Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Абзал Достияр: Менің үстімнен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Сенбі күні Бостандық аудандық полиция басқармасына шақыртылғанымды, әлдебіреудің арыз жазуымен үстімнен Қылмыстық Кодекстің 274-ші бабы бойынша іс ашылғанын хабарлаған едім.
Бүгін, дүйсенбі күні түстен кейін адвокат Жанара Балғабаевамен бірге полиция басқармасына басқармасына баратын болып келіскенбіз.
Бірақ бүгін Жанара Балгабаеваға тергеуші Диас Бауыржан хабарласып істің тоқтатылғанын жеткізіпті, сонымен полицияға бармайтын болдық.
Мәселенің мәнісі мынада екен, мен әлеуметтік желідегі парақшаларымда “Эмирмед” жеке емханасында болған жағдай туралы жариялаған едім.
Тақырыбы суреттегідей, ал маған жәбірленуші ретінде хабарласқан Майра Ғабдуллина болатын, ол кісі айтқан соң мен сол жағдайды түсірген журналист Мирболат Мырзатайұлына хабарласып видеоны жіберуді сұрадым, ол кісі ватсап желісі арқылы видеоны жіберді, мен сосын Денсаулық сақтау министрлігін тегтеп жарияладым, өйткені жағымсыз жағдай осы министрлік бақылайтын мекемеде орын алып отыр.
Осыдан соң емхана әкімшілігі менің үстімнен арыз жазыпты, бірақ айғай-шудың “Эмирмед” емханасында болғаны рас, емхана қызметкерлері есікті ішінен жауып алғаны рас, Ғабдуллинаның жан дауысы шыққаны естіліп тұр.
Бұл жерде ешқандай жалған ақпарат жоқ!
Мен жалған ақпарат таратып қоғамды дүрліктіруді мақсат еткен адам емеспін, әр сөзіме, жазбама мән беремін, нақты ақпарат көзіне сүйенемін, барды бар, жоқты жоқ деп айтамын!
Мен құқықтық мемлекетте өмір сүргендіктен заң аясында әрекет етемін, өйткені құқықтық мемлекеттің негізі-заң үстемдігі.
Заң үстемдік еткенде тәртіп болады, мен тәртіпті азаматпын.
Шенді-шекпенділер мен олардың туыстары және арты диірмен таратындар заңды бұзып жүр екен деп мен заңды бұзбаймын!
Мен үшін екі күн бойы алаңдаған ағайынға алғысым шексіз!
 
Возможно, это изображение 3 человека и текст
 
 
Абзал Достияр
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.