Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Шымкентте “полицияға бағынбады” деп айыпталған үш белсенді бес тәулікке қамалды

3 қарашаға қараған түні Шымкенттің қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматтық белсенділер Жанмұрат Аштаев, Нұржан Әбілдаев пен Ерлан Файзуллаевты «полицияға бағынбады» деп 5 күнге қамады.

Сот кабинеті жүйесіндегі сот қаулысына қарағанда, белсенділер 1 қараша күні «ұсақ бұзақылық жасағаны» үшін қамалған белсенді дәрігер Айна Бекееваға азық-түлік алып барғанда «полицияға бағынбаған». Белсенділер тағылған айыпты мойындамайды.

Үш белсендіні де сот Әкімшілік кодекстің «Полицияның заңды талабына бағынбау» (667-бап) бабымен кінәлі деп тапқан. Сот қаулысында олардың қабылдау орнында «айқайлап сөйлегені», полицияның «қайтыңдар» деген талабын орындамаған жазылған. Сот полиция түсініктемесі мен бейнетаспаны дәлел ретінде алған.

Белсенді Жанмұрат Аштаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, Әбілдаев, Файзуллаевпен бірге Бекеева жатқан қалалық әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнына барған. Полиция келгенде көліктің ішінде болған.

– 6 қараша күні Жанболат Ағаділдің жылдық асына жібермеу үшін заңсыз соттап жатыр. Тағылған айыппен келіспеймін, – дейді белсенді Аштаев.

Белсенді Әбілдаев сот қаулы шығарған соң Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, соттың шешімімен келіспейтінін, дәлел ретінде ұсынған бейнетаспаны көрсетпегенін айтты.

Маусым айының басында белсенділер Жанмұрат Аштаев, Ерлан Файзуллаев және Нұржан Әбілдаев «тыйым салынған ұйымдарды қолдағаны үшін» сотталған болатын. Сот Аштаевтың бас бостандығын 2 жылға, Файзуллаев пен Әбілдаевтың бостандығын бір жарым жылға шектеген. 3 жылға қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салған.

28 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтандағы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Айна Бекееваны «ұсақ бұзақылық жасады» деген айыппен 10 тәулікке қамаған.

Дилара Иса

https://www.azattyq.org/a/31542565.html?fbclid=IwAR14fyxz8sp0_VEYQZZg6oL1DhKKX45XqxyCReCGFdFEOKQ_9VCXRRuVoUo

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Аштаев ЖанмуратБольше записей в Аштаев Жанмурат »
.