Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУДАЛАУ БОЙЫНША 2023 жылғы маусым айы аралығындағы АХУАЛДЫҢ МОНИТОРИНГІ

1 маусым, Алматы қаласы, Алматы гарнизонының әскери соты, сот процесін жариялап отырған журналистердің құқықтарын бұзу оқиғасы орын алды. Жәбірленушінің өкілі А.Жұманов журналистің қолынан ұялы телефонын жұлып алып, бейнекамераны еденге лақтырып жіберді. Кейінірек, сот дәлізінде ол журналистен түсірілімді тоқтатуды агрессиямен талап етті. А. Жұманов екінші журналистің саусағын жарақаттап, құрал-жабдықтарын сындырып тастады[1].

1маусым, Алматы қаласы, қала прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде жараланған, азапталып, көзі көрмей қалған 37 жастағы Әбдірешов Ермектің негізсіз қылмыстық қудалануына қатысты кешірім сұрады [2].

1 маусым, Қарағанды қаласы, Зверева Сәнияны Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға алып  кетті, содан кейін оған сотқа  апаратыны туралы айтылды [3].

1 маусым, Ақтөбе қаласы, прокуратура және полиция органдары бір жарым жылдан кейін қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Р.Жұбаназаровтың ата-анасын жәбірленуші деп таныды [4].

1 маусым, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылдың 25 мамырдан 01 маусым аралығындағы жағдайына шолу [5].

2 маусым, Семей қаласы, Қ.Сұлтанбеков, ҚР ҚК 272 бабының 2 бөлігі, сот #Qantar2022 қатысқаны үшін 3 жыл 2 ай 20 тәулікке бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Тергеу изоляторында, үйқамақта болған уақыты және ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемесі ескеріліп, сотталушының тағайындалған мерзімі өтелген болып танылды [6].

2 маусым, Тараз қаласы, Н.Қанатов,  белсенді Қазақстан президенті Қ.Тоқаевқа хат жолдады. Ол өз хатында құқық қорғау органдарының өзіне қарсы әділетсіздік пен арандатушылық әрекеттерін атап көрсетті [7].

 2 маусым, Алматы облысы, Заречный кенті, Е.Нарымбаев, ҚР ҚК-нің 174-бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазақстанның Бас Прокурорына  өтінішпен жүгінді:  «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабына сәйкес сотта шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу шешімін беру мүмкіндігіне байланысты, мен экстремистер мен террористерді әшкерелеуге белсене қатысамын, оны қазір осымен қуана айналысудамын». Сондай-ақ ол жоғары басшылық тарапынан жасалған қиянат пен қуғын-сүргін туралы мәлімдеді [8].

2 маусым, Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, Мұхаметкәрім Думан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 25 тәулікке қамауға алынған, аштық жариялады, оның серіктестері хабарлады. Олар ертең оның әкесі де солай жасайтынын айтты [9].

3 маусым, Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, журналистің әкесі Тілепов Алмаз аштық жариялап бастағанын хабарлады. Ол ұлын себепсіз 25 тәулікке қамауға алды деп есептейді, Д. Мұхаметкәрімнің митингке ешкімді шақырмағанын қоса айтады [10].

3 маусым, Қарағанды қаласы, С. Зверева, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы, облыстық сот ғимаратының жанында пикетке шыққаны үшін, 5 тәулікке қамауға алуға сот қаулы шығарды. Ол 1 және 2 маусымда сот ғимаратына пикетке шықты. Әйел «мезгілінен бұрын орындалған сот шешіміне» қатысты «сот билігінің әрекетсіздігіне» наразылық білдірді [11].

​​​

5 маусым Қазақстанда азаматтық белсенділерді тұтқындау жиілеп кетті. Оларды бірнеше ай бұрын жасаған, әрекеттері үшін, тіпті билікке жария сынау ниеттері үшін де ұстап жатыр. Құқық қорғаушылар мен саясаттанушылар мұны келесі «бұранданы қатайту» кезеңімен байланыстырады, Ақорданың репрессиялық әрекеттерінен «Кремльдің ізін» бағамдайды және «баяу қуғын-сүргін» кезеңіне Қазақстанның өтуін болжайды [12].

5 маусым, Орал қаласы, Л. Ахмедьяров Қазақстанның белсенді азаматтық қоғамына қысымды күшейтуді жиілетуден биліктің наразылық көңіл-күйді өшіруді және қоғамдық пікір көшбасшыларымен күресу әрекетін көреді. «Таяу болашақта репрессиялық шаралар ең алдымен үш бағытта жүргізіледі: сөз бостандығы, адам құқығы және сайлау» [13].

5 маусым, Алматы қаласы, «Қазақстан билігінің әрекеті азаматтық белсенділік алаңында пайда болған жаңа тұлғалардың жолын кесуге және елдегі осы наразылық алаңын түбегейлі тазартуға тырысатын сияқты», — дейді Қазақстандық адам құқықтары бюросының қызметкері А.Гришин [14].

5 маусым, Алматы қаласы, құқық қорғаушылар Б. Төреғожина мен Е. Жовтис Қаңтар кезіндегі адам құқықтарының бұзылуын құжаттап сипаттайтын «Өлтіру үшін ату…» кітабының тұсаукесерін өткізді. Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында баяндаманың мақсаттары мен оның құрылу тарихы талқыланды. Құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасы бойынша гибридті халықаралық тергеу жүргізу қажеттігін айтып өтті [15].

5 маусым, Алматы қаласы, 67 беттен тұратын «Өлтіру үшін ату…» баяндамаға сәйкес, Қаңтарға қатысты барлығы 600 іс құжатталған, оның 579-ы азаматтардың айғақтары, тоғыз іс  мемлекеттік органдармен хат алмасу қорытындысы және 12 іс нақты оқиғалар бойынша. Қайтыс болған 217 адамның жеке басы анықталды, оның ішінде Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Өскемен және Атырау сияқты тоғыз қаладан 174 адамға (мәйітхананың анықтамасы бойынша 95 пайызында оқ жарақаты бар) құжаттама толтырылды [16].

6 маусым, Астана қаласы, Қазақстанның Бас прокуратурасы қазір құқық қорғау органдарының 39 қызметкері «тергеудің заңсыз әдістерін қолданғаны» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 88 қазақстандық зардап шеккенін мәлімдеді. Қылмы стық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) полиция ғимараттары мен мекемелерінде жұмыс істемейтін 900 бейнекамера анықталды. 5812 учаскелер мен үй-жайлар бейнебақылаумен мүлдем қамтылмаған [17].

