1 мамыр, Алматы қаласы, Н. Хожакараев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 6-бөлігі, 1 мамыр күні Орталық демалыс саябағы ауданында бейбіт наразылыққа қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды [1].
1 мамыр, Алматы қаласы, Орталық саябақтың жанында 20-ға жуық адам жиналды. Олардың кейбіреулері «Қазақ жеріне Қытайға жол жоқ» («Нет дороги Китаю на казахской земле») деген плакат ұстады. Басқалары Қаңтардағы оқиғаларды әділ тергеуді талап етті. Полицейлер жиналғандардың біразын ұстады. Ұстаудың себебін полиция түсіндірмеді [2].
1 мамыр, «БелсенділерЭкстремистерЕмес» құқық қорғау тобы жарияланған бейбіт наразылықтар күні саяси қудалаулар туралы мәлімдеді, құқық қорғау органдары тарапынан, 1 мамырда Қазақстанның әртүрлі қалаларында, азаматтық белсенділерді сырттай бақылау болғаны туралы хабарланды. Ұстау туралы хабарланды және кейбір белсенділер полицияға шақырылған [3].
1 мамыр, Астана қаласы, Vlast.kz тілшісі — Бейімбет Молдағали болжамды митинг орнында ұсталды, журналист полицейлерге қызметтік куәлігін көрсетті, соған қарамастан оны Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізді. Оған болған оқиға туралы редакцияға хабарлауға тыйым салды және оның телефонын тартып алуға тырысты. Полиция бөлімінде журналисті суретке түсіріп, саусақ іздерін алды. Жарты сағат өткеннен кейін, алдын ала саусақ іздерін алып, оны суретке түсіріп, ұстаудың себебін түсіндірместен журналисті босатты, кешірім сұраған жоқ [4].
1 мамыр, Астана қаласы, М. Жыланбаевты мүмкін болатын ықтималды митинг күні полиция қызметкерлері ұстады. Оны көлік жүргізіп келе жатқан кезінде, жолда тоқтатқан. Полицейлер оған, бір адамның «Жыланбаевқа шағымданып, оның таңертең сағат 7:45-те жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы» айтты [5].
1 мамыр, Астана қаласы, В. Жанбаева, таңертең жұмысқа бара жатқан жолда заңсыз ұсталды. Ұстауға үш жедел уәкіл қатысқан. Полицейлердің ешқайсысы да өздерін таныстырмаған және қызметтік куәлікті көрсетпеген. Чехоев, 12 көшесіндегі полиция бөлімшесінде, белсенді кешке дейін болды[6].
1 мамыр, Павлодар облысы, Ерейментау қаласы, ықтималды митинг күні полиция қызметкерлері А. Ақышеваны заңсыз ұстады. Бірнеше сағаттан соң және жауап алғаннан кейін, оны босатты [7].
1 мамыр, Көкшетау қаласы, тергеуші Полиция басқармасына белсенді- Балташев Бауыржанды 1 мамыр күні сағат 14.00-де белгісіз қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне қатысуға шақыру қағазын жіберді, бұл ретте Б. Балташевтың мәртебесі шақыру қағазында көрсетілмеген [8].
1 мамыр, Өскемен қаласы, Е. Заркумканов, болжамды жалпыұлттық митинг күні полиция қызметкерлерімен заңсыз ұсталды[9].
1 мамыр, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін жыл ішінде қайта бұзды деген айыппен, 25 тәулікке қамауға алынды. Прокурор мен сот «митингтерге шақыруды» көрген видеожазба, айыптауға себеп болды[10].
1 мамыр, Алматы қаласы, Әбішев Әсет, үйден шыққан кезінде белсендіні азаматтық киім киген полиция қызметкерлері ұстады [11].
2 мамыр, Астана қаласы, М.Жыланбаев, ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі, 6 айлық мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру [12].
2 мамыр, Алматы қаласы, Думан Мұхаметкәрім. ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, интернет желісінде митингке шақырғаны үшін 25 тәулікке қамауға алу[13].
1 мамыр, Алматы қаласы, Абдурахмонов Әлішер, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлімі, 15 тәулік — 2023 жылғы 1 мамырда Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісінде өткен рұқсат етілмеген митингке қатысты [14].
2 мамырда, Орал қаласы, Л. Ахмедьяров: «Мұның бәрі де тетіктерді қатайтудың белгілері, журналистерге, тәуелсіз саясаткерлерге, азаматтық белсенділерге қатысты алдыңғы жылдары ашылған қылмыстық істердің 90 пайызын полиция жүргізді, ал ҰҚК көлеңкеде қалуға және ерекше «байқалмауға» тырысты. Енді біз, істердің көп бөлігін ҰҚК тергеу органы ретінде жүргізетін жағдайға тап болуымыз мүмкін: ол ұстауды, тінтуді жүргізетін болады» [15].
2 мамыр, Алматы қаласы, Бостандық ауданының №2 соты, С. Керімов, Қ. Әубәкіров, Н. Қасымжанов, А. Валиев, Ш. Тастанбеков, ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 269-бабының 2бөлігі бойынша, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және резиденция мен қала әкімдігіне шабуыл жасағаны үшін кінәлілер деп танылды. Сотталушылардың 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды [16].
2 мамырда, БҰҰ-ның жұмыс тобы мәлімдеді: Ж.Мамайды бас бостандығынан айыру негізсіз, II санатқа жататын болып табылады, өйткені бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19 және 20-баптарына сәйкес кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарды олармен жүзеге асырудың нәтижесі болған [17].
3 мамыр, Тараз қаласы, №13 тергеу изоляторы, Әділ Ахит, ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1/3 бөлігі, қаңтар оқиғаларына қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Ол өзін-өзі өлтірмек болып, ішіне шеге қадады. Ахиттің анасы хат жіберді, онда оның ұлы өзіне қол салу әрекетін тергеудің әділетсіздігімен және жала жабумен түсіндірген [18].
3 мамыр, Астана қаласы, М. Жыланбаев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі, «Биліктің орнынан кетуі, заңмен келісілген сайлаудың күшін жою» талабымен, 17 наурызда Елордадағы Еуроодақ елшілігі ғимаратының алдында «митингке шыққаны» үшін 20 тәулікке қамауға алынды [19].
3 мамыр, Шымкент қаласы, Қанды қаңтар құрбандарының туыстары қала әкімдігіне келіп, жақындарына оқ атқандарды табуды, кінәлілерді анықтауды және жазалауды талап етті. Олар сондай-ақ қаза тапқандарға ерекше мәртебе беруге және отбасыларына өтемақы төлеуге шақырды [20].
