Сөз бостандығы – құқықтық қорғаныссыз мүмкін емес. Журналист қысымға, қорқытуға немесе құқықтық белгісіздікке тап болғанда, оған қолдау қажет. Сондықтан екі жыл бұрын біз Media Qoldau атты құқықтық қызметті іске қостық. Мақсатымыз – медиа саласының өкілдеріне өз құқықтарын сенімді түрде қорғауға көмектесу.

Осы екі жыл ішінде біз журналистерден, редакциялардан, блогерлерден, студенттерден және ҮЕҰ өкілдерінен 656 өтініш қабылдадық.

– Журналистер — 86%
– БАҚ редакциялары — 8,4%
– Блогерлер — 5,9%

– Астана — 177 өтініш (27%)
– Алматы — 157 өтініш (24%)
– Орал, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент — әрқайсысы шамамен 6%
– Көкшетаудан Түркістанға дейінгі 15-тен астам қала

– Ақпаратқа қол жеткізу — 13%
– Интернеттегі қауіпсіздік — 12%
– Сотқа дейінгі талаптар — 9%
– Авторлық құқық, жала жабу, сот процесінің жариялылығы — 7–8%
Сондай-ақ біз келесі мәселелер бойынша да көмек көрсеттік: бейнені пайдалану құқығы, жеке деректерді қорғау, БАҚ тіркеу, аккредитация, журналистің жұмысына кедергі келтіру, медиа кеңістіктегі балалар құқығы.

– 62 жағдайда заңгердің араласуымен дауды сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік туды.
– 22 іс бойынша сот процесі өтті, олардың кейбірі оң нәтижемен аяқталды.

Біз екі жылдық жұмысымыздың қорытындысын ұсынып отырмыз, бірақ бұл қоштасу емес.
Media Qoldau өз жұмысын жалғастыра береді! Егер сізге құқықтық кеңес немесе қолдау қажет болса — біз әрқашан байланыстамыз.







Media Qoldau
Обсуждение закрыто.