Өткен 5 қараша мен 6 желтоқсан аралығында, азаматтық наразылықтың бір бөлігінде, үш бірдей айтулы оқиға болды: 20 қарашада болған митинг, Арон Атабектің өлімі және ұзара түскен Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңы – 16 желтоқсан.
20 қарашадағы митингке қатысты – оның болатынына ешбір күмән болған емес. Өкінішке қарай, бұл оқиғаның қарқыны енді қайшылыққа ұшырай бастады. Бұл нәрсенің себебі туралы азаматтық қоғам ұйқыда болған кезде қанша сұрақ қойсаң да болады, бірақ… «Билік емес» социумның негізгі бөлігі (мұны қоғам деп атау да дұрыс емес), билікке де жатпайды, «жайбарақат рақаттанып жата береді», «бәрі де болды, енді ештеңе өзгерту мүмкін емес» дейтіндер барынша «қауіпсіз» құрбандық мәртебесіне иек артады…
Осының қасында адами абыройларын сақтаған бірнеше ондаған азаматтық белсенділер нағыз қаһарман секілді көрінеді де, сол абыройлары үшін азап шегеді, ал бұл дегенің азаматтық бейбіт наразылықтың басты идеясы болып табылады. Адами абырой деген – біздің тумыстан бірге жаралған барымыз. Абырой – бізді басқа табиғи жаратындылардан ажырататын нәрсе. Ақыл-ой емес – жоқ. Ақыл-ой бізден басқаларында да жеткілікті. Абырой. Абыройдан айрылған сәттен бастап, біз адам болудан қаламыз да, фаунаның бір бөлігіне айналып шыға келеміз. Соған лайық өзімізді де ұстаймыз. Қазіргідей.
Арон Атабектің өлімі тұтасудың катализаторы бола алар еді. Иә бола алар… еді. Биліктегілер біздің социумның психологиясына сәйкес бағдарды жақсылап жасай алады да, оны өздерінің ісіне пайдаланады. Бостандыққа шыққан сәттің бірінші мезетінен бастап-ақ, Арон Атабектің маңайында сайтандардың даңғыра ұрғылаған биі басталған еді, оны өзі де аурудан қажып әбден болдырған ол (осыншама бұғаудағы жылдардан кейінгі бостандық– «қапшықтан қаққылап шығарғандай» эффект еді) – бір қолдан екіншісіне өткен тас құдайға айналып шыға келді. Ойда-жоқта пайда бола кеткен, ондаған жылдар бойы қарасын көрсетпеген қалыңдық, Аронның дәйексөзінен сылып шыққандай, уақытша контекстен жұлып алғандай, өзара кінәласулар… т.т.
Қазақстан тарихындағы ең өжет те қайтпас саяси қамалушы Арон Атабекті оның өмірі бірнеше айға ғана созылатыны айқындалған соң босата салды. ҚР ІІМ ҚАЖК-дегі «денсаулығына байланысты босату» деген тегін нұсқа атымен болмайды. Оған осыншама бұғаудағы жылдардан соң тыныштықта өзімен өзі болып, өзіне өзі келуі керек еді… Бәлкім ол біз үшін, бәріміз үшін сондай бір маңызды нәрсені ешқайсымыз болып көрмеген жағдайда айтып берер ме еді… Болмады…
Биліктегілер тіпті, оның жаназасында да адамдарға жармасумен болды. Оның адамдары соншалықты қатерлі деп зәрелері кетті. Бұндай үрей Алтынбек Сәрсенбаевтың жаназасында болған еді… Бекер қорықты. Арон Атабектің жаназасында болған адам саны,тіпті ол туралы фейсбукте шыққан материалдарға қойылған «лүпіл» санынан да бірнеше есе аз болды… Шаңырақ, ауу… Бұл кісі өзінің бірнеше адамымен сіздің жанұяларыңыз бен балаларыңыз үйде қалу үшін, сіздің балаңыз Бақайдағыдай қирандыларда отырып жыламас үшін, өмірімен де, өлімімен де барын салып істеді… Шаңырақтың тұрғындары, сіздер қаншасыңдар, қайдасыңдар? Әлде одан да маңызды істер бар ма еді..? Сенің жарқын бейнең есте қалғай, Арон Атабек.
Биыл Жаңаөзен қырғынына 10 жыл толады. Биліктегілер – бұл күн біздің қамқорлығымыздың алуан тірлігінің қалқасында әбден өшіп қалуы үшін қайнаған су сиюге дайын. Олар 16 желтоқсаннан бастап кері қарай 15 күнді есептеп, енді барлық «сенімсіздерге» сол мерзімге әкімшілік қамауға салуда. Біреулерді кейінірек «аулайды» – олар аздаған цифрмен құтылуы мүмкін – бастысы 16 желтоқсанда «қай жерде болуы керек» болса болды. Елдің басты мерекесіне дайындық осындай – Тәуелсіздік күніне…
Бұған қоса бізде «елбасы теңгесі» пайда болды, қақ ортасында кімнің билік екенін көрсететін бейне бар. Масқара, бірақ Түрікпенстанды әйтеуір бірдеңемен қуып жету керек қой…
Біздің кестелеріміз бен графиктерімізде – көрсеткіштер мен цифрлар болмаса болды. Оларда – қазақ қоғамының абыройымен қоштасу ғана. Тәуелсіздік күні құтты болсын, азаматтық белсенділер! Мереке құтты болсын, социум.
«Курескер.орг»
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.