6 маусым, Петропавл қаласы, қала әкімдігі О.Широбоковаға 2023 жылғы 8 және 9 маусымда бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Саяси тұтқындарға, оның ішінде М.Жыланбаевқа бостандық, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу. Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [18].

6 маусым, Алматы қаласы, әкімдік Б.Иманғалиеваға 2023 жылғы 8 және 9 маусымда бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты. Тақырыбы: Саяси тұтқындарға, оның ішінде М.Жыланбаевқа бостандық, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу. Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [19].

6 маусым, Астана әкімдігі М. Нұғмановқа 2023 жылғы 8 және 9 маусымда бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты. Тақырып: Саяси тұтқындарға, оның ішінде М.Жыланбаевқа бостандық, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу. Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [20].

7 маусым, Астана қаласы,  Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Д.Бақытов адвокат Д.Жұбатованың үстінен шағым түсіріп, «Антикор» адвокатты лицензиясынан айыруды талап етті. Д. Бақытов өз шағымында «менің митингідегі мақсатым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметіне нұқсан келтіру және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру болды» деп көрсетеді. Рұқсат етілген митинг 12 мамырда Астанада өтті. Оны  ұйымдастырушылар болып адвокат пен туыстары табылды [21].

7 маусым, Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотының үкімімен Ж.Анафияевтың өлімі факты бойынша, ҚР ҚК 146 бабының 3/4 бөлігімен  екі адам — А. Елубеков пен М.Шынжырбаев  10 жылға бас бостандығынан айырылды, З.Ибрагимов — 9 жылға, Н.Торыбаев, А. Әзімбеков және Б.Жақыпбаев — 8 жылға, А.Мірәділов — 5 жылға (ол тек «кезекшіліктегі әрекетсіздікке» кінәлі деп танылды) сотталды. Барлығына үш жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады. Сондай-ақ сотталғандар Ж. Анафияевтың әпкесі мен әйеліне 20 миллион теңге моральдық шығынды бірлесіп төлеуге тиіс[22].

7 маусым, Атырау қаласы, Вертинская Олеся Атыраудағы сотқа пикетке шықты. О. Вертинская заңдар мен оның құқықтарын бұзатын, азаптаудың, шабуылдың құрбанына қысым көрсетуге қатысатын судьяларға, соттарға қарсы [23].

8 маусым, Астана қаласы, «Барлық саяси тұтқындар мен М. Жыланбаев босатылсын, «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясы тіркелсін» тақырыбындағы бейбіт наразылық акциясы жарияланған күні, «Алға, Қазақстан!» бастамашыл тобының мүшелері М.Нұғманов пен Э.Бекзадинаны полиция қызметкерлері заңсыз ұстады [24].

8 маусым, Өскемен қаласы, «ақшаны ысырап ету» ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқан, «Бипек-Авто – Азия-Авто» компаниялар тобының топ-менеджерлерінің туыстары, қамауда олардың жақындарының азапталғанын митингте айтты [25].

8 маусым, Қостанай қаласы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды бұзып, «Әділ сөз» заңгерлік сараптамасының «кейіпкері» атанған судья Б.Қанқұловаға «ТоболИнфо» операторын залдан шығарғаны үшін көпшілік алдында сөгіс жарияланды. Ол «журналистердің сотқа тыңдаушы ретінде қатыса алатынын, бірақ олардың сот процесі туралы ешнәрсе жариялауға құқығы жоқ» екенін айтқан [26].

8 маусым, Алматы облысы, Қаскелең қ., Қ.Қлышев, ҚР ҚК-нің 405-бабының 1/2 бөлігімен шартты түрде 5 жылға колонияға сотталған, бұрын шыққан ол қайтадан колонияға қайтарылды. Сот пробация режимін бұзғаны үшін үкім шығарды, заң бұзушылықты 1 мамырда Алматыға хабарламасыз кеткенінен және әлеуметтік желіде жариялағанынан тапты. Қ. Қлышев қалған мерзімін –1,5 жылын түрмеде өтейтіні хабарланды[27].

8 маусым, Астана қаласы, бейбіт митингі жарияланған күні азаматтық киім киген белгісіз адамдар құжаттарын көрсетпестен және  өздерін таныстырмастан А.Сыздықовты заңсыз ұстауға әрекеттенді. Олар ешқандай түсініктеме бермеді. Сондай-ақ олар А.Сыздықовтың жүкті әйелінің телефонын тартып алмақ болды [28]

8 маусым, Астана қаласы, Г.Тамабаева, бейбіт митинг жарияланған күні ұсталды, оны 7 сағаттан астам ұстады. Денсаулығының күрт нашарлауына байланысты оған бірнеше рет талап қойғаннан кейін ғана жедел жәрдем шақырылған [29].

8 маусым, Астана қаласы,  полиция қызметкерлері бейбіт митинг жарияланған күні В.Жанбаеваны жұмыс орнында ұсталды. Оны полиция бөлімінде 13 сағаттан астам ұстады. Ұсталған кезде оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-бөлігі («экстремистік ұйымға қатысу») бойынша қылмыстық іс бойынша сотқа шақыру қағазын табыстады [30].

8 маусым, Астана қаласы, А.Джахин, полиция қызметкерлері бейбіт митинг жарияланған күні белсендінің көлігін заңсыз тоқтатып, олармен бірге жүруді талап етті. А.Джахинның ештеңе бұзбағаны туралы мәлімдемесіне полиция жауап бермеді. Полицейлер оны ұстап алуға эвакуатор шақыртып, көлікпен бірге полицияға әкетеміз деп қорқытты [31].

8 маусым, Астана  қаласы, полиция қызметкерлері бейбіт митинг өткен күні белсенді Әлішер Абдурахмоновты заңсыз ұстады [32].

8 маусым, Астана қаласы,полиция жарияланған бейбіт митингі өткен күні С.Түсбеков пен Б.Тұрсыновты заңсыз ұстады. Олар полиция бөлімінде 6 сағаттан астам ұсталды. Полиция қызметкері Б.Тұрсыновтың телефонын жұлып алып, телефонының камерасын сындырды [33].

8 маусым, Алматы полициясы жарияланған бейбіт митинг күні К. Құлманованы,  Б. Ахмедовты, Б. Иманғалиеваны заңсыз ұстады. Иманғалиева Б. тікелей эфир жүргізіп тұрған болатын, полицейлер оның  телефонын тартып алуына байланысты эфир үзіліп кетті [34].