3 мамыр, Баспасөз бостандығы рейтингінде 180-ң ішінен 134-орынға Қазақстан ие болды. 2022 жылы ел 122-і орында болған болатын. Зерттеуге сәйкес, біздің еліміздегі жағдай «күрделі» деп бағаланады — деп хабарлайды «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымы [21].
3 мамырда, Астана қаласы, Мәжілістегі «Ауыл» фракциясының басшысы Анас Баққожаев блогерлерді Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп төндіруде деп айыптады [22].
З мамыр, Қызылорда қаласы, Г. Серікбаева. ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша, көрінеу жалған мәліметтерді тарату бойынша оған қатысты қылмыстық істің ашылғаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта іс филологиялық сараптамадан өтті, шешім күтілуде. 2023 жылғы 28 сәуірде ол бейне челленджге түсіп, онда Қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз кіруіне қатысты өзінің келіспеушілігін білдірген [23].
3 мамыр, Қазақстанның саяси контекстінде үкіметтің ақпаратты, 2022 жылғы қаңтардағыдай тұтқындаулар, шабуылдар, телекоммуникациялар мен интернетті өшіру арқылы бақылайтынына назар аударылған. «Шекарасыз репортерлар» ұйымы келесі тәуелсіз БАҚ-тарды атап өтті: ҚазТАГ ақпараттық агенттігі, «Власть» және «Орал апталығы» [24].
3 мамыр, «Ақпаратқа қол жетімділік шектеулі және журналистердің үкіметтік брифингтердегі сұрақтары цензураға ұшырайды. Үкімет режимді насихаттау үшін жеке БАҚ-на ақша төлейді. Мемлекеттік және мемлекет бақылайтын БАҚ-тың бас редакторларын тағайындауды үкімет бақылайды. Ақпарат министрлігінің өзі БАҚ-ты реттеу жөніндегі органның функцияларын орындайды», — деп хабарлайды «Шекарасыз репортерлар» ұйымы [25].
4 мамыр, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 27 сәуірден 4 мамырға дейінгі жағдайына шолу [26].
4 мамыр, Алматы қаласы, А.Ильяшев, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 5 тәулікке қамауға алу, қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот үкімін орындамағаны үшін, бұл белсендінің «Халық парламенті» отырысына қатысуы қамауға алуға себеп болды[27].
5 мамыр, БҰҰ комитеті Қазақстан билігінен 2022 жылғы Қаңтардағы қанды оқиғалар кезінде қаза тапқандар туралы толық ақпаратты: олардың есімдерін, қайтыс болуының мән — жайларын және басқа да деректерді жариялауды, сондай-ақ олар бойынша азаптау және тергеу фактілеріне қатысты статистиканы жариялауды тағы да талап етті [28].
6 мамыр, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысынан В. Ермольчева мен Д. Шариповты полиция ұстады. Сот, Ермольчеваға — ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі, 2023 жылғы наурызда Алматыдағы Арбатта адал емес сайлауға қарсы жеке пикет өткізгені үшін, 15 тәулікке қамауға алуды тағайындады. Д.Шәріпбаевқа — ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі, 2023 жылғы 20 наурызда Алматыда өткен адал емес сайлауға қарсы митингке қатысқаны үшін, 15 тәулікке қамауды белгіледі [29].
9 мамыр, Швейцария, Женева қаласы, «Қазақстан үшін азаптау – жүйелі өткір проблема», азаптауға қарсы БҰҰ комитетінде республиканың есебі барысында мәлімделді, төртінші рет Қазақстан азаптауға қарсы ұзақ күрес саласында не жасалғаны, не жасалмағаны туралы есеп
берді [30].
10 мамырда, Орал қаласы, Б. Өтебаев, Абай ескерткішінің жанына жеке пикетке шықты. Ол әлеуметтік реформаларды және «Аманат» партиясын сотқа тартуды» талап етті. Әкімдік қызметкерлері пикетті «заңсыз» деп атады және акцияны тоқтатуды сұрады, ол үшін «қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапқа тартылатынын» атап өтті. Одан әрі прокурор келді, ол зейнеткерді «жауапкершілік» туралы ескертті және пикетті тоқтатуды талап етті. Өтебаевты ұстамады [31].
10 мамыр, Түркістан облысы, Ордабасы аудандық соты, Н. Мұхамедов, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, «сот шешімін орындамау» деген айыппен 5 тәулікке қамауға алынды. 29 сәуірде белсенді Қазақстанның Қытаймен визасыз режиміне қарсы шығып, TikTok желісінде тиісті бейне хабарлама жариялаған. Сот, 405-бап бойынша, бұл бейнеүндеуді «сот шешімін орындамау» деп санады[32].
10 мамыр, Алматы қаласы, А. Дүйсебаева, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, 1 сәуірде Алматыда өткен «Халық парламентінің» жиналысы үшін, «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды» деген айыптау бойынша, 172 500 теңге айыппұл салынды [33].
10 мамыр, Астана, сотталған Ж.Мамайдың жақтастары қазақстандық билікті БҰҰ-ның негізсіз қамауға алулар жөніндегі Жұмыс тобының шешімін орындауға шақырды [34].
10 мамыр, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, полиция әкімдік ғимаратының алдында жиырмаға жуық адамды ұстады, онда жергілікті жастар алтыншы апта бойы тұрақты жұмысты талап етумен жиналып тұр. Полиция өкілінің айтуынша, ұсталғандарды бөлімшеге жеткізіп, олармен «кәсіби әңгіме» жүргізді, одан кейін үйлеріне қайтарды [35].
10 мамыр, Алматы қаласы, И. Иманбай, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі бойынша, 1 сәуірде «Халық парламентін» құруға қатысқаны үшін 172500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды[36].
11 мамыр, Атырау қаласы, «ҚазАқпарат» тілшісі Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберді. Бақылау камераларының жазбалары бойынша, түннің үшінші жартысына жуық кезінде белгісіз ер адам көлікті өртеп жіберген. Журналистің өзі болған жағдай туралы, таңертеңгі сағат төрт шамасында, оның көлігі толығымен жанып кеткен кезде ғана білген [37].
11 мамыр, Алматы қаласы, В.Ермольчева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 15 тәулікке қамауға алу, оны қамауға алуға апелляция қабылданбағанан кейін, ол аштық жариялады [38].
11 мамыр, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 4-11 мамыр аралығындағы жағдайына шолу [39].
11 мамыр, Астана қаласы, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) террористер туралы ақпарат үшін сыйақы мөлшерін белгілеу құқығына ие болды[40].
12 мамырда, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері Адам құқықтары жөніндегі бюрода өткен баспасөз мәслихатында: «Уәде етілген саяси реформаларды жүргізудің орнына билік оппозициялық және азаматтық белсенділерді қудалауды жалғастыруда», — деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, 15 тәулікке қамауға алынған белсенділер- Д .Шарипов пен В. Ермольчеваны босатуды талап етті [41].
