Саламатсыз ба, Достар!
3 маусым 2021ж., Facebook парақшасынан РЕПОСТ жасағаным үшін.
9 маусым 2021 ж., әкімшілік іспен 73/3 бабтың 2-бөлігімен (жала жабу) сотталдым.
Судья: #Утебалиев Даурен маған 525 мың айыппұл салды.
Үстімнен рапорт толтырған Полиция Департаментінің (ПД) экстремизм бөлімінің бастық орынбасары полковник #Корганбаев Бекбол және капитан ПД #Бабатов Ғалымжан.
Протоколды Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің участкалық инспектор #Отегенов Ақылбек толтырды.
Бұл маған, жала жапты (73/3 б.2) деген айыппен 2021 жылда болған төртінші сот ісі.
5 мамыр 2021ж., #Бабатов Ғалымжан мен пос.Шетпенің ИВС-де заңсыз қамауда жатқанымда, маған келіп қылмыспен түрмеге кетесін, жұмыстан шығасын деп қорқытқан болатын.
Кеше, 9 маусым 2021 күні жұмыстан шығарған қаулымен оқып таныстым. КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ деп ойлайсыз ба, Достар?
#Корганбаев, #Бабатов, мені саяси қудалап, өздері зәбір көруші болып шыға келді, сонда әділдік қайда бұл мемлекетте?!
Мен қылмыскер емеспін! Алайда өзімнің азаматтық көз қарасым үшін, сөз бостандығым үшін, қашаңғы қудалауға болады. Біз зайырлы мемлекет емеспіз бе, ең алдымен адам құқығы, сөз бостандығы жоғары тұратын. Бейбіт халықты қудалау қашан тоқталар екен?!
Ұлболсын Турдиева
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.