8 маусым, Алматы қаласы, жарияланған бейбіт митинг күні, үйден шыға берісте А. Әбішевты полиция қызметкерлері заңсыз ұстады. А.Әбішев тікелей эфирді жүргізіп тұрған, ол ұсталғаннан кейін полицейлердің оның телефонын тартып алуына байланысты эфирі үзіліп қалды [35].

8 маусым, Алматы қаласы, 2023 жылғы 8 маусымда Қазақстанда ұсталған «Алға, Қазақстан!» белсенділерінің тізімі. Бұл күні «Саяси тұтқындарға бостандық, оның ішінде М.Жыланбаеваға бостандық және «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу» тақырыбындағы митингілер жарияланды [36].

8 маусым, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 01-08 маусым аралығындағы жағдайына шолу [37].

8 маусым, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» мекемесінде екі айға созылған наразылықтарын жалғастырып жатқан «БерАли Маңғыстау компаниясы» мұнай-сервистік компаниясының бұрынғы қызметкерлері үкімет және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің тиімсіздігін жариялады [38].

8 маусым, Астана қаласы, А.Сыздықов  «Мен, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1 «Мүлікке зиян келтіру» бабы бойынша, маған қатысты әкімшілік іс қозғалғанын учаскелік полиция қызметкері –  Адан Әмірбековтен білдім. Мен мұны, менің адам құқықтары жөніндегі қызметіме байланысты саяси қудалау деп санаймын [39].

9 маусым, Алматы қаласы, журналист Д. Мұхамедкәрім , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабының 1-бөлігі «Экстремизмді қаржыландыру» қылмыстық іс бойынша қорғау құқығы бар куәгерге айналды. Бұрын ҚР ҚК-нің 405-бабы бойынша қозғалған іспен осы іс біріктірілді, негізгі тергеу ҚР ҚК-нің 258-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізілетін болды [40].

9 маусым, Ақмола облысы, Бестөбе елді мекенінде «Алтыналмас» алтын өндіру кәсіпорнының ондаған жұмысшысы үшінші күн қатарынан наразылық акциясына шығуда. Наразылық білдірушілердің бір бөлігі жергілікті мәдениет үйі ғимаратының алдында көшеде түнеп шықты. Билік, бұған дейін өз талаптарының шешілуін күтіп жүргендерден,  Мәдениет үйінің ғимаратын босатуды сұрады [41].

9 маусым, Астана қаласы, «Барлығы мұның саяси тапсырыс екеніне сенімді. Бүгін сағат 15:00-де баспасөз мәслихатына дайындалдық, мекенжайды айтпадық, тек сағат 12:00-де хабарландыру жібердік. Баспасөз мәслихатында Н.Алтаеваның адвокаты–  Г.Дүйсенова сөз сөйлеп, мұның барлығының неліктен орын алғанын, Н.Алтаевтың сөзімен айтуы керек болатын. Соңғы сәтте оны «коррупцияға қарсы» бөлімшеге шақыртты. Олар сағат 14:30-да келуді айтты. Мұның бәрі әдейі жасалды деп ойлаймыз, бірақ растай алмаймыз», — дейді заңгер Н.Ермаханов [42].

9 маусым, Астана қаласы, тіркелмеген «Ел Тірегі» партиясының мүшесі, қамауға алынған саясаткердің жақтастары Н.Әлтаевты қолдап, сөз сөйледі, олардың пікірінше, ол билікпен келіспеушілігі  және президенттік амбициясы үшін зардап шекті [43].

9 маусым,  Ақтөбе қаласы, облыстың әкімшілік соты, құқық қорғаушы Дауылов Мұсағалидың МК «Ақтөбе қаласы әкімі аппараты»  жалғыз пикет өткізуден бас тарту туралы қаулысын заңсыз деп тану туралы талапарызы бойынша шешім шығарды, сот бас тартты [44].

10 маусым, Алматы қаласы,  «Халық парламентінің» отырысында шетелге заңсыз кеткен активтерді қайтару туралы заң жобасы талқыланды [45].

10 маусым, Алматы қаласы «Халық парламентінің» отырысына қатысушылар құжат қазіргі редакция түрінде қабылданса, активтерді қайтару капиталға рақымшылық жасау науқанына ұқсайтынын мәлімдеді [46].

12 маусым, Астана қаласы, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қызметінен босатылды. Оның көмекшісінің атуынша, ол тым көп шенділерге – біліксіз, жалқау, жымысқыларға бөгет болған [47].

12 маусым, Астана қаласы, айыптау Қылмыстық кодекстің 258-бабының 1-бөлігі бойынша, М.Әблязов пен З.Тлеулиевтің нұсқауы бойынша ҚДТ мүддесі  және экстремистік мақсаттарға қол жеткізу үшін М.Жыланбаев ақша жинауға кіріскен іспетті болып құрылған [48].  

12 маусым, Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, Д.Мұхаметкәрім, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабымен 25 тәулікке қамауға алынған, аштықты тоқтатты. Адвокат Ғ. Нұрпейісов Д.Мұхаметкәрімнің денсаулығының нашарлағанын, демалыс күндері екі рет жедел жәрдем келгенін хабарлады[49].

12 маусым, Алматы қаласы, белгілі заңгерлер М. Адам, А.Омарова, Р. Керімова және Е. Жигалёнок митинг өткізуден бас тартқаны үшін Алматы қаласының әкімдігін сотқа берді. Сондай-ақ әкімге, Алматы қаласының әкімдігіне және ҚМУ «Әлеуметтік даму басқармасына» митинг түрінде бейбіт жиын өткізуге орын беруді міндеттеуді адвокаттар соттан сұрайды [50].

13 маусым, Шымкент қаласы, қылмыстық істер жөніндегі сот 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан Жарқынбек Сейтінбектің шағымын қарап, қанағаттандырудан бас тартты. Ол, №227 сайлау учаскесінің төрағасы Г. Құрманбекованы, «бақылаушының жұмысына кедергі келтірді» деп мәлімдеумен, сотқа берді. Сот Г.Құрманбекованың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келді [51].

13 маусым, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, табиғат қорғаушы белсенді Н.Катчиевты билік заңсыз ұстады. Жақын маңында  «ТКМК Қазақалтын» алтын өндіру кәсіпорны жұмыс істейтін ауылдың экологиясы үшін күресіп жүрген Н. Катчиевті билік қудалауда [52].