12 мамырда, Алматы қаласы, «Оян, Қазақстан!» қозғалысынан Ж. Шаханова баспасөз мәслихатында, өзін ұстағаннан кейін бірнеше полиция кабинеттеріне қалай апарғандарын, содан кейін әкімшілік қамауға алынғандарға арналған камераға әкеліп: «Сіз 15 тәулікті осы камерада өткізгіңіз келе ме?» деп айтқандарын,мәлімдеді. Ол мұны «моральдық қысым көрсету» деп атады[42].
12 мамырда, Алматы қаласы, баспасөз конференциясында «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсендісі- А. Жапишева: «2019 жылдан, қозғалыс құрылған сәттен бастап, оның «белсенділері түрлі қудалау түрлерімен бетпе-бет келуде» екенін айтты. Бұл ұстау, тұтқындау, бақылау, ұрлау, пара беру әрекеті, қысым көрсету [43].
12 мамыр, Астана қаласы, полиция қызметкерлері белсенділер — А. Сыздықов пен А. Сембайды түсіндірусіз және қандай да бір құжаттарды ұсынбастан, заңсыз ұстады. А.Сембайдың қайда отырғаны белгісіз [44].
12 мамыр, Ақтөбе қаласы, Альмира Қуатова, қала әкімдігі Қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз сапарларына қарсы 17 мамырда митинг өткізуден бас тартты. А.Қуатова мұны «Конституциямен бейбіт жиналыстарға кепілдік берілген құқықты бұзу» деп санайды. Бас тартудың себебі: А.Қуатованың хабарламасында дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім болмаған [45].
13 мамыр, Астана қаласы, А.Сембай, сот 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» айыбы тағылды [46].
13 мамыр, Алматы қаласы, «Біз, #Qantar2022 зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша, Алматы қаласының прокуратурасына 3 рет бардық. Ешқашан, 25 жыл ішінде мен прокуратураға барған емеспін, бірақ бұл жолы қажет болды, өйткені бізде күн сайын 238 адам өлтірілмейді. Соттар шағымдарды қайтарады және зардап шеккендердің құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруден бас тартады, заңдарды «ескертусіз, қасақана оқ ату» нұсқасын қарастырмай қалай жазған және қалай кешірім сұрау және өлтірілген және мүгедек болған бейбіт азаматтарды қалай оңалту түсініксіз», — деп хабарлады құқық қорғаушы Б.Төреғожина [47].
14 мамыр, Атырау қаласы, полицейлер журналист В.Сутягиннің көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі [48].
15 мамыр, Астана қаласы, К. Такеева, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, ҚР Президенті аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны, қоғамға құрметсіздік танытқаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды. Такеева К. аштық жариялады [49].
15 мамыр, Астана қаласы, Бахсейіт Абдулов, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі, адамдар тобымен ҚР Президенті аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің алдында қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қойылған полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін, 15 тәулікке қамауға алынды [50].
15 мамырда, АҚШ мемлекеттік департаменті 2022 жылы әлемдегі діни бостандықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндамасын жасады. АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстандағы дін бостандығы саласындағы аса маңызды проблемалардың қатарына діни аз топтардың құқықтарын шектеуді және діни көзқарастарына байланысты адамдарды бас бостандығынан айыруды атады [51].
15 мамыр, Алматы қаласы, прокуратура қызметкері Н. Ізмұхамедовтың Қанды қаңтар айында қаза болуының мән-жайы қараңғылықпен бүркемеленген. Оның қайтыс болу фактісі бойынша іс құпиялы. Бір жылдан астам уақыт бойы марқұмның туыстары, қанды оқиғалардың басқа құрбандарының жақындары сияқты, оқ атқан кім және оған кім жауапты деген сұрақтың жауабына қол жеткізе алмай отыр. Ұлы жұмыс істеген ведомствоның, оны өзінің қызметкері деп танудан бас тартуы, қайғы азабын күшейте түсетінін айтады, анасы- А.Мұратова[52].
15 мамыр, Жаңаөзен қаласы, жүзден астам жұмыссыз мұнайшылар Қазақстан билігіне қайта жүгінді. Мұнайшылар бір жарым айдан астам уақыттан кейін тұрақты және лайықты ақылы жұмыс туралы талаптар әлі де орындалмағанын айтады. Олар, атап айтқанда, тұрақты жұмысқа орналасуды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және Еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне (ЕСОТ) сәйкес, тең еңбекақы төлеуді белгілеуді талап етеді [53].
16 мамыр, Тараз қаласы, А. Сағынтай, ҚР ҚК 272-бабының 1/2-бөлігі, 5 жылға бас бостандығынан айыру. Ауданаралық қылмыстық сот оны 2022 жылғы қаңтардағы Тараздағы тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы деп таныды [54].
17 мамыр, Алматы қаласы, Мақсұтханұлы Бекзат, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, тіркелмеген «Нағыз Атажұрт» ұйымының басшысы, 15 тәулікке қамауға алынды. Ұйым мүшелері 17 мамырда, Президент Тоқаевтың Қытайға сапары күні, биліктің барлық қытай азаматтарының Қазақстанға кіру ережелерін жеңілдету жоспарларына қарсы митинг өткізбекші болған [55].
17 мамыр, Павлодар облысы, «Нағыз Атажұрт» ұйымының тағы бір белсендісі Әсен Нұрсанұлы оны учаскеге жеткізіп, түсіндірме алып, үйіне жібергенін хабарлады. Бірнеше адам үйлерінің жанында полиция кезекшілікте тұрғанын хабарлады [56].
17 мамыр, Алматы қаласы, «Қаңтар оқиғалары туралы істердегі бұрынғы фигуранттардан прокуратура кешірім сұрады. Бізде «куәгер» мәртебесі бар қаза тапқандар мен жаралыларға қатысты әлі де шешілмеген сұрақтар бар. Прокурорлар олардың құқықтарын қалай қалпына келтіру керектігін түсіндіреді деп үміттенеміз», — деді құқық қорғаушы Б. Төреғожина [57].
17 мамыр, Ақтөбе қаласы, А. Тубетова, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, сот жыл ішінде «бейбіт жиналыстарды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзу» қайталанғаны үшін 241 500 теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындады. А. Куватоваға және Б. Маратұлына, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен, 172 500 теңге көлеміндегі айыппұл белгіленді. Сот материалдары бойынша, олар митингтерге өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және WhatsApp мессенджеріндегі топта шақырған [58].
