Нажмите "Enter" для перехода к содержанию

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚАМАҚТАҒЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН КЕҢЕЙТУ»

2022 жылғы 18 мамыр                                                         Алматы қаласы

 

Сараптамалық кеңестің 2022 жылғы 18 мамырдағы шешімімен саяси тұтқын болып танылғандар:

1. Әштаев Жанмұрат – Шымкен қаласының белсенді азаматы. Ол белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше рет әкімшілік жауакершілікке тартылған. Қаратау аудандық сотының 01.06.2021 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296, 405 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстарды жасағаны үшін Ж.Әштаев кінәлі деп танылған. Оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. 2022 жылғы 8 қаңтарда Ж.Әштаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269, 272-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

2.  Досмамбетова Ләззат – Шымкент қаласынан азаматтық белсенді. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін 2021 жылғы 15 қыркүйекте Еңбекші аудандық сотының шешімімен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабында көзделген қылмысты жасаған деген кінә тағылып, 2,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. 08.01. 2022 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-бабында көзделген қылмысты жасады деген айыппен, Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесінде қамауда отыр.

3. Иржанұлы Тимур – Семей қаласынан азаматтық белсенді. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін 2019 жылғы 28 мамырда Семей қаласының №2 сотының шешімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269, 272-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен, 09.01. 2022 жылдан бастап қамауда отыр.

4. Ишмухамедов Фарид Фарид Ишмұхамедов, Семей қаласының азаматтық белсендісі. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін 2018 жылғы 24 қазанда Семей қаласының соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269, 272-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен, 08.01. 2022 жылдан бастап қамауда отыр.

5. Намазбаев Данат – алматылық блогер. 2022 жылғы 14 наурызда Алматы қаласындағы Алмалы аудандық сотының үкімімен Д.Намазбаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген кінә тағылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Апелляциялық шағым берілді.

6. Сұлтанбек Қайрат – Түркістан облысының Ордабасы ауданынан азаматтық белсенді. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұған дейін, 2021 жылдың 26 ​​қаңтарында Ордабасы аудандық соты оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын кескен. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269, 272-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен, 07.01. 2022 жылдан бастап қамауда отыр.

7. Сұлтанбеков Кенжебек – Семей қаласынан азаматтық белсенді. Семей қаласында ҚСК төрағасы болып жұмыс істеп жүргендіктен және әкімдік қызметкерлері қаланың белсенді азаматтарын әлеуметтік мәселелер жөнінде сөйлесуге шақырғандықтан, ол 2022 жылдың 5 қаңтарында бейбіт митингке шыққан. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269, 272-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айыппен, 07. 01.2022 жылдан бастап қамауда отыр.

Тізімге енгізілуіне байланысты жоғарыда аталған тұлғалар туралы қысқаша ақпараттар:

Жанмұрат Әштаев

Қолда бар ақпарлар бойынша Ж. Әштаев жылғы қаңтардағы бейбіт наразылықтарға қатыспаған. Ол жеке тасу қызметімен айналысады, және кептелісте тұрған кезінде оның жеке көлігі жаппай тәртіпсіздік күндерінде түсірілген бақылау видеосына түсіп қалған. 04.01.2022 ж. 17-00 сағат шамасында Ж.Аштаевтар отбасымен бірге өз көлігімен Шымкен қаласынан шығып келе жатқан және Түркістан облысының Ұзынарық ауылында болған. 05-06.01.2022 ж. жұмыс орнында болған.

Ол митингтерге қатыспаған, бұл фактіні сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жауап алынған куәгерлер растады (тергеу органына 13 адамның айғақтары, фото және бейне материалдар ұсынылды). Алайда адвокаттың айтуынша, тергеу барлық дәлелдер мен фактілерді елемейді, бұл азаматтық белсендіні қудалаудың саяси астары бар деп болжауға мүмкіндік береді.

Ләззат Досмамбетова

Л.Досмамбетованың қызының айтуынша, ол қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні үйден шықпаған. 5 қаңтарда ол Шымкент қаласының әкімдігіне жақындамай, көшенің қарсы бетінде, жолдың қарсы жағында, тұрғын үйлердің жанында болған. Оқ жарақатын алған азаматты әкелгенде, ол оған көмектесіп, жасанды тыныс алу жасаған, Қ.Сұлтанбекті көргеннен кейін екеуі дәмханаға бірге барған, сол жерден Досмамбетова үйіне қайтқан. Л.Досмамбетова көп балалы жалғызбасты ана, ал екі баласы кәмелеттік жасқа толмаған.

Тимур Иржанов

Бізге берілген мәлімет бойынша, 2022 жылдың 5 қаңтарында сағат 17:00-де Тимур бейбіт митингке шыққан. Жастар «Спартак» стадионының маңына жиналған, ал Тимур тікелей әкімдікке барған, онда таныстарын кездестірген. Ол микрофонды алып: «Тоқтатыңдар! Тиіспеңдер!» деп, жастарды тыныштандыруға тырысқан, бірақ өзі жас болғандықтан, оны ешкім тыңдамаған. Біреу полицейден қалқанды тартып алған, бірақ Темір бұл қалқанды қайтарып берген. Қала әкімі наразылық білдірген жерден кетіп қалған, толқыған жастарға ықпал етіп, тоқтататындай үлкен жастағы адамдар болмаған. Барлығы қашып кетіп, тек жастар ғана қалған. Тимурдың сол күнгі әрекетін митингке қатысқан әкімнің орынбасары Айдос Садырбаев пен азаматтық белсенді Ролан Машпиев те растайды. Бұл кезде бүкіл қала бойынша да іс жүзінде полиция болмаған.