13 маусым, Қостанай қаласы, Әлиғазина Әнел, орталық саябақта пикетке шығу туралы хабарлама берді. Пикет тақырыбы: Ресей президенті В.Путиннің Қостанайға келуіне қарсы. Ә.Әлиғазина белсенділерді қолдау мақсатында екі рет әкімдікке жеке пикет өткізу туралы хабарлама жіберген. Екі жолы да әкімдіктен бас тарту алды. Енді белсенді сотқа жүгінбекші [53].

14 маусым, Астана қаласы, #Qantar2022 туыстарын жоғалтқандар Қазақстанның Бас прокурорының қабылдауына келді. Б.Асыловтың қабылдауына кіре алмады. Балаларын жерлеген ата-аналар, бұл іс бойынша тиісті және объективті тергеу жүргізілмеген деп санайды [54].

14 маусым, Астана қаласы, Бас прокурордың орынбасары Ж.Өміралиев #Qantar2022 кезіндегі 4 жасар Мелдехан Айкөркемнің өліміне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілетінін мәлімдеді [55]

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе ауылының тұрғындарын жиналысқа шақырғаны және бұл туралы әкімдікке хабарламағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша  Қ.Байсов пен Қ.Есмағанбетовты 10 тәулікке қамауға алу туралы сот үкім шығарды. Қ.Байсов ағымдағы жылдың наурыз айында Степногорск қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған болатын [56].

14 маусым, Ақмола облысы, Бестөбе ауылы, қоғам өкілдері мен жергілікті тұрғындар қалалық соттың Қ.Байсов пен Қ.Есмағанбетовке қатысты 15 тәулікке қамауға алу туралы шешімінің күшін жоюды талап етті және келіспейтіндіктерін білдірді [57].

14 маусым, Алматы қаласы, А. Іліпбаев, ҚР ҚК-нің 272-бабының 1-бөлігімен «мемлекеттік төңкеріс жасады» деген күдікпен қамауға алынған 7 күдіктінің бірі, тергеу мерзіміне үйқамаққа ауыстырылды[58].

15 маусым, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 08-15 маусым аралығындағы жағдайына шолу [59].

15 маусым, Шымкент қаласы, #Qantar2022 оқиғасында қаза тапқандардың туыстары прокуратураға 5 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек сұрап арызданды. Жиналғандарды қала прокуроры қабылдады, жауап беру үшін екі апта уақыт сұрады [60].

15 маусым, Семей қаласы, қалалық №2 сот # Qantar2022 кезінде қамауға алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторында қайтыс болған, Е.Қалиевтің өліміне қатысты, 2 полиция қызметкері — А.Ақылбекова мен Қ.Әнуарбековқа қатысты үкім шығарды. Қантар 2022. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы «салақтық» бойынша айыпталып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді [61].

16 маусым, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, М.Әбжан, ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі, 274-бабының 2-бөлігімен, 3.02.2023  жылғы үкіммен 9 жылға, жазаны төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуге сотталған. Жаңа заңға сәйкес мекеменің сипаты қауіпсіздік деңгейі жоғары мекемеге өзгертілді» [62].

16 маусым, Өскемен қаласы, облыстың жаңа әкіміне дауыс беру өткен университет ғимаратының жанында екі зейнеткер Тарасов Владимир мен Валентинаны қатаң түрде қамауға алды. Оларда «Біздің ұлымыз Григорийді өлтірді» және «Ұлымыздың бүйрегін кім кесіп алды» деген екі плакат болды. Екеуі де ішкі істер бөліміне жеткізіліп, үш сағат ұстаған соң хаттамасыз босатылды [63].

17 маусым, Грузия, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Д.Смаилова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі, 145-бабының 5-бөлігі бойынша бірнеше жыл бойы заңсыз қудалауға ұшырағаны туралы хабарлады. Ол қылмыстық істерді заңсыз қозғау фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетіне жүгінуге дайын екенін атап өтті. Смаилова Д. өзін қазір Грузияда тұрады және ол жақтан зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу үшін жұмыс жүргізеді деп айыптап отыр деп болжайды [64].

19 маусым, Алматы қаласы, Есенғазы Қуандық, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, 2023 жылғы депутаттар сайлауының қорытындысына наразылық ретінде құрылған, тіркелмеген «Халық парламенті» ұйымының жиналысына қатысқаны үшін 172 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды [65].

19 маусым, Алматы қаласы, «Qazaq Koktemi» наразылық арт-қозғалысының белсенділері Алматының орталығында «Шындық» мемориалын орнатты. Ескерткіште Қ.Тоқаев пен Н.Назарбаевтың бет-бейнесі бейнеленген, олардың арасында қаза тапқан оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің есімдері жазылған, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық, қуғын-сүргін және ел үшін басқа да қайғылы оқиғаларды атап кеткен [66].

19 маусым, Алматы қаласы, «Жаңа Қазақстанда ескі әдеттерге орын жоқ, сөз бостандығын шектейтін нормалар «БАҚ туралы» заң жобасында болмауы керек. Депутаттар БАҚ пен құқық қорғау қоғамдастығының қолдауымен заңның жобасына, оны  шын мәнінде тиімді, демократиялық және қоғам игілігі үшін жұмыс жасайтындай өзгертулер енгізуге әбден қабілетті», — деді депутаттарға  «Әділ сөз» қорының президенті Қ.Жаманқұлова [67].

19 маусым, Алматы қаласы , «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – баспасөз картасын енгізу журналистерді кемсітуге әкеп соғуы мүмкін, дейді «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары Д.Смақов [68].

20 маусым, Алматы қаласы, «Жалпы, куәгерлердің сөзінен басқа айғақ жоқ. Мен бұл істі саяси қуғын-сүргін және саяси тапсырыс деп есептеймін», – деді белсенді А.Тлеужанова, әуежайды басып алу ісі бойынша сотта жауап алу кезінде[69].

20 маусым, Астана қаласы, Д.Макин, ҚР ҚК-нің 256-бабы, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, қалалық сот суретшіге қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.  Д.Макинның апелляциялық шағымын сот қанағаттандырусыз қалдырды [70].

20 маусым, Алматы қаласы, Алатау аудандық полициясы тіркелмеген «Атажұрт» ұйымының басшысы Бекзат Мақсұтханға, тіркелмеген қоғамдық ұйымның, діни бірлестіктердің қызметіне қатысқаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы бойынша 172 500 теңге көлемінде айыппұл салды [71].

