Президент Тоқаевке Арон Атабекті ақтау талабымен жазылған хат

Ұлықбек Есдәулет мырза, Олжас Сүлейменов мырза, Мұрат Әуезов мырза бастаған бір топ қазақ майталмандары арқалы ақын Арон Атабекке жан сауға сұрап Қазақстан Президенті Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлына өтініш хат жолдады. Қазақстанның барлық зиялы қауымы қол қоюға өтініш білдірген, бірақ пандемияға байланысты олардың қолдарын қойғызу мүмкін болмады.
 
Президент мырза! Жан сауға сұрау қазақ халқының ежелден келе жатырған ата салты, егер ел ақсақалдары, ақындары өтініш жасағанда одан ешбір хан аттап кетпеген, Сіз де ата салтын сақтап, 68 жастағы жүрек ауруымен, сахар диабетімен, буын ауруымен ауыратын арқалы ақынымызды тар қапастан шығаруға ықпал жасайды деп сенеміз. Қазақ Аронының ендігі тағдыры Сіздің қолыңызда, мен адвокат ретінде заңға сәйкес барлық мүмкіншілікті пайдаланып көрдім, тас бауыр, заңға ешбір мән бермейтін қатыгез мамандар меселімді қайтарды, жігерімді құм етті.
 
Асыл аға түрмеде шейіт кетсе обалы бүкіл қазақ халқына болады, онсыз да ата-баба наласына қалған елміз, енді осы қателікті жібермейік Қасымжомарт Кемелұлы мырза!
 
Нет описания фото.
 
Шынкуат Байжанов
 

https://www.facebook.com