардың тілектерін тыңдамаған» Энергетика министрін қызметінен босату[54].
12 сәуір, Орал қаласы, Л. Ахмедьяров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен, 9 сәуірде «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткішінің жанындағы алаңда «заңсыз» митинг өткізгені үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік қамауға алынды[55].
12 сәуір, Алматы қаласы, А. Ильяшев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, 15 тәулік алды — 9 сәуірде Республика алаңында өткен көпшілік іс-шараға, митингке қатысқаны үшін[56].
12 сәуір, Алматы қаласы, М. Тайжан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, 9 сәуірде Алматыда Республика алаңында бейбіт акцияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулікке қамауға алынды[57].
12 сәуір, Ақтөбе қаласы, облыстық соттың сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қаңтар айындағы оқиғалардан кейін қылмыстық айып тағылған 18 адамға қатысты шешімін күшінде қалдырды, оның ішінде Исаев Нұрсұлтан 15 жылға және Дархан Қами 4 жылға бас бостандығынан айырылған[58].
13 сәуір, наразылық білдірген, қазір Маңғыстауға пойызбен кетіп бара жатқан мұнайшылар, егер олардың жұмыссыздық мәселесі оң шешілмесе, Астана қаласына оралуға дайын екендіктерін мәлімдеді. «Қазір пойызбен келе жатқан жігіттердің бірінің сұйық дәреті қанменаралас, екіншісінің бүйрегін тепкімен зақымдаған, үшіншісі гематомаға байланысты көзін аша алмайды»,- дейді мұнайшылар станциялардың бірінде үкіметке бағытталған бейне хабарламада[59].
13 сәуір, Астана қаласы, «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері партияны тіркеуді бастау үшін Әділет министрлігіне бастамашыл топтың тізімін 13-ші рет тапсырды. Саяси партиялар туралы заңның 8-бабына сілтеме жасаумен, билік бас тартты, ол бойынша бастамашыл топтың тізімі заң талаптарына сәйкес келмейді. Билік дәл ненің сәйкес келмейтініне нақты жауап берген жоқ[60].
13 сәуір, «Әділ сөз» қоры ұсынған Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 06-13 сәуір аралығындағы жағдайына шолу[61].
13 сәуір, Алматы қаласы, Р. Сәрсенбайұлы, ҚР ӘҚБтК-нің 488-б., сот 120 750 теңгеге айыппұл салды. Ол « Бейбіт жиналыстар туралы» заңды бұзды деп айыпталды, 19 наурызда өткен депутаттарды сайлау қорытындыларына қарсы 9 сәуірдегі митингке қатысқаны үшін[62].
13 сәуір, Алматы облысы, Талғар қаласы, Асылбек Қараев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, Республика алаңында 9 сәуірде өткен рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды [63].
13 сәуір, Алматы қаласы М., Әбдіманапов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, 72 450 тг айыппұл, М.Айтбаев — 103500 тг айыппұл; М .Оспанов -72450 тг айыппұл — Республика алаңындағы 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін[64].
13 сәуір, Астана қаласы, Қанат Сая, С. Мұхаметжан, Ж.Гүлбахрам, Т.Ысқақов, Зейтов, Б.Төлебаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша 72500 тг көлемінде айыппұл және Н. Төлебаевқа 120750 тг мөлшерінде айыппұл, 2023 жылғы 9 сәуірде Астанада өткен Мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижелеріне қарсы митингке қатысқаны үшін[65].
14 сәуір, Алматы қаласы, Равкат Мұхтаров, 19 наурызда өткен сайлауда мәслихат депутаттығына бұрынғы кандидат сайлау қорытындыларымен келіспеу белгісі ретінде жеке пикет өткізді. Алматы қаласындағы Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында[66].
14 сәуір, Астана қаласы, наразылық білдіруші әріптестерінен келіссөздер үшін қалған мұнайшылар тобы «ҚазМұнайГаз» өкілдерінен келіссөздер процесіне қатысушылардың барлығының есептілігін қамтамасыз етуді және регламент белгілеуді талап етеді [67].