20 маусым, Астана қаласы, Мәжіліс блогосфераны реттейтін заң жобасын мақұлдады. Сенат мақұлдап, Президент қол қойған жағдайда танымал әлеуметтік желілерді пайдаланушылар өз ресурстарындағы, блогтарындағы және әлеуметтік желілеріндегі жарнамадан түскен табысқа салық төлеуге міндеттеледі, олар мұндай жарнамаға белгі қоюға және жарияланған мазмұнға жауапты болуға және ресми есеп жүргізуге міндетті болады [72].

20 маусым, Астана қаласы, Қазақстандық құқық қорғаушылар онлайн платформалар туралы заң жобасының асығыс қабылданып жатқанын ерекше атап өтті. Шын мәнінде, біз ресейлік үлгідегі «жалған туралы заң» туралы айтып отырмыз: оның қабылдануымен әрбір блогер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін [73].

20 маусым, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, белсенді Ақылбай Бақытхан, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 6-бөлігі, 72 450 теңге айыппұл — 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін [74].

21 маусым, Семей қаласы,  №2 сотында Ж.Жотабаеваға (өлгеннен кейін, азаптау), сотталушы фельдшер Г.Төлеубекова  ҚР ҚК 317 бабы  (медициналық қызметкердің кәсіби міндетін тиісінше орындамау). Сот оны кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабын қолданып, жаза шартты деп танылды. Жәбірленушінің талап арызы бойынша моральдық шығын үшін 500 мың теңге өндірілді [75].

21 маусым, Алматы қаласы, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы бойынша, тіркелмеген «Халық парламентінің» отырысына қатысқаны үшін айыппұл салынғандардың тізімі [76].

22 маусым, Алматы қаласы, Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының 2023 жылғы 15-22 маусым аралығындағы жағдайына шолу [77].

22 маусым, Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, Д. Мұхамедкәрім, 25 күнге қамауға алынғаннан кейін, жоспарлы босатылатын күні, оның жақтастары полиция ғимаратының алдына жиналды. Белгіленген босатылу уақыты өткеннен кейін, сағат 11:30-да журналист босатылған жоқ [78].

22 маусым, Алматы қаласы, Д. Мұхаметкәрім, ҚР ҚК-нің 258, 405 баптары бойынша екі айға қамауға алынды. 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін, ол бірден 22 маусымда ұсталды. Ол «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйымға қатысу» баптары бойынша күдікті деп танылды. Сағат 23:00-де Д. Мұхаметкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторына жеткізілді [79].

22 маусым, Алматы қаласы, полиция «Оян Қазақстан!» қозғалысының белсендісі А. Темірғалиевті ұстады. Белсендіні Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізді. 4 сағаттан кейін полицейлер оны босатып, әкімшілік іс қозғау мүмкіндігі туралы ескертті [80].

23 маусым, Астана қаласы, Бас прокуратура соңғы жарты жылда азаптау фактілері бойынша құқық қорғау органдарының 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберілгенін хабарлады. 17 қауіпсіздік қызметкері сотталды. Стамбул хаттамасының стандарттарына сәйкес азаптау істерін тергеу әдістемесі әзірленгенін прокуратура атап өтті [81].

23 маусым, Көкшетау қаласы, аймақтың өткір мәселелерін көтеріп, жергілікті билікті сынайтын белсенді ұсталды. Полицейлер 40 жастағы М. Ахметқалиевті ҚР ҚК  296 -бабының 4-бөлігі бойынша «заңсыз есірткілер сақтауға» күдікті санайды. Көкшетаулықтар белсендінің ұсталуынан саяси астар көреді [82].

25 маусым, Алматы қаласы, А. Берсалимов және Д. Макешов, ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. Шетелдік нөмірлі жеке көліктерді заңдастыру үшін митинг өткізбекші, бірақ акциясын кейінге қалдырған бастамашыл топ белсенділерін полиция ұстап, Ресейдегі пригожиндік көтеріліске байланысты Қазақстандағы қауіпсіздік ісшараларды күшейтуге негіздеумен, қамауға алу туралы шешім шығарды [83].

26 маусым, Азаптау құрбандарын халықаралық қолдау күні, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар коалициясы, Адам құқықтары жөніндегі Түркімен бастамасы, Орталық Азиядағы адам құқықтарын қорғау қауымдастығы бұрынғы Кеңес Одағының республикаларының Орталық Азиялық үкіметтерін азаптау тәжірибесін жою үшін дереу шаралар қабылдауға шақырды [84].

26 маусым, Қазақстанда #Qantar2022 оқиғасынан кейін 1,5 жылға жуық уақыт өтсе де, ел билігі оқиғаларды объективті және егжей-тегжейлі тергеу және адам құқықтарының бұзылуына кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша нақты шараларды қолданбағанын авторлар атап айтуда [85].

26 маусым, Алматы қаласы, Д. Егінбаев, Алматы гарнизоны әскери соты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 2-бөлігімен, #Qantar2022 кезінде Сейітқұловтар отбасы қайтыс болғаннан кейін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған әскери қызметшіні, 7 жылға бас бостандығынан айырды [86].

26 маусым, Алматы қаласы, әкімдік А. Әбішевтың және Б.Иманғалиеваның 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген алты хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: осы тақырып бойынша бейбіт жиналысты өткізуде қоғамдық қауіпсіздікті бұзудың қаупі [87].

26 маусым, Петропавл қаласының әкімдігі белсенді О.Широбокованың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген екі хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: бұрын келісілген мәдени іс-шаралар[88].

26 маусым, Астана қаласының әкімдігі белсенді М.Нұғмановтың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: толық емес мәліметтерді ұсыну [89].

26 маусым, Қостанай қаласының әкімдігі белсенді С.К.Санд-Ахметтің хабарламасы бойынша 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Саяси астарлы бас тартудың себебі: толық емес мәліметтерді ұсыну [90].

26 маусым, Петропавл қаласының әкімдігі белсенді С.Измайловтың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген екі хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [91].

26 маусым, Көкшетау қаласының әкімдігі белсенді К.М. Әмреновтың 2023 жылғы 2 шілдеде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген үш хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [92].

26 маусым, Көкшетау қаласының әкімдігі белсенді Н.У.Жүсіпованың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген екі хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: бұрын келісілген мәдени іс-шаралар [93].

