Есенгазы Куандык: как я провел день Независимости 16 декабря

Мені кеше сағат таңертеңгі сағат 8.40 Бассейнге кетіп бара жатқан жерімді үйден шыға бере ұстады Алмалы ауданының учаске капитаны Шалғымбаев пен аға лейтенант Салабаев және тағы 3 полиция мені мәжбүрлеп мал секілді сүйрелеп борт нөмірі 53 автокөлігіне бесеуі жалғыз маған жабылып қолыма жарақат салып әйелімнің қолын бұрап оны өз үйіне кіргізбей суықта ұстап ҚР Конституциясының төмендегі баптарын бұзды.

Түстен кейін Әкімшілік сотына апарды Полицияға қарсылық көрсеттің курткасын жырттың деп Шалғымбаетың колтығы сөгіліп кетіпті мені сүйреп жүргенде. Соны менен көрді. Сотта олар өз әрекеттерін дәлелдей алмай бастығымыз бұйырды деп ақталды. Мені сот кінәсіз деп тауып сағат 9.00 үйіме жіберді Сауатты адамгершіліктің үлгісін көрсеткен заңды сыйлайтын прокурор Баялов Жандосқа Адвокат Алим Мұстапаев мырзаларға ризашылдығымды білдірем. Судья да өзге судьялар секілді заңға қарсы шықпады.

12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

13-бап
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

16-бап
1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. 
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Есенгазы Куандык (в комментариях)