Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алматыда блогер, белсенді Мирболат Мырзатайұлы ұсталды

 2 қыркүйекте, Алматы қаласында, блогер Мирболат Мырзатайұлы ұсталды. Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қасымбаев 3 қыркүйекте блогерге араша сұрап, полицияға барған белсенділерге Мирболат Мырзатайұлының ұсталу себебін түсіндірді.

“[Мирболат Мырзатайұлы] Бишуиновқа қатысты ҚР 174-бабымен қылмыстық іс қозғалды” деді ол. Айтуынша, екі күн ішінде тергеу соты оған бұлтартпас жазаны тағайындау мәселесін қарайды,
 Журналистің туыстары кешеден бері оның із-түзсіз жоғалғанын айтып, дабыл қаққан еді. Әпкесінің сөзінше, соңғы рет ол жақындарына 2 қыркүйек сағат 16:30 шамасында Талғардан келе жатқанын айтқан. Оның көлігі Талғар трассасындағы экопостың тұрағынан табылды. Әйелінің сөзінше, Мирболат Мырзатайұлы Алматы облысы Талғар ауылына жер мәселесін түсіру үшін барған. Бірнеше күн бұрын журналист Facebook-тағы парақшасында «шетелдіктерге жер сату» мәселесін қозғап, жазба жариялаған еді. Дегенмен бұл жазбаның журналистің ұсталуына қатысы бар-жоғы белгісіз. 3 қыркүйекте белсенділер, басым бөлігі — желтоқсаншылар, Мирболат Мырзатайұлының ұсталуын белсенділігімен байланыстырып, биліктен оны босатуды талап етіп, қол жинады.

Сторонники Мирболата Мырзатайулы стоят возле Департамента полиции города Алматы. 3 сентября 2025 года.

 

Азаттық Радиосы

 

https://www.azattyq.org/a/almatyda-zhurnalist-mirbolat-myrzataiulynyn-ustalgany-habarlandy/33520318.html

Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.