26 маусым, Астана қаласы, Сембай А., ҚР ҚК-нің 405-бабы, 13-ші шілдеге дейін қамауға алынды, адвокат пен қорғаушылар оны қолдап, баспасөз мәслихатын өткізді, оның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын «бақылау» қорытындысы бойынша полицияның  рапорты негізінде белсендінің қамауға алынғаны хабарланды[94].

26 маусым, Семей қаласының әкімдігі белсенді Д.Мүбарактың хабарламасына 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Саяси астарлы бас тартудың себебі: Бұрын келісілген іс-шара [95].

26 маусым, Астана қаласының әкімдігі белсенді А.Джахинның 6-шы хабарламасы бойынша 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуден бас тартты: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: толық емес мәліметтерді ұсыну [96].

27 маусым, Өскемен қаласы, әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты зейнеткерлер Тарасов Владимир мен Валентинаға ұлының өлімін тергеуді талап етіп пикет өткізбек болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша ескерту жасады. Сот екі зейнеткерді де бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзғаны үшін кінәлі деп тапты [97].

27 маусым, Астана қаласы, Facebook әлеуметтік желісінде Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, қазір тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Н.Әлтаевтың үндеухаты жарияланды. Өз хатында Н.Әлтаев пара алды деген айыптардың бірде-бір дәлелі жоқ және бұл айыптауларды саяси астарлы деп атайды [98].

27 маусым, Қарағанды қаласының әкімдігі белсенді Э.Бекзадинаның 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген үш хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: Бұрын келісілген іс-шара [99].

28 маусым, Қарағанды қаласы, журналист Диана Сапарқызы Қазақстан полициясының заңсыз әрекеттері туралы айтты. «Полицей маған балағат сөздер айтып, күш қолданды», — деп хабарлады журналист [100].

28 маусым, Дүниежүзілік бостандық конгресі М.Жыланбаевтың тұтқындалуының озбырлығын мойындап, әділдік орнатуды талап етті. «М.Жыланбаев халықаралық  дәрежеде мойындалған марафоншы, 2023 жылғы наурызда өткен соңғы сайлауға Қазақстан парламенті депутаттығына тәуелсіз кандидат ретінде қатысты» [101].

29 маусым, Семей қаласы, қылмыстық сотта #Qantar2022 жылы азаптап өлтірілген Ж. Жотабаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды. Айыптау сотында екі полиция қызметкері А.Қанақынов пен Е.Ағзамов. Оларды  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы «Азаптау» бабы бойынша айыптауда[102].

29 маусым, Алматы қаласы, Ж.Күрентаев, Медеу ауданының полициясы, ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабымен 2022 жылғы 29 сәуірдегі «Халықтық парламент» жиналысқа қатысуға негіздеп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Хаттамада айыппұл сомасы көрсетілмеген,бірақ талқылау жүргізілді деп жазылған [103].

29 маусым, Алматы қаласы, А. Ильяшев, баспасөз мәслихатында, егер «Халық парламенті» қозғалысының қатысушылары «тіркелмеген бірлестіктің қызметіне қатысқаны үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болса, онда бұл жағдайда жуырда Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының барлық қатысушыларына да сондай айыппұл салынуы тиіс» деген пікір білдірді [104].

29 маусым, Алматы қаласы, баспасөз мәслихатында А.Ильяшев Бас прокуратураға мемлекеттік кеңесші Е.Қаринді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150-бабы («Қызмет бабын пайдаланып дауыс беру құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау»), 262-бап («Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу»), 179-бап («Билікті күштеп ұстап тұру»)бойынша жауапқа тарту туралы өтініш жолдағанын хабарлады[105].

29 маусым, Алматы қаласы, «Халық парламентінің» бірінші және одан кейінгі екі отырысына қатысушылар рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін және тіркелмеген қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысқаны үшін жауапқа тартылуда. ҚР ӘҚБтК-нің 488, 489-баптары бойынша «Халық парламентінің» отырысына қатысқан 20 азаматқа айыппұл салынды [106].

29 маусым, Алматы қаласы, «Халық парламенті» мүшелерінің қуғынға ұшырауы «Халық парламенті» белсенділерінің баспасөз мәслихатына арқау болды, олар жүргізіліп жатқан қуғын-сүргін туралы айтып қана қоймай, жаңа саяси қозғалыс құру жоспарларымен бөлісті. Баспасөз мәслихатында қоғам қайраткерлері Р.Сарсенбаев, А.Назарова, М.Күкетаева және Ж.Күрентаев сөз сөйледі [107].

29 маусым, Алматы қаласы, Ж. Мамай, ҚР ҚК-нің 378, 272, 274-баптары бойынша 6 жылға бас бостандығын шектеу, апелляциялық сот тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жетекшісінің үкімін өзгеріссіз қалдырды [108].

29 маусым, Тараз қаласы, апелляциялық соты #Qantar2022 оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272, 255-баптары бойынша 2 жылдан 16 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 9 адамның ісі бойынша шағымдарды қарай бастады. Сотталғандар сот залына әкелінбеді, оларды онлайн сот процесіне қоспады. Осыған байланысты сотталушылардың адвокаттары мен туыстары келіспеушіліктерін сотта білдірді [109].

29 маусым, Алматы қаласы,  #Qantar2022 кезінде оққа ұшқан 4 жасар Мелдехан Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Тергеу органдары күдіктіні «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартпақ [110].

29 маусым, Астана қаласы, ҚР Парламенті Сенаты «Интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы», «Интернет-платформалары және интернет-жарнама мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар топтамасын мақұлдады [111].

29 маусым, Алматы қаласы, Алматы қылмыстық істер жөніндегі сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі және #Qantar2022 әуежайды басып алу бойынша айыпталған сотталушылардан жауап алу аяқталды, сотта 3 айда 41 куәгерден жауап алынды [112].

29 маусым, Қостанай қаласының әкімдігі белсенді А. Смаковаяның 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген үш хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: Жөндеу жұмыстарын жүргізу [113].

29 маусым, Ақтөбе қаласының әкімдігі белсенді С.Құжахметовтың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт шеру өткізу хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Саяси астарлы бас тартудың себебі: Алдын ала келісілген шара, митинг тақырыбы «ұлтаралық келісімге кері әсер етумен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін» [114].

29 маусым, Петропавл, Көкшетау, Орал және басқа қалалардың әкімдіктері 2 шілдеге жоспарланған Украинаны қолдау митингілерін өткізуге белсенділерге рұқсат бермеді. Белсенділер Ресей басқыншылығының басталуының 500-ші күні соғысқа қарсы шеру ұйымдастырмақ болған [115].

