Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Жаңаөзенде наразылық акциясын өткізіп жатқан жұмыссыз азаматтар аштық жариялады

Жаңаөзенде 31 қаңтардан қаңтардан бері наразылық акциясын өткізіп жатқан жұмыссыз азаматтардың бірқатары 15 наурыздан бастап аштық жариялады. Олар мұнай саласына тұрақты жұмысқа орналастыру талаптарының орындалмай жатқанын білдірді.

Наразылық білдірушілердің сөзінше, өткен апта соңында құқық қорғау қызметкерлері олардың митиңгісін заңсыз деп атап, полицияға шақырған.

“Біз Жаңаөзен әкімдігінің алдында наразылықты жалғастырып жатырмыз. Бірнеше адам аштық жариялады. Біз билік өкілдері мәселені шешіп беруді талап етеміз. Олай болмаса, наразылыққа шығушылар одан да көбеюі мүмкін”, – деді акцияға қатысушылардың бірі.

Әкімдік алдына жиналған азаматтар 14 наурызда қала басшысы Мақсат Ибағаровтың атына үндеу жасаған. Онда олардың 15-17 наурыз күндері аштық жариялайтыны айтылған.

31 қаңтардан бастап Жаңаөзенде наразылар мұнай саласынан жұмыс тауып беруді талап етіп, әкімдік алдына жиналған. Жаңаөзендегі жұмыссыздар талабын орындау үшін жергілікті билік 161 жұмыс орнын ұсынып, наурыз айынан бастап тағы да 400 жұмыс орнын ашуға уәде берген. Билік ұсынған жұмыс орындарына кейбір қала тұрғындары орналасқан.

Жаңаөзен тұрғындары жұмыссыздық проблемасын бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. 2016 жылы жұмыссыздықты жоюды талап етіп шыққан қала жастарын полиция қуып таратқан еді. Оның лидері Ержан Елшібаев бес жылға бостандығынан айыру жазасына кесілген. Жергілікті құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп атаған.

Жаңаөзен әкімдігінің алдында наразылық акциясын өткізіп тұрған азаматтар. 15 наурыз 2022 жыл.

Сәнияш Тойкен Азаттық радиосы

https://www.azattyq.org/a/31755333.html?fbclid=IwAR2Ect1HAubXZ65at0_Csw4GqLzxW21GXjLVO-Kgbzn7ZtjJMfwA46kNIZE

Поделись, чтобы люди узнали:
.