Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

KSS қызметкерлері Бекіжан Меңдіғазиевті босатып, қудаламауды талап етті

Karachaganak Support Services (KSS) мұнай сервистік компанияның қызметкерлері аталған компанияның бұрынғы басшысы, азаматтық белсенді Барлық Меңдіғазиевтің бауыры Бекіжан Меңдіғазиевті босатуды талап етті.

Facebook-тағы #IHaveAChoice #ActivistsNotExtremists тобында дүйсенбі күні жарияланған видеода жиырма шақты адамның “Бекіжан Меңдіғазиевке бостандық!” деп айқайлап тұрғаны көрінеді. Бірнеше адамның қолында Бекіжан Меңдіғазиевті босатуды талап еткен қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған плакаттар болды. Олар компания қызметкерлерін қудалауды тоқтатуды сұраған. Видеода акцияға қатысушылар Бекіжан Меңдіғазиевтің заңсыз ұсталғанын айтып, Еуроодақ пен Еуропарламентке де қайырылады.

АҚШ-тағы белсенді Барлық Меңдіғазиевтің Қазақстанда тұратын бауыры Бекіжан Меңдіғазиев өткен аптада Орал қаласында ұсталып, Атырау облысына жеткізілген. Ағасының айтуынша, ол “қылмыстық топ ісіне араласты”, “ақша жымқырды” деп айыпталып отыр. Жексенбі күні Атырау қаласының тергеу соты оны екі айға қамады.

Азаматтық белсенді Барлық Меңдіғазиев билік туыстарын қудалау арқылы өзіне қысым жасағысы келеді деп санайды.

Барлық Меңдіғазиев — Батыс Қазақстан облысынан шыққан бұрынғы кәсіпкер, мұнай кеніштеріне қызмет көрсететін Karachaganak Support Servises (KSS) компаниясының негізін қалаушы. Қазір компания Меңдіғазиевке емес – компания қызметкерлеріне тиесілі. Бірнеше жыл бұрын ол бизнесті компания жұмысшыларына тапсырған. Қазір азаматтық белсенділікпен айналысады, саяси қуғын көрген азаматтарды қолдайтын қор құрған. Белсенді Қазақстан билігін қатаң сынап, адамдарды наразылыққа шығуға үндеген.

Бұған дейін Меңдіғазиев KSS компаниясының күштік органдардың “шабуылына” ұшырағанын да хабарлаған. Былтыр желтоқсанда полиция оның жақындарының үйін тінткен. Белсенді оның бәрін саяси қызметімен байланыстырады.

Азаттық Радиосы

https://www.azattyq.org

Поделись, чтобы люди узнали:
Больше в Мендыгазиев БарлыкБольше записей в Мендыгазиев Барлык »
Больше в Мендыгазиев БекижанБольше записей в Мендыгазиев Бекижан »
.