Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Жадыра Досекеева полиция өзінің үстіне қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

24 шілде, Жаңаөзен қ,  белсенді, көп балалы ана Жадыра Досекеева полиция өзінің үстінен “Алауыздық қоздыру” (174-баптың 1-тармағы) бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Бүгін оны полицияға шақырған.
 
“Тергеушіге бардым. “Не жөнінде сот болады?” деп сұрағанымда “әлеуметтік желіге әртүрлі видео салыпсыз, әртүрлі пост жазыпсыз, сол бойынша қылмыстық іс болады” деді. Олар маған “іс материалдарды жарияламау” туралы қолхатқа қол қойғызғысы келді, алайда мен ештеңеге қол қойған жоқпын” деді Жадыра Досекеева 24 шілде әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.
Ол қазір адвокат табуға тырысып жатқанын айтты. Ертең тағы да полицияға баратынын жеткізді. Белсенді істің саяси астары бар деп топшылайды.
“Мен ешқандай да қылмыскер емеспін, бірақ менен қылмыскер жасап отыр. Бар болғаны мен өз көзқарасымды айттым” дейді ол.
Жаңаөзен полициясы әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.
 

Возможно, это изображение 1 человек и дерево

 

Досекеева Жадыра

 
Поделись, чтобы люди узнали:
.