Жәкішевтің соңғы үкімі

24 рет гипертониялық кризді бастан өткеріп, 10 жылдан артық уақыт қатаң режимдегі түрмеде жатқан Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды. Соңғы бірнеше жыл бойы өткен митингтердің бәрінде есімі саяси тұтқын ретінде аталып жүрген азаматтың қолдаушыларының үміті ақталды. Бүгін ол шешімді Семей қалалық сотының судьясы шығарды. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы жетекшісі 15 күннен кейін, яғни сот қаулысы күшіне енген соң, шартты жазамен бостандыққа шықпақ. Бірақ, қойылған талап өте қатаң. Судья сот салған міндеттемелерді орындамай мүлт кетсе, Жәкішевті дереу қайта түрмеге қамаймыз деп ескертті.

Please follow and like us:
error2