Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Гүлжахан Бәйіт анамыз қоғам белсенділері полиция ұстап әкетті

Гүлжахан Бәйіт анамыз қоғам белсенділерінің ортасында жүрген кісі.
Бұл кісіге “АЭС қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін” қазан айының басында полиция ұстап, прокуратураға жеткізіп 46 мың айыппұл салғанын жазған едім, оған дейін өткен жылы сол АЭС салынады деп отырған Балқаш ауданы Үлкен ауылындағы қоғамдық тыңдауға арнайы барып қатысқан ел жанашыры.
Бүгін 16-шы желтоқсанға байланысты алаңға бармақ ниетпен үйінен шыққанда азаматтық киімдегі адамдар жол бойына дейін жеткізіп саламыз деп алдап көлікке отырғызған, содан соң полиция басқармасына апарып, көліктен бір топ полиция қызметкерлері күш қолдана отырып шығарып, басқармадағы 2-ші қабаттағы кабинетке сүйрелеп кіргізген, алаңдағы халық тараған соң ғана босатқан. Келер жылы 70 жас мерейтойын тойлағалы отырған ардақты анаға аяусыздық танытқаны сұмдық емес пе? Қандай ел болдық? Қайда барамыз?
 
 
 
Абзал Достияр
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:

Обсуждение закрыто.

.