30 маусым, Астана әкімдігі де басқа аймақтардан кейін Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің 500 жылдығына орай белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермеді. Брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бас тартудың себебі туралы сұраққа жауап бере отырып, әкімдіктің митинг өткізуден бас тартқанын «бірінші рет естігенін» айтты [116].

30 маусым, Шымкент қаласының әкімдігі белсенділер Ж.Сәрсенова мен Б.Саурбаевтың 2023 жылдың 2 шілдесінде бейбіт наразылық акциясын өткізуге берген алты хабарламасынан бас тартты. Тақырыбы: «Украинаны қолдау. Әділ әлем үшін». Бас тартудың себебі: Бұрыс мағлұматтарды беру, бейбіт жиын өткізудің толық регламеті көрсетілмеген [117].

30 маусым, Алматы қаласы, Алматы гарнизонының Әскери соты, прокурор А.Джетыбаевтың хабарлауынша, #Qantar2022 кезінде Алматыға №18404 әскери бөлімінен Калашников автоматымен және 158 мың патронмен қаруланған 200 әскери қызметші келген. Прокурор Е.Қансейітті өлтіргені үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 2-бөлігімен айыпталған сотталушы, С.Мұратханды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады [118].

30 маусым, Алматы қаласы, Қазақстандық құқық қорғаушылар тағы 7 адамды саяси себептермен қудаланғандар тізіміне енгізді, деп хабарлады Сарапшылық кеңестің соңғы отырысынан кейін Б. Төреғожина. Тізімге кіргендер: М.Жыланбаев, А.Сембай, Ж.Башанов, Н.Әлтаев, Н.Қанатов, Д. Мұхаметкәрім және Т.Дәнебаев [119].

*****

[1] https://adilsoz.kz/news/na-sude-v-almaty-predstavitel-poterpevshego-napal-na-zhurnalistov.html

[2] https://tirek.info/wp-admin/post.php?post=32538&action=edit

[3] https://rus.azattyq.org/a/32438820.html

[4] https://rus.azattyq.org/a/32439019.html

[5] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-25-maya-po-01-iyunya-2023-god.html

[6] https://rus.azattyq.org/a/32442025.html

[7]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0eun9n3i9peptyHJZbQvTJoLgMqegVwCCqjXxKMMr4jvuvQveP6rgNkDDwTLZp6sZl

[8]https://www.facebook.com/YermekNarymbai/posts/pfbid02QAmmmNdY2YDjCbJdhKB3vAPLAVksxqB8E1hzvhjbE1aFannTs3SLoTa1MJ9Li5c9l

[9] https://ulysmedia.kz/news/16801-arestovannyi-duman-mukhametkarim-obiavil-golodovku/

[10] https://rus.azattyq.org/a/32442847.html

[11] https://rus.azattyq.org/a/32443764.html

[12] https://rus.azattyq.org/a/32444147.html

[13] https://rus.azattyq.org/a/32444147.html

[14] https://rus.azattyq.org/a/32444147.html

[15] https://rus.azattyq.org/a/32445092.html

[16] https://rus.azattyq.org/a/32445092.html

[17] https://rus.azattyq.org/a/32446523.html

[18] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3572523966400194/

[19] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3572570613062196/

[20] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3572497776402813/

[21] https://bes.media/novosti/antikorrupcionnaya-sluzhba-trebuet-lishit-advokata-licenzii-za-provedenie-sankcionirovannogo-mitinga-1496

[22] https://rus.azattyq.org/a/32449097.html

[23]https://www.facebook.com/inga.kubysheva/posts/pfbid07iiXfW1AG23C8exy4o83HWtxPsy28p51sPux86ggjZGqq8GNTyc1XPSJviSjCqBEl

[24] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573852802933977/

[25] https://rus.azattyq.org/a/32452186.html

[26] https://adilsoz.kz/news/sudyu-v-kostanae-nakazali-za-narushenie-zakona-o-smi.html

[27] https://rus.azattyq.org/a/32451494.html

[28] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573949979590926/

[29] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573922036260387/

[30] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3574153272903930/

[31] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573873756265215/

[32] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573890046263586/

[33] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573842466268344/

[34] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573812402938017/

[35] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3573810546271536/

[36]https://web.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02GyhjkW4992Qm8V9X6FDi63E2AN5wbEAuQ33UtSnUrih8XvxE5WU54butfCskLBz8l

[37] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-1-po-8-iyunya-2023-goda.html

[38] https://rus.azattyq.org/a/32450699.html

[39]https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0345d6WeaCXLuiy6gvSTatq8gD3rUPD41LyHv1RWnLeYoLDAJXXnzJ5WRJrNEGYHbzl&id=100005931645151

[40] https://rus.azattyq.org/a/32451757.html

[41] https://rus.azattyq.org/a/32451729.html

[42] https://kaztag.kz/ru/news/zashchita-altaeva-nazvala-delo-protiv-nego-politicheskim-zakazom-i-upomyanula-top-chinovnikov?fbclid=IwAR0fFPwkWrrH8U4PjOR_n5yGuiBdwljlrUWtm-_Uj44MQTz6Wdn4XGpOWXE

[43] https://orda.kz/el-tiregi-altaeva-arestovali-za-to-chto-on-ne-pojmal-tishinu/?utm_source=tirek.info&utm_medium=referral&utm_campaign=tirek.info&utm_referrer=tirek.info

[44] https://t.me/AdalSotKz/1255

[45] https://rus.azattyq.org/a/32453425.html

[46] https://rus.azattyq.org/a/32453425.html

[47] https://orda.kz/aruzhan-sain-meshala-slishkom-mnogim-chinovnikam/

[48]https://respublika.kz.media/archives/90073?fbclid=IwAR3M33wpr00M5WLjcLTM8vHU74pI6fqag1jTBzKYxC6pT7xkEjk-LET82KI

[49] https://rus.azattyq.org/a/32455924.html

[50] https://kaztag.kz/ru/news/izvestnye-advokaty-podayut-v-sud-na-akimat-almaty-za-otkaz-v-provedenii-mitinga

[51] https://rus.azattyq.org/a/32457513.html

[52] https://www.facebook.com/groups/2613737598955074/?multi_permalinks=3366700820325411&ref=share

[53] https://ulysmedia.kz/news/17250-akimat-otkazyvaet-aktivistke-v-pikete-protiv-priezda-putina-v-kostanai/

