5 қаңтарға қараған түні Алматыда арнайы жасақ Республика алаңына жиналған наразы жұртқа шулы жарық граната қолданып, көзден жас ағызатын газ шашты. Видеода жөтелген адамдардың дауысы естіледі. Бірнеше полиция көлігі өртенген. Президент Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізу туралы жарлық шығарды. Түнде Республика алаңыда болған наразылардың кейбірі 5 қаңтарда таңертең Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысына жиналды. Наразылық күшейген тұста Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.
«Азаттық» радиосы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.