Құқық қорғаушы Назгүл Жүсіповаға 10 тәулік берілді
Кеше біз Назгүл Жүсіпованың үйіне СОБР қызметкерлері келіп, оны алып кеткенін жазған болатынбыз. Назгүлдің соты өтіп, оған 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды. 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында Тоқаевтың бұйрығымен, құқық қорғаушылар мен белсенділерді жаппай қудалап, ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Мақсат біреу — белсенділердің үнін өшіру, қоғамдық бақылауды әлсірету және сайлау қарсаңында билікке сын айтатын адамдарды оқшаулау. Назгүл Жүсіпова қазір Щучинск қаласындағы уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) отыр. Көкшетауға жібермей, Щучинскіге жеткізген.
Бүгін Бауыржан Балташев пен Бейсенбаева Дәметкен Щучинскіге барып, Назгүлге қажетті заттар мен азық-түліктен тұратын сәлемдеме тапсырды. Бір адамды қамауға алу оңай. Бірақ оның артында тұрған азаматтық қоғамды қамауға алу мүмкін емес. Қазір Қазақстанда белсенділерді жаппай ұстау мен қудалау жүріп жатыр. Бірінің үстінен әкімшілік іс қозғалады, екіншісін ұстайды, үшіншісін соттайды. Ал олардың жанында қалатын жалғыз нақты күш — халықтың қолдауы. Сәлемдеме жеткізу, басқа қалаларға бару, жол ақысы, адвокат қызметі және басқа да қажетті шығындардың барлығы қаржыны талап етеді. Сондықтан қазір белсенділерге қаржылай қолдау көрсету өте маңызды. Қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар азаматтарды қаржылай көмек көрсетуге шақырамыз.
19 августа, Акмолинская обл., Н.Жусупова, 10 суток ареста в ИВС города. Ранее в дом Н.Жусуповой приехали сотрудники СОБР и забрали ее.
Состоялся суд над Назгуль, ей было назначено 10 суток административного ареста. В преддверии Курылтайских выборов, которые состоятся 23 августа, , правоохранители и активисты подвергаются массовым преследованиям, задержаниям и привлечению к административной ответственности. Цель одна-заставить замолчать активистов, ослабить общественный контроль и изолировать людей, которые критикуют власть в преддверии выборов. Назгуль Жусупова сейчас находится в изоляторе временного содержания (ИВС) г. Щучинска. Не отпускал в Кокшетау, доставил в Щучинск. Сегодня Бауыржан Балташев и Бейсенбаева посетили Дәметкен Щучинск и вручили Назгуль посылку с необходимыми вещами и продуктами. Легко арестовать одного человека. Но гражданское общество, стоящее за ним, не может быть арестовано. Сейчас в Казахстане идут массовые задержания и преследования активистов. Над одним возбуждается административное дело, над другим задерживается, над третьим судят. И единственная реальная сила, которая остается рядом с ними, — это поддержка народа. Доставка посылок, поездки в другие города, проезд, услуги адвоката и другие необходимые расходы-все это требует финансов. Поэтому сейчас очень важно оказывать активистам финансовую поддержку. Приглашаем граждан, имеющих возможность оказать поддержку, оказать финансовую помощь.
https://tirek.info/nazgul-zhusupova-zaderzhana-na-10-sutok/?preview=true
algakzt_rezerv






Обсуждение закрыто.