Құрметті ДОСТАР және елдің ертеңі мен адам тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын АЗАМАТТАР, ХАНЫМДАР!
Сіздердің назарларыңызға бүгін Нұржан Мұхаммедтің әйелі Бағланның — Нұржанның айтуымен жазып алған хатын жариялап отырмын. Хаты төмендегі суретте.
Сіздерге оқу үшін қиындық тудырмасын деп, сол хатты қаз-қалпында көшіріп жаздым. Оқыңыздар.
«Шымкент қаласы ІІД экстремизм, терроризм бөлімінің қызметкерлері: Абзал Әлібаев, Ернар Әлтаев осы екеуі 2019 жылдың басынан бері «бізге жұмыс жаса, егер жасамасаң түбі көзіңді құрта саламыз» деп қысым жасап келді. Иттің басын машинама тастап, баллондарын жарып, сыртына жазып, терезесін сындырған да осылар деп күдіктенемін. Себебі Әлтаев Ернар Шымкент қаласы ішкі саясат қызметкері Реметов Сәбит екеуі Шымкент қаласы ІІД бастығы Ералы Жұмағамбетовтың атын жамылып, үйге көмір түсіріп, оны жасырын камерамен түсіріп, интернет желісіне жариялаған. Бұл маған көрсеткенн қысымдарының бір түрі.
18 сәуір сенбі күні, сағат 10:00 ден бастап аштық жариялаймын. Ғиззат Нұрдәулетовке Шымкент қаласы прокуратурасына хат жолдадым, солардан жауап күтемін және өзіме қойылған айыппен келіспеймін. Егерде жолдаған хаттарыма жауап келмесе, онда аштық жариялаймын. Оданда басқа әрекеттерге барамын. Егерде маған қандайда бір жағдай болса, оған осы жоғарыда аты аталған Ернар Әлтаев, Абзал Әлібаев тергеуші Исимов Ербол — себебі жазықсыз заңсыз ДЕЛОНЫ алып айналысқаны үшін кінәлі. Қаратау ауданы прокуроры Досан Айтешов себепкер болады.
ИЧ 167/11 тергеу изоляторы мекемесіне ешқандай арыз дауым жоқ. Түрме қызметкерлері қысым көрсеткен жоқ»
14 сәуір 2021 жыл
Енді осы хатқа байланысты қорытынды:
1.Нұржанның үйіне осыдан бірнеше жыл бұрын экстремизм-терроризм бөлімінің қызметкерлері Абзал Әлібаев, Ернар Әлтаев пен ішкі саясат бөлімінің қызметкері Реметов Сәбит осы үш бандит — Шымкент қаласы ІІД бастығы Ералы Жұмағамбетовтың атын жамылып, үйіне көмір түсірген әрекеттерін нағыз арандатушылық, қылмыс деуге болады.
2. Көмір түсірген кезде, Нұржан үйінде болған, және Нұржан Мұхаммедтің оларға «маған сендерден ешқандай көмек керек емес» деп қарсылығына қарамастан, көмірді төгіп кеткен. Төгілген көмірді арамдар жасырын камераға түсіріп «Нұржанды көмірмен сатып алдық» деп интернетке жариялаған. Не деген арандатушылық, сайқалдық десеңізші. Яғни олар көмірді Нұржан Мұхаммелке жала жабу үшін түсірген.
2. Нұржан көпбалалы әке. Оның үстіне көп балалы әке ретінде, өкіметтен ешқандайда көмек алмайды, және ол жалдамалы үйде тұрады. Негізгі айтпағым өкімет Нұржанды көп балалы ата-ана ретінде үймен тегін қамтамасыз етуге және ақшалай көмек беруге міндетті. Ал бізде барлығы керісінше. Көп балалы ата-аналардың апатты жағдайын пайдаланып, көмек берген сияқты болып, оны жасырын камераға түсіріп, интернетке мазақ ретінде жариялау, ешқандай адамгершілікке жатпайды. Бұл нағыз жауыздық.
3. Нұржанның белсенділігін қалайда жою үшін, биліктегі бандиттердің өздері нағыз — терроризм экстремизммен айналысып отыр. Осы зымияндар Нұржан сияқты белсенділерге небір сұмдықтарды істеп бағуда.
Өкінішке қарай осы Сәбит Реметовтен басқа аты аталған бандиттердің фото суретін таппадым. Егер сіздерде бар болса, өмірбаянымен қосып комментариге суретімен салыңыздар.
Сондықтан біз ҚАЗАҚ ҰЛТЫ шынымен ҰЛТ болып сақталып қалғымыз келсе — өз ҰЛДАРЫН қызғыштай қорғауды үйренулері керек!
Елім, жерім деген ұл-қыздарымызға қорған болайық! Биліктегі бандиттерді тайраңдата бермейік!
Шындықтан қорықпаңыздар!
Керісінше бұғып қалудан сақтаныңыз!
Ардақ Ашим
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.