17 мамыр, Ақтөбе қаласы, А. Сәрсенғалиева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, 4 тәулікке қамауға алынды. Соттың мәліметінше, А. Сәрсенғалиева 1 мамырдағы митингке шақыру ақпараттын желіде 21 сәуірде жариялаған. Сот оны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзуға кінәлі деп атады[59].
17 мамыр, Алматы қаласы, кинематографистерге- Е. Төлеутай, А. Шарғын, С. Мырзашев, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі бойынша, 12 мамырда «Алматы» қонақ үйі ғимаратының алдында Киноны қолдау мемлекеттік орталығының конкурс нәтижелеріне қарсы наразылық перфомансына қатысқаны үшін, 70-тен 170 мың теңгеге дейін айыппұл салынды [60].
18 мамыр, Алматы қаласы, 74 жастағы оппозициялық саясаткер және диссидент Ж. Қуанышалин жүрек қызметінің тоқтауынан қайтыс болды, Қазақстандағы авторитарлық режиммен қажымас күрескер, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты, бірер күн бұрын ауруханаға түскен еді [61].
18 мамыр, Астана қаласы, Әділет вице-министрі Алма Мұқанова «Алға, Қазақстан!»партиясын тіркеуден бас тартудың себебі туралы сұраққа жауап беру кезінде, партияларды тіркеу кезінде ведомствоның «саяси ұстанымға қарамайтынын» мәлімдеді [62].
18 мамыр, Астана қаласы, «Бізде саяси партияларға қойылатын талаптар бар. Олар «Саяси партиялар туралы» заңға сәйкес келуі қажет. Талаптардың бірі — ұйым шет мемлекеттен қаржы алмауы керек және армиямен байланысты болмауы керек. Бірақ саяси көзқарастары бойынша — жоқ», — деп мәлімдеді Әділет вице-министрі Алма Мұқанова [63].
18 мамыр, Семей қаласы, Қ.Сұлтанбеков, ҚР ҚК 272-бабының 2/3-бөлігі, ешқайда кетпеу туралы қолхат, 2022 жылғы қаңтарда жаппай наразылықтар кезінде заңға қайшы әрекеттер жасады деп айыпталуда. Сотта айыптау куәгері, оның екі саусағын сындырып, Қ. Сұлтанбековке қарсы айғақ беруге мәжбүрлегенін мәлімдеді [64].
18 мамыр, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 11-18 мамыр аралығындағы жағдайына шолу [65].
18 мамыр, Алматы қаласы, сотта әуежайды басып алу туралы куәгерлерден жауап алуды жалғастырды. Куәгер, Әсет Сатыбалдиев тергеушілердің оған әуежайдан бейне көрсетіп, кімге нұсқау керектігін айтқанын мойындайды. Адвокат А. Айдарханов: «Тергеу кезінде Сізге қандай да бір психологиялық қысым жасалды ма? Куәгер Ә. Сатыбалдиев: Иә, қысым болды. Бірақ, қазір мен өз ойларымды өзеркіммен айтып отырмын», — деп мәлімдеді сотта Ә. Сатыбалдиев [66].
18 мамыр, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Дәулет Маликов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі, 10 тәулікке қамау — ҚХР азаматтарының визасыз кіруіне қарсы митингке «Ватцап» тобында шақырғаны үшін [67].
19 мамыр, Астана қаласы, В. Рузахунов, қаңтар оқиғалары кезінде қауіпсіздік күштерінің қолынан зардап шеккен азамат, астананың азаматтық істер жөніндегі Алматы аудандық соты қырғызстандық джазменге, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы Қазақстан ІІМ-не берген талап- арызынан бас тартты[68].
19 мамыр, Алматы қаласы, Бостандық ауданының № 2 соты қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша 24 адамды кінәлі деп тапты. Олар тәртіпсіздіктерге, ұрлыққа, билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылыққа, нысанға заңсыз кіруге және қару ұрлауға қатысты айыпталды. Судья 24 сотталушыға 9 айдан 1 жылға және 9 айға дейінгі шартты мерзімдерді тағайындады. 4 адам кінәлі деп танылды, бірақ Рақымшылық туралы заңға сүйенумен жазадан босатылды. Сот сонымен бірге сотталушы- Д. Қанатбекті кінәлі деп тапты, бірақ оның өліміне байланысты қудалау тоқтатылды [69].
20 мамыр, Орал қаласы, Ж. Башанов, Қазақстан билігі ҚР ҚК 405-бабының 2-бөлігі бойынша, қылмыстық істі тергеу шеңберінде тергеу изоляторына жөнелтті. Билік белсендіні ҚДТ-ң және «ҚДТ белсендісі» жеделхаттар әлеуметтік желісінің акцияларына қатысқаны, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысқаны үшін қудалайды [70].
20 мамыр, Алматы қаласы, «Денсаулық сақтау министрлігінің және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің назарына. Ауруханада жатқан Ж. Мамайдың жағдайы, бүгін күрт нашарлады, оны реанимация бөліміне ауыстырды. Оның денесінде қызыл бөртпе қаптап кеткен, ештеңе көмектеспей жатыр», — деп хабарлады И.Иманбай [71].
21 мамыр, Алматы қаласы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы М. Жәкішев, оған Қазақстан соты тағайындаған 14 жыл жаза мерзімінің 21 мамырда аяқталғанын хабарлады. М. Жәкішев, 11 жылды темір тордың артында өткізгеннен кейін, шамамен үш жыл бұрын, шартты түрде және мерзімінен бұрын босатылған болатын [72].
21 мамыр, Орал қаласы, А. Өтепов, ҚР ҚК 190-баптың 3-бөлігі, 367-баптың 3-бөлігі, «Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бірлестігінің басшысы тергеу изоляторына қамалды, «құрғақ» аштық жариялады. Қоғам қайраткері тамақ пен судан бас тартудың себебі деп оған қарсы қозғалған «қылмыстық істі» атады [73].
22 мамыр, «Оян, Қазақстан!» қозғалысының белсенділері В. Ермольчева мен Д. Шәрипов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, 15 тәулікке қамауды өтегеннен кейін бостандыққа шықты, оларды сот бейбіт наразылық акцияларына қатысқаны үшін тағайындаған болатын[74].
22 мамыр, Тараз қаласы, Нұрлан Қанатов, ҚР ҚК 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу. Ұзақ уақыт бойы облыстық билік дәліздеріндегі сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтерген ол, қазір «жалған сөз жеткізу» жасады деген айыппен тергеу изоляторында отыр [75].
22 мамыр, Бішкек қаласында «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы құқық қорғаушы Ғ.Ағелеуовты Бішкек-Ташкент рейсінен түсіріп тастады, ол Нүкіс оқиғалары бойынша сотқа қатыспақ болған. Ғ.Ағелеуов 2022 жылғы 1-2 шілдедегі Өзбекстанның Жоғарғы Сотында Қарақалпақстандағы толқуларға қатысушылардың апелляциялық шағымдарын қарау кезінде бақылаушы ретінде қатысуға Ташкентке ұшуы тиіс болатын[76].
