Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Астана мен Шымкентте полиция «митинг орнынан» бірнеше адамды ұстап әкетті

4 қаңтарда Нұр-Сұлтанда «Әблязов митингісі өтеді» деген орын – қалалық әкімдік маңында полиция кемінде үш адамды ұстап әкетті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, күндізгі сағат 12-лер шамасында полиция бір қызды ұстаған кезде ол «Шал кет!» деп айқайлаған. Полиция ұстау кезінде тағы екі адамға дөрекі күш қолданды. Олар ұсталмай тұрып Азаттық тілшісіне Жаңаөзендегі наразыларды қолдап келгенін және баспана мәселесін шешуді талап ететінін айтқан.

Әкімдік маңында төрт автозак тұр. Аумақта мобильді интернет өшірілген.

Алматыда да 4 қаңтарда Республика алаңы жабылып, аумақта мобильді интернет шектелді. Полиция алаң аумағына ешкімді кіргізбеуге тырысты. Кей азаматтар бұған наразы болды.

Шымкентте «митинг өтеді» деген қала әкімдігінің алдына оннан аса адам жинала бастағанда полиция оларды күштеп әкетті. Олар маңғыстаулықтарды қолдайтынын, қымбатшылыққа қарсы екенін, жалақының көтерілуін талап етті. Ұстау кезінде «Назарбаев кет», «маңғыстауды қолдаймыз!» деп айқайлағандар болды. Ұстау кезінде азаматтық киім киген белгісіз адамдар Азаттық тілшісіне фото-видео түсіруге кедергі етіп, көлегейлеп тұрып алды. Жәй киім киген елу шақты адам полицияға адамдарды ұстауға көмектесіп жатыр.

Қазақстанның батысында бірнеше күннен бері жұрт газ бағасының қымбаттауына наразылық білдіріп, алаңнан тарқамай тұр. Елдегі түрлі саяси күштер мен белсенділер оларды қолдауға үндеген. Бұған дейін шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарын 4 қаңтарда күндіз митингіге келуге шақырған.

Елдің түкпір-түкпірінде полицияның белсенділерді ұстап жатқаны туралы хабар жиіледі. Алматыда кемінде он белсенді 

Полиция "митинг орнынан" адамдарды ұстап жатыр. Шымкент, 4 қаңтар 2022 жыл.

Нұргүль Тапаева, Мәншук Асаутай, Дилара Иса


https://www.azattyq.org/a/31638483.html?fbclid=IwAR2tIP-nUuJNflADse5SXxSE31ly3JEpDHILQpmuyIBMrZXu_ZSvkexoZ1Q

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.