14 сәуір, Алматы қаласы, Мәдина Күкетаева, Парламент Мәжілісінің депутаттығына бұрынғы кандидатты полиция ұстады. Шақыру қағазында 14 сәуірде сағат 17.00-де келуге ақырылатыны көрсетілген. ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша «Бейбіт жиналыстар туралы» заңды бұзу[68].
15 сәуір, Алматы қаласы, Б. Исабеков — ҰҚК қызметкерлерінің қолынан зардап шеккен 24 адамның бірі. 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларға дейін жүргізуші болып жұмыс істеді. 6 қаңтарда нан алуға шықты, оны қарақшылар ұрлап кетті. Содан кейін ол қауіпсіздік күштерінің қолына түсті. Оны ұрып-соғып, азаптап, қорлады. Ол Е .Өтепбаевты азаптады және өлтірді деп айыпталған ҰҚКД-ның 11 қызметкеріне ашық сот ісін жүргізуді талап етеді[69].
17 сәуір, Қазақстанда 28 жыл жұмыс істеген Сорос қоры Азаматтық бастамаларды қаржыландыруды тоқтату және сараптамалық орталыққа айналу туралы жариялады. Қор мұны өзі бір бөлігі болып табылатын «Ашық қоғам» желісінің өзгеруімен байланыстырады. Қордан қаржыландырылатын кейбір ұйымдар алаңдаулы-олар Қордың кетуі азаматтық қоғамға теріс әсер етеді деп санайды[70].
17 сәуір. Алматы қаласы, «Әңгімені алыстан бастады, «Оян Қазақстан» туралы сіздің ұстанымыңызды біз білеміз, біз ынтымақтасқымыз келеді, сіздің идеяларыңызды билік пен әкімдікке жеткізгіміз келеді. Бұл үшін айына 150 мың теңге. Ар – ожданды сату қанша тұрады, достар, егер бұған келісетіндер болса, мен үшін өте өкінішті», — деп жазды «Оян Қазақстан» белсендісі Жанель Шахан өз парақшасында[71].
18 сәуір, Ақтөбе қаласы, апелляциялық сот Фархад Ғазизге қатысты 172 500 теңге (ағымдағы бағам бойынша шамамен 380 доллар) көлемінде айыппұл салу туралы қаулыны 24 наурыздағы жалғыз пикет үшін күшінде қалдырды, оның барысында ол Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау нәтижелерімен келіспейтінін білдірген болатын[72].
18 сәуір, Алматы қаласы, сот ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі бойынша, Б. Әтінбаевқа 172 500 теңге айыппұл салды, ал ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі бойынша, Х. Абдуллаевқа 72 450 теңге айыппұл салды, парламенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне қарсы 2023 жылғы 9 сәуірдегі митингке қатысқаны үшін[73].
18 сәуір, Орал қаласы, Л. Ахмедьяров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 15 тәулікке қамауға алынды, 9 сәуірде «Қазақ халқының даңқты қыздары» ескерткішінің жанындағы алаңда төрт минуттық сөз сөйлегені үшін, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы соттың шешіміне журналистің апелляциялық шағымын облыстық сот қабылдамады[74].
19 сәуір, Алматы қаласы, М.Күкетаева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі 72 450 теңге айыппұл – 2023 жылғы 9 сәуірдегі парламенттік сайлаудың ресми нәтижелеріне қарсы митингіге қатысқаны үшін[75].
20 сәуір, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысындағы моноқаланың ондаған жұмыссыз тұрғындары Жаңаөзен әкімдігінің ғимаратына бейбіт акцияға шыққаннан бері үшінші апта аяқталуда. 20 сәуірден бастап ондаған жұмыссыздар жергілікті әкімшілік ғимаратының жанында түнді өткізуде[76].
20 сәуір, Алматы қаласы, 9 сәуірде Алматыда Республика алаңында өткен рұқсат етілмеген митингіге шыққаны үшін ұсталды және ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, Қаматай Дінмұхамедке 172 500 тг және А. Щекутеев 72450 тг мөлшерінде айыппұл сотпен салынды[77].
20 сәуір, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Өзенмұнайгаз» кеңсесі мен әкімдік алдына жиналғандарға прокуратура мен әкімдік қызметкерлері келіп, ескерту жасады. Прокуратура қызметкерлері жұмысшылар жиналысының «заңсыздығы» туралы айтады [78].