23 мамыр, Астана қаласы, Тимур Дәнебаев, ҚР ҚК 274-бабы, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде «20 000 террористер туралы» мәлімдемеге байланысты, «жалған ақпарат таратқаны» үшін Президент Қ.Тоқаевқа шағым түсіруге тырысқан азаматқа қатысты сот басталды [77].
23 мамыр, Тараз қаласы, апелляциялық сот қаңтар айындағы оқиғалар туралы істі қарауда, оның шеңберінде тоғыз адам сотталды, оның бесеуін қайтыс болғаннан кейін соттады. Прокурор соттан С.Бағдатұлының ісі бойынша А. Ташекеевтің үкімін қайта қарауды және оған 4 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрайды. 8 ақпанда Тараздың № 2 соты А.Ташекеевке 2 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындаған, бірақ рақымшылық жасау бойынша қамаудан босатқан [78].
23 мамыр, Орал қаласы, А. Өтепов, ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігі, 7 жыл жалпы режимдегі колонияда өтеу. Сот оны «алаяқтық» пен «пара беруге итермелеу» үшін кінәлі деп атады. Судья шешімді жариялай отырып, А. Өтеповтың кінәсінің куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтарымен, сондай-ақ іс материалдарымен дәлелденгенін айтты[79].
23 мамыр, Астана қаласы, полиция тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының төрағасы М. Жыланбаевтың үйіне тінту жүргізуге келді. Үйдің қақпасында полиция қызметкерлері мен азаматтық киім киген белгісіз адамдар болды. Олар Азаттықтың түсірілім тобының үй аумағына кіруіне жол бермеді. Үйде қандайда бір тергеу әрекеттері жүргізілді [80].
24 мамыр, Астана қаласы, «Алға, Қазақстан!» партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшелері партияны тіркеуді бастау үшін Әділет министрлігіне бастамашыл топтың тізімін 15 рет тапсырды. Саяси партиялар туралы Заңның 8-бабына сілтеме жасап, бастамашыл топтың тізімі заң шарттарына сәйкес келмейді дегендей қылып, билік бас тартты. Ненің сәйкес келмейтініне, билік нақты жауап берген жоқ [81].
24 мамыр. Астана қаласы, заң бойынша қажетті 700 адамның орнына 3083 адамының тізімі берілді. «Алға, Қазақстан!» партиясының ұйымдастыру комитетінде 1500 адамнан түскен бейнежазба бар, бұл бастамашыл топтың тізімінің заң талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.
Қазақстан билігінің кезекті бас тартуы саяси уәжді көрсетеді және Қазақстан билігінің саяси партияларды тіркеуге кедергі жасамау туралы мәлімдемесін толығымен жоққа шығарады [82].
24 мамыр, Алматы қаласы, Мелдехан Айдос, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматының орталығында атып өлтірілген, төрт жасар Айкоркемнің әкесі, Қайрат шағын ауданындағы, ол отбасымен бірге тұратын үйдің кіреберісіне полиция келді. Ол полицияның келуінен, оған және оның отбасына қысым көрсету әрекетін байқайды [83].
24 мамыр, Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, «Экстремизм тұрғой, егер маған терроризмді ілсе де, мен өз сөзімнен бас тартпаймын. Ұрылар билігі мен ұрылар режимі құласын. Бұл елді эволюция өзгертпейді, тек революция өзгертеді. Бұған жолдас Тоқаевтың өзі итермелейді. Диваннан тұруға дайын болыңыз», — деп жазды журналист Д.Мұхамедкарім, қамауда отырғанда жазған хатында[84].
24 мамыр, «Өтпелі кезең дейін төмендеді. Барлық санаттар бойынша елдегі демократия индексі ең төменгі деңгейге жақын. Осылайша, Қазақстан 2020-2021 жылдар көрсеткішіне қайта оралды», — делінген Freedom House есебінде [85].
24 мамыр, «2022 жылғы қарашадағы президенттік сайлау және 2023 жылғы наурыздағы қатаң бақылауда өткен сайлау Қазақстанның демократиялық институттарында үлкен прогресс болмағанын білдіреді», — делінген Freedom House есебінде[86].
25 мамыр, Астана қаласы, қаңтар оқиғалары кезінде түрмеде азаптау туралы мәлімдеген өскемендік Жұбақов Ренат үкіметтен оған 30 миллион теңге және 1 миллион 98 мың теңге материалдық залал мөлшерінде моральдық өтемақы төлеуді талап етеді. Іс Астананың азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда. 2022 жылдың 9-11 қаңтарында тергеу изоляторында болды. Оның айтуынша, осы кезеңде «полиция қызметкерлері қатыгездікпен ұрып-соққан» [87].
25 мамыр, Астана қаласы, М. Жыланбаев, сот тергеу органдарының қылмыстық тергеуге байланысты екі айға қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды. Спортшыны ҚР ҚК 405, 258-баптары бойынша «Тыйым салынған ұйымға қатысы бар» және «Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруға» күдікті санайды [88].
25 мамыр, Алматы қаласы, Қазақстандағы ақпаратты білдіру, алу және тарату құқығының 2023 жылғы 18-25 мамыр аралығындағы жағдайына шолу[89].
25 мамыр, Теміртау қаласы, С. Зверева, судья З.Ибраеваның отставкаға кетуін талап етіп, Қарағандыдағы сот ғимаратына пикетпен бұрын шыққан, сотқа жеке шағымды осы судьяның іс-әрекетіне түсірді. Облыстық сот алқасы «процессуалды заңнаманы судьяның бұзуы» негізінде судья Ибраеваның ұйғарымын жойып, белсендінің жеке шағымын қанағаттандырды. Алайда сот алқасы «бұл жерде судьяның іс-әрекетін қарастырмайды», тек өзі шығарған ұйғарымға қатысты мәселені шешетінін атап өтті [90].
26 мамыр, Астана қаласы, Өскемен қаласының тұрғыны Р. Жұбақовтың Қазақстан қаржы министрлігіне талап-арызы бойынша талаптарын ішінара қанағаттандырды. Қаңтар оқиғалары кезінде түрмеде азаптау туралы мәлімдеген Р. Жұбаков, үкіметтен моральдық зиян үшін өтемақы ретінде 30 миллион теңге талап етті, бірақ сот оған бес миллион теңге (бағам бойынша 11,2 мың доллар) тағайындады [91].
26 мамыр, Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Д. Мұхамедкәрім, сот айдың басында ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша, митингке шақырғаны үшін кесілген 25 тәулікке қамауды өткізіп, бостандыққа шықты[92].
