Полиция қаңтар оқиғасына байланысты 2 919 қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты
Негізінде – кісі өлтіру – 90, ұрлық – 2 183, қару-жарақтың заңсыз айналымы – 428, біреудің мүлкін қасақана бүлдіру – 164.
Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Мемлекет басшысы жеңілдететін жағдайларды есепке алудың маңыздылығын атап өткен соң, қамауға алынған 400-ден астам адамның 219-ы босатылды. Бұл соттылығы жоқ және залалды өз еркімен өтеген азаматтар. Оларға ешқайда кетпеу туралы қолхат, кепіл, үйқамақ және жеке кепілгерлік қолданылды.
Жалпы күдіктілердің басым бөлігіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ. Бүгінде төтенше жағдай кезінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда.
ҚР Ішкі істер министрлігі
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.