07.01. 2022 жылы Иржанұлының өзі оқиға жөнінде, соның ішінде жаппай тәртіпсіздікке ұласқан бейбіт мтинг туралы куәлік беру үшін Семей қаласының Әуезов полиция бөліміне барған. Оны үйіне қайтарған, алайда ол, 08.01.2022 ж. қамауға алынған. Иржановтың қандайда бір қорлық көрсету әрекеттерін жасауға қатысуы бойынша ешқандайда даусыз дәлелдер әлі де ұсынылмаған.

Фарид Ишмухамедов

Алынған мәліметтер бойынша, Фарид тұратын Восточный ауылының тұрғындары оны жергілікті әкім деп атайды. Соның арқасында өзі тұратын ауылға жарық, су тартылған, барша тұрғындар оның азаматтық ұстанымын мақтан тұтады. Ишмұхамедов 01.05.2022 жылғы бейбіт митингіге қатысты, оның бейбіт шерулердің жаппай тәртіпсіздікке айналуына жол бермеуге тырысқаны, тәртіпсіздіктерді, өрт қоюшылар мен тонаушыларды тоқтатқаны, заңсыз әрекеттерді тоқтатуға шақырғаны туралы , яғни оның барлық әрекеттерінің бейбіт нышанда болғаны туралы куәгерлер бар. Соған қарамастан, 2022 жылдың 8 қаңтарында ол қамауға алынған.

Данат Намазбаев

Намазбаев Facebook әлеуметтік желісінде хабарлама жазғаны үшін сотталған. Намазбаев мәтіндеріне тәуелсіз зерттеу жүргізген маман мынандай тұжырым берген: «Намазбаев мәтіндерінің жалпы бағыты адресатқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты партияның көзқарасының мазмұны туралы хабарлау болып табылады, бұл мәтіндерде тікелей және жанама өтініштер жоқ және олар сондай-ақ бір саяси көзқарастар мен нанымдармен біріктірілген адамдардың ортақ іске қосқан үлесі туралы автордың толғаулары болып табылады». Алайда сот бұл тұжырымды елемеді. Сотталған Намазбаевқа жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалды. Д.Намазбаевтың асырауында кәмелетке толмаған төрт баласы бар.

Қайрат Сұлтанбек

Қ.Сұлтанбектің 04.01.2022 жылы кешкі және түнгі уақытта Шымкент қаласына бармағаны, ешқандай бейбіт митингі ұйымдастырмағаны оның отбасы мүшелерінің және онымен бірге жұмыс істейтін қызметкерлердің айғақтарымен расталады. Мұны Қ.Сұлтанбектің жаңаөзендіктерді қолдау акциясына қатысуына жол бермеу үшін қоғам белсендісі ретінде тәулік бойы күзетіп отырған Ордабасы аудандық полиция бөлімі мен экстремизм және терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері де растай алады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Сұлтанбек 05.01. 2022 жылы кетіп қалып, Қ.Сұлтанбек сағат 21:00-23:00 аралығында Шымкент қаласының қалалық әкімдік ғимаратынан 20 метр қашықтықта бейбіт митингке қатысқан. Сағат 22:30 шамасында алдында тұрған жас қазақ жігітінің жүрегіне оқ тиіп, қайтыс болғаннан кейін, Сұлтанбек өзге азаматтармен бірге марқұмды жолдың арғы бетіне, көк түсті тұрғын үйлерге қарай жылжытып апарған, сол жерде танысы Ләззат Досмамбетованы көреді. Сосын екеуі мешітке қарай жүріп, такси ұстап, Темірлан тас жолы 3 ықшам ауданына қарама-қарсы орналасқан «BURGER BOSS »дәмханасына барған, бейбіт тұрғындарға оқ атылғанынан сасып қалған олар, 2-3 сағаттай көргендерін талқылап, естерін жиған . Осыдан кейін ол Темірлан ауылына жол тартқан. 2022 жылдың 7 қаңтарында ол қамауға алынды. Әзірге Сұлтанбектің қандай да бір зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысқаны туралы ешқандай даусыз дәлел келтірілмеген.

Кенжебек Сұлтанбеков

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Сұлтанбеков 05.01. 2022 жылғы бейбіт митингіге қатысқанымен, ешқандай зорлық-зомбылық жасамаған және жаппай тәртіпсіздіктерге қатыспаған, керісінше, халықты сабырға шақырып, өздерін бейбіт ұстауға шақырған. Осыған дейін үш жылдан астам уақыт бойы биліктен азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуді талап еткен. 2022 жылдың 6 қаңтарында қаладағы тәртіпсіздіктер туралы арыз жазу үшін Орталық полиция бөлімі мен прокуратураға барған, өйткені қалада көліктерді өртеген адамдар болған. Ол полицейлердің неге әрекетсіз екенін сұрауға барған.

Сұлтанбековтың жұбайының айтуынша: «Мұхтар Әшқанов деген полицей күйеуімді көргенде: «Сен сияқты жазғыштардың кесірінен, осының бәрі басталды!» – деді де бетінен ұрып жіберді, 5-6 полиция қызметкері оны жерге құлатып, басынан аяғына дейін таяқпен ұрып-соққыға жықты. Ұсталғаннан кейін бір ай бойы туыстарына онымен кездесуге, дәрі-дәрмек, азық-түлік, заттарды беруге рұқсат болмады. Кенжебек қант диабеті, бронх демікпесі сияқты ауыр дертке шалдыққан».

Сараптамалық кеңес:

Ғалым Ағелеуов

Лұқпан Ахмедьяров

Зәуреш Батталова

Гүлмира Біржанова

Анара Ибраева

Евгений Жовтис

Ерлан Қалиев

Бақытжан Төреғожина

Амангелді Шорманбаев

2022 жылғы 18 мамыр, Алматы қаласы

 

 

 

 

Поделись, чтобы люди узнали:
.