26 мамыр, Семей қаласы, № 2 сот қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған Ш.Әлпиев пен Р. Әлиевті ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі «Терроризмді насихаттау» бойынша үкім шығарды. «Терроризмді насихаттады» деген айыппен, сәйкесінше 9 жылға және 7 жыл 6 айға қатаң режимдегі колонияда өтеу [93].
26 мамыр, Алматы қаласы, «Ж. Мамайдың бұзылған құқықтарын құқықтық оңалту жолымен қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау және Жұмыс тобының ұстанымын ескере отырып, дереу босату жөнінде шаралар қабылдау және оған өтемақы мен өтемнің басқа да түрлерін беру», — деп мәлімдеді адвокат Е. Кенжебаев [94].
26 мамыр, Алматы қаласы, «Ж.Мамайды негізсіз бас бостандығынан айырудың мән-жайларын толық және тәуелсіз тергеуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдансын және Мамай Ж-ны жәбірленуші деп тани отырып, оның құқықтарын бұзғаны үшін жауапты адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдансын», — деп мәлімдеді адвокат Е. Кенжебаев[95].
27 мамыр, Алматы қаласы, жыл сайын саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу ескерткішінде митинг өткізетін «Комитет 31 мамыр» қозғалысы өз үндеуінде, бүкіл ел бойынша аза тұту шеруін 31 мамырда – «Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шеруін» өткізуді ұсынды[96].
28 мамыр, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Д.Мұхамедкәрім, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 12-бөлігі, Ютуб каналында видео жүктеп митингке шақырғаны үшін, 25 тәулікке қамауға алынды[97].
29 мамыр, Астана қаласы, баспасөз конференциясында тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» партиясының өкілдері биліктен белсенді М. Жыланбаевты босатуды талап етті. «Алға, Қазақстан!» көшбасшысы 25 мамырда, ҚР ҚК 405, 258-баптары бойынша, екі айға қамауға алынған болатын[98].
29 мамыр, Алматы қаласы, А. Тлеужанова, ҚР ҚК 272-бабы 1-бөлігі үйқамаққа алу, «Бүгін сағат 14: 45 – те қалалық сот А. Тлеужанова мен Ш.Мырзаханованың үйқамаққа қатысты бұлтартпау шарасын үйқамаққа алудан ешқайда кептпеу туралы қолхатқа өзгерту туралы шағымымды қанағаттандырды», — деп хабарлады адвокат А. Айдарханова [99].
29 мамыр, Астана қаласы, Бас прокурор Б. Асылов хабарлады: «Биылғы жылдың 4 айында блогерлерге қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дейінгі 29 тергеу тіркелді. Сондай-ақ, сотқа тек бір іс жіберілді, 12-сі іс жүргізілуде». Сонымен қатар, оның ақпараты бойынша, жалған ақпарат таратқаны үшін, егер бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін қамтымаса, әкімшілік жауапкершілік енгізу жоспарлануда [100].
29 мамыр, Астана қаласы, Азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған сот, қаңтар оқиғалары кезінде азаптау туралы іс бойынша жәбірленуші деп танылған, Өскемен тұрғыны Тілеужан Сайлауұлының талап -арызын ішінара қанағаттандырды. Сот жауапкерді — Қаржы министрлігін жәбірленушіге бір миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеу туралы шешім шығарды. Тілеужан Сайлауұлы шешіммен келіспейтінін мәлімдеді, өйткені өзінің талап- арызында моральдық өтемақыға 20 миллион теңге төлеуді талап еткен[101].
29 мамыр, Астана қаласы, «ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы әкімшілік ісі бойынша, 3 мамырдан 23 мамырға дейін 20 тәулікке, М. Жыланбаевты тұтқындау кезінде полиция қызметкерлері заңды бұзып М.Жыланбаевтан телефонын алып қойды, оның мазмұнын заңсыз қарады»,-деді адвокат М. Досқараев баспасөз мәслихатында[102].
29 мамыр, Астана қаласы, «Биліктің Ж. Жыланбаевты ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі бойынша айыптауы Еуразия университетінің саясаттану кафедрасының докторанты Қ. М. Батырбаевтың саясаттану зерттеуіне негізделген. Қазақстан заңнамасына сәйкес сараптамалар тізімінде саясаттану зерттеулері жоқ», — деді адвокат М. Досқараев баспасөз мәслихатында[103].
30 мамыр, Алматы қаласы, белсенділер 31 мамыр күні сағат 11:30-да Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу ескерткіші маңына жиналуды жоспарлап отыр. Жиналыс орнында аза тұту митингі өтеді, оның аясында бір минут үнсіздік жарияланады, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері сөз сөйлейді. Митингке қатысушылар сағат 13: 00-де Уәлиханов атындағы алаңға дейін шеруді жоспарлап отыр, бұдан әрі Желтоқсан алаңында жиналыс өтеді[104].
30 мамыр, Алматы қаласы, «Заң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингтерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3-баптың 3-тармағы) заңсыз болып табылады және ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алу жауапкешілігіне әкеп соғады», — деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі 31 мамырдағы «Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шеруі» қарсаңында[105].
31 мамыр, Шымкент қаласы, 2022 жылғы қаңтардағы Шымкенттегі оқиғалар кезінде қаза тапқандардың туыстары әкімдік алдындағы алаңға жиналып, жақындарын еске алып, оларға Құран бағыштады. Олар өлгендерді «саясаттың құрбандары» деп санайтындықтарын және қайтыс болған қаңтарлықтар үшін ерекше күн белгіленгенге дейін, сол күні оларды еске алуға ниетті екендіктерін мәлімдеді[106].
31 мамыр, Шымкент қаласы, Н. Мұхаммедов, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 5 тәулікке қамауға алынды, сот үкімін орындамағаны үшін ҚР ҚК 405-бабы бойынша, БАҚ пен әлеуметтік желілерге тыйым салынды. 17 мамырда Н.Мұхаммедов бостандыққа шыққан кезінде, тергеу изоляторы маңында өз пікірін білдірді. Белсенділер мұны Facebook парақшасында жариялады, ал полиция оны видеоға түсірді. «Оян, жиналайық, қарсы болайық!» деген сөздеріне байланысты, оған жаңа хаттама толтырылды[107].
31 мамыр, Алматы қаласы, «Комитет 31 мамыр» журналисі және өкілі Аққозы Анарды үйінің жанында полиция ұстады. 31 мамырда «Комитет 31 мамыр» белсенділері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясын жоспарлаған болатын. Журналист полицияға жеткізіліп, бөлімшеге келуді талап ететін шақыру қағазы табысталды. Содан кейін, ол босатылды[108].
