Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

Шыңжаңдағы жақындарын қайтаруды талап еткен он адамға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан соты бір күн бұрын Қытай елшілігі алдында туыстарын қайтаруды талап етіп, ұсталған он адамға Бейбіт митинг өткізу заңын бұзды” (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 6-бөлімі) деп айыппұл салды.

Халида Ақытханға 30 айлық есептік көрсеткіш (87,5 мың теңге немесе 206 доллар), Жәмила Мәкенге, Гүлбаран Өмірәліге, Байболат Күнболатұлына, Гүлнұр Қосдәулетке, Алмахан Мырзанға, Нұрзат Ермекбайға, Гүлпям Қазыбекке , Ақиқат Қалиоллаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (145 мң теңге я 340 доллар) айыппұл салды. Бұл туралы 24 қыркүйекте қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сот Халида Ақытханға, Жәмила Мәкенге, Ақиқат Қалиоллаға жеңілдік жасап, айыппұл көлемін 30 пайызға қысқартқан.

Шыңжаңдағы туыстарын қайтаруды талап етіп жүрген топ осы аптада наразылықты Алматыдан Нұр-Сұлтанға ауыстырған. Наразыларды полицейлер кеше, 23 қыркүйек кешкісін астанадағы Қытай елшілігі алдынан күштеп әкеткен.

Олар наразылық акцияларын ақпанда Алматы қаласында бастаған. Олар 200 күн бойы Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Пекиннен Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға жіберуді талап еткен. Наразылар кей күндері консулдық алдында түнеген еді. Олардың айтуынша, жеті айдан астам уақытқа созылған акция барысында Қытай консулдығынан бірде-бір адам шығып, жауап бермеген.

БҰҰ есебінше, Қытай Шыңжаңда лагерьлер ашып миллионға жуық ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды жазықсыз қамаған. Батыс елдері Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін “геноцид” деп сипаттайды. Қытай билігі бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.
Қытайдың Нұр-Сұлтандағы елшілігі алдында талабын айтып тұрған Халида Ақытхан. 21 қыркүйек 2021.

Нұргүл Тапаева

https://www.azattyq.org/a/31476301.html?fbclid=IwAR0UKfL_RlvGjk2xuk6Vp_xTDSx2XYcHxbAnPuiySC6jd2LrP8Twi91-VaA

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Акытханкызы ХалидаБольше записей в Акытханкызы Халида »
Больше в Кунболатулы БайболатБольше записей в Кунболатулы Байболат »
Больше в Курманалиева ГаухарБольше записей в Курманалиева Гаухар »
.