Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Жанболат Мамай : “18 қыркүйек күні сағат 12-00 Алматыдағы Абай ескерткіші алдында митинг өтеді!”

«Қазақстанда демократия орнатуға АҚШ неге көмектеспей жатыр?», «Еуроодақ неге арасласпайды?» деген сұрақтар жиі қойылады.
 
Біздің елдің проблемасын сырттан келіп ешкім де шешіп бермейді. Демократиялық құндылықтар үшін, тәуелсіздігіміз үшін өзіміз күресуіміз тиіс. Қазір дамып кеткен қай мемлекетті алсаңыз да, халқы өз бостандығы үшін өзі күрескен. Қаншама қаһармандары шығып, тәуелсіздігін қорғаған.
Біз де қазір шешуші кезеңде тұрмыз. Тәуелсіз ел болып қаламыз ба, әлде көрші елдерге жұтылып кетеміз бе? деген үлкен мәселенің алдында тұрмыз. Егер үнсіз қалсақ, тағдырымызды билікте отырған екі шалға тапсырсақ, мемлекеттілігімізден түк те қалмайды. Олар өз билігін сақтап, көршілердің қаһарына ұшырамас үшін қазақтың мемлекеттілігін саудаға салып жіберуге дайын тұр.
Бұл елде өмір сүретін біз және біздің ұрпағымыз! Қазіргі биліктен кейін де өмір бар. Сол өмірді бодан болып өткізбейік десек, ашық күреске шығайық! Қазақ тілін қорғайық! Тәуелсіздікті қорғайық!
18 қыркүйек күні сағат 12-00 Алматыдағы Абай ескерткішінің (Абай мен Достық қиылысы) алдында митинг өтеді. Кеудесінде намысы бар әрбір азаматты сол жерде күтеміз!
 
Возможно, это изображение (4 человека, в том числе Zhanbolat Mamay, люди стоят и на открытом воздухе)
 
Жанболат Мамай 
 
Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мамай ЖанболатБольше записей в Мамай Жанболат »
.