Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

ARTICLE 19 халықаралық құқық қорғау ұйымы Темірлан Еңсебекты босатуға шақырды

ARTICLE 19 халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Темірлан Еңсебекке тағылған барлық айыпты алып, босатуға шақырды.
 
«Сөз бостандығы құқығы сатира мен әзілдерге, тіпті олар орынсыз, қарабайыр, таң қалдыратын немесе қорлайтын болса да қолданылады. Сатира — әлеуметтік маңызы бар мәселелерге пікірлердің мәнін арттыруға бағытталатын көркем сөздің түрі. […] Әзіл-қалжың және сыни пікірлер үшін қылмыстық қудалау әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша талқылауды басып тастайтын және азаматтық белсенділікті төмендететін анық барабар шара емес.
Қазақстан халықаралық стандарттарға сай заңнамасына өзгерістер енгізіп, Еңсебекке тағылған айыпты алып тастап, оны босатып, журналистер мен белсенділерді қудалауды тоқтатуы керек».
Article 19 — 1987 ж. Ұлыбританияда құрылған халықаралық құқық қорғау ұйымы. Ол бүкіл әлем бойынша сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізуді қорғауға және ілгерілетуге арналған. Ұйымның атауы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына сілтеме жасайды, ол әркімнің кедергісіз және шекараларға қарамастан пікір білдіру, өз ойын айту және ақпарат бостандығына құқығын бекітеді.
 
 
 
«Медиа Қолдау»
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.