31 мамыр, Алматы қаласы, «Алматы қалалық полициясы «31 Мамыр» ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне тосқауыл қоя бастады. Мәлімдейміз: Бұл біздің конституциялық құқықтарымыз бен бостандықтарымызды заңсыз бұзу, тіпті ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қою ниетімізге, жалпыұлттық Үнсіздік сәтін өткізуге кедергі жасау!» — деп мәлімдеді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Н.Әмреқұлов[109].
Алматы қаласы, «31 мамыр» комитетінің өкілі Нұрлан Әмірқұлов, оның қолдаушыларын полицияның ұстауына және бұғаттауына байланысты Азатұту шеруінің тоқтатылғанын хабарлады. «Қарғайлы» алаңында жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Н. Әмірқұлов «31 мамыр» ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі полициямен бұғатталғандықтан, өз үйлерінен шыға алмағанын түсіндірді[110].
31 мамыр, Астана қаласы, «Қазақстандағы саяси қуғын — сүргін құрбандарына жалпы сомасы Т1,3 млрд-тан астам жәрдемақы төленеді», — деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі[111].
31 мамыр, Астана қаласы, «2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 828 азаматқа Т3 692-ден Т30 000-ға дейінгі мөлшерде Т48,6 млн сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын — сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 млрд теңге төленді», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі[112].
31 мамыр, Алматы қаласы, «#Qantar2022-де екі көзінен айырылған Әбдірешов Ермектен қылмыстық қудалау органы кешірім сұрады. Атыс қаруын жеңіліске қолдану азаматтарға қандай қайғы әкелгеніне қарасаң, сол қаңтар күндеріндегі Қазақстан билігінің әрекеттері ессіздіктің алдындағы қандай да бір ессіз қорқыныш сияқты көрінеді… Бейбіт азаматтарды қалай атуға болады?»- деді құқық қорғаушы Б. Төреғожина[113].
31 мамыр, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Қ. Қлышев, ҚР ҚК 405-бабы 1/2-бөлігі, 5 жылға бас бостандығын шектеу, полиция қызметкерлері Қаскелең қаласына «пробациялық бақылау шарттарын бұзғаны» үшін сотқа алып кетті: 2023 жылдың 1 мамырында пробацияға хабарламастан Алматы қаласына шыққаны және әлеуметтік желілердегі жарияланымы үшін. Сот кейінге қалдырылғандықтан, ол кейінірек босатылды[114].
31 мамыр, Астана қаласы, «Біздің елімізде әрбір азамат заңға бағынуға тиіс. Ол заңды бірнеше рет бұзды, соттың үкімін қараңыз, оның не үшін сотталып жатқаны, онда анық жазылған», — деп жауап берді ІІМ Министрінің бірінші орынбасары М. Қожаев, журналистің Д .Мұхаметкәрімді кезекті қамауға алу туралы сұрағына[115].
[1] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3549065088746082/
[2] https://www.youtube.com/watch?v=BkQwE-NHgCQ&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA
[3] https://rus.azattyq.org/a/32386870.html
[4] https://vlast.kz/novosti/54980-v-astane-zaderzali-zurnalista-vlasti.html
[5] https://rus.azattyq.org/a/32386832.html
[6] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3547066792279245/
[7] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3547094372276487/
[8] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3546879698964621/
[9] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3546988268953764/
[10] https://rus.azattyq.org/a/32389208.html
[11] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3546912938961297/
[12] https://rus.azattyq.org/a/32386832.html
[13] https://rus.azattyq.org/a/32386934.html
[14] https://www.instagram.com/p/CrvNZHxsjVE/
[15] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-interview-after-arrest-journalist-lukpan-akhmedyarov/32386846.html
[16] https://rus.azattyq.org/a/32389617.html
[17] https://kaztag.kz/ru/news/rabochaya-gruppa-oon-po-proizvolnym-zaderzhaniyam-opublikovala-otchet-po-delu-zhanbolata-mamaya
[18] https://orda.kz/v-taraze-podozrevaemyj-v-prichastnosti-k-yanvarskim-sobytiyam-hotel-pokonchit-s-soboj/
[19] https://rus.azattyq.org/a/32391196.html
[20] https://www.youtube.com/watch?v=BC_3hhnVqUw&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA
[21] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstan-okazalsya-na-134-meste-v-reytinge-svobody-pressy-1
[22] https://kaztag.kz/ru/news/mazhilismen-obvinil-blogerov-v-ugroze-bezopasnosti-kazakhstana
[23] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3548296048822986/
[24] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstan-okazalsya-na-134-meste-v-reytinge-svobody-pressy-1
[25] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstan-okazalsya-na-134-meste-v-reytinge-svobody-pressy-1
[26] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-27-aprelya-po-4-maya-2023-god.html
[27] https://rus.azattyq.org/a/32397119.html
[28] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-cat-review-qantar-torture-investigations/32396476.html
[29] https://rus.azattyq.org/a/32399793.html
[30] https://bureau.kz/goryachee/neispravimym-verit/
[31] https://rus.azattyq.org/a/32405109.html
[32] https://rus.azattyq.org/a/32405009.html
[33] https://rus.azattyq.org/a/32404823.html
[34] https://rus.azattyq.org/a/32404912.html
[35] https://rus.azattyq.org/a/32404817.html
[36] https://bureau.kz/novosti/sorokadnevnyj-post/
[37] https://adilsoz.kz/news/v-atyrau-sozhgli-mashinu-zhurnalista-dmitriya-sutyagina-.html
[38] https://mediazona.ca/news/2023/05/11/vlada-2
[39] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-4-po-11-maya-2023-goda.html
[40] https://kaztag.kz/ru/news/knb-rk-poluchil-pravo-ustanavlivat-razmer-voznagrazhdeniya-za-informatsiyu-o-terroristakh
[41] https://rus.azattyq.org/a/32408270.html
[42] https://rus.azattyq.org/a/32408270.html
[43] https://rus.azattyq.org/a/32408270.html
[44] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3554826268169964/
[45] https://rus.azattyq.org/a/32410175.html
