Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

МОНИТОРИНГ ДЕПУТАТОВ. Қайрат Қожамжаров

СЕНАТОР КАРАНТИН КЕЗІНДЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН МОЙЫНДАДЫ

Сенатор Қайрат Қожамжаровпен әңгімеміз ұзақтау болды.
– Мен елде жүрмін, мен Астанадамын. Бұл уақыт қиын уақыт қой. Бәрімізге бірдей карантин талабы бар. Өкінішке орай, өзіміздің де отбасымыздан жақындарымыз ауруға шалдықты. Қиыншылықтың бәрін біз көріп отырмыз. Мен өзім сенатор болғасын заң саласында жұмыс жасаймын ғой. Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін біз де көрдік. Кейбір кәсіпкерлер бұл жағдайды, бұл қиындықты өз пайдасына пайдаланбақшы болды. Осы мәселе бойынша біраз талдау жасадық, әріптестермен чат арқылы пікір алмасамыз. Бұл сала бойынша тәртіптік жағдай бойынша ұсыныс жасайтын боламыз. Екінші жағынан мен құқыққорғау органдарымен тікелей қызметтемін. Соның ішінде прокуратура, ішкі істер министрлігі. Былтырғы Арыста, биылғы Қордай ауданында болған жағдайларға қатысқан ұлттық гвардия, әскерилердің әлеуметтік жағдайы бойынша заңңамалық өзгертулер дайындап қойдым. Содан кейін төтенше жағдайда, біздің ойымызша, заңңама да өзгеру керек. Біздің тарихта бұл бірінші рет кездесіп жатқан жағдай ғой. Бұндай жағдайдың өзінің көптеген ерекшеліктері бар. Біз енді телефон арқылы емес, бір күні кездесерміз, әңгіме құрамыз. Өзім осындамын, еліміздемін. Ортамыздан силы, жақын туыстарымызды жоғалттық. Менің туылған жерім Тараз ғой. Анам сонда тұрады, жасы 75-те, бауырларым да сол жақта. Наурыз айынан бері анама шағы алмай жүрмін. Сондай жағдай, бауырым.

– Тағы бір сұрақ қойсам бола ма?
– Әрине, болады.

– Кейбір құқыққорғаушылардың пікірінше, карантин кезінде адам құқықтары бұзылады. Мысалы, Астанада автобустар жүрмейді. Көпбалалы аналардың пикеті шектеледі. Сізге осындай жайттар бойынша арыз түсіп жатыр ме?
– Арыз түсіп жатыр. Әрбір арызды мен жеке қараймын. Бірақ та, Сіз білесіз ғой, мемлекетімізде Конституция бойынша әрбір орган өзіне тиісті жағдаймен араласуы керек. Бірақ та оны тек қана ресми түрде қарай алмай, мысалы, Бас прокуратураға жібергенде, лауазымды тұлғалармен хабарда боламын: «Мына жағдайға кішкене тереңірек көңіл бөліңіздер, сосын маған да жауабын беріңіздер». Себебі көп түрлі жағдайлар болады. Мысалы, жемқорлықтан бастап, сот шешімдеріне дейін, олардың заңсыздықтары. Менде өзімде тіркеме бар. Ол жөнінде осыдан кейін кездесейік, сұһбаттасайық. Әрбір өтініштің артында адамдар бар, олардың тағдырлары бар, қазір ол жөнінде телефон арқылы айтқанымыз дұрыс болмайды деп ойлаймын. Әрине, Сіз айтпақшы оның бәрі бар, заң бойынша қарастырамыз. Менің ойынмша, біраз адамдарға көмегім тиген сияқты заң тарапынан, әрине, жеке басым емес. Сонымен қатар енді қазір сессияның алдында бізге алдын-ала заң бөлінеді. Соңғы уақытта өзгерістер болмақшы. Еліміздің қауіпсіздігі бойынша кейбір заңнама жобаларымен жұмыс жүріп жатыр. Оның бәрі айтылатын болады. Телефонымды біледі екенсіз, хабарлап тұрасыз, бауырым.

– Сосын тағы бір қысқа сұрақ. Твиттерге соңғы рет 2012 жылы твит жазғансыз. Қазір твиттерге ештеңе жазбайсыз ба әлде ол аккаунт қазір жүргізілмейді ме?
– Ол аккаунт жоқ менде. Сол кезде сол жерде лауазымда болғанда істегенбіз. Қазір басқаша режимде жұмыс жасап жатырмыз. Содан кейін басқа да қызметтерде жүрдік қой. (…)

– Ал фэйсбукқа келетін ойыңыз жоқ па? Мәжіліс депутаттары, Мәулен Әшімбаев фэйсбукта отырады.
– Көрейік. (Күледі) Біз енді заңның адамы болғасын, соның ішінде практикамыз көп болды. Мысалы, көзқарасамызбен айтылған сөзіміз басқаша талқыланып кетіуі мүмкін. Біздің жұмыс бабымыз – көптеген практикалық жқмыспен айналыстық қой. Ол мен үшін оңай дүние емес. Осындай Сіз сияқты нақты сұрақтарға, нақты мәселелермен, нақты істермен айналысуға мен әрқашан дайынмын. Солай.

#депутатыКазахстанаCOVID

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Общая информацияБольше записей в Общая информация »
.