[54] https://www.youtube.com/watch?v=-8VRpbQDGWk&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[55] https://masa.media/ru/site/v-genprokurature-rasskazali-chto-delo-o-gibeli-vo-vremya-kantara-4-letney-aykorkem-napravyat-v-sud

[56] https://vlast.kz/novosti/55512-sud-naznacil-arest-srokom-na-10-sutok-dvum-aktivistam-iz-poselka-bestobe.html

[57]https://www.facebook.com/sochnevartem/posts/pfbid0rebs9ExniJjxqdE47YoirpVEXjDhthKyZjPPkibhPirRizcGe2oL2nLT3rdvuWqCl

[58]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid09nJiBmqPDgCHRxxPBiNnRpvdAPRaCCs3mcdGNrqZEguTUVY48g9ZqTKj1zsFpdBQl

[59] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-08-15-iyunya-2023-goda.html

[60] https://rus.azattyq.org/a/32461834.html

[61] https://rus.azattyq.org/a/32462279.html

[62] https://kaztag.kz/ru/news/zhurnalistu-makhambetu-abzhanu-izmenili-rezhim-otbyvaniya-nakazaniya

[63] https://bureau.kz/novosti/ne-isportyat-im-obednyu/

[64] https://kaztag.kz/ru/news/glava-fonda-nemolchi-kz-zayavila-o-nezakonnom-presledovanii

[65] https://rus.azattyq.org/a/32465736.html

[66] https://rus.azattyq.org/a/32465377.html

[67] https://adilsoz.kz/news/adil-soz-deputatam-vy-v-silah-izmenit-zakonoproekt-o-mass-media.html

[68] https://kaztag.kz/ru/news/vvedenie-v-kazakhstane-press-karty-dlya-smi-mozhet-privesti-k-diskriminatsii-eksperty

[69] https://orda.kz/sud-2/

[70] https://rus.azattyq.org/a/32471221.html

[71] https://rus.azattyq.org/a/32467560.html

[72] https://rus.azattyq.org/a/parlament-kazahstana-prinyal-zakon-o-naloge-na-blogerov-on-obyazhet-ih-zavodit-yurlitso-i-grozit-otvetstvennostyu-za-feyki-/32465683.html?fbclid=IwAR1GaNd4pqWDqiCqLyJpMuxd40Mo7icfd4gEURFyx3z-Qat4LkD5w-Mljk0

[73] https://rus.azattyq.org/a/parlament-kazahstana-prinyal-zakon-o-naloge-na-blogerov-on-obyazhet-ih-zavodit-yurlitso-i-grozit-otvetstvennostyu-za-feyki-/32465683.html?fbclid=IwAR1GaNd4pqWDqiCqLyJpMuxd40Mo7icfd4gEURFyx3z-Qat4LkD5w-Mljk0

[74] https://www.facebook.com/100026137178297/videos/216773027935831/

[75]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid02VCNeJ98CvX4iqhNmfF8vqFc8hGbbt1YDFCVXPsfWUMcuMxg27uebxzZKsxJMbf8hl

[76]https://www.facebook.com/toregozhina/posts/pfbid0xLCfN1WX67HTDVG6oQjXKqdgAMxQPwAZFaz5VyB52LncwaRnGmGu3of2G6dZ9yEYl

[77] https://adilsoz.kz/weekly-monitoring/narusheniya-svobody-slova-v-kazahstane-s-15-po-22-iyunya-2023-goda.html

[78] https://rus.azattyq.org/a/32470338.html

[79] https://rus.azattyq.org/a/32471882.html

[80] https://rus.azattyq.org/a/32470717.html

[81] https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/578853?lang=ru

[82] https://www.youtube.com/watch?v=BbEIiK4KsNI&ab_channel=AzattyqTV-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%90%D0%B7%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BA

[83] https://bureau.kz/novosti/15-sutok-za-analogiyu/

[84] https://rus.azattyq.org/a/32476235.html

[85] https://rus.azattyq.org/a/32476235.html

[86] https://rus.azattyq.org/a/32475726.html

[87] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589436971375560/

[88] https://www.facebook.com/photo?fbid=6678329208872895&set=pcb.3589328048053119

[89] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589395141379743/

[90] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589306858055238/

[91] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589355408050383/

[92] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589287111390546/

[93] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3589265558059368/

[94] https://rus.azattyq.org/a/32476526.html

[95]https://www.facebook.com/photo/?fbid=6681417245230758&set=gm.3590047354647855&idorvanity=2333831603602776

[96] https://www.facebook.com/photo/?fbid=6681324911906658&set=pcb.3590029171316340

[97] https://rus.azattyq.org/a/32477849.html

[98] https://rus.azattyq.org/a/32477582.html

[99] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3590059761313281/

[100] https://kaztag.kz/ru/news/kazakhstanskiy-politseyskiy-obmateril-menya-i-primenil-silu-zhurnalist

[101] https://twitter.com/wlcongress/status/1673779271548952576?s=46&t=pDPMVxWwSH8w-aLPUejfO&fbclid=IwAR0ELTrYnNfqVpit18wCq9WyYYf1riSkoIcxrBTAkIkZ398r6milpXzLXgw

[102] https://rus.azattyq.org/a/32482462.html

[103] https://rus.azattyq.org/a/32482444.html

[104] https://rus.azattyq.org/a/32482444.html

[105] https://rus.azattyq.org/a/32482444.html

[106] https://bureau.kz/novosti/narodnyj-parlament-ne-vrag-naroda/

[107] https://bureau.kz/novosti/narodnyj-parlament-ne-vrag-naroda/

[108] https://rus.azattyq.org/a/32482206.html

[109] https://rus.azattyq.org/a/32482063.html

[110] https://rus.azattyq.org/a/32481948.html

[111] https://kaztag.kz/ru/news/senat-kazakhstana-odobril-privlechenie-k-admotvetstvennosti-za-lozhnye-svedeniya-v-internete

[112] https://orda.kz/zahvat-aeroporta-almaty/

[113] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3590104644642126/

[114] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3590085177977406/

[115] https://d368ywv3luoe7p.cloudfront.net/a/32482062.html

[116] https://rus.azattyq.org/a/32483533.html

[117] https://www.facebook.com/groups/ActivistsNotExtremists/posts/3590012151318042/

[118] https://rus.azattyq.org/a/32483737.html

[119] https://rus.azattyq.org/a/32484820.html

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в МониторингБольше записей в Мониторинг »
.