Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Алматы «концлагері»

Сот залына кіргенде Алмат Жумагуловтың өңі бозарып, өзін жайсыз сезінгені байқалды. Себебі, Алмат асқазан ойық жарасы (язва желудка) деп, осыған дейін 10 ай қамау уақыты ішінде анықталған. Сырқаттанып тұрған Алмат мемлекеттік айыптаушыға (прокурор), уақытша ұстау изоляторындағы тамақтандыру тәсілі жөнінде шағымын жолдады. Дәл осы мәселені нақтырақ айтсам, өткен 04.10.2018 ж.күні сот отырысында айыпталушылар мен қорғаушылар, мемлекеттік айыптаушы Булгимбаевқа ауызшада, жазбашада, бассыздықты реттеуді талап еткен болатын. Сол кезде прокурор өз бақылауына алып, шара қабылдаймын деген (сілтемеден көріңіздерhttps://www.facebook.com/100011426347758/posts/865205213870349/) еді.

Алайда, бүгінгі сотқа келерде түскі астары 1 тілім нанға + 1 тілім нан мен 1 түйір ет қосылған. Демек, реттегені осы болды. Сонда мемлекет бөлген қаржылар қайда? Кімнің қалтасында? Сырқаты жанына батқан А.Жұмагұлов бүгінгі сот отырысын кейінге қалдыруға өтініш білдірді. Қорғаушылар түгелдей қолдап және айыптау тарапы да өтінішті қанағаттандырды.

Екінші айыпталушы Кенжебек Жақсылықұлы да жүрегінің ауырып жүргенін және уақытша ұстау изоляторындағы медициналық көмектің өте төмен деңгейде екенін мәлімдеді. Жүрегі ұстап ауырып жатырған ақынға мед.қызметкерлер 4-5 сағаттан кейін барып келеді екен. Онда да беретін дәрі-дәрмегі 1 түйір ғана волидол. Бұл, Алматы изоляторы тарапынан адам құқығын өрескел бұзу, таптау. Адам денсаулығын қасақана азаптау! Екі азамат Алмат Жумагулов пен Кенжебек Жақсылықұлы әлі де сотталушы емес ғой. Кінәсіздік призумциясы бар, заң солай дейді. Таңертенгі сағат 9-10 дар да, қала сыртындағы уақытша ұстау изоляторынан сотқа алып шығады, содан кешкі сағат 8 де қайтадан уақытша ұстау изоляторына оралғанша, жоғарыда айтқан 2 тілім қара нанды талғажау етулері тиіс екен. Жібітіп, қосып ішер сұйық шай мен суда жоқ. Масқара!

Туыстары сотқа әкелген ысттық тамақтарын конвойлар қабылдамайды. Ызғарлы күз ортасы болып, күн суыды. Салқын көк цементті төрт қабырғадан шығарып, әрлі-берлі тасымалдайтын автозак болса құр қаңылтыр ғана. Бойларын жылытайын десе, жылы қара шайда берілмейді екен. Бұл кісілер денсаулығынан айырылып ауыру болмағанда, жылы жерде отырған ТЕРГЕУШІ мен ПРОКУРОР ауырмайтын шығар? Қазақстан абақтыларының сотқа дейінгі көрінісі десем болады. Арғы жағы айтпай-ақ түсінікті.

Ринат Рифкат

Поделись, чтобы люди узнали:
.