[46] https://rus.azattyq.org/a/32410953.html
[47]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0kyeFrvqPCgP2Eja3R4RyWyhRGF4d2qWXTfNeyfZwXD9Pk5fFPrznGyaR7N1hSJL4l
[48] https://kaztag.kz/ru/news/politseyskie-zaderzhali-podozrevaemogo-v-podzhoge-avtomobilya-zhurnalista-viktora-sutyagina
[49]https://www.facebook.com/madina.koketai/posts/pfbid02kBSumgbrb9kNvKCjJd3umaLQjsZH9E8i1fmh3FNwTmGFK6K4ojQtAQQXurUHz4MHl
[50] https://www.facebook.com/madina.koketai/posts/pfbid02kBSumgbrb9kNvKCjJd3umaLQjsZH9E8i1fmh3FNwTmGFK6K4ojQtAQQXurUHz4MHl
[51] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-doklade-po-svobode-veroispovedaniya-2022-gosdepartamenta/32414283.html
[52] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-bloody-january-nazir-izmakhamedov/32406264.html
[53] https://rus.azattyq.org/a/32412782.html
[54] https://rus.azattyq.org/a/32413457.html
[55] https://rus.azattyq.org/a/32409449.html
[56] https://rus.azattyq.org/a/32409449.html
[57] https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0Ru8RtuhTzpRXXxn5Pn3zBud24iLrRm2JF4uV8Raf8AaDah2AUum3D68qZ3ijHnZEl
[58] https://rus.azattyq.org/a/32417165.html
[59] https://rus.azattyq.org/a/32417165.html
[60] https://rus.azattyq.org/a/32415265.html
[61] https://rus.azattyq.org/a/32417250.html
[62] https://rus.azattyq.org/a/32417381.html
[63] https://rus.azattyq.org/a/32417381.html
[64] https://rus.azattyq.org/a/32416979.html
[65] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-11-po-18-maya-2023-g-.html
[66]https://respublika.kz.media/archives/88347?fbclid=IwAR3rwfLOVjUNmrAr1kIAk_k6HlJoMlPuQ7sIgtiw0DVo1W7sL76b7rF0HMM
[67]https://web.facebook.com/KulteginAspanuly/posts/pfbid02ozq6e1vFG7LRwQB4EVRxrEoLoQsnebHoKKx8oYXMfCAeME5xtAwLpa156pGHnUS9l
[68] https://rus.azattyq.org/a/32427053.html
[69] https://mediazona.ca/news/2023/05/19/qantar
[70]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid06J9w8khk67ULeogHyMcuFABLytM28uF7fiSNjCG8bNDFaawTZ5Fjbm8rCh29zs6Fl&id=100026635200339
[71]https://www.facebook.com/inga.imanbay/posts/pfbid02qiyYfs1aaEhZhubNuBD1SWcyCxctES5r1CewZLSxPWb5aDEV6dMQ5TFYWgEKjcyul
[72] https://rus.azattyq.org/a/32422126.html
[73] https://rus.azattyq.org/a/32420978.html
[74] https://rus.azattyq.org/a/32421976.html
[75] https://respublika.kz.media/archives/88382
[76] https://ulysmedia.kz/news/16339-sobytiia-v-karakalpakstane-kazakhstanskomu-pravozashchitniku-zapretili-vezd-uzbekistan/
[77] https://www.youtube.com/watch?v=2ROr8KZJUwQ&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA
[78] https://rus.azattyq.org/a/32425950.html
[79] https://rus.azattyq.org/a/32423714.html
[80] https://rus.azattyq.org/a/32423896.html
[81] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3563989500586974/
[82] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3563989500586974/
[83] https://rus.azattyq.org/a/32426313.html
[84]https://www.facebook.com/dinara.yegeubayeva/posts/pfbid022pKpyXuA5Z8hLuvcnfX9Yf87ev5nC3JcFVFaeYM751h6HACumhPCGjF9me2asEEPl
[85] https://rus.azattyq.org/a/32425141.html?fbclid=IwAR0jXdRmZsrZP43BJf6j9C4mtib0Sfhg1PO32I1-V3XJz91co5427VgtoEc
[86] https://rus.azattyq.org/a/32425141.html?fbclid=IwAR0jXdRmZsrZP43BJf6j9C4mtib0Sfhg1PO32I1-V3XJz91co5427VgtoEc
[87] https://rus.azattyq.org/a/32427942.html
[88] https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-opposition-activist-marat-zhylanbayev/32427878.html
[89] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-18-po-25-maya-2023-g.html
[90] https://rus.azattyq.org/a/32428806.html
[91] https://rus.azattyq.org/a/32429653.html
[92] https://rus.azattyq.org/a/32429558.html
[93] https://rus.azattyq.org/a/32429355.html
[94]https://www.facebook.com/inga.imanbay/posts/pfbid02bkrJg7zPXxwimcJ94eUFSRA8eYNi5NgykLQsgNYWXhV24sFGtdw4N2whWyHtEXfjl
[95]https://www.facebook.com/inga.imanbay/posts/pfbid02bkrJg7zPXxwimcJ94eUFSRA8eYNi5NgykLQsgNYWXhV24sFGtdw4N2whWyHtEXfjl
[96] https://ulysmedia.kz/news/16527-obiavit-31-maia-ne-tolko-dnem-pamiati-zhertv-politicheskikh-repressii-no-i-asharshylyk-i-provesti-marsh-skorbi-predlagaiut-v-kazakhstane/
[97] https://rus.azattyq.org/a/32431394.html
[98] https://rus.azattyq.org/a/32432786.html
[99] https://kaztag.kz/ru/news/aygerim-tleuzhanovoy-izmenili-meru-presecheniya-po-delu-o-zakhvate-aeroporta-almaty
[100] https://vlast.kz/novosti/55273-za-rasprostranenie-loznoj-informacii-v-internete-vvedut-administrativnuu-otvetstvennost-asylov.html
[101] https://rus.azattyq.org/a/32432627.html
[102] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3566965010289423/
[103] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3566965010289423/
[104] https://masa.media/ru/site/marsh-pamyati-i-skorbi-po-zhertvam-politrepressiy-planiruyut-provesti-31-maya-v-almaty
[105] https://kaztag.kz/ru/news/zhiteley-almaty-predupredili-ob-otvetstvennosti-za-uchastie-v-mitinge-31-maya
[106] https://rus.azattyq.org/a/32437109.html
[107] https://rus.azattyq.org/a/32437124.html
[108] https://rus.azattyq.org/a/32436742.html
[109] https://www.facebook.com/groups/defenderskz/posts/6488722971172721/
[110] https://rus.azattyq.org/a/32436742.html
[111] https://kaztag.kz/ru/news/zhertvam-politrepressiy-v-kazakhstane-vyplatyat-posobiya-na-obshchuyu-summu-bolee-t1-3-mlrd
[112] https://kaztag.kz/ru/news/zhertvam-politrepressiy-v-kazakhstane-vyplatyat-posobiya-na-obshchuyu-summu-bolee-t1-3-mlrd
[113]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid021ddpfwHirHi726VPFv6cVsVA2spD9ufgf2M9p87nB7jyyHAFbxVD8gn7zmdpS4Nml
[114] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3568358230150101/
[115] https://ulysmedia.kz/news/16676-kazhdyi-dolzhen-podchiniatsia-zakonu-kozhaev-o-neskonchaemykh-arestakh-dumana-mukhametkarima/
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.