Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

1-ші желтоқсанға митингі өткізуге өтініш тапсырылды

1-ші желтоқсан Маңғыстауда барлық халық тұтынатын тауарлардың қымбаттауына байланысты,жұмыссыздыққа байланысты, өңірімізде малдың қырылуына байланысты төтенше жағдай жариялансын деген мақсатпен жалпы халықтық митингі болады.
Тоқаев көкем әкімшіліктен рұқсат сұрап керек емес,тек жергілікті билікке ескертсеңдер болды деген сөзіне сүйеніп өткіземіз деп отырмыз.
Бұл митингі халықтың үнін билікке жеткіземіз деген мақсатпен халықтың қамын ойлап жүрген азаматтардың жан айқайы.
Өтініш жазылды.
Өтініш жігіттер мен қыздар болып ақылдасып бірге жазылып,қол қойылып,жергілікті әкімшілікке тапсырылды.
Өтінішке қол қойған
Жауаптылар: қазағым қиналып жүр мына қымбатшылықтан,бұлай болмайды деп жүрген елдің ақыны
Елдің мұңын,шаруалардың жай-күйін мына билікке шырқырап жеткізіп жүрген мықты журналист
Әзірше осы үшеуміз жауапты болып отырмыз.
Митингіде арандату,заң бұзушылық болмау керек.
Жалпы мәдениетті түрде үнімізді билікке жеткізуіміз керек.Бәріміз шығып
талабымызды
орындатуымыз керек.
Бәріміз бірігіп ат салысайық Қазағым!!!
P.S.
Болатын жері
Ақтау қаласы
26-шы шағын аудан
Облыстық Бекет Ата мешітінің жанындағы ашық алаңқай
Күні:1-ші желтоқсан.
Уақыты: сағат 11,00де
 
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят и в помещении)Нет описания фото.

Мекен Айшуак
 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
.