20 сәуір, Астана қаласы, Елордада келіссөздер жүргізу үшін қалған Жаңаөзеннен келген 10 жұмысшы «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) өкілдерімен келіссөздер 10 күнге жуық уақыт өтуде, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Олардың айтуынша, 20 сәуірде тағайындалған келіссөздер болған жоқ. ҚМГ өкілдері Жаңаөзенге баратын «комиссия құрылды» деп мәлімдеді. Мұнайшылардың айтуынша, неліктен жаңа комиссия құрылды және оларға кімдер кіретіні туралы, оларға хабарланған жоқ [79].
20 сәуір, «Әділ сөз» қорымен ұсынылғанған Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 13-20 сәуір аралығындағы жағдайына шолу [80].
21 сәуір, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Әкімдік алдындағы алаңға қазір 60-қа жуық адам жиналды. Ешкім келмеді және біздің сұрағымызға қызығушылық танытпады. Әкім де шықпады. Біз тұрақты жұмысқа орналасуды талап етеміз», — дейді белсенді Бекзат Ізбаев [81].
21 сәуір, Орал қаласы, Л. Ахмедьяров, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынды, озінің әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы қабылдағыштан қылмыстық қылмыс жасады деген күдіктілерге арналған изоляторға ауыстырылғанын әріптестеріне хабарлады[82].
21 сәуір, Алматы қаласы, журналист Владимир Северный мен оның жұбайы Наргиз ұсталды. ІІМ баспасөз қызметі ерлі-зайыптылардың Алматы қаласындағы компанияның бірінің басшысының өтініші бойынша ұсталғанын мәлімдеді, ол «талап етілген ақшаның бір бөлігін беру кезінде теріс материалдарды жарияламағаны үшін» ақшалай қаражатты бопсалау туралы [83].
21 сәуір, Алматы қаласы, сот «Қазфем» қозғалысының белсендісі және «Деп саналады» жобасының негізін қалаушысы — Вероника Фонованың, 8 наурыздағы феминистік шеруді жергілікті билік келісуден бас тартқаннан кейін, қала әкімдігі мен Алматы әкімі Е.Досаевтың атына берген талап-арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Белсенді өз талап-арызында 8 наурызда шеру мен митинг өткізуден бас тарту туралы әкімдіктің қаулыларын заңсыз деп тануды және күшін жоюды соттан сұраған[84].
21 сәуір, Ақтөбе қаласы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде атып өлтірілген Жұбаназаров Русланбектің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс екінші рет тоқтатылды. Полиция мен прокуратура: «қылмыс құрамы жоқ» деп бекітеді[85].
22 сәуір, Астана қаласы, Есіл аудандық соты «Эксклюзив» басылымын жарияланған материалдардың теріске шығарылуын жариялап қана қоймай, талапкерлерден «кешірім сұрауға» міндеттеді. Журналистер сот шешіміне шағымданып, «Әділ сөз»қорына заңды көмекке жүгінді [86].
24 сәуір, Маңғыстау Бейнеу кенті, М. Қорбақов, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы, полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша, 8 тәулікке қамауға алынды. Ол «Нағыз Атажұрт» партиясын тіркеу үшін Астана қаласына пойызбен бармақшы болған[87].
24 сәуір, Шымкент қаласы, Бекжан Сауырбаев, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі, 2 тәулікке қамауға алу, белсендіге сот шешімін орындамағаны үшін тағайындалды[88].
25 сәуір, Семей қаласы, Д. Мүбаракқа 2023 жылғы 1 мамырда бейбіт наразылық өткізуден әкімдік бас тартты. Тақырыбы: Украинаны қолдау. ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шара[89].
25 сәуір, Алматы қаласы, қаңтардағы оқиғалардан кейін азаптау ісі бойынша жәбірленуші деп танылғандар ашық сотты және күдіктілерді қамауға алуды талап етеді, онда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері айыпталушылар ретінде өтуде. Жәбірленушілер Алматының Түрксіб аудандық соты істі құпияландыру туралы шешім қабылдағанымен келіспейді. Олар өз талаптарын Адам құқықтары жөніндегі бюрода өткен баспасөз мәслихатында жариялады [90].
25 сәуір, « Арнайы прокурорлар қаңтар айындағы оқиғалардан кейін азаптау істерін тергеу құқығын алған кезден бері жеткілікті уақыт өтті, бірақ осы уақыт ішінде сотқа жеткен істер саны көбейген жоқ», — деп хабарлады құқық қорғаушы Анара Ибраева[91].
25 сәуір, «Азаптаудың жалғасып жатқанын түсіну маңызды. 2023 жылдың қаңтарынан наурызына дейін азаптауға 58 ер адам, 5 әйел, 1 кәмелетке толмаған және 1 трансгендер шағымданды. Трансгендердің ұсталу кезінде қорлық көргенін мәлімдеген өтініштері болды, ал дәретханаға барған кезде қызметкерлер оның бақылап қарап тұрған», — деп хабарлады Роза Ақылбекова[92].
25 сәуір, «Тек Талдықорғанда ғана бізге, әйелдер мен балаларды қосқанда, 44 адам жүгінді. Жалпы 190 адам өтініш білдірді. Оның басым бөлігі — 165 өтініш, ер адамдардан, 12 — сі әйелдерден, 13-і кәмелетке толмағандардан келіп түсті. Балалар азаптаудан аман қалғандары туралы өздері өтініш бере алмады. Коалиция мүшелері осындай мәлімдемелер жазуға көмектесті. Талдықорғанда дәрігерлер балаларға қатысты үтік қолдану фактілерін тіркеді», — деп хабарлады Роза Ақылбекова[93].
26 сәуір, Астана қаласы, қала әкімдігі А. Джахинаға 2023 жылғы 1 мамырда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Украинаны қолдау. ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шара[94].
26 сәуір, Қарағанды қаласы, қала әкімдігі Е.Молчановқа 2023жылғы 1 мамырда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы:Украинаны қолдау.ҰҚҰШ-дан шығу.Бас тартудың себебі: бұрын белгіленген іс-шара[95].
26 сәуір, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, тағы да бейнеөтініш жасады, онда лайықты жалақыға, тұрақты жұмысқа, Қытаймен визасыз режимді жоюға қатысты бірнеше талаптар айтылды[96].
26 сәуір, Алматы қаласы, Арон Атабекті өлгеннен кейін, атын оңалтуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Ақын және диссиденттің қызы — А .Нутушева конференцияны ұйымдастырушы болды. Ол әкесінің адал есімін қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізілетіні туралы айтты [97].
26 сәуір, Алматы қаласы, әкімдік А.Әбішевке 2023 жылғы 1 мамырда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты.Тақырыбы: ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шара[98].
26 сәуір, Орал қаласы, қала әкімдігі белсенділердің хабарламасына жауап ретінде 2023 жылғы 5 мамырда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Жаңаөзенді қолдау, еңбекақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны 2 есе көтеру, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу. Бас тарту себебі: толық емес деректерді ұсыну[99].
26 сәуір, қазір Алматы қаласында Түрксіб аудандық сотында ҰҚК-нің 11 қызметкерінің сотталушылары бойынша сот жабық режимде өтуде. «Куәгерлер 2 мәйіт туралы айтады, біреуі Е Өтепбаев, екіншісі кім?» — деді Бақытжан Төреғожина[100].
27 сәуір, Алматы қаласы, А. Ильяшев пен М. Тайжан, сондай-ақ Л .Ахмедьяров сайлау қорытындыларына қарсы 9 сәуірде өткен рұқсат етілмеген митингіге шыққаны үшін, 15 тәулік әкімшілік қамауға алынғаннан кейін бостандыққа шықты[101].
27 сәуір, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Е. Құрманов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша сот белсендіні бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулікке қамауға алды. Е. Құрманов «2023 жылғы 1 мамырда жарияланған бейбіт наразылыққа байланысты» ұсталғанын хабарлады[102].
27 сәуір, Астана қаласы, Байқоңыр ауданының №2 соты, Д.Макин, ҚР ҚК 256-бабы, сот «терроризмді насихаттады» деген айыппен 7 жылға жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды[103].
27 сәуір, Көкшетау қаласы, әкімдік 2023 жылғы 6 мамырда Ө. Нығметоваға бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: ЖЖМ (Бензин, газ, дизель) бағасының өсуіне қарсы митинг. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шара[104].
27 сәуір, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Ө. Тұрдиева, ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша, сотты құрметтемегені үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Турдиева полиция-сот озбырлығына наразылық білдіріп, аштық жариялады. Ол 3 топтағы мүгедек, ауыр қан ауруымен ауырады, диспансерлік есепте тұрады: ревматоидты артрит[105].
27 сәуір, Петропавл қаласы, әкімдік 2023 жылғы 1 мамырда О.Широбокова мен С. Измайловаға бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Украйнаны қолдау, ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген «Бірлік қабырғасы» іс-шарасы[106].
27 сәуір, Талдықорған қаласы, Бауыржан Әлиаскаров, ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 321-бабы, қаңтардағы оқиғалардан кейін ұсталған, шартты түрде 1 жылға жаза, рақымшылық жасау арқылы сот залында босатылды [107].
28 сәуір, Тараз қаласы, 2022 жылғы қаңтарда ҚР ҚК 272-бабы 1/2-бөлігі, 380-1-бабының 2-бөлігі, 291-бабы 2-бөлігі бойынша, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұйымдастырғаны үшін айыпталушыларға қылмыстық сот үкім жариялады. Е. Жұманов- 16 жыл бас бостандығынан айыру, А. Сағынтай және Ж.Абдуллаев- 5 жыл, Н. Махатов- 6 жыл колония. Тағы бесеуі рақымшылық жасау арқылы босатылды[108].
28 сәуір, Ж.Мамай Ж. үкімі оның билікке деген сыны үшін кек болып табылады, деп санайды Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы[109].
28 сәуір, Астана қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы экс-генерал Серік Күдебаевтың айыптауының егжей-тегжейін жариялады. Қала нақты оның кінәсінен хаосқа ұшырады деп тергеу есептеді. Полиция департаментінің ғимаратында, оның үнсіз келісімінде, 23 азамат азапталған[110].
28 сәуір, Шымкент қаласы, қала әкімдігі Б. Сауырбаевқа 2023 жылғы 1 мамырда бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Украинаны қолдау. ҰҚШҰ-дан шығу. Бас тартудың себебі: хабарламада бейбіт жиналысты өткізудің толық бекітілген регламенті көрсетілмеген[111].
28 сәуір, Қостанай қаласы әкімдігі 2023 жылғы 1 мамырда Санд — Ахмет Сандуғашқа бейбіт наразылық өткізуден бас тартты. Тақырыбы: «Алға Қазақстан» саяси партия ретінде тіркелу. Бас тартудың себебі: бұрын келісілген іс-шара [112].
[1] https://t.me/elmedia_kz/1536
[2] https://t.me/elmedia_kz/1536
[3] https://t.me/elmedia_kz/1536
[4] https://mediazona.ca/news/2023/04/02/alga
[5] https://mediazona.ca/news/2023/04/02/alga
[6] https://rus.azattyq.org/a/32349303.html
[7]https://bureau.kz/novosti/byut-i-plakat-ne-dayut/?fbclid=IwAR1leW3js1GtYuk4J9FslJ_6BHc3u2nNcrppivSXHsr3PoRexooCo34HLNk
[8] https://masa.media/ru/site/zhurnalist-masa-media-provel-odinochnyy-piket-protiv-sozdaniya-reestra-inoagentov-v-kazakhstane
[9] https://kaztag.kz/ru/news/yakoby-my-vse-organizovannaya-gruppa-no-ya-so-vsemi-nimi-poznakomilas-v-sude-tleuzhan
[10] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3529584334027491/
[11] https://rus.azattyq.org/a/32350644.html
[12] https://kaztag.kz/ru/news/rezultaty-vyborov-v-kazakhstane-byli-opyat-narisovany-mezhdunarodnyy-ekspert
[13] https://kaztag.kz/ru/news/posol-o-narusheniyakh-na-vyborakh-v-mazhilis-evrosoyuz-polagaetsya-na-otsenku-missii-bdipch-obse
[14] https://orda.kz/predstaviteli-narodnogo-parlamenta-sobralis-v-podderzhku-zhanbolata-mamaya/
[15] https://kaztag.kz/ru/news/aktivistam-almaty-otkazali-v-provedenii-mitinga-protiv-nechestnykh-vyborov-
[16] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3530227113963213/
[17] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3529584334027491/
[18] https://rus.azattyq.org/a/32368382.html
[19] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/4017
[20] https://rus.azattyq.org/a/32354247.html
[21] https://rus.azattyq.org/a/32355055.html
[22] https://orda.kz/genprokuratura-kazahstana-obratilas-k-sobravshimsya-mitingovat-9-aprelya/
[23] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3538684579784133/
[24] https://web.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3538684579784133/
[25] https://rus.azattyq.org/a/32356002.html
[26]https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3532288123757112/
[27] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3532260660426525/
[28] https://rus.azattyq.org/a/32357184.html
[29] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3532752123710712/
[30] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3532288123757112/
[31] https://orda.kz/miting-protiv-vyborov-v-mazhilis-i-maslihaty-prohodit-v-almaty/
[32] https://rus.azattyq.org/a/32358384.html
[33] https://rus.azattyq.org/a/32357640.html
[34] https://rus.azattyq.org/a/32357036.html
[35] https://bureau.kz/novosti/generalnyj-prokuror-ne-priznayot/
[36]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02BPRdhfzXAQ2sCZcJanPJdXxQfZLGpdHBEXndpDTaR914945cYWjQJ2tScekzxKD6l&id=100011912251586
[37]https://rus.azattyq.org/a/32359106.html
[38] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/4018
[39] https://t.me/vlastkz/13655
[40] https://rus.azattyq.org/a/32359279.html
[41] https://rus.azattyq.org/a/32359201.html
[42]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02ty7UBBocM7L1iZodeW3DteYtS8fn4Rf3FigfTUVytbcTwXkLKGPTM6Kb3NspVKkwl
[43] https://kaztag.kz/ru/news/aktivist-maks-bokaev-iz-atyrau-trebuet-otpustit-zaderzhannykh-neftyanikov-v-astane
[44] https://rus.azattyq.org/a/32358716.html
[45] https://rus.azattyq.org/a/32358316.html
[46] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3534056473580277/
[47] https://rus.azattyq.org/a/32360924.html
[48] https://orda.kz/pyat-iz-126-zaderzhannyh-neftyanikov-otdelalis-preduprezhdeniem-genprokuratura/
[49] https://kaztag.kz/ru/news/soobshchaetsya-ob-otklyuchenii-interneta-i-mobilnoy-svyazi-v-zhanaozene?utm_source=facebook&utm_medium=cpc&fbclid=IwAR1ndOe20aUu82F189aoTZi5sqhQ21_6-_k-D0ktt-jj9KTT4AZYRVcMWcs
[50]https://www.facebook.com/sochnevartem/posts/pfbid022k9idRkywkjYH99SWjL9Y3RsrkcWSVhDaSgARvgQBJkUjXrcfxzvUtf9CaoFNMLMl
[51]https://rus.azattyq.org/a/32361625.html?fbclid=IwAR191QLuDi_KksNWiwtTsnZxFzcW1ekjLunDe6eItZ3Z_g3mpE4VIBdx9pA
[52] https://kaztag.kz/ru/news/soobshchaetsya-o-zhestkikh-zaderzhaniyakh-v-zhanaozene?utm_source=facebook&utm_medium=cpc&fbclid=IwAR3VrLa0OunndVGGOb6ZzH7cH5C6TQ-KaKMkljFpNNsnQEPb0-IkqRwCaSY
[53] https://rus.azattyq.org/a/32360057.html
[54] https://rus.azattyq.org/a/32360129.html
[55] https://rus.azattyq.org/a/32360712.html
[56] https://rus.azattyq.org/a/32360659.html
[57] https://rus.azattyq.org/a/32360229.html
[58] https://rus.azattyq.org/a/32361008.html
[59] https://rus.azattyq.org/a/32362621.html
[60] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3534681233517801/
[61] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/4025
[62] https://rus.azattyq.org/a/32362324.html
[63]https://www.facebook.com/KulteginAspanuly/posts/pfbid0hgCCtY2ZDH2HBgPSzDsa3JQuarq2VVYNLMcs7YCtzR7Lucz4Ws3SQQUJYvQBPEFml
[64] https://rus.azattyq.org/a/32373711.html
[65]https://www.facebook.com/gzhunis/posts/pfbid02r8Kzt8229Fv7sKbitbTQat7B1LXuVJuEeAi2ZxmuRjn6p6kLxWheDAKxS6J1eXVbl
[66] https://rus.azattyq.org/a/32363343.html
[67] https://rus.azattyq.org/a/32363831.html
[68] https://rus.azattyq.org/a/32363490.html
[69]https://www.youtube.com/watch?v=GEzNbeS_kFw&ab_channel=%D0%A0%D0%95%D0%A1%D0%9F%D0%A3%D0%91%D0%9B%D0%98%D0%9A%D0%90%D0%9C%D0%95%D0%94%D0%98%D0%90
[70] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-soros-foundation-transformation/32365172.html
[71] https://kaztag.kz/ru/news/vozmozhnye-sotrudniki-akimata-predlagali-aktivistke-dengi-za-sotrudnichestvo-v-almaty
[72] https://rus.azattyq.org/a/32368844.html
[73] https://rus.azattyq.org/a/32370515.html
[74] https://rus.azattyq.org/a/32369201.html
[75] https://rus.azattyq.org/a/32363490.html
[76] https://rus.azattyq.org/a/32373964.html
[77] https://rus.azattyq.org/a/32373711.html
[78] https://rus.azattyq.org/a/32372202.html
[79] https://rus.azattyq.org/a/32372283.html
[80] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/4043
[81] https://rus.azattyq.org/a/32373964.html
[82] https://rus.azattyq.org/a/32373719.html
[83] https://rus.azattyq.org/a/32373531.html
[84] https://rus.azattyq.org/a/32373369.html
[85] https://rus.azattyq.org/a/32372688.html
[86] http://www.adilsoz.kz/news/show/id/4039
[87] https://rus.azattyq.org/a/32378216.html
[88] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3542717402714184/
[89] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3543495749303016/
[90] https://rus.azattyq.org/a/32378749.html
[91] https://orda.kz/advokaty-i-zhertvy-pytok-uzhe-ne-doveryayut-speczprokuroram-pravozashhitnik/
[92] https://orda.kz/advokaty-i-zhertvy-pytok-uzhe-ne-doveryayut-speczprokuroram-pravozashhitnik/
[93] https://orda.kz/advokaty-i-zhertvy-pytok-uzhe-ne-doveryayut-speczprokuroram-pravozashhitnik/
[94] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3544091142576810/
[95] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3543494935969764/
[96] https://rus.azattyq.org/a/32380101.html
[97] https://orda.kz/aron-atabek/
[98] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3543493729303218/
[99] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3543389249313666/
[100]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0XWfyHiHuoKAiF1LguWwhiZ7by7WsKnqFB7nVTecLsTMyChydkSA82MZ3fZ1iboZCl
[101] https://rus.azattyq.org/a/32382319.html
[102] https://rus.azattyq.org/a/32382073.html
[103] https://rus.azattyq.org/a/32381537.html
[104] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3544210555898202/
[105] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3544203429232248/
[106] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3543498449302746/
[107] https://rus.azattyq.org/a/32383708.html
[108] https://kaztag.kz/kz/news/devyati-zhitelyam-zhambylskoy-oblasti-vynesli-prigovor-po-delu-o-yanvarskikh-sobytiyakh
[109] https://kaztag.kz/ru/news/prigovor-mamayu-yavlyaetsya-mestyu-za-ego-kritiku-v-adres-vlasti-amnesty-international
[110] https://orda.kz/genprokuratura-grazhdan-pytali-i-izbivali-s-molchalivogo-soglasiya-kudebaeva/
[111] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3544095805909677/
[112] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3544093955909862/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.