Барлық ҚР-ның қаншер басшыларына айтарым от пен ойнамаңыздар!
Қайырлы Омар кінəсіз екенін бəрің білесіңдер. Бұл құйтырқы саясаттың ісі екенін барлық, Қазақ Елі біледі.
Іштеріңде намысты, əділ, жанашыр азаматтарыңыз болса елдің əлауқатын көтеру үшін өздеріңді көрсететін шақ осы уақыт. Араша түсіп өздеріңе бедел жəне Отан сүйгіштеріңізді көрсетіңіздер!
Ата-Бабамыздың аруағын аттап кетпейтіндеріңізге сенімдімін.
Аруақ аттса оңдырмайтынында жақсы біледі деп ойлаймын!
Мен қарапайым ғана Қазақтың баласымын. Мен сол ағама қарап бой түзеген жігітпін, менің қолымнан келетіні,Елім,Жерім,Тілім деген азаматтарды қолдау жəне азаматтарымыздың заңсыз сотталғанына бижай қарап тұрмай қандайда бір шерулер,пикеттер болса атсалысып жүру. Олардың жанынан менің жаным артық емес.Ел боламыз десек бесігімізді түзейік ағайын!!!
Барлық саяси қуғын-сүргін көрген азамат-азаматшаларымызға бостандық талап етемін!!!
Бəрінің аузын жаба алмайсыңдар жəне шындықтан қаша алмайсыңдар.
Серік Асқаров.
Отаның болмай зайырлы,
Бостандығыңнан айырды.
Кінəсіз,Заңсыз жатқанды,
Біледі, Халқың жайыңды.
Биліктің таққан айыбы,
Ертегі болып жайылды.
Алдар-көсенің сөзіндей,
Сусызда жүзген қайығы.
Қорғауға байтақ сайынды,
Жеткізген едің ойыңды.
Қорғауға жаудан өзіңді,
Қазағың сөзсіз тайынды.
Аман бол ағам Қайырлы!!!